5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/5
Дата28.11.2016
өлшемі0,8 Mb.
#2765
1   2   3   4   5

Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ әдебиеті сабақтары, Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ әдебиеті оқулығы. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы

Жоспар:

1.Мұғалімге қойылатын талап

2. Сабақтың құрылымдық бөлімдері
Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын,
оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың
ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық
білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан 61
туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барынша
тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының
қалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік
мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. Сабақтың мақсатына сай оқу
мазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің
оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық
материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына
мүмкіндік береді. Оқу пәні «математиканың» ерекшелігі мектеп
оқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оның
мазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өте
қиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді
әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдіс
өзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуін
қанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни,

а) сабақтың мақсатына сай;

б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы,
сипаты);

в) сынып оқушылардың ерекшелігі;


г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалық
құралдармен жабдықталуы;

д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сынып


оқушыларының саны сияқты шарттар;

е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістермен


қарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым–қатынасы).
Оқу процесі, оқу жабдықтары, әдістер мен тәсілдер оқытуды
ұйымдастырудың формасымен тығыз байланыста болады. Әрбір әдіске,
оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы,
оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру
формасы болады.

Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл


оқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыда
көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен
қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білік
дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде
ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту
жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты
оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.
Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан
варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ
элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара
тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ
құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын
оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу
процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ
құрылымы әр алуан болады. Тіпті параллель сыныптарда өткізілетін 62
сабақтардың құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Жоғарыда
көрсетілген факторларға байланысты сабақтың құрылымы ұдайы өзгеріп,
сыныпқа бейімделіп тұрады. Әр сабақта әрбір мұғалімнің өзіне тән
қолтаңбасы көрінеді.
Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін:

1) ұйымдастыру кезеңі;

2) үй тапсырмаларын тексеру;

3)өткен материалдарды қайталау;

4) жаңа материалды өту;

5) өткен материалды баяндандыру;

6) үйге тапсырма;

7) қорытындылау, бағалау.

Алайда бұл жоспарды ұдайы сақтауға болмайды, сыныптың
ерекшелігіне, оқушылардың дайындық дәрежесіне және т.б. факторларға
байланысты ол өзгеріп, кемелдендіріліп отырады. Жалпы құрылымның әрбір
бөлігі өзінің мазмұны және көлемі бойынша, тіпті кең мағынада
қарастырылады. Мысалы, бұрын алған білімін қайта еске түсіру қажеттігін
көрсету және амалдар тәсілдері тек бұрын алған білімін жай еске түсіріп
қоймай, оны жаңа жағдайларға пайдалану оқушының танымдық
белсенділігін арттыруға, білімнің меңгерілуін тексеруге қолдану т.б. сияқты
мәселелерден тұрады. Жалпы дидактикалық құрылымның бөліктерінен
оқытудың әр алуан тізбектік, әр алуан байланыстағы барынша нақты үрдісін
аламыз.
5 Дәріс. Сабақ және оған қойылатын талаптар.

Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудың бір түрі сабақ болып табылады. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары.

Жоспар:

1.Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлу

2. Сабақ талдау үлгілері. Сабақ талдаудың мұғалімнің шығармашылығына, шеберлігіне тигізер рөлі
Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың
кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін
қалыпқа келтіреді.

Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы.


Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтың
дидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылы
тәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттар
туралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті
болуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып,
белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдық
белсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтың
жалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.

Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап – сабақ мазмұнын


дұрыстап орналастыра білу. Математика сабақтарындағы ең маңызды
мәселе–оның мазмұны. Қарастырып отырған пәнді логикалық тұрғыда терең
бейнелеу керек. Тек математика сабағының мазмұны арқылы білім, білік,
дағды қалыптасады және математикалық фактілерді, математикалық
әдістерді қолдану арқылы сабақ мазмұнын дамытуға болады. Егер сабақты 63
жаңа тақырыпты түсіндіру жоспарланған болса, онда сабақты дедуктивтік ой
қорыту жолымен дәлелдеу, талдау жасап, оқушылардың қаншалықты
меңгергенін білу үшін мұғалім мақсатты жұмыстармен айналысады. Сабақ
мазмұнының барлық түрлерін жоспарлы, белгілі жүйеде оқыту керек.
Сондықтан әрбір сабақтың негізгі мазмұнын білу арқылы, солардың
төңірегінде материалдар жинастыру керек.

Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен


әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін
таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап
алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысының
табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жеке
ерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқу
материалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқу
жұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежеде
қоя білуіне тікелей байланысты. Оқыту жұмысында кез келген құрал-
жабдық, дәріс, тәсілдердің ешбірі универсалдық сипатта бола алмайтынын
ескеру керек. Тек бір әдіс не тәсілдің өзін ғана пайдалану нәтиже бермейді.
«Математика» пәнінің ерекшелігі сонда, оқытуда негізгі мәселе көрнекі
жабдықтар әр түрлі формада қолданылуы тиіс. Сондықтан сабақта көрнекі
және техникалық құралдарды кешенді түрде пайдаланып және кітаппен
істелетін жұмыс түрлерін көбейту керек. Математикалық ұғымдардың
абстракциялық сипаты оқушылардың түсінуін қиындатады. Бұл қиындықты
пәндік модельдер, графиктік, таңбалы т.б. модельдер арқылы жоюға болады.
Математика сабақтарында әр түрлі күрделі мәселелерді жай түрде
баяндағанда суреттер мен сызбалар қарастырылатын негізгі ұғымды
сипаттайтын көрнекіліктер қолданылады.

Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр


түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау,
оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және
сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс
формасын пайдаланады. Ғылыми–техникалық прогресстің жедел дамуы,
ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талап
етеді.
3 Модуль. Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.

6 Дәріс. Жаңа стратегиялармен оқытудың жаңа технология түрлері.



Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қолданылатын оқытудың түрлері мен жаңа технологияларға аса мән беру.

Жоспар:

1.Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану

2. Әр- түрлі стратегияларды қолдану.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.

Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.

Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс)


Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:
(әріптестермен сұрақ - жауап ұйымдастыру)
• Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа
тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.
• Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің
сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;
• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалаудың түрлері туралы
теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;
• Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;
• Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды
оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.
• Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сыныпта
жасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.
• Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату
арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.

7. Дәріс. Модульдік технология арқылы оқыту



Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында модульдік технологияны меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары

Жоспар:

1.Модульдік технологияның сипаты, құрылымы. Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы

2. Модульдік технологияны сабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.



Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.

Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.


8 Дәріс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында сын түрғысынан ойлау технологиясын меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары

Жоспар:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сипаты, құрылымы.

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ үрдісінде қолдану
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Білуі қажет:

- алдын-ала сенімділік туғызу;

- білімдерін бір-біріне жеткізу;

- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.



Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:

- Мен не білемін?

- Мен жаңаша нені білдім?

- Менің білімім қалай өзгерді?

- Мен осы біліммен не істей аламын?

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету.



Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:

 

Ескілер

Жаңалар

Оқушы

- Білім мен дағдыны игереді;
- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде  қабылдау;
- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.

- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің  болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үрдісі

- тәжірибе мен білімді беру;
- тұрақты білім негізінде оқыту;
- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;
- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.

- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;
- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;
- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.

Нәтиже

- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;
- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.

- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің   инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет