2.Бір өлшемді А(11) массивін мәндерінің өсуі бойынша реттеп, ортаңғы бес элементтерінің қосындысын
баспаға беріңіз.
6 вариант 1. 101 тобы студенттерінің физика пәнінен тоқсандық бағалары бір өлшемді массив түрінде берілген.
Топтың физикадан орта үлгерімін анықтаңыз.
2. Берілген А(10) массивін мәндерінің өсуі бойынша реттеп, 5-ші, 9-шы және соңғы элементтерінің
қосындысының косинусын баспаға беріңіз.
7 вариант 1.Тәуліктегі әр сағатта өлшенген температуралар белгілі ең жоғарғы температураны және уақытты(сағатты)
анықтаңыз.
2.Берілген А(15) массивін ең кіші элементке дейінгілерін кемуі бойынша, кейінгілерін мәндерінің өсуі
бойынша реттеп, баспаға беріңіз.
8 вариант 1.Бір тәулікте әр сағатта өлшенген ауа температуралары бір өлшемді массив арқылы берілген. Қай сағатта
ең төмен температура болған және қанша градус.
2.Х(20) массиві берілген. Массив элементтерін мәндерінің өсуі бойынша реттеп, ең үлкен және ең кіші
элементтерінің қосындысын табыңыз.
9 вариант 1.Класс оқушыларының математика пәнінен қорытынды бағалары бір өлшемді массив арқылы берілген. 5
алған оқушылардың санын анықтаңыз.
2.В(30) массивінің элементтерінің тангенстерінен тұратын Х(30) бір өлшемді массивін анықтап, соңғысын
элементтерінің кемуі бойынша реттеп баспаға беріңіз.
10 вариант 1.Бір айда әр тәуліктегі орта температуралар белгілі. Қанша рет (күнде) температура айлық орта
температурадан жоғары болады.
2.Берілген А(10) массивінің соңғы 7 элементін мәндерініқ өсуі бойынша реттеп, А массивінің ең үлкен
элементі қанша рет кездесетінін анықтаңыз, реттелген А массивін баспаға беріңіз.
11 вариант 1.101 топ студенттерінің тізімі және философия пәнінен қорытынды бағалары А$ және В бір өлшемді
массивтер арқылы берілген. Бестік алған студенттердің тізімін баспаға беріңіз.
2.Берілген А(21) массивінің алғашқы 11 элементін өсуі бойынша, қалғандарын кемуі бойынша реттеп, шеткі
мүшелерінің квадраттарының қосындысын есептеңіз.