№ 5 зертханалық жұмыс
V топтың р элементтері
Жұмыстың мақсаты: V топтың р элементтерінің негізгі қасиеттерімен танысу және алу.
Аммиактың тотықсыздандырғыш қасиеті. Сынауыққа: а. Бром суы; б. калий перманганаты; в. Калий дихроматының 3-4 тамшысын тамызамыз. Әр сынауыққа 3-5 тамшы аммиактың 25 % ерітіндісін тамызамыз. Әр қайсысын қыздырып, түсінің өзгеруін бақылаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Аммоний тұздарының гидролизі. Амминий хлориді мен аммоний сульфатының ерітіндісіне жұмыс жүргізіңіз. Неге аммоний карбонатынан аммиактың иісі шығады? Тұздардың гидролиз теңдеуін жазыңыз, ерітіндінің рН анықтаңыз?
Никельдің (ІІ) аммиакатын алу. Никельдің сульфатына аммиактың сулы ерітіндісін құйыңыз. Кешенді қосылыс түзу реакциясын жазыңыз.
NH4+ ионының сапалық реакциясы. Сынауыққа 2-3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісін және оған 2н натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңыз. Оны аздап қыздырып, үстіне фенолфталеинмен дымқылданған қағаз ұстаңыз. Иіс және қағаз түсінің өзгерісінің гидроксид ионы мен аммиактың бөлінгенін дәлелдеңіз. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.
Азот (ІІІ) оксидінің алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы калий нитритінің қанық ерітіндісін тамызып, оған 1 тамшы 2н күкірт қышқылын тамызыңыз. Көгілдір түсті ерітінді азот (ІІІ) оксидінің ерітіндісі немесе азотты қышқылдың ангидриді. Ерітіндіден қоңыр газ түзілуін түсіндіріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз және азот (ІІІ) оксидінің азот (ІІ және IV) оксидіне айналуын жазыңыз. Реакция типін анықтаңыз.
№1 жұмыс. Фосфордың V оксиді.
Қалаққа аздаған қызыл фосфор орналастырыңыз. От жалынына қыздырыңыз да, қасықты сынауыққа орналастырыңыз. Сынауық тұман болғанын яғни, ауадағы суды сіңіргенін бақылаңыз. Содан соң, о,ан аздаған су қосыңыз. Ерітіндіге лакмус батырыңыз. Реакция теңдеуін құрастырыңыз.
№2 жұмыс. Фосфаттың салыстырмалы ерігіштігі.
Төрт сынауыққа кальцийдің фосфатының, гидрофосфатының, дигидрофосфатының және натрийдің фосфатының ұнтағын салып, су құйып шыны таяқшамен араластырыңыз. Тұздардың ерігіштігін анықтаңыз.
№3 жұмыс. Натрий фосфатының гидролизі.
Натрий фосфаты қандай орта көрсететінін анықтаңыз: қышқыл, сілті немесе бейтарап.
№4 жұмыс. Фосфат иондарына сапалық реакция.
3-4 тамшы Na2HPO4 ерітіндісіне аздаған тамшы BaCl2 ерітіндісін тамызыңыз. Ақ тұнба түзіледі. Тұнбаның тұз қышқылы, азот қышқылында және сірке қышқылында ерігіштігін байқаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |