№5-зертханалық жұмыс.
Мәтіндік ақпаратпен және массивтермен жұмыс
Жұмыс мақсаты:
Бір өлшемді массив түрінде берілген деректерді өңдеу және
элементтерінің мәндерін
белгілі бір заңдылықтарға байланысты алгоритмдерін түзіп программалауды үйрену.
Студенттерге қойылатын талап:
Кез келген студент берілген тапсырмаларға программалар жазып, ЭЕМ-
де есептеп, нәтижесін алуы тиіс.
Жұмыстың орындалу тәртібі
:
СИ тілінің массивпен жүмыс істейтін операторларымен танысу
Берілген жұмысқа әдістемелік нұсқаумен танысу
Келтірілген мысалдарды талдау
Жеке тапсырмадағы есептерді шешудің алгоритмдері мен программасын түзу
Программаны ЭЕМ - де орындау
Бақылау сұрақтарына
жауап беру
Қысқаша теориялық бөлім
ЭЕМ арқылы шешілетін көптеген есептер математикалық мағынасы бойынша біріктірілген немесе
бір бірімен мағынасы бір деректердің жиынын құрайтын көлемді информацияны өңдеуден тұрады.
Кеңістікте нүктенің орнын анықтайтын координаторлар, сызықты теңдеулер
системасын анықтайтын
коэффиценттер матрицасы, функцияның кез келген нүктедегі мәндері, көпмүшеліктердің коэффиценттері
осындай біртұтас деректер жиынын құрайды. Оларды бір өлшемді немесе екі өлшемді массив элементтері
түрінде қарастыру есептеуді оңайлатады.
Жоғары математикада бір және
екі өлшемді массивтерді
вектор
және
матрица
деп анықтайды.
Сонымен
массив
дегеніміз - әр-қайсысына индекс деп аталатын бүтін сан сәйкес қойылатын бір тектес
деректердің реттелген жиынтығы. Массив элементі индексті айнымалы болып табылады. Си тілінде
программалау негізінде пайдаланылатын айнымалылар қарапайым және индексті айнымалылар
болып екіге
бөлінеді. Массивтің әр бір элементіне онық индексі арқылы байланыс жасалынады. Мысалы а
2
бір
өлшемді А массивінің екінші элементі, а
і
- ші элементі, элементтерді өңдеу
барысында оның индексі цикл
параметрі қызметін атқарады.
ЭЕМ арқылы шешілетін көптеген есептер математикалық мағынасы бойынша біріктірілген немесе
бір-бірімен мағынасы ортақ деректердің жиынын құрайтын көлемді информацияны өңдеуден тұрады.
Кеңістікте нүктенің орнын анықтайтын координаталар, сызықты теқдеулер системасын анықтайтын
коэффициенттер матрицасы, функцияның кез келген нүктедегі мәндер, көпмүшеліктердің коэффициенттері
осындай біртұтас деректер жиынын құрайды. Оларды сызықты немесе тік таблицалар түрінде
қарастыру
есептеуді оңайлатады.
Сызықты таблицаны құрайтын мәндер қағазға жазылған кезде жолға немесе бағанаға
орналастырылады. Таблицаның әрбір мәніне немесе элементіне оның нөмірі сәйкес болады және керісінше,
реттік нөмері берілген кезде, таблицаның қай элементі жайлы әңгіме болып отырғаны бірден айқындалады.
Мысалы, метеорологиялық станцияда температураның өзгерісі әр сағат сайын өлшенеді де тәулік бойғы
өлшеу нәтижелері
таблицаға жазылады
өлшеу уақыты,сағ
0
1
2
3
.....
.
22
23
температура
17
16
15,5
14
.....
.
18
17,5
Осы сызықтық таблицада 0 ден бастап 23 ке дейін нөмірленген 24 элемент бар. Мысалы таблицаның
екінші элементінің мәні 17.
Жоғары математикада таблицалық шамаларды вектор және матрица деп анықтайды. Ал
программалау курсында таблица түрінде берілген шамаларды