5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер



бет4/6
Дата29.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#35935
1   2   3   4   5   6

1. Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер.


2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланыстылығы.

Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы — заңды құбылыс. Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды.

2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді.
Бақылау сұрақтары:

1.Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттерге не жатады?

2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің бір-бірімен тығыз байланысты екені неден көрінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

28 Дәрістің тақырыбы: Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.

1. Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары.

2. Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі.

3. Аудармадағы грамматикалық белгілер.
Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны “мәртебелі ғылымның” назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.

Формалық-грамматикалық тепе-теңдік деген нәрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтардың болу жағдайлары.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.

2. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар.

Бақылау сұрақтары:

1. «Дворянское гнездо» атты Тургеневтің шығармасын кім аударған?

2. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтар не себепті болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
29 Дәрістің тақырыбы: Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері .
1.Көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілері.

2. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері .


Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.
Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады: а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар;
ә) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
2) Ақпараттық аударма – қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады.

    Дәрісті қорытындылау:

1.Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.

2. Ғалым А.Алдашева көркем аударманың әр түрлі айырым-белгілерін ұсынады.

3.Ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. А.Алдашева көркем аударманың қандай айырым-белгілерін ұсынады?



2. Ғылыми-техникалық аудармаға нелер жатады?

3. Ғылыми мәтіндерге қандай белгілер тән ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

30 Дәрістің тақырыбы: Аударма техникасы.



1.Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. 2.Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.

Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.


     Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1)   Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.
2)   Арнайы дерек көздергеарнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.
    Дәрісті қорытындылау:

1.Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:


Жалпы дереккөздерге және арнайы дереккөздер.

2.А.Қ. Жұмабекова мынадай түрлерін келтіреді: Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма, машиналық (автоматты) аударма, аралас аударма.



Бақылау сұрақтары:

1. Аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін нені білуі керек?



2. Ақпараттың барлық дереккөздерін нешеге бөлуге болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері .Алматы, 2012. - 296 б.


2. Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). –М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.
3 Тәжірибелік сабақтар

1 тақырыбы: Аударма теориясының негіздері пәнінің, міндеттері мен мақсаттары. Аударма теориясының даму, қалыптасу тарихы.


Мақсаты: Студенттерге аударма теориясының негіздері пәнінің, міндеттері мен мақсаттары туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарды. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі қай кезде қолға алынды ?

2. Қазақ тіл білімінде аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеген кімдер?

3. Аударма ұғымына қандай анықтама бересің?

4. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны ұсынған ғалым кім?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет