3 Модуль. Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.
№6 тәжірибелік сабақ. Жаңа стратегиялармен оқытудың жаңа технология түрлері.
Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қолданылатын оқытудың түрлері мен жаңа технологияларға аса мән беру.
Жоспар:
1.Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану
2. Әр- түрлі стратегияларды қолдану.
Әдістемелік нұсқау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
№7 тәжірибелік сабақ. Модульдік технология арқылы оқыту
Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында модульдік технологияны меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары
Жоспар:
1.Модульдік технологияның сипаты, құрылымы. Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Модульдік технологияны сабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер
Әдістемелік нұсқау. Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
№8 тәжірибелік сабақ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында сын түрғысынан ойлау технологиясын меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары
Жоспар:
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сипаты, құрылымы.
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ үрдісінде қолдану
Әдістемелік нұсқау. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
№9 тәжірибелік сабақ. Проблемалық оқыту әдістемесі.
Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында проблемалық оқыту технологиясын меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары
Жоспар:
1. Проблемалық оқыту әдістемесінің сипаты, құрылымы. Проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Проблемалық оқыту әдістемесінсабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер
Әдістемелік нұсқау. Педагогика ғылымының дамуында «проблемалап оқыту» әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ьбасты мақсаты – информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Мұндағы басты міндет – оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажеттіі зейін – зердесін тәрбиелеу болып табылады.
4 Модуль. Мектептегі әдебиет апталығы.
№10 тәжірибелік сабақ. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері
Мақсаты: Мектептегі әдебиет апталығын өткізу формалары мен апталық барыснда өткізілетін шаралар туралы жалпы мағұлмат беру
Жоспар:
1. Әдебиет апталығының үлгі жоспары
2. Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы
Әдістемелік нұсқау. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
№11 тәжірибелік сабақ. Әдеби кештер ұйымдастыру жоспары
Мақсаты: Мектептегі әдебиет апталығын өткізу формалары мен апталық барыснда өткізілетін шаралар туралы жалпы мағұлмат беру
Жоспар:
1.Әдеби кештер ұйымдастыру үлгісі
Әдістемелік нұсқау. Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдеби кештер. дұрыс жүргізілген әдеби кештер – тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу, шығарманы талдау, жазушы не ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді.
№12 тәжірибелік сабақ. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты: Әдебиет пәні бойынша сыныптарға сабақтан тыс беруге арналған жұмыс түрлерімен таныстыру
Жоспар:
1. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру жолдары. Сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің іс-жоспары
2. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. Әдебиет үйірмесін құру және оған оқушыларды қамту жолдары
Әдістемелік нұсқау. Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінен СОӨЖ орындаудың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
Әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;
Әрбір қазақ тілі сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;
Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
Қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
СОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
№ р/б
|
СӨЖ тақырыбы
|
СӨЖ мазмұны
|
Өткізу мерзімі
(апта)
|
Қойылатын баллдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі.
|
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі бойынша реферат дайындау.
|
|
|
2
|
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.
|
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлеріне сабақ жоспарларын құрастыру.
|
|
|
СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
«12 жылдық білім жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»курсының негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
СӨЖ орындау барысында:
Қазақ тілі оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары туралы мағлұмат алу;
Әдістемелік мұра және оны танып-талдау;
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар еңбектерінің маңызын түсіну;
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орнын тану;
қазіргі кезеңдегі әдістемелік еңбектерге шолу, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, әдістемені заман талабына сай жаңарту сияқты мәселелер қамтылуы тиіс. Пәнді оқу нәтижесінде ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтарын меңгеру қажет.
Бақылау түрлері
Тест тапсырмалары
1-нұсқа
Әдебиеттен білім беруде пәнаралық байланысқа жүгінетін жағдай:
А)өтілетін тақырыпты тереңдете бергісі келгенде
В)өтілетін білім мазмұны толықтыруды , байытуды қажет етсе
С)оқушылардың эмоциясына әсер еткісі келгенде
Д)оқушылардың мәдениеттілігін көтергісі келгенде
Е)оқушылардың қабілеті мен дарынына әсер еткісі келгенде
2.Естуге негізделген көрнекіліктер:
А)фотографиялар
В)альбомдар
С)музыка туындылары
Д)мүсін
Е)макеттер
3.Әдебиеттік оқу сатылары:
А)дауыстап оқу
В)әдебиеттің тарихи курсын оқу
С)шығармаларды мазмұндау
Д)мазмұндап оқу
Е)шығармашылық оқу
Ғ)әңгімелеп оқу
4.Көркем туындыны талдау барысындағы әдеби кейіпккерлерді оқып- үйренуде басшылыққа алынатын ұстанымдар:
А)қазақ халқының саяси-әлеуметтік ,философиялық талап-тұжырымын таныту
В)шығарма тілінің көркемдігін ерекшелігіне байланыстыру
С)гуманистік көркемдік шығармалардың басты мақсатты түрде алынуы
Д)рухани –адамгершілік тталаптар қою ұстанымдарын жетілдіру
Е)шығарманың кейіпкерлер жүйесін түр мен мазмұн бірлігінде қарастыру
Д)тәлім-тәрбиелік мәніне назар аудару
5.оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетіндегі басты мәселелер:
А)сауатты жаза білу
В)сұраққа толық жауап беру
С)мақал-мәтелдерді жатқа білу
Д)Жазбаша ресми тілде жеткізу
Е)жергілікті тіл ерекшелігін жиі қолдану
Ғ)мәнерлеп оқи білу
6)8-9 сыныптардағы сабақтан тыс оқуларда негізге алынатын сабак формалары:
А)ойын сабағы
В)бақылау емтихан сабақтары
С)жәрмеңке сабақ
Д)семинар сабак
Е)пікірталас сабақтары
7.мектеп оқушыларының әдебиет сабағы бойынша ғылыми ізденіс терінің бастауы :
А)реферат жазу
В)әңгіме жазу
С)шығарма жазу
Д)бақылау жұмысын жазу
Е)баяндама жазу
8.Әдебиет мұғалімі өз сабағында айрықша көңіл бөлуге тиіс мәселелер :
А)жаңа ұғымдар
В)проблеманы шеше білу
С)Алда тұрған мақсаттар
Д)берілетін оқу мазмұнының ғылымилығы
Е)сабақтың өмірмен , қоршаған ортамен байланысы
9.әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстарддың бірі:
А)көркем шығаманы жатқа айту
В)ой-толғау,эссе жазу
С)дауыстап оқу
Д)мазмұндама жазу
Е)көркем туындыдан әсер алу
Ғ)шығарманы бітім – болмысымен түсіну
10.көркем шығарманы іштей оқудың жүйесі:
А)дауыстап оқу
В)көзбен оқу
С)тексті рөлмен оқу
Д)шұбыртпа оқу
Е)талдай оқу
Ғ)көрмей оқу
11.көркем шығармаларды өтудегі шығармашылық ізденіске баулитын тапсырмалар :
А)баға беру (өз шамаларынша)
В)сұрақ-жауап
С)мазмұндама жазу
Д)баяндама жасау
Е)рецензия жазу
Ғ)жаттығумен жұмыс
12.әдебиет сабағының ең басты мақсат-міндеттердің бірі:
А)уақытты тиімді өткізу
В)мұғалімнің шеберлігі
С)имандылық
Д)әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауы
Е)өз бетінше орындауы
Ғ)оқушылардың киіміне көңіл бөлу
G)көрнекілікті тиімді пайдалану
13.кіріспе жұмыстарының түрлері:
А)тарихи шындық пен көркемдік шындық арасалмағы жайындағы әңгіме
В)көне дәуір әдебиеті жайындағы әңгіме
С)адамзат жайындағы түсінік
Д)мәтін тұсында берілетін тақырыптық –текстологиялық (сөздік) түсінік
Е)жазушының өмірбаяны мен творчестволық жолы жайындағы түсінік
Ғ)халық өмірі жайында түсінік
)адам өмірі жөніндегі түсінік
14.әдебиет пәнін оқытудағы әдістер:
А)есептеу жұмысы
В)баяндау әдісі
С)сыныптағы оқушылар ұғымы
Д)түсіндіру
Е)сабақтың сапалы жүйесі
Ғ)аударма жұмыс
)сызба жұмысы
15.оқушыларға қойылатын сұрақтар сипаты:
А)әңгімелесу
В)сөз өнері
С)сыншыл
Д)баяндау
Е)салыстырмалы
Ғ)проблемалық
)жасына сай
16.әдеби-шығармашылық үйірмелердің фольклорға негізделген түрлері:
А)көкпар
В) «терме»
С)зергерлік өнер
Д) «шешендік өнер»
Е) «Айтыс»
17.сабақ жоспарының басты құрылымдық элементі:
А)мәнерлеп оқу
В)бақылау жұмыстары
С)сабақтың мақсаты
Д)ұйымдастыру кезеңі
Е)жаңа сабақты түсіндіру
18.драмалық шығарманы оқытқанда мұғалімнің назар аударатын мәселелері:
А)шығарманың сюжеті
В)кейіпкердің характері
С)кейіпкердің киім үлгісі
Д)кейіпкердің тұрмыс жағдайы
Е)кейіпкердің мінезі
19.оқулық бойынша берілетін тапсырма түрлері:
А)ғылыми еңбектердегі пікірлерді саалыстыру
В)өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу
С)тақырып бойынша сұрақтарға жауап
Д)қосымша материал бойынша хабарлама жасау
Е)ғылыми еңбектен конспект жасау
Ғ)тақырыптарды оқу,мазмұндау
20. педагог-жазушы
А)с.Көбеев
В) «Қалың мал» романының авторы
С)Ш.Құдайберрдиев
Д)Ш.Жәңгіров
Е) «Үлгілі бала» кітабының авторы
Ғ) «Үміт еткен көзімнің нұры,балам» өлеңінің авторы
21.оқыту барысының нәтижелі болу шарттары:
А)қызметіне
В)тыңғылықты дайындығына
С)өзіндік жұмыста
Д)сұрақ қоюына
Е)шеберлігіне
Ғ)әдістемесіне
22.1966 жылдары жаңаша оқытуға негізделген бағддарламалардың авторы:
А)Ә.Дайырова
В)Ә.Қоңыратбаев
С)А.Ысқақов
Д)М.Балақаев
Е)С.Қирабаев
Ғ)Т.Ақшолақов
)А.Көшімбаев
23.қазақтың ұлттық санасын оятуға үлес қосқан қазақтың ағартушы- демократтары:
А)Шоқан,Абай,Ыбырай
В)Шәкәрім,С.КөбеевС.Торайғыров
С)Д.Исабеков,С.Мұратбеков
Д)М.Әуезов,Ә.Кекілбаев
Е)А.Байтұрсынов,М.Дулатов, М.Жұмабаев
24.1931-1932 ж БКП(б) орталық комитеті шығарған қаулының мақсаты:
А)арнайы бағдарламалар оқыту
В)әдебиетті тереңдетіп оқыту
С)сыныптан тыс оқыту
Д)оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру
Е)М.Әуезов еңбектері арқылы оқыту
25.М.Әуезов стилін айқындайтын шығармасы:
А)ХІХ ІІ жартысында қамтитын шығарма
В)С.Мұқанов жайындағы шығарма
С) «Қараш-қараш оқиғасы» повесі
Д) «көксрек» әңгімесі
Е)Қазақтың бас ақыны жайындағы шығарма
Ғ) «Абай жолы» романы
2-нұсқа
1.Қ.Бітібаеваның оқу құралдары
А) «М.Әуезов әңгімелерін мектепте оқыу» (2003)
В) «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» (1962)
С) «4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы» (1987)
Д) «Көркем шығарманың айшықтарын таныту» (1998)
Е) «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы» (2004)
2. «таза бұлақ» , «Өзен» шығармаларының авторы:
А)Ғабит Мүсірепов
В) «Қазақ хрестоматиясының» авторы
С) «Ескендір» поэмасы
Д)Сәбит Дөнентаев
Е)Абай Құнанбаев
3.Мектепте әдеби білім беру бірізділік принциптерінің кезеңдері (сынып бойынша)
А)2-кезең 5-8 сыныптар
В)6-кезең 7-9 сыныптар
С)4-кезең 1-3 сыныптар
Д)5-кезең 1-7 сыныптар
Е)7-кезең 7-11 сыныптар
Ғ)8-кезең 11 сыныптартар
4.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының бастауында тұрған әдістер ғалымдар:
А)С.Дүйсенбаев
В)А.Көшімбаев
С)Қ.Бітібаева
Д)Б.Әрінова
Е)Қ.Айтқалиев
Ғ)Г.Құрманбаева
5.Мектепте әдеби білім берудің үшінші кезеңінің (9-11 сыныптар) мақсаттары:
А)мазмұндауға үйрету
В)әдебиеттік ғылымнан білім беру
С)оқушының көркем мәтінді мазмұндауға үйрету
Д)көркем сөздің көркем шығарманың маңызын таныту
Е)оқушыны жаза білуге үйрету
Ғ) көркем сөздің көркем шығармалардағы рөлін таныту
6. Әдіс- тәсілдерді үйлестіре қолданудың ерекшелігі :
А)оқушылар жалықпайды
В) көркем тілінің дамуына кедергі болады.
С) тақтамен жұмыс азаяды
Д)кітаппен жұмыс жасауға мүмкіндік азаяды
Е)оқушының белсенділігі артады
7.драмалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдістері:
А)пьесадағы негізгі тартысты анықтау
В)ұғыну
С)басты кейіпкерлерге мінездеме беру
Д)иллюстрация және көрнекілік
Е)түсіну
8. әңгімелеудің түріне қойылатын талаптар:
А)анық,айқын түсінікті етіп айту
В)мәнерлеп,көркемдеп айту
С)ақырын,сыбырлап сөйлеп
Д)әңгімені өз жадынан әігімелеу
Е)эмоцияға беріліп сөйлеу
9.Көркем шығармалардың қыр-сырын танып білу үшін қалыптасқан талдау жүйесі:
А)мазмұндық –тақырыптық талдау
В)саяси-хронологиялық талдау
С)кейіпкерлік – бейнелік талдау
Д)әлеуметтік-программалық талдау
Е)прозалық-поэзиялық талдау
Ғ)мазмұнын айтқызу
10.Көркем шығарма тілін талдаудың буындары:
А)қахарманның тілі
В)автор тілі
С)тіл анықтамасы
Д)оқырман тілі
Е)өзге ұлт тілі
Ғ)бейнелі тіл
11.әдебиетті оқытудың ауызекі әдістері
А)шығарма жазу
В)мазмұндама жазу
С)жазбаша жаттығулар
Д)мәнерлеп оқу
Е)пікірлесу
Ғ)сұхбат
12.Әдебиет сабағы барысында мұғалімді ойландыратын мәселелер:
А)оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
В)берілген материалды тиімді әдіспен жеткізе білу
С)тәртібін қадағалау
Д)оқушылардың жақсы түсінгендігін ескеру
Е)оқушылардың сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу
Ғ)оқушылардың келбетіне көңіл бөлу
)оқушылардың киіміне көңіл бөлу
13.Оқушылардың сөздік қорын дамытуда қолданылатын сөздік түрлері:
А)аударма сөздік
В)фразеологиялық сөздіктер
С)энциклопедиялық сөздіктер
Д)орысша-қазақша сөздіктер
Е)орфоэпиялық сөздік
Ғ)орфографиялық сөздік
)түсіндірме сөздік
14.Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
А)әдістемелік проблемаларды шешу
В)модульді меңгереді
С)рөлдік оқуға үйрету
Д)оқушылардың білімін кеңейтеді
Е)тілін байытып,кітапқа құштарлығын артырады
Ғ)пәндердің жүйелі оқытылуы
15.Модуль сөзінің мағынасы:
А)шама
В)дамыту
С)өлшеме
Д)баска өнер түрлерін айыра білуге тәрбиелеу
Е)зерттеу
Ғ)өнерге тәрбиелеу
)тіл арқылы тәрбиелеу
16.Педагогикалық практикада ұштасатын білімнің негізі
А)аулада
В)колледжде
С)үйде
Д)университетте
Е)институтта
17.педагогикалық практика кезінде практикант-студенттің тығыз жұмыс жасайтын адамдары:
А)оқушылар
В)мектеп басшылығы
С)мұғалімдер
Д)кфедра меңгерушісі
Е)ата-анасы
18.қазақ әдебиеті сабағындағы жазбаша жұмыс түрлері:
А)баяндау
В)мінездеме
С)конспект
Д)мәнерлеп оқу
Е)пікір жазу
19.ғылыми еңбектер ,қосымша материалдар бойынша берілетін тапсырмалар:
А)тақырыптарды оқу,мазмұндау
В)конспект жасау
С)негізгі оқиғаларды сұрыптап ала білу
Д)кейіпкерлердің сөйлеу тілін жауаптарда пайдалану
Е)дәйексөз алу
Ғ)хабарлама жасау
20.1914жылы шыққан «Қирағат» оқулығының авторы
А) «Маса» жинағының авторы
В) «Бақытсыз жамал» романының авторы
С) «Айтыс» поэмасының авторы
Д)С.Торайғыров
Е) «Оян ,Қазақ» жинағының авторы
Ғ)М.Дулатов
21. 1921 жылы А.Байтұрсынұлы әдебиет хрестоматиясын жазууды тапсырған ақын-жазушылар.
А) «Шұғаның белгісі», «Көксерек» шығармаларының авторы
В)І.Жансүгіров,С.Мұқанов
С) «Қызыл ат», «Шернияз» шығармаларының авторы
Д) «Азамат Азаматыч», «Хан Кене» шығармаларының авторы
Е) «Көкшетау», «Қартқожа» шығармаларының авторы
Ғ)С.Сейфуллин Ж.Аймауытов
22.Әдебиеттану ғылымының негізін садлған , тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым:
А) «Ескендір» поэмасының авторы
В) «Қырық мысал» , «Маса» жинактарының авторы
С) «кедей» поэмасының авторы
Д) «Әдебиет танытқыш» кітабының авторы
Е)Мағжан Жұмабаев
Ғ)Ахмет Байтұрсынов
23.1930 жылы Қызылорда басылған «Жеткіншек» оқу құралының авторы
А) «Оян,қазақ» жинағының авторы
В)М.Әуезов
С)М.Дулатов
Д)А.Байтұрсынов
Е)С.Мұқанов
Ғ) «Хан Кене» драмасының авторы
24. «Абай- қазақтың классикалық поэиязысының шұғылалы шыңы» деген жолдардың авторы:
А) «Оян,қазақ» жинағының авторы
В)М.Әуезов
С)М.Дулатов
Д)М.Мырзахметұлы
Е)С.Сейфуллин
Ғ) «Абай жолы» романының авторы
) «Қорғансыздың күні» әңгімесінің авторы
25. Әдебиетті оқытудың негізгі факторлары :
А) Жаңа әдістермен тәсілдерді қолдану іске асырылады
В)психологиялық
С)таптық тұрғыда түсіндіру
Д)экологиялық
Е)ҚР. Білім заңына ,мемлекет белгілеген мақсатқа сәйкес айқындалады
Ғ) ақын-жазушылардың көптігі
Достарыңызбен бөлісу: |