5 в сыныбымен жүргізілетін информатика сабағының ағылшын тілінде жүргізілуі туралы мәлімет



Дата09.03.2020
өлшемі14,54 Kb.
#59783
Байланысты:
Мәлімет
Sbornik zadach i uprazhneniy 3 klass[1], nahman
5 в сыныбымен жүргізілетін

информатика сабағының ағылшын тілінде жүргізілуі туралы мәлімет

5 в сыныбында үштілділік бойынша информатика сабақ жүргізілуде. Күнтізбелік жоспары жасалып, бекітілді. Бұл сабақта 23 сағат өтті. Әр сабақта тақырыпқа сай терминдерді үйретудемін.Оқушылар терминдерді қызығып, жаттауға тырысып үйренуде.Тақырыптар бойынша мысалы «Біздің айналамыздағы ақпарат», «Программалық қамтамасыз ету», «Команда бойынша», «Жандандырылған графика» тақырыптарындағы терминдерді жаттап, есте сақтауға тырысады. Жандандырылған графика тақырыбындағы Scrath программасында ойын барысын ағылшынша жазып үйреніп жатыр. Scrath программасындғы спрайт, скретч, графика сөздері бойынша «The teachers comer” ойыны бойынша сөзжұмбақтарды шешуге белсене қатысты. Сабаққа қызығу үшін терминдерге байланысты ойындар ұйымдастырылды. «On teams» тақырыбын өткенде «Терминді жазу, айту» ойынында, бұл оқушылардың терминді қатесіз жазуға, есте сақтауға көмектеседі. Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сабақта ойын түрлерін пайдалануға тырысамын.Оқушылардың қызығушылығы жақсы. Термин сөздерді жаттап айтуға, есте сақтауға тырысады. Сабаққа қиындық туғызатын мәселе оқушылардың оқулықтары жоқ. Көбінесе интернеттен тауып сол бойынша өтілуде.



Нәтиже: Информатика оқу барысында ағылышын тілінде терминдерді жаттауға, өз ойын еркін жеткізуге тырысу.

Информатика пәнінің мұғалімі Э. Бакирбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет