5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


№5 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#35275
1   2   3   4   5


5 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде

1. Аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу қажеттігі.

2. Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастыруға қатысты көзқарастарға шолу.
Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, тілдік пе, әлде әдебиеттану тұрғысынан қарастыру керек пе? – деген даулы мәселелер бар. Оны тек тіл ғылымының тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын айыру, аудармада солардың қайсысының қалай жүйелесетінін анықтау – аударма теориясының басты міндеті деушілер болды. Бұған қарама-қарсы, аударманы тек қана «әдебиеттану тұрғысынан қарау керек» деген пікірлер де айтылды. М. Әуезов «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында. «Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, кейінгі кезде біздің одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі – біздіңше, дұрыс бейім, – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясы зерттейтін объект деп қарайды»– деп көрсетеді. Демек, М. Әуезов аударманы сөз өнерінің бір түрі деп қарап, оны әдебиеттану тұрғысынан зерттеуді бірінші кезекке қою керек деген пікірді ұстанды. Ал, орыс аударма тарихында А. Федоров, Я. Рецкер, Л. Бархударовтар аударманы тіл ғылымының объектісі деп қарастыруды ұсынған. Мәселен, А. Федоров аударма мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан талдай отырып, «Филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде аударма теориясы ең алдымен лингвистикалық пән болып табылады»– десе, А. Смирнов, И. Кашкиндердің еңбектерінде аударма әдебиеттану тұрғысынан қарастырылады. Келесі бір үшінші топ аударманы өз алдына бөлек сала ретінде көрсетеді. Мәселен, Г. Гачечиладзе: «Аударма теориясы лингвистика мен әдебиеттану ғылымының аралығында тұрған, өзіндік орны бар өзгеше ғылым»– деп атап айтады. Мұндай пікір қазақ аударматануында да кездеседі.

Дәрісті қорытындылау:

1. Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, -деген даулы мәселелер бар.

2. М. Әуезов аударманы сөз өнерінің бір түрі деп қарап, оны әдебиеттану тұрғысынан зерттеуді бірінші кезекке қою керек деген пікірді ұстанды.
3. Орыс аударма тарихында А. Федоров, Я. Рецкер, Л. Бархударовтар аударманы тіл ғылымының объектісі деп қарастыруды ұсынған.

4. Келесі бір үшінші топ аударманы өз алдына бөлек сала ретінде көрсетеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек?

2. М. Әуезов аударманы қай ғылым тұрғысынан зерттеуді ұсынды?

3. А.Федоров, Я. Рецкер, Л. Бархударовтар аударманы қай ғылымының объектісі деп қарастыруды ұсынған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері // Қазақ әдебиеті, 1955, 7 қазан.


2. Федоров А. Основы общей теории перевода. – М., 1972.

6 дәріс тақырыбы: Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.

1. Шетелдік ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.

2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.


Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.    Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік.
    1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дәл жеткізілуі,      екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,үшіншіден, «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.

   Американдық лингвист Дж.Касагранде өзінің «Аударманың мақсаттары» (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі:  Прагматикалық аударма. Мұнда хабарламаны барынша дәл жеткізу көзделеді. Эстетикалық-поэтикалық аударма. Әдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді.Этнографиялық аударма – түпнұсқаның мәдени контексін түсіндіреді.    Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түпнұсқа морфемаларының мағыналары көрсетіледі.


    Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов  құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.  В.Н. Комиссаров «Слово о переводе» еңбегінде  аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1)көркем аударма; 2)ақпараттық аударма; 3)ғылыми аударма; 4)ресми аударма; 5)публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма.
  М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
    Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: Ауызша аударма жазбаша аударма.

  Дәрісті қорытындылау:

1.Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.

2. Шетелдік, отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы пікірлері әр түрлі ұқсас жақтары да айырмашылық жақтары да бар.

3. Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
ауызша аударма және жазбаша аударма.

Бақылау сұрақтары:

1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың неше түрін ұсынды?

2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы қандай пікірлері бар?

3.  М.О. Әуезов қай мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.

3модуль. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.


№7 Дәрістің тақырыбы: Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы.

1. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы.


2. Көркем аударманың алғашқы үлгілері.

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазбаша аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Түркінің “тілмаш” деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың “толмачы” шыққан.Ұлы Жібек жолының алтын арқауы – аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің “Гүлстанын” ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары («Мың бір түн», « Камиламен Дамила» т. б.) аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған. Шығыс данышпандарының классикалық шығармаларын аударма не назира түрінде қазақтың өз мұрасына айналған. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Әр халықтың жазба әдебиетінің қалыптасуы оның аударма әдебиетін де қатар қалыптастыра бастайды.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі.

2.Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?



2. Қазақ тарихында аударманың қандай нұсқалары бар?

3. Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарына қайсысын жатқызамыз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

№8дәріс тақырыбы: Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.

1.Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік.
2. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.
3. Аудармаға қойылатын талаптар.

Тілдің коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық. Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі.Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін. Тілдік дәнекерлік қай–қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз – аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу. Аударманы тілдік дәнекерліктің басқа түрлерімен салыстыра отырып, іс жүзінде аудармаға қойылатын талаптарды қорыта келсе, аударманың даму қарқынын еске ала отырып аударма өзінің қоғамдық тиімділігі, табиғилығы, толыққандылығы жағынан қарым-қатынасты әдепкі бір тілдік қарым–қатынасқа мүмкін болғанынша барынша жақындатуға арналған тілдік дәнекердің жоғары дәрежедегі, дамыған түрі деп тұжырымдауға болады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында “тілдік дәнекерлік” деген ұғым пайдаланылып жүр.

2. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі

3.Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?

2. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?

3. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын қалай жіктеген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.


3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

9 Дәрістің тақырыбы. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.


1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынасты (коммуникация) қамтамасыз ету құралы .

2. Аударма–тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі.


Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.

Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады . Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді.


Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы .

2. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.

3. Аударма қызметі – бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?



2.Неге аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?

3. Коммуникацияның неше түрі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

4модуль. Аударма теориясының негізгі әдістері, түрлері, аудармада қолданылатын түрлі әдістер.

№10 дәріс тақырыбы: Аударманың негізгі түрлері.

1. Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.

2. Аударманың негізгі түрлері.

«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады. Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі: Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.).


Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі. Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашылар - тілмаштар болған.
2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады.

3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.


Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады.

2. Аударманың бірнеше түрі бар : ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың қандай түрлері бар?

2.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

11 дәріс тақырыбы: Аудармадағы трансформациялық үдерістер.

1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.
2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.
3.Қосу трансформациясы.
4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер

Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Яғни, бір мазмұнның бірнеше түрлі формада тұлғаланып берілуі де трансформацияның бір түріне жатады. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды. Оның «Синтаксистік құрылымдар» (1957) атты әйгілі еңбегінде трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды (нақтылау, жалпылау, антонимдік аударма, компенсация) жатқызуға болады. Сөз қосу (добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді.

Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз.

Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір не бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда түсіндірме тәсілін қолданады.


Дәрісті қорытындылау:

1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.

2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.

3. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын былай жіктеген : орын алмастыру, сөз қосу,ауыстыру, түсіріп тастау.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?

2. Қай еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген?

3. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын қалай жіктеген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№12 Дәрістің тақырыбы: Аударма-технологиялық әрекет.
1. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.

2. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру.


Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Мәселен, Абайдың 36 қарасөзін аударуда тәржімашылар өз аударма мәтінінде кейбір сөздерді транскрипция тәсілімен аударған:

«Ұят кімде болса, иман сонда».

«У кого есть стыд, у того есть иман».
«He who has shame also has iman».

«Иман» сөзі транскрипцияланған.
Транскрипцияның екі түрі бар: 1) фонематикалық (немесе фонологиялық) транскрипция; 2) фонетикалық транскрипция. Мәселен, төмендегі Абайдың 38 қарасөзінен алынған сөздер транскрипция арқылы аударылған:
құранкоран – Qur’an; аллаАллах – Allah; молдамулла – Mullah;
Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру. Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады. Мысалы, сондай қазақ тіліндегі жартылай калька неміс тілінің реалиясы «үшінші рейх» - «Das Dritte Reich» сөйлемшеге аналог болып тұр.

Дәрісті қорытындылау:

1. Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі.

2. Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады.

3. Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер.

4. Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Транслитерация, транскрипция дегеніміз не?

2. Транслитерация қалай жасалады?

3. Транслитерация, транскрипция тәсілдері қай кезде қолданылады?

4. Калька дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

№13Дәрістің тақырыбы: Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.

1. Балама аударма туралы түсінік.
2. Аудармада қолданылатын түрлі әдістер.

3. Көркем аударманың негізгі түрлері.


Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілі­нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.


Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады .Көріп отырғанымыздай аударма жасау үстінде балама сөздерді табу – әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді екен. Қазақ елінің мәдени даму ерекшеліктеріне қарай аудармада түрлі әдіс орын алғаны белгілі. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.
Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түп­нұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түп­нұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарас­тырудан туады.
Аудармадағы екінші әдіс –сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады, түпнұсқадан пышақ жүзіндей ауытқымайтын кемшіліктер осыдан туады. Аударманың үшінші тәсілі – балама (адекват) аударма. Бұл – ең қиын түрі.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табу – әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді.

2. Көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.
Бақылау сұрақтары:

1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?

2. Көркем аударманың қандай түрлері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

№14 Дәрістің тақырыбы: Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, балама­лылық деген терминдердің қолданысы туралы.


1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты түсініктер.

2. Балама теориясына қатысты көзқарастарға шолу.


Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Дегенмен, А.Алдашева балама теориясы туралы Я.Рецкердің айтқан тұжырымдамасынан оның баламалық ұғымдарын дәл басып, тани қоймағандығын баса айтады. А.Алдашеваның айтуы бойынша, балама (эквивалент) – тілдік құралды тең мағынада, тең функцияда толық алмастыра алатын толық әлеуетке ие, тұрақты, екітілді лексикографиялық сөздіктерде норма ретінде ұсынылатын сөз тіркесі. Бұндай балама контекске тәуелсіз бола­ды; сондықтан оны кейде тіларалық си­ноним деп те атайды. Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы. Ұғым, түсінік, құбылыс, іс-әрекет атау­ларының сөздікте берілетін варианттарын тіларалық синоним деп те атайтын реттер бар.
Дәрісті қорытындылау:

1. Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық деген терминдердің қазірге дейін анықтамасы нақтылана қойған жоқ.

2. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды.

3. Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты қандай түсініктер бар?

2. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан кім?

3. Балама (эквивалент) дегеніміз не ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

5 модуль. Көркем аударманың бүгінгі әдеби тілде алатын орны.


15Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары.

1. Көркем аударма және оның түрлері.

2. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды т.б. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті.

Дәрісті қорытындылау:

1.Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.

2. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған.

3. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады.

4.Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны үлкен.

Бақылау сұрақтары:

1. Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?



2 Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны қандай?

3. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі қай кезден басталады ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

16 Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманы қабылдау.


1. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы.

2. Аударма шығармасын қабылдау.

В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау. Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма – бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.

Мәтін – бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек. Мәтіннің құрылымдық мазмұны әр түрлі үш деңгейде қарастырылуы мүмкін: тік, көлденең және терең. Мәтіннің тік құрылымын оның формалды-тақырыптық мазмұны құрайды. Жалпы мағынасынан немесе мәтіннің тақырыбынан, тақырыпшалардан бастап, субтақырыпшаларға, бөлек пікірлерге дейін кездеседі. Осындай өрістету сөйлеп жатқанмен, «жоғарыдан – төмен» қарай іске асады. Ол мәтінді өз коммуникативті ниеттеріне сай жасайды. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды басқа бағытта – «төменнен – жоғары» қарай, мазмұнының кішкентай бөлектерінен мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды.

И.А. Кашкиннің ойынша, ақиқатты аударманың мақсаты «...түпнұсқа мәтіннің ішінде болған бүкіл мағыналық және бейнелі байлық, ақиқаттылық объективті түрде қайта құрылуы керек. Аудармашы бірден түпнұсқадағы грамматикалық құрылымға қақтығысып, осы бөгдеден өтуге, болған балғындыққа және автормен ақиқаттықтың қалай қабылдағанына жетуі өте маңызды» .

Әрбір аударма шығармашылық үдеріс ретінде аудармашының даралығын белгілеуі керек, бірақ аудармашының негізгі мақсаты түпнұсқаның ерекшеліктерін жеткізу және түпнұсқаға сәйкес көркем және эмоционалды әсерін барабарлы жеткізу үшін, аудармашы ең жақсы тіл амалдарын: синонимдерді, сәйкес болып тұрған көркем бейнелерді және сол сияқтыларды табу керек, - деген пайымдауға шүбәланбаймыз.


Дәрісті қорытындылау:

1. Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау.

2. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды– «төменнен – жоғары» қарай, мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет дегенді қалай түсінесің?



2. Көркем аудармада түпнұсқа қандай қызмет атқарады.?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 5.
17 Дәрістің тақырыбы: Поэзияны аударған кезде туындап жататын мәселелер.

1. Көркем аударма мәселелері.

2. Аударманың сапасы жайында.

Тарихтың тасқа таңба басқандай талассыз тағылымы мынаны үйретті: жер бетін мекендеген халықтар мен ұлттар ешқашан томаға тұйық қалпында қалмай, өзге жұрттардың мәдениеті мен өнерінен нәр алып, үлгі тұтуды мұрат еткен. Халықтар ынтымағын нығайту жолында көркем аударма елеулі қызмет атқарды. Аударма не үшін жасалған?

Бір тілдегі көркем шығарманы екінші тілге қарай аудару қажет екендігі туралы пікірталас басталғалы талай замандар өтті. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Сөзді фактілерге беретін болсақ: Пушкиннің «Ай» («Месяц») деген өлеңінің аудармасына көз жіберейік. Осындағы әбден түсінікті айтылған сөздерді Тәкен Әлімқұлов бұзып тәржімалған. «Гордым разумным моим» — «салқын оймен», «летите прочь, воспоминания!» — «Сәуле төгіп дірілдетіп» делінген. Бұл арада «тусклое» эпитетінің қалып қоюы мағынаға нұқсан келтіріп тұр. В.Г. Белинский А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мақаласында ақынның ойы мен сезімдер бірлігін оның пафосы деп анықтайды. «Пафос – тиянақсыз идея немесе дерексіз ой емес, бұл «тірі» ынтызарлық» деп түсіндіреді. Сондықтан, шығарманы түсіну – оның жасаушысын түсіну деген сөз, ал ақынды түсіну дегеніміз – оның пафосын саналы түрде ұғыну.

Дәрісті қорытындылау:

1. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі.

2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады

3. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударған Тәкен Әлімқұлов.



Бақылау сұрақтары:

1 Аударма не үшін жасалған ?



2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, қандай сәтсіздіктер бар?

3. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударған кім ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 5.
18 Дәрістің тақырыбы: Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.
1. Аударманың қоғамдық мәні.

2. Аударманың лингвистикалық қағидасы

Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, аударылатын сөйлемнің синтаксистік құрылымы аудармада ұқсас тәсілдермен берілуі мүмкін болса, онда сөзбе сөз аударма ешқандай әдеби талдаусыз, соңғы амал ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда, әр түрлі тілдерде синтаксистік амалдардың тура келуі өте сирек кездеседі. Көбінесе сөзбе сөз аударма кезінде қазақ тіліндегі синтаксистік нормалардың бұзылуына әкеледі. Сондай жағдайларда біз мазмұн мен форма арасындағы қарама-қайшылықпен түйісіп қаламыз. Сөздердің және сөз тіркестерінің аудармасынсыз көркем аударма бола алмайды.

Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді . Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.Денотативті деңгейді біз: тіл белгілерінің денотаттармен ара қатысы белгіленген фактының заттық сәйкестігін, объективті, мәлімет жіберушінің көзқарасына байланысты емес, практикалық жағынан ең маңызды қасиеттері бар мазмұнның, тілдік және мәдени-тарихи дәстүрлері бар қарым-қатынас жағдайын және берілген тілдің өзгешелігін түсінуіміз керек. Ал коннотативті деңгейде тек қана денотаттардың объективті қасиеттері емес, сонымен қатар мәдени-тарихи, тіл ғұрыптармен анықталған, осы этникалық топқа жататын адамдармен денотаттарды бейнелеуі белгіленген. Коммуникативті-функционалды деңгей – мәлімет жіберушінің дербес тәсілмен бейнеленген түпнұсқа белгісінің аудармаға сәйкес келуі, жіберушінің және мәтін қабылдайтын адамның мәтіндерінің тіл белгілері мен мәлімет қорының сәйкес болуы.


Дәрісті қорытындылау:

1.Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау.

2. Лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың лингвистикалық қағидасына не жатады?



2. Денотативті коннотативті және коммуникативті-функционалды деңгей дегеніміз не ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959
6 модуль. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.
№19 дәріс тақырыбы: Аударманың толыққандылығы туралы.

1.Аударма толыққандылығының маңыздылығы.


2. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.

Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып,

А. В. Федоров толығырақ түсініктеме береді: «Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі». Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді жасауда. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді. Керісінше, А. В. Федоров ұсынған аудармада барабарлық толықтықтың болуы жаңа мәселелерді туғызады.
Сонымен, түпнұсқа және аударма мәтіннің бірліктерін қарастырғанда және салыстырғанда, біз лексика бірліктерінің эквиваленттілігін семантикалық деңгейде анықтаймыз.
Неміс аударматану мектебінің өкілі В. Коллердің пікірінше, мәтіндер арасындағы эквивалентті қарым-қатынас түрі және үлгісі анықталғаннан кейін, эквиваленттік ұғымы ақиқатты мағынасына жетеді.
Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу мәселесімен байланысты.

  Дәрісті қорытындылау:

1.Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келу.

2. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың толықтылығы дегеніміз не?

2. А.Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында неге тепе-теңдік белгісін қояды?

3. Аудармадағы барабарлық дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.
№20 дәріс тақырыбы: Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.

1. Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым.

2. «Эквиваленттілік» терминінің қалыптасуы туралы.

Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады».


«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О лингвистических аспектах перевода») . Егер де қазіргі аударматану теориясы ХХ-шы ғасырдың ортасында пайда болатын болса, онда оның негізгі категориясын білдіретін термин онымен бірге жарыққа шықты. Бірақ та, кейбір тілдерде, мысалы, француз тілінде, қазір біз қолданып жатқан лингвистикалық мағынада «эквивалент» сөзі (бір сөзді немесе сөз тіркесті ауыстыра алатын сөз немесе сөз тіркесі) ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында (1864 жылы) тіркелген еді. Оны Бодлердің еңбегінде кездестіруге болады (1821 – 1867 жылдары.
Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Эквиваленттілік – бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады.

  Дәрісті қорытындылау:

1. «Эквиваленттілік» термині 1938 жылдан қолданылып келе жатыр.

2. Алғаш рет «эквивалент» терминін Р. Якобсон ұсынған еді.

3.Эквивалент сөзі –мағынасы бірдей, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Бақылау сұрақтары:

1. Барабарлық (эквиваленттілік) дегеніміз не?

2. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында неге тепе-теңдік белгісін қояды?

3 Аудару барабарлығы ұғымы нені білдіреді? Және эквиваленттілік категориясының барабарлық категориядан айырмашылығы неде?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.


3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

№21Дәрістің тақырыбы : Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.

1. Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы
2. Контекстің аудармадағы маңызы
3. Сөз мағынасын жеткізуде кездесетін проблемалар

Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздердің аударуда нақтыландыруға тура келеді, немесе керісінше түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аударма мәтінінде кең мағыналы сөзбен береміз. Осыған орай жинақталған материалдарға негіздей отырып, сөз таңдаудың негізгі екі түріне ғана тоқталуға болады. Олар:



  1. сөз мағынасын нақтылау (конкретизация);

  2. сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу (генерализация).

Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай-ақ қолданылған тілдік единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.

Мәселен, Абайдың 37-сөзінде делінген:


«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны.
Адамның баласы – бауырың».
«Сын своего отца для других – враг.
Сын человеческий – твой брат».
Бұл мысалдан көрінгендей, «бауырың» сөзі – тектік ұғымның жалпы атауы, ал аударма мәтінде берілгендей «брат», «brother» – осы ұғымның түрлік атауы. Келесі, сөз таңдаудағы негізгі тәсілдердің бірі – сөз мағынасын ұлғайту, дамыту түріне ой жүгіртейік!
Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін – сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады. Абайдың 36-сөзін аударуда тәржімашы ұлғайту тәсілін қолданған кездері де бар: «Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар.».«Тот, кто знает о таких терзаниях, но вместо того, чтобы великодушно простить виновного, усиливает его страдания, лишен человечности и милосердия». Аудармашы «адамшылық» сөзінің стильдік бояуын қоюлатады, өз тарапынан сөз қосып («mercy»-«қайырымдылық»), адамның ұяты болмаса оның адамшылық пен қайырымдылық қасиеттерінің болмайтынын, яғни адамшылық пен қайырымдылық қасиеттерінің өзара тығыз байланысын көрсетеді .
Дәрісті қорытындылау:

1.Тілдердің сөздік құрамының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді.

2. Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не?



2. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров. – А., 2007. – 245 б.


2. Алдашева, А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.,– А.,1998. – 215 б.

№22 Дәрістің тақырыбы : Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.



1. «Реалия»сөздер туралы түсінік.
2. Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі.

Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген


С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. Осы мәселені нақтылау үшін В. Д. Андреев, В. Г. Гак, Б. И. Репин осы ұғымды дәлдеуге тырысады. Сонда «реалия» терминімен бірге «реалия-сөз» терминін қолданады.Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.

Дәрісті қорытындылау:

1. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан.

2. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.

3. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.



Бақылау сұрақтары:

1. Реалия сөздер дегеніміз не?

2. И. Левый реалия сөздерді қалай атаған?

3.Кейбір ғалымдар ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминінің орнына қай терминді қолданады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.
№23 Дәрістің тақырыбы : Эквивалентсіз лексика туралы түсінік.

1. Эквивалентсіз лексика ұғымы.

2. Реалия сөздердің сипаттайтын факторларына сәйкес топтастырылуы.

Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:


1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Жоғарыда айтылған барлық анықтамалар аудару практикасына жатады да, аударма тілінде басқа тілде реалия болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмау фактісін белгілейді. Алайда, мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқынына байланысты белгілі бір кезеңде осы реалия сөздер және оларды белгілейтін сөздер аударма тілінде болмауы мүмкін.
Ал басқа жағынан, реалия белгілі бір тарихи кезеңмен шектеулі болуы мүмкін. Сонда, реалия сөздер тілде толықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді. Ал тілдік формасы жағынан, негізінен, реалия сөздер зат есімдер (неміс тілінде өте жиі құрмалас зат есімдер), кейбір кездерде сөз тіркестері, аббревиатуралар, сын есімдер, етістіктер және зат есімдердің - реалия сөздердің туындылары.
Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтарға бөлінеді:
1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық бірліктер, фольклор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени реалия сөздер);
2) жергілікті (ұлтқа және тілге байланысты);
3) уақыттық (осы заманғы және көне реалия сөздер);
4) аудармашылық.
Сонымен, жалпы реалия сөздерді ұлтқа тиісті бірлік ретінде қарастыруға болады. Ал екі тіл жазықтығында – берілген және аударма тілдері үшін реалия сөздерді берілген үшін ішкі, ал аударма тілі үшін сыртқы болады. Сонымен, жергілікті топтау, біріншіден, аудару теориясы және практикасы үшін өте маңызды.
Дәрісті қорытындылау:

1. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.

2.Эквивалентсіз лексика: басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер.

3. Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Реалия нені жатқызамыз?

2. Эквивалентсіз лексикаға қандай бірліктер жатады ?

3. Эквивалентсіз лексиканың қандай ерекшелігі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№24Дәрістің тақырыбы: Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.
1. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер.

Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, пенсионер – зейнеткер т.с.с. Осындай жаңа сөздер калькалар және жартылай калькалар болуы мүмкін.
Ұқсас аударма. Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау.

Контекстуалды аударма. Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді.

Реалияны алмастыру.Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.
Сипаттамалы аударма.Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру.

Қоғамдық-мәдени түсініктеме.Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.


Дәрісті қорытындылау:

1. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер мыналар: ұқсас аударма, контекстуалды аударма, реалияны алмастыру, сипаттамалы аударма.

3. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру.



Бақылау сұрақтары:

1. Реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін қолданылатын тәсілдердің біріне қайсысы жатады?

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер туралы не білесің ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

25 Дәрістің тақырыбы: Аударматану саласының терминологиялық жүйесі.


1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.

2. Аударматану терминдерінің сатылары.


Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі арнайы зерттеуді қажет етеді. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты. Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады :

1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану – аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы т.б.;

2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. 3)Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі).

А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген «мәтін  түпнұсқа мәтіні  протомәтін», «екінші деңгейдегі мәтін  аударма мәтіні  метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. А.Поповичтің пікірі бойынша, протомәтін-метамәтін қатынасы инвариант пен вариант арақатынасы бойынша құрылады. Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен бірге дамиды және адамзаттың ақиқат, шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін көрсетеді. Мысалы, аударматану терминдері негізінде кейбір ғылыми ұғымдардың қалыптасу сатыларын белгілеуге болады: аудару  аударма  аударма туралы ғылым  аударма теориясы  аударматану.



Дәрісті қорытындылау:

1. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.

2. Зерттеуші Л.А.Новиков мағына түрлерінің жіктемесін ұсынды.

3. Аударматану терминдерінің сатыларын белгілеуге болады: аудару  аударма  аударма туралы ғылым  аударма теориясы  аударматану.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесіне не жатады?



2. А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қандай терминдер мен ұғымдарды енгізді?

3. Аударматану терминдері қандай сатылардан тұрады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

26 Дәрістің тақырыбы: Аудармалық сәйкестіктер.

1. Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі.

2. Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.


Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.

Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Орыс тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аудармашы таланты – айрықша талант.

2.Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады.

3.Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады.

3.Орыс тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөз аудармасы қалай жүзеге асады?



2. Лексикалық немесе сөздік ұйқастық дегеніміз не?

3. Эквиваленттер дегеніміз не??



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959

3. Бархударов Л.С. Язык и перевод. — М., 1975

4. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский.- М.,1998

5. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты) — М., 1990

 №7модуль. Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары
27 Дәрістің тақырыбы: Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет