КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылған көздері
Кафедрасы
№ 5 зертханалық жұмыс
Пәні: «Релелік қорғаныстың элементтік базасы»
Орындаған: Алшора Алия
Тобы: ЭСХк 20-1
Қабылдаған: аға оқытушы Агимов Т.Н.
____________ __________ «______» _________ 2022 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
Зертханалық жұмыс №5. Электрмагниттік релені сынау
Жұмыстың мақсаты: электрмагниттік реле құрылғысының жұмыс дағдыларын, әрекет ету параметрлерін реттеу әдістерін игеру; реленің негізгі техникалық сипаттамаларын анықтау.
№ 1 стендтің сипаттамасы
Стенд әртүрлі типті екіншілік релені тексеру, реттеу және орнатуға арналған (5.1 сурет). РТ40, РТ80 ток релесі, РН53 кернеу релесі, уақыт релесі мен аралық реле, РНТ565 дифференциалды релесі және ДЗТ11 стендке катушкалармен және блок-контактілерімен шығарылған. Сынау жұмыстары үшін блоктар: реттеу блогы, жүктеме мен приставка өзара. Реттеу блогы айнымалы кернеуді 380 В, айнымалы токты 10 А дейін, түзетілген кернеуді 240 В, түзетілген токты 4,5 А дейін реттеуді қажет ететін қондырғыларды тексеру кезінде қолданылуы мүмкін. Барлық жағдайларда берілген шаманың сатылы өзгерілуі қамтамасыздандырылады. ~220 В қорек көзі автомат қосу арқылы беріледі. РТ40, РТ80 типті ток релелері, РН53 типті кернеу релелері, аралық және уақыт релелері; РНТ565 және ДЗТ11 дифференциалды релелері стендке орамаларымен және блок түйіспелерінен шығарылған. Сынау жұмыстарына арналған блоктар: реттелетін, жүктеме блогы және қойылымдар жұмсақ көпсымды кәбілдермен салынбалы тарпалармен жалғанады (5.3 сурет; У5053 қондырғысы). Реттеуіш блок 380 В кернеуге дейін айнымалы кернеуді, 10 А-ге дейінгі айнымалы токты, 240 В қа дейінгі түзетілген кернеуді, 4,5 А-ге дейінгі түзетілген токты реттеуді талап ететін құрылғыларды тексеру кезінде қолданылады. Ол барлық жағдайларда берілген шаманы бірқалыпты-сатылы өзгертуге арналған. Стендке қорек ~220 В кернеуді автоматпен қосу арқылы беріледі.
сурет
Достарыңызбен бөлісу: |