У5053 қондырғысының сипаттамасы
У5053 қондырғысы жеңіл және күрделі релелік қорғанысты және автоматика элементтерін реттеу мен тексеруге арналған.
Қондырғы үш блоктан тұрады: а) реттеу блогы; б) жүктеу блогы; в) қойылым-блогы, ол өзара ажыратылатын қосылысты кәбілдермен электрлік байланысқан.
Техникалық мәліметтері
Қондырғы қамтамасыз етеді:
а) реттелінетін бірфазалы айнымалы және түзетілген тұрақты ток пен кернеуді алу;
б) тексерілген қондырғылардың уақытша сипаттамаларын өлшеу;
в) екі фаза арасындағы шамаларды реттеумен симметриялы үшфазалы кернеуді алу;
г) ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуының бұрышын реттеу және өлшеу;
д) әртүрлі қысқа тұйықтаулар түрінің имитация режимінде қорғаныс қондырғыларын тексеру.
Жұмыс тапсырмасы
Қондырғымен және РТ40 сыналатын реленің электрлік сұлбасымен танысу (5.2 сурет).
Қорғанысты айнымалы ток бойынша тексеру (50 немесе 200 А дейін):
а) тексеру кезінде реттеу және жүктеме блоктарын пайдалану қажет (5.3 сурет);
б) шықпаларды жүктемелерге «I50 А немесе «I>50 А» арқылы, талап етілетін ток мәніне байланысты (бірінші жағдайда қорғаныс қоректендіретін фазаларды «SА18» ауыстырып қосқышымен таңдап алу қажет);
в) 5.1 кестеге сай ауыстырып-қосқышты: «SA7» – «I»; «SA6» – «I»;
«SA20» - «ПРЯМО»; «SA21» - «0»; «SA16», «SA17», «SA19» жағдайына, «SA15»
штепселін токтың таңдалған мәніне сай жағдайына орнатамыз;
г) «SA10» қосып, «SA8» тумблерін «СРАБАТ» жағдайына қойып ауыстыру керек;
д) «SA9» ауыстырып қосқышымен «ТV1» реттегіші арқылы жүктемеге қажетті токтың мәнін реттеу қажет. Қажет жағдайда, ток қисығы пішінін түзету үшін, «SA21» ауыстырып қосқышымен ТVЗ біріншілік орам тізбегіне резисторы R24 – R33 резисторларын енгізу қажет.
Тексерілетін қорғаныс әрекет етіп болғаннан соң жүктемеде ток ағуды автоматты токтату үшін, соңғысының түйісетін контактісін, «-» (ХТ4 шықпасына жалғау қажет және ФР5000 блогының «KV1» (ХТ6) « БЕКІТУ (ПОДХВАТ)» шықпасына жалғау қажет. Мұндай жағдайда «QS1» аралық жалғама да қосылуы керек. Қондырғыны бастапқы жағдайына қою үшін, «SA8» тумблермен және «SA14» ауыстырып қосқыш жағдайын «ҚАЙТУ (ВОЗВРАТ)» жағдайына қоямыз;
е) талап етілетін реттеулер аяқтағаннан кейін; «ТV1» реттегішті бастапқы жағдайға қою қажет; ары қарай «SA9»-ды «115V» қою қажет; ал «SA8»
«ҚАЙТУ» командасына қойып; одан кейін «SA10» өшіру қажет.
а —реленің құрылысы; б — түйіспелері қозғалыссыз оқшаулатқыш қаптама;
в — реттеуіш түйін; г — түйіспелі түйін; 1 — өзекше; 2 — орамасы бар қаңқа; 3 — алюминий тірек; 4 — демпфер; 5 — жоғарғы жарты ось; 6 — қозғалмалы
түйіспе; 7 — оқшауламалы колодка; 8 — тағайыншама шкаласы; 9 — тағайыншама көрсеткіші; 10 — серіппе ұстағыш; 11 — алты қырлы втулка; 12 — спиралды серіппе;
13 — аяқтама; 14 — якорь; 15 — фасондық пластинка; 16 — сол жақ тірек; 17 — жылжымайтын түйіспелердің оң жақ жұбы; 18 — жылжымайтын түйіспелердің сол жақ жұбы; 19 — фасондық бұранда; 20 — серіппелі шайба;
21 — артқы жұмсақ тірек; 22 — алдыңғы тірек; 23 — күміс жолақты бронзалық
пластинка.
сурет - РТ40 (РН50) релесінің жалпы түрі
сурет – РТ40 сыналатын реленің жалғану сұлбасы
кесте
I ном. тексерілетін қорғаныс, А
|
Ток бойынша өлшеу диапазонының соңғы мәндері, А
|
ҚАЙТАЛАП қосудың жағдайы
|
«SA19»
|
«SA16»
|
«SA17»
|
5
|
25
50
100
200
|
«5А»
|
«25/10/,50 А»
«100 A, 200 А»
|
«25/10/,100 А»
«50 А,200 А»
«25/10/,100 А»
«50 А,200 А»
|
1
|
10
|
«1A»
|
«25/10/,50 А»
|
«25/10/, 100А»
|
Реленің орамдарын тізбектей қосып сұлбаны жинау қажет (5.2 сурет, РТ40).
Токты плавно жоғарлату жолымен реленің әрекет ету тогын алу қажет I с.р.; токты төмендете отыра, реленің қайту тогын I в.р. тіркеу керек. Сынақ нәтижелерін 5.2 кестеге енгізу керек.
кесте
Iуст, А
|
Iс.р., А
|
Iв.р., А
|
kв
|
1,5
|
1,5
|
1,2
|
0,8
|
1,8
|
1,6
|
1,4
|
0,875
|
2,1
|
2,3
|
1,9
|
0,826
|
2,4
|
2,6
|
2
|
0,76
|
2,7
|
2,9
|
2,3
|
0,79
|
3
|
3,2
|
2,6
|
0,8125
|
3
|
3,4
|
2,5
|
0,735
|
3
|
3,5
|
2,6
|
0,742
|
Реле орамдары параллельді жалғану кезінде жоғарыда аталған жолдарды істейміз.
Сынақтардың мәліметтері бойынша реленің қайту коэффициентінің мәнін анықтау керек.
Үшеселі өлшеу жолымен бір жұмыс тағайыншамасы үшін
c. р. %
I с. р. ср. I уст
I уст
өрнегі бойынша реленің әрекет ету тогының қателігін
анықтау қажет.
Ток релесі үшін максималды өшуінің шектік мәні 5% аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |