Тарихи роман және интерьер.
Дәріс мазмұны:
1.Интерьерсіз шығарма – тұссыз аспен пара-пар.
2.Интерьер – адам характерін ашуда өткір құрал.
3.Интерьердің символдық мәні.
4.Интерьердің әлеуметтік сипаты.
Кейіпкер образы, характерін сомдап, қоғамның әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-адамгершілік ахуалын таразылауды интерьердің атқаратын қызметі зор. Мұндай көңілге түйеріміз, интерьерсіз дәуір, уақыт бейнесін көзге елестету қиынның-қиыны. Мәселен, Алтын Орда дәуіріндегі адамдардың киім киісі, үй-жайы, айналысқан шаруаларының түрі, қолданған құралдары қазіргі ұрпақтары күн кешіп отырған шақтағыдан мүлдем өзгеше.
Демек, архаистік сөздер мен сөз тіркестері шығарманың тарихилығын арттыруда шешуші роль атқаратынын мойындасақ, интерьері үйлеспеген шығарма тұзсыз аспен пара –пар. Интерьерсіз сахнада актер – жалаңаш, сөз-кенеусіз, суреттеп отырған заман – бұлыңғыр, ой-қанатсыз, сезім – керең. Интерьерге сергек қарайтын жазушылардың бірі-Сәбит Мұқанов. Ол кейіпкерінің киген киімі, мінген аты, тұтынатын затын со қалпында айқын сипаттай оытрып, адамның мінез-құлық, киген киімі заманына қаншалықты үйлесетінін, заманы қандайлығын сезінуге мүмкіндік жасайды. «Ботагөз» романында суреттелетін Асқар жерлесі Алексей Кулаковты Петербургте көргенде таң-тамаша қалады. Бурабайда алқам-салқам, ешкімнен айылын жимай еркін жүретін дөрекі, өктем мінезді Кулаков, әр «адымы аңдулы» империяның астанасында өзін сыпайы, сырбаз, жинақы да сергек ұстайды. Сондай «құбылысын» басқаның емес, басқасына да сыр мінез Асқардың көзімен бақылатып, байыптаудан, бізше, автор ұтқан. «Асқарға Кулаков Бурабауда көргеннен сұлу да, бетінде ойнаған қаны гүлдей құлпырады; басында ақ қалшық қара құндыздан істеген тапал дөңгелек бөрік, бөріктің маңдайын ала шаншыла жоғары өрлеп ұлпа басы бір түп ақ қылы; үстінде қызыл шұғыдан тігілген қысқа мундир, мундирдің үңірі мен жең ұшы жалпақ алтын оқамен әшекейленген, иығында шашағы жалбыраған алтын эполет, кеудесінде екі қатардан қадалаған он екі алтын түйме, оң жақ иығында эполеттің атрынан қолтық астын ала салдыраған алтын эксельбант (миратпалы бау) төгіліп кеп, кеудесіндегі алтын түймелері үшіншісіне салбырай ілінген; бұтында бура санды көк шұға-ритуз; аяғында қонышы тізеден жоғары, тізелерінде кокорда, өкшелерінде шнур орнатқан етік-ботфорд; қолында ақ-перчатка; сол жағында бауын иығына асқан мәнерлі күміс қынабы бар қайқы қылыш» (Он алты томдық Таңд. Шығ. жинағы 2-том. «Жазушы», 1972), - деп, ХХ ғасырдың басындағы орыс офицерінің киім кию үшлгісін алдыңызға тосады. Бұл интерьердің бізге қанша қажеті бар? Біріншіден, мұнан біз отар елде патшаның отаршылдық саясатын қапысыз жүзеге асыратын ісік кеуде, өзмшіл офицерінің астамшыл әрекетін сезіп білеміз. Екіншіден, шен-шекпен, атақ-дәреже үшін өзіңнен құдіретінңнің алдында сүттен ақ, судан тұнық, мамықтан жұмсақ көрінетін аярлықтың табиғатын танимыз; үшіншіден, ұлы империяның байлығы мен салтанатын көңілге тұтамыз; төртіншіден, ұлы бол, кіші мемлекет бол, басқаны өзіңнен санастырып тең ету, тәуелсіздігіңді, іргелі ел екеніңдігіңді мойындау үшін қарудың мықты, қорғаның берік болғаны жөн. Интерьер Алексейдің характерлік ерекшелігін, мемлекеттік қуаттылығын, отаршылдық қамытын сыпыру отар елдерге тәтті қиыл ғана екендігін жеткізіп тұр.
Интерьер мен кейіпкердің тұрмыс тірлігін байыптайәтын шеберлік үлгісін Ғ.Мұстафиннен аңғарамыз: «»Бар жүгі – үш әрбіде, бір кебеже. Төр алдындағы көнетоз сырмақтың үстінде жөні түзу үлкен бір алаша жатыр. Алты қанат үй екен, киіздері тоза бастаған, кей жерін ескі кенетпен жамап қойыпты («Дауылдан кейін». Таңд. Шығ. бес томд. 3-том. Алматы, 1982).Бұл – намазға бір жығылғанда құдайдың атын «мың бір» атайтын тақуа Сапар молданың үйі. Бұрын дәлеті орташа болған, енді қол қайратынан қалып, дін баққан адамның жүдеу тарта бастаған тұрмысы. Ауылнайлыққа жоғарылатынлған сұр кедей Шалабай қонаққа да винтовкасын ала барып: «Әуелі сен же, қара құдай. Саған берілген ас. Маған берсе, баяғыдан бері қайда жүргені!», - деп винтовкасын табаққа сұғатыны еттен өтіп, сүйекке жеткен сөз, жеген ащы таяқтың қарымтасын қайырымсыз, қатыгез байдан қалай қайырарын білмей, қыжылы қанына шапқан адамның әрекеті. Екіншіден, Шалабай мінезі тез, ұрыншақ, кекшіл, ақылы ашуының соңында жүретін, ісінен күшіне көбірек қонақ қоятын жан екенін көңілге түйеміз. Абзалы интерьердің әрі характерлік, әрі символдық қызмет атқаруда мүмкіндігі бар.
Заты, интерьердің кейіпкерлер жан сапасын саралап, қимыл-амалын әйгілейтін характериологиялық қызметке де ебі мол. Адамның киімі, тұтынатын затын суреттеп, кімнің кім екенін тұспалдап жеткізуге келгенде қазақ жазушылары көп нәрсеге қолы жеткенін аңдатады.
«Қан мен тер» романында көлденең кісілер тұрмақ, құдіреті жүріп тұрған кезде бір құрсақтан шыққан бауырына да қиянат жасаудан жүзі жанбаған Тәңірберген басына іс түсіп, сілікпесі шыққан ақ әскердің қалдығы, құзғын құстар торуылдаған қу медиен далада атынан айырылып, қолына таяқ ұстап қалады. Тәлтіректеп, «соңында қалып бара жатқан көк бас ерге сөніп кеткен көзін бей жай ғана тастап», жаяу кісілердің артына кете барады. Әрі құрыған сәтте «кезінде бір қара беріп тіккізген» аяғындағы етігінің «биік тақасы басқызбай» қояды. «Иығынан сыпырылып түсе берген соң» түйе жүн боз шекпенді де тастап кеткен. Тері сіңген қимас күндердің «куәгерлерінің» түгел тастап кетіп жатыр. Сонан «қазір бойында қара зегірен бешпент қана қалды» («Қан мен тер». «Жазушы» 1976.). Көк ба ер, биік тақалы етік, түйе жүн боз екпен, қара зегірен бешпент-интерьер. Онда да ол Тәңірбергеннің «құдіреті жүріп тұрған кездері» өзінен бір сәт ажырамас тұтынған заттары. Бәрі – жақсы күннің белгісі. Енді, міне, солар иесін бүтіндеп «тастап жатыр», соңғысын тастағанда Тәңірбергеннің де демі біткені. Ол да ұзақ емес, Интерьерлер мұнда символдық мәнге ие.
Интерьер адамның бойға біткен игі қасиеттерін де даралап көрсетіп тұр. «Алтын Ордадағы» Құтылық Темірдің тоқалы Сақып-Жамалдың, Коломон шебер сүйген Құндық сұлудың білеудей боп өрілген ұзын шашы қос өрім боп жерде шұбатылып жатады... Ол сұлу әйел, ақылды әйел, опалы әйел қандай болу керектігіне меңзеп тұрғандай.
Тарихи романдарда кейде аңыздық, мифологиялық материалдарға көбірек орын беріледі. Халықтың көшін бастап, туын ұстаған, жаумен айқасқа ұрандап шығып, ерлікке жетелеген батыры, көсемі, қолбасшысы мінген аттардың гиперболалық бояуы басымдау жатады. Күлтегіннің Ақбоз айғыры, Әбілқайырдың Тарланкөгі, Қобыландының Көксеңгірі, Ақжол бидің Ақжамбасы, Едігенің Бозонағы, Тоқтамыстың Кертөбелі, Қарашыңның қара арғымағы, Бұрындықтың ақ бурасы, Абылайдың жыланқұйрығы, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Байтабын т.б. қанатты тұлпарлары жеңіске жеткізіп, ерлік даңқын асырған. Ат – интерьер.
Өмір бар жерде ұшыраспай қоймайтын ожарлық пен оғаштықты, адам пиғылындағы сүреңсіз қылықтарды, қызғаныш пен арамдықты мінездеу мен сынауда, көзге көрсетуде қазақ тарихи романдарындағы интерьер атқаратын қызмет санқилы, қомақты. Назар аударып көріңіз: қыстаудың тозып-жүдеуі – шаруаға қырсыздық; шөлде аттардың өліп, айдап әкетілуі – тұйыққа тірелген тірлік, шарасыздық күйі, кек қайыру; қайық судан шығарылып, қарға қонып отыру – жұмыссыздық, талайсыз тағдыр т.б. түстеп, танытуды мақсат еткен.
Бақылау сұрақтары:
1.Интерьерсіз шығарма – тұссыз аспен пара-пар.
2.Интерьер – адам характерін ашуда өткір құрал.
3.Интерьердің символдық мәні.
4.Интерьердің әлеуметтік сипаты.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 19-20. Тарихи романдағы лирикалық, батальдық картиналар.
Дәріс мазмұны:
1.Лирикалық картиналардың тарихи романдардағы орны.
2.Лирикалық картиналардың мазмұны, көркемдік қызметі.
3.Батальдық картиналардың тарихи романдардағы орны.
4.Батальдық картиналардың көркемдік-философиялық сипаты.
Тарихи романдардағы лирикалық картиналардың бояуы табиғаттың өзіндей ажарлы да лауан мінезді, алуан сырлы. Олар кейіпкерлерінің жан байлығын, отбасы мен Отанына деген шексіз махаббатын, туған жерге перзенттік құштарлығын, өзін қоршаған әлемге гуманистік пиғыл-пейілін шамалатады. Лиризм шығармаға күннің жарығы мен жылуын құйып, гүлдің иісін сіңіреді, желдің аптабымен аймалап, жұлдыз жарқылымен жүрегіңді қытықтап, жапырақ, су сыбдырымен сыйқырлы сырдың сазын шертеді...
Тарихи романдарда лирикалық элементтер үш түрлі формада ұшырасады: соғыс картиналары, таза табиғат көрінісі, жеке адамдар тағдырына қатысты лирикалық шегіністер. Соғыс картиналары лирикр-эпикалық сипатта келеді.Қанды шайқас алдында қолбасшылар мен сарбаздардың толқып, түрлі адами құбылысқа түсуі, қылыштың шабуы, найзаның түйреуі, жекпе-жектегі жан алып, жан беріскен сәт, зеңбіректің дүрсілі, мылтықтың дүрсілі, өліп бара жатқан жауынгердің құмағы, тістене айтқан ақырғы сөзі, анасы аңырап, жесірінің жоқтауға, қалалардың от құшып, адам қаны өзен боп ағуы... М.Дәулетбаевтың «Қызылжар», «Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер», Ә.Әлімжановтың «Жаушы», «Махамбеттің жебесі», Д.Досжановтың «Жібек жолы», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең алаң», С.Сматаевтың «Елім-ай», М.Мағауиннің «Аласапыран»т.б романдарында романтикалық бояу қалыпқа сай жағылып, реолистік суреттері замана шындығымен орайлас шығып жатады.
Табиғат кортиналары өмірдің салтанат құруымен сабақтас. Олар адамның ішкі жан-дүниесінің нәзік пернелерімен бірегей үн шығарып толқиды, тебіренеді, шаттанады, қимыл-әрекет жасайды. Қысқасы, жан сарайындағы бар құбылыс табиғыттың құбылысына көшеді. Мәселен, қылың малдың күші қосақтағалыотырған Ожырайдан ебін тауып қашып келе жатқан сәттегі Бөбек қыздың көтеріңкі көңіл-күйіне сәйкес табиғаттың лирикалық бояуы құлпырып сала береді: «Түдегі ала бұлттардың қазір етек жағы ыдырап, аспан әлемі кеңіп көгілдірленіп жарқырап ашылып келеді... Шөп бастарынан сіркедей шықтар жылт-жылт етеді. Таңертеңгі жұпар ауыдан жас жусанның иісі анқып, тынысты жарып барады. Таң сәріден шырылдаған бозторғай, әлі талған жоқ.Кейде бозторғай бұның атының аяғының астынан пыр етіп ұшып, лақтырған тастай, шырқай көтеріледі. Қыздың тас төбесіне шығып ап, көз ұшында, бір орында қанатының ұшы жыбырлап, шыр-шыр етіп тұрып алады... Осы бір кішкене ғана құмар құстың бал татыған көмейінен мың бұралып шыққан әуез қыз бойын шымырлатып әкетіп бара жатты... Кенет Бөбек осы торғайдың бағанадан бері бір орнынан жылжымай, көз ұшында тұрып алғанын көріп шошып кетті» («Қан мен тер». «Жазушы», 1976). «Жолы болғанына» Бөбек қыздың толқып, қуанып, жүрегі жарылардай шаттануы, таңғышықтай таза сезімі, алып ұшқан көңілі, биік орманы табиғат фонында беріліп, табиғат құбылысы адам жанындағы құбылыспен қосылып, тоғысып кеткен. Алайда, сол алып-ұшқан, шарықтаған көңіл енді бір сәтте ұшты-күйді жоғалып, көңілі жарым қыз «бір орнынан тапжылмай, көзұшында тұрып алған» бозторғайды анықтап көрген соң өзінің де көп ұзамай жыланға арбалған осы құмар құстай қолға түсетінін іші сезім, қатты шошынады. Адамның бар ғұмыры, тірлігі табиғат құшағында өтетіндіктен, қай кезде де ол оны құптап, көңіл күйдің демдеп, өкшелеп отырады. Табиғат-өлмейтін, сарқылмайтын тылсым күш. Қаламгерлеріміз адамның ісі мен әрекеті, көңіл-күй құбылысын суреттеу барысында оқиғаларға табиғат құбылысын тегін араластырмайды. Оны тасқа тіл бітіріп, жан салып, сұр өмірге шырай бітірер, қанаттыны шабыттандырып, жүрегінің қылын қозғайтын қуат, құдыретін ескереді.
І.Есенберлиннің «Алтын орда», «Көшпенділер» трилогияларындағы Жәдігердің кенже баласы Ерке құлаш мен Ажар, Ақберген мен Сақып-Жамал, Орақ пен Шақ-Будақтың жесірі Аққозы-бегім, Тұяқ батыр мен Тәуекелдің жесірі Ақторғын, Кломон мен Құндыз, Сәлімгерей мен Күміс, Гүлбаһрам-Сұлтан-бегім, Жәнеке арулар арасындағы ашыналық жайлар қаһаған аязды, ми қайнатқан аптап-аңызға мол қатыгез өмірге ажар енгізіп, нәр берген жалу, жарық, ауа, су.
Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыс уыт ызғары күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қылып, оқ пен оттың ортасында өткен үмітдәйіп шақтар азасы мен азабы баталдық картиналарда тұнып тұрады. Соғыстың агрессиялық, фашистік, империялдық, геноциттік, конкистаторлық табиғаттын әшкерелеуде сөз зергерлері батальдық картиналардың майын тамыза, жүйке тамырынды «бұрап», тырсылдата шегіне жеткізе бейнелегені әркімге-ақ аян. Батальдық картиналар шығарманың идеялық мазмұнын ашуға да өлшеусіз септігін тигізеді. Соғыстың формасы әралуан, жаулаушылық, тәуелсіздік пен егемендік жолындағы, тақ таласы, азаттық, таптық, азамат соғыстары. Ол соғыстардың тұтынып барып өшетіні, «маздап жанып», өршіп, күш бермес сұрапылға ұласып кететіні болады. Өйткені, тұтынған өртті өшіру еріннің ебінен кетіп, Өйткені, тұтынған өртті өшіру еріннің ебінен кетіп, асқынып, тек күшпен шешер байлап жасап, әлемді сілкіндірер зор оқиға ұластырудыкөздеушілер кездеспей қоймаған. Тарихи қажеттіліктен туған керіағар құбылыстар да аз емес қой. Тарих өзінің шынайы да шытырман, тосын да традегиялық задылықтарымен дамиды. Өмір мен өлім белдескенде, кімнің кім екені айқын көрінбек.
Жазушының соғысқы көзқарасы да сол батальдық картиналардың мазмұнына қатысты. Мәселен, Л.Толстой «Соғыс және бейбітшілік» трилогиясында Аустерлиц, Шенграбен, Бородино соғыстарын суреттегенде біріндегі көрініс екіншісіне қайталанбайды. Өйткені, Л.Толстой бейнелеуінде Ресей империясы бірінде Тәуелсіздік жолындағы кескілескен күресті жөргегінде тұншықтырмас болған салсойл жандарм да, екіншісінде, астам көкірек, зорлықшы Ресейден де зор шығып, енді өзі Отанын қорғау үшін өлімге бас тіккен, қасиетті соғысқа көтерілмеске амалы қалмаған бейбіт ел.
Қазақ тарихи романдарында да батальдық картиналар мол ұшырасады. І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Бұрандық батыр мен Қарашың батырдың жекпе-жекке шыққан майдан көрінісін тамашалаймыз. Бұл-нағыз қаны жерге тимейтін батальдық картина. Ежелгі соғыста, жандарын шүберекке түйіп жандасуға бел буған қарсы жақтар айқас алаңында жекпе-жекке әуелі бас батырларын шығарған. Оларды айқастырып, батырлара жеңген жақтың рухы көтеріліп, жеңетіндеріне сенімдері бекіген. Батыры жеңілген жақ қауқарынан айырылып, тауы шағылғын. Батырлардың жекпе-жегі қанды қырғынның тағдырын шешен фактор да тарихта болғаны белгілі.
Тарихи романдардағы батальдық картиналарда жан күйзелісі, сезім арпалысы, бірін-бірі тірідей түтіп жеуге ұмтылған күштердің әрекет-қимылы, ісі тайға таңба басқандай айқын бейнеленіп, шығарманың драматизмі мен традегиялық сазын күшейте, су тиген шылбырдай ширата түседі. Батальдық картиналарға тек күш пен қару араласқан, адам баудай қырылып, қан өзендей аққан соғыс сахналары жатады деу қисынды бола бермейді. Жаудың жауыздығы жеткілікті, әрекеті сан қилы. Соның бәріне де ол қарсы жақты қыру, байлығын тонау, қаласын қирату, егініп таптаудан бой тартпау, әгәрәкім жеңілген жақ құлдық қамытын киюден мойнын ала қашса, тұқымын тұздай құртудың амалын да айылын жимағын. Асылы, жаудың жаулық әрекетін жан-жақты көрсету батальдық картинаның еншісінде.
Қызылдар алды-артын орап, өрісі тарылып, жаны кеңірдегіне тақалған сәтте, күллі Сібірге аяқ-қолын созып тастап, мейманасы асқақ, өресі аласа Кольчак көндей құрысып, шала бүлінеді. Сол «шала бүлінуі» С.Сейфулин жеткізе («Тар жол, тайғақ кешу». ҚМКӘБ, 1960) бейнелеген. Айқастын стратегиясы мен тактикасынан жаңылып, күшті топтап, күреске бастаудаң принциптері бұрмаланған жерде қатыгездік белең алмақ. Батальдық картиналар романда мүсінделіп отырған кейіпкерлердің романтикалы әрекетін, реолистік образын, іс-әрекетін, рухани болмысын көзбен көріп, көңілмен сезінуге мүмкіндік береді. Ә.Әлімжанов «Махамбеттің жебесі» романында Қабыланбайдың адам табиғатына сия бермейтін берендігін: «Исатайдың жақын достарының бірі Қабыланбай жараланып, шалғайдығы бір қыстауда жасырынып жүрді. Оны ұстап алып без жүз адамның сапынан үш дүркін өткізді. Шпицрутенмен мың бес жүз рет дүрелейді.! Сонда да үсті-басы қып-қызыл ала қан, денесі көкала таңба, бет-аузы көнтиген ісік болса да тізесін бүкпейді, басын имейді» («Ұстаздың оралуы». «Жазушы», 1981)-деп мүсінделген. «Арыстан Исатайдың», «қабырғасын бір-біртіндеп сөксе де қабағын шытпаған» Махамбеттің ізбасары, үзеңгілесі осындай болуға тиіс!
Батальдық картиналар тек шытырман сюжетті, қат-қабат оқиғалы, найзағай шатырлап, оқ аймалап, жер төңкеріліп жатқын майдан даласының тынысын беруі қажетдеген түсінік тумаса керек. Адамның адамнан кегін қайтаруға көзделген жаулығының мұнан басқа да зымиян түрлері жеткілікті емес пе? Қазақ тарихи романдарына мол ұшырасатын: қайықтардың шағылып, суға тоғытылуы, мінез аттарының айдалып кетуі, оқдәрі қоймаларының жарылуы, бейбіт отырған ауылдардың тоналып, қорлануы, темір жолдардың істеп шығып, босып бара жатқан қалың қолдыңтандай жібітері-шөлдегі құдықтардың көмілуі, қалалардың шағылып, қыстақтардың күлге айналып, жер кепелердің тегістелуі, қалың ормандардың бытырлап жанып, өзен сулары бөгеліп, қайсар қамалдардың жермен-жексен болуы т.т.
Бақылау сұрақтары:
1.Лирикалық картиналардың тарихи романдардағы орны.
2.Лирикалық картиналардың мазмұны, көркемдік қызметі.
3.Батальдық картиналардың тарихи романдардағы орны.
4.Батальдық картиналардың көркемдік-философиялық сипаты.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 21-22. Тарихи романдағы портрет жасау шеберлігі.
Дәріс мазмұны:
1.Көркем портрет – кейіпкер психологиясын берудің ең тиімді компаненті.
2.Статикалық портрет.
3.Живописьтік портрет.
4.Психологиялық портрет.
Қазақ тарихи романдарындағы жүйелі, жігерлі ізденіс кейіпкерлердің көркем портреттерін жасау тәжірибелерінен аңғарылады. Портрет немесе живописьтік портрет-күрмеуі мол түйінді мәселе. Әр адамның жан сапасы, өрісі, бірінші-заманына, екінші-туып-өскен әлеуметтік ортасына, үшінші-нәсіліне қатысты. Кейіпкерлердің типтік портретін жасауда осы принсиптерге сүйенеді. Тарихи романдарда портрет жасаудың үш түрлі: статикалық, живопистік, психологиялық формалары ұшырасады. Статикалық формасын жазушыларымыз жиі қолданады. Онда каһарманның бет-бейнесі, киген киімі, сыртқы құбылысы-көзге шаьлынары қалдырылмай суреттеледі, демек кәдімгі портреттік болмысына назар аударылады. Мәселен, «Ақ Жайық» романында Х.Есенжанов Мамбеттің дене мүшелерінің бітісін, ерекше қажы-қайратын, бет бояуы, көзіндегі өзгерістегі, оның неге өзгеруіне шейін тәптігіш деген. Күшейткіш пысықтауыш, эпитет, теңлерді қатыстыра отырып портретті өркештендіре, айшықтандыра түскен, динамикалық қуатқа бөлеген. Қылышынан қан тамған полковник Киреловтың үстіне сұраусыз кіріп, наганын тартып алып, қолын байлап, есігін құлыптап кететін «алды құйым, арты дауыл» Мамбеттің портреті осындай болуға тиісті... С.Сейфулин де статикалық портретке көбірек ықылас қояды: «Сүйіндік шойындай қара жігіт. Шот маңдай, орта бойлы, кеспелтек, қара-ала көз, қайратты жігіт». («Таржол, тайғақ кешу»). Иланшы Қадырханның портреті («Жібек жолы») осы тәсілмен жасалған. Портретті былай беру бір кезде өте өнімді, ұтымды әдіс саналған, кейіпкер алғашқы көрінгенінен-ақ киген киімі, бет-бейнесі, дене-бітімі, көзінің түсі, қайрат-қажырына дейін толық суреттелетін. Полифониялық шығармада әлденеше жүздеген адам оқиғаларға қатысады, өзере қарым-қатынасы үстінде оларды түстеп-түгендеу, өзіне ғана түс белгілерін, қимыл-әрекеттерін еске ұстау мүмкіндігі қиындай тдүседі, тіпті кейбірінің портреті естен шығып, басқалармен шатастырып алуымызда мүмкін.
Обалы нед, кей жазушыларымыз айтыла-айтыла жауыр болған жалаң портреттік белгілерді ала салудан қашып, кейіпкерлеріне ғана қатысты бет-бітімін, туа біткен, сүйегіне сіңісті қасиеттерді зат есімдерге мық эпитеттерді тіркестіріп, сезімге тигізе, көзге көрсете бейнелейді. «Ботагөздегі» Итбай болыстың гимназияда оқып жүрген баласы Сарыбас портретінен сондай жаңалеп еседі (С.Мұқанов. Таңдамалы шығ. он томдағы. 2-том 1972). Эпитеттер ауыз, мұрын, көз, жігіт деген сөздерге қосылып, Сарыбастың дене бітімі, бет әлпеті, жаратылысы, міне-құлқы жөнінде толық мағұлмат беріліп тұр, әрі қаламгердің оны сипаттаудағы сатиралық бояуы да ашық, әсерлі көзделген «оғы» нысанадан мүлт кетпеген.
Ғ.Мустафин кейіпкердің қимыл, әрекеті үстіндегі статикалық портретін беруге күш салады. Мәселең, қарапайым еңбекшінің шабындығын тартып алып , «жуандық көрсетіп», «қайратына мінген» Қазанғапты жылпос Жақып, кедей Әлжан бастаған топ ортасында: «Мойны ішінде енген, иығы шығынқы, басқа тамақ, күді қара, мыналардың қасында аю терізді» (Таңдамалышығ. Бес томдағы. 3 том «Жазушы», 19+82) деп бейнелейді.Портретке динамикалық қуат бітіріп, басқаға аяушылығы, шығымы жоқ, табынғанына ес-түссіз берілетін, өз беті, сөзі жоқ дүлей адаммен жүздестіреді. Ғ.Мустафин портретті бергенде дене мүшелерін жалаң суреттеді, оны кейіпкер денесіндегіоғаш көріністерменқоса алып, қимыл-әрекеттерімен үндестіре, эпитет, теңдеулерімен бояуын қоюлата отырып, адамдық ұсқынын әлеуметтік тегіне дейін қаза ашуға тер төгеді. Мұнан шығатын қорытынды, шеберлік шыңына көтерілген қаламгерлер статикалық портретпен-ақ гүлдің шырынын жинап, тілегей теңіз ойға өріс ашады. Мұндай статикалық портреттер Ғ.Мүсірепов, Х.Есенжанов, С.Сматаев, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин романдарында да жеткілікті.
Қазақ тарихи романдарында живописьтік портреттер жетекші қызметке көше басты. Живописьтік портреттер бүкіл шығарманың өн бойына жайылып, тамырын таратып жібереді. Кейіпкердің әрбір қимыл, қозғалысы, амал-әрекеті, сыртқы ортамен қарым-қатынасы осы портреттерде толық көрінеді. Живописьтік портреттен романның халықтық-эпикалық табиғаты танылады. Ол барынша пластикалы. Өмірдің қат-қабат құбылыстарды кейіпкердің әлеміне ғана емес, сыртқы бітім-болмысына да көп өзгерістер әкелмек. Мәселен, «Соғыс және бейбітшілікте» Андрей Болконский, Пьер Безухов, Наташа Ростова, «Тынық Доеа» Григорий Мелехов романынылң соңына қарай басқаша кейіпке тдүседі. Қазақ тарихи романдарында мұндай сапалық ірі өзгерістерхакім Жүнісов Ақ Жайық, Ораз-Мұхаммет («Аласапыран») ұшыраған. Живописьтік портрет адам характерін, жан сапасын бар қырынан ашатын қуатты көркемдік құрал. «Қан мен тер» романындағы Кәлен дұшпанға әзірейіл, қатал, қатыгез, тоңмойын, ерегеспе; бала-шаға, дос-жаранына мейірбан, кең, адал, кешірімді, жомарт, өнерлі, сырбаз. Теңіз қандай терең, арналы, ырысты, қилы мінезді болса, Кәлен де сондай. Трилогияның өн бойын жайлап жатқан оның ұзын саны жиырма бірден астам живописьтік портретінен әлгі біз мінездеп өткен күллі қасиеттерін байыптаймыз. Мұнан Ә.Нүрпейісов тек Кәленнің живописьтік портретін беруг ғана бар өнерін салған ғой деген ой тумаса керек. Жазушы осы өнерін басқа кейіпкерлерінен де аямаған. Өйткені өзгелері де сен тұр, мен атайындар. «Тар жол, тайғақ кешулерде» қайырлы жол, қасиетті үрдістерді ұстанған, ой мұратын, арман-миятын ел қамы, көп мүддесіне бағыштаған Сүйеу қарт; азап қапшығын арқалаған Мөнке; қиынға салып, қиянға өрлейтін Еламан; елдің бірлігін көтеретін, ішінде сұр жылан иіріліп, түлкі күшіктеп, арыстан азуын білеген Тәңірберген; ауылдың ажарын тоздырып, аруағын үркітетін трагокомидиялық типтер Судыр-Ахмет, Қарақатындар баспайтын жер, араласпас шаруа, кіріспес әңгіме жоқ. Оның үстіне өмір де шексіз күрделі. Мың бұраулы, шиыры мен шытырманы мол. Күніне қырық құбылған түлкі бұлаң тірліктің оқпанында іші толған у мен өрт, сырты дүрлей замана адамдары күн кешіп, жазмыштың маңдайға жазғанына көнбеске лажы жоқ. Өмірдің шимай-соқпақтары, тіршіліктің мың құбылған мінезіне сәйкес кейіпкерлердің живопистік портреті де үндес келіп, құбылып отырады.
Живопистік портрет неғұрлым қайталанбай, аз сөзге көп мағына сидырып тұрса, соғұрлым образдың эстетикалық өрісін кеңейпек. Қазақ қаламгерлері де портреттік штрихтарды адамды мінездеудің ең тиімді құралы ретінде қолдана білген. Мәселен, полковник Федоровтың: «түймедей көк көзі», «шыныдай шатынаған көзі» оның қатал, сұсты, қатыгез, қазымыр, баққұмар, кекшіл, қызғаншақ, басынан сөз асырмайтын өлермен, желөкпелігін, кісілігі жоқ кісәпірлігін әйгілеп тұрғандай. Жоғарыда біз біраз жазушыларымыздың тарихи романдарынан қиналмай қалқып алған живопистік портреттің штрихтары да дәл осындай кейіпкердің өзіндік мінезі, характерлік болмысының түбірін, тамыры, ішкі сырын, қасиеттерін қармаған. Көркем тілмен көркем кестеленген ой ұлы, ойландыра алған көркемдік ұлы дегеніміз осы.
Тарихи романдарда аллегориялық портреттер де жиі ұшырасады. Онда табиғаты бір-біріне қарама-қайшы кейіпкерлер мен адами құбылыстар суреттеліп, солар арқылы олардың жан сапасы таразыға тартылады. Мінез-құлқы әдемі юмормен, жеңіл әзілмен әжуаланып, уақыттың саяси-әлеуметтік астарына үңілтеді. «Дауылдан кейінде»: «Кәрі құжбан, қоңыр бұқа қызыл қашардың соңында. Өзі де оттамайды, оны оттапайды. Айналсоқтап жүрген тайынша бұқалар тақалып кетсе, аямай шаптан іліп, өкірте лақтырады» («Жазушы». 1983), -деген аллегориялық портретпен жүздесеміз. Мұндағы «кәрі, құжбан, қоңыр бұқа» - «бурыл тартқан тығыз қаба сақалды, қысқа, жуан мойынды» Шәкен мырза да, қызыл қашары – «түлкідей қызыл, қозғалысы да түлкідей епті» Шолпан тоқал. Малды, кәрі шөңге Шәкен ебін тауып, ашарық кедейдің «таяз қылқынын» тығындап, өзіне баласындай болып келетін бойжетіп отырған қызын тоқалдыққа алады. Сыны кетіп, күші қайта бастағанын сездіргісі келмей, төңірегіндегі ұры көздерден әйелін қызғанып әлек. Ақыры сол қызғаныш сезімі қызыл тоқалдың түбіне жетеді. Астары сурет, астарлы ой, образды кесте.
Жалпы халықтық мүддені мұрат тұтқан туынды тың тыныс-тірлігімен ерекшелінеді. Қазақ тарихи романдарындағы сондай тың ізденіс, ерекшелік саналған құбылыс-психологиялық портрет жасау машығы. Бұл салада Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин еңбектері еш кетпеген. Психологиялық портрет адамның сырт бейнесін фотографиялық кескіндеумен шектелмейді, сол сыртқы дене мүшелерінің бәріне жан бітіп, құбылып, оның әрқайсысынан кейіпкердің құпия әлемі, жан байлығы немесе аярлығы мен азғындығы, түрліше мінез-құлық колейдоскопы көрініс береді. Психологиялық портрет тек автордың баяндауымен жасалынбай, кейіпкердің көзімен, сөзімен, аңдауымен бой көрсетпек. Психологиялық портреттің зергері - Ә.Нұрпейісов.
Психологиялық портрет адам баласының басынан өтетін қилы жағдайлар мен оқиғаларға қарай күрделене түседі. Жағдай, психологиялық акт адам жанына өшпес із, жазылмас жара қалдырады. Соған қарап отырып, кейіпкерлердің күні кешегі құбылысына таңданары хақ. Бұл – адам психологиясы саяси, қоғамдық, әлеуметтік, эканомикалық, адамгершілік факторлар жасаған өзгерістер. Не істесе де жолына жуа бітіп, бағы жанбайтын тайқы маңдай Курнос Иванның: «Қос бүйірін таянып, көк көзі қара әйнек астынан үрей туғыза қарап, суықтау жымыиып тұратын әдеті жаман. Осы түріне қарап балықшылар оны «әзірейіл» деп те атайды» («Қан мен тер». «Жазушы», 1976). Әйелі Шураны күні кеше кеудемсоқ купец тартып алып, өзін қолбалаға айналдырған шақта Курнос Иванның зорлықшыға атар оғы да жоқ-ты. Міне, бүгін зорлықшыл кетіп, билік қолына тигенде, тонын айналдырып, түсін өзгертіп шыға келеді. Психологиялық портретте мінезсіз адамның қысқа күнде құбылып, қырық жерге қойма қоятын тұрлаусыз қылығы көрінеді. «Қан мен терде» 200-ден астам кейіпкер бар. Бірақ солардың психологиялық портреттеріндегі штрихтар еш қайталанбайды. Өйткені, қаһармандар өмірдің өзінен ойып, алынғандықтан, құнарлы топырақтан бой көтерген өткен өз тамырынан нәр алып, жапырағын жаяды, кеудесін тіктейді.
Психолгиялық портреттегі кейіпкерлер әрекетінен оның азаматтық тұлғасы, ниет-пиғылығ көзқарасы, ұстанған саясаты, адамгершілік ауаны да кеңінен көрініс береді. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақырындағы» Алмас ханның өзім болып, өзгелер болмысын, көрмеймесін деген пиғылдың адамы, адамзат өркениетінің хас дұшпаны ретіндегі бет пернесін, жан құпиясын әйгілер портреттік детальдардан сондай қуат сезіледі. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романында «иісшіл» Қазанғап жалшы біріне-бірі ашына Аман мен Шолпан, оған жалынып, «айыбын айтпауға» «тұз жегізіп» ант алады. Кейіннен бұл «құпия» әшкереленіп, тоқалының өзіне адалдығына көз жеткізу үшін ең сенімді адамына жүгінеді Шәкен мырза. Ежелден сырмінез Қазанғаптың тамырын басып, тығырыққа тірігенде, оған уәдені жұтып, серттен таю сын болып, тәңіріндей табынған қожасын алдауц однада бетер ауыр қылмыс саналып, шымбайына батқанда ол: «...тіл жоқ. Самайынан тер сорғалар, басын жоғары көтемеді. Құнысып жерге еніп барады. Еңкілдей жылады ақыры...» (Таңда. Шығ. 3-т.«Жазушы», 1982). Егер Қазанғаптың шығарма бойындағы күллі портерін жылы жауып қойып, осы психологиялық портретке назар аударсаңыз, оның характерлік бояуына көзіңіз қанып, көңіліңіз тояды.
Бақылау сұрақтары:
1.Көркем портрет – кейіпкер психологиясын берудің ең тиімді компаненті.
2.Статикалық портрет.
3.Живописьтік портрет.
4.Психологиялық портрет.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 23-24. Тарихи роман және көркем деталь.
Дәріс мазмұны:
1.Деталь туралы түсінік.
2.Сюжетті дамытуда детальдың қызметі.
3.Характерді ашуға детальдың қызметі.
4.Деталь-параллелизмдер.
5.Детальдың кейіпкерлердің типтік бейнесін қалыптастырудағы орны.
Типтік характерді типтік жағдайда бейнелеуге детальдардың мүмкіндігі шексіз. Детальдар шындықтан тамыр тартуымен қуатты. Ол-көркем шығарманың «микроэлементі». Адамды, қоғамды, болмысты зерттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Детальдар ішкі мазмұнға бай. Мағынасы күрделі, айтар ойын жалаңаш күйінде түгелдей ұсына бермейді. Онан бір бөлігі су бетінде де, қалағаны телегейдің астында жасырынулы жататын Айсберг тәрізді,сондықтан оған артылар жүк салмақты. Детальдың қызметін Гоголь, Диккенс, Достаевский, Л.Толстой, Горькийлер тиімді пайдаланған.
А.М.Горький А.Афиногеновке: «Главное-найдите деталь...вы можете обнаружить деталь, она осветит вам хорактер, от них пойдете, ивырастут и сюжет и мысли...» (Цитата Е.Добиннің «Искусство детали» деген кітабынан алынады. «Советский писатель». Ленинградское, 1975), - деп ақыл қосыпты. Ұлы жазушының кеңесімен іске кіріскен жас қаламгер көргендері мен көңілдегілерін детальдар негізінде тірілтіп, ойына қанат біткен, қаламының кібіртігі жазылған. Деталь туындығы эстетикалық эффект береді. Деталь-индивидуальдық характерде тип. Мұнан аңғарарымыз, адамнын жанына енудің кілті портреттік детальдарды сұрыптап алуға қатысты. Мысалы: Л.Толстой шығармаларындағы Анна Корининаның желкесінде бұйраланып тұратын шашы, Андрей Болконскидің келіншегі кіші княгинаның мұрты қарауытқан жоғарғы шолақ ерні, княжня Марияның шұғыла шашқан жанарын; Төбеттің қысқа, илікпейтін жуан мойны, түймедей ғана мұрты адырайған лай көзі, («Даудан кейін»); Кіші Ханышаның күтуші кемпірдің орақ мұрнының астында ерсі қарауытып жатқан, көтеріле сөйлегенде, тікірейіп-тікірейіп кететін сұрғұлт түктері («Аңыздың ақыры»); Шалабайдың сынаптай жылтылдайтын жарқабақтың астында тереңде жатбқан шегір көзі («Даудан кейін»); жүк астына өсетін ақшөптей әлі жуас Болат Сұлтан («Үркер») т.т. Арасына сөз кірістіре келмейтін осы тығыз, қысқада тұжырымды, тұспалды портреттер кімнің-кім екенін айғызбай-ақ танытады. Сұлулықты, сұмдықты да тал бойына жинап тұрады.
Егжей тегжейлі баяндалатын детальдар шығармаға жаңа ағыс, мазмұн, сюжеттік шыйрақтылық бітіреді. «Қан мен тердегі» Тәңірбергеннің сары қаншығын теңізден оралып келе жатқан Еламанның «киімін иіскеп», «мұп-мұздай тұмсығымен» мұның қолын жалап алуы, Әли үйінің сыртына салынған төсекте көзі ілініп бара жатқанда төс қалтасындағы сырғаның оның кеудесіне батуы, Тәңірбергеннің атын жамылып Еламанның Омбыға баруы, ротмистер Рошальдың махаббат хикаялары, Кенжекейдің енші түйесінің мұрнына құрт түскенін көруі т.т. сюжетті ширататын, детальдардың бастау алған оқиғалар. Осындай оқиғалар тізбегінде уақыт, тарих жатады. Тарихта жетелеген тағдырлардың ізетімен илһамы мұраты мен нияты, күресі, катаклизімі көрініп, дәуір заңдылығы танылып, талданады.
Детальдар әлеуметтік, таптық теңсіздікті, біреулердің екінші біреулерге қтиянатын, кейде бүгінгі хал – ахуалы төмен болғаны мен, кешегі өткенін аңсаған адамдардың ниет-пиғылын айқындап тұрады. «Қан мен тердегі» Ақбаланы қыстың көзі қырауда «үстіне өрттей қызыл көйлек киген» қара сұр бәйбіше баласын тартып алып, үйінен қуып шығуын; Айғаншаның Қалау ағасы әкеп берген киімдерді киіп, қуаныштан өңі бал-бұл жануы; Балықшыларды босағасыын көрсетуге қонаққа шақырып, Қара кемпірдің үй-ішіне көне шапан, көне ішік, көне кілем-сырмақ, текеметтерін жайып, өткенде болып-толып тұрған күнді бастарынан кешкенін жұртқа сездіруге «арпалысуы» қаламгердің идеялық-көркемдік мақсатынан туған.
Халық әндерінің орындалуыда детальға жатады. Сезімге шабатын сыршыл ән «Наз қоңырды» Айғанша шырқай жөнелгенде жігіттер жағы желпініп, жас келіншектердің «үнемі сырқырап ауырып жүретін жерін бір-бір басып өтеді». Осы романдағы Кәлен шырқайтын «Қарғаш», Батақтың Сарысының әндері ғышық жүректің лүпілі мен сезімін оятып, сағынышты тірілтеді, потреттық жалынмен шарпиды. «Елім-ай» диологиясында мыңды да, қажырлы сезімге бөлейтін «Елім-ай» әні екі кітап бойына созылатын қабырғалы-қабырғалы оқидғалардың лейт мотиві, ұлттық рухы, оның жан бұлқынысы. «Алмас қылыштағы» Қотан жыраудың нөсерлете төгетін қиссалары жауға аттанғалы отырған сарбаздардың жігерін шарт қайрақтай жалаңдатып қайрап жібереді.
Ғ.Мустафин шығармаларында деталь – пораллейзімдер қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеуге қызмет еткен. «Атақты Нұрлан қайтыс болды. Бай туыстары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы-үш дуан елді шақырып ас берді. Екі жүзде ат шапты, алдынан Батыраштың кері келді. Атақты Тұрлыбай қайтыс болды. Кедей туыстары ас түгілі басына жөнді мола тұрғыза алмады. Атақты мекеш қайтыс болды. Ел үндемейді. «Иманды болсын» деушілер некен – саяқ» (бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. «Жазушы», 1983). Мұнда үш атақты адамның өлімі параллель алынады. Қаламгер екпінді детальдарға түсіреді. «Деталь», «атақты Нұрлан», «атақты Тұрлыбай», «атақты Мекеш». «Атақтылығы» жағынан үшеуі тең, айырма-әлеуметтік артық-кемдігінде. Жазушы заман адамдарының имансыздығына құлқы мен пиғылы ниетінен жирендіреді.
Қазақ тарихи тромандарында детальдар кейіпкерлердің типтік портреттерін жасап, әлеуметтік әуселесін танытуда қомақты табыстырға қол жеткізгендігімізді мойындауға тиістіміз. І.Есенберлин «Алтын Орда», «Көшпенділер» трилогиясында сайын сахараны уысына ұстап, шектеусіз билік жүргізген Шыңғыс ханнан трараған ұрпақ Мөңке, Батый, Жәнібек, Бердібек, Бұрындық, Әбілқайыр т.б. әлеуметтік, саяси, моральдық болмыс-бітімін деталь-портреттермен тірілітіп, қайталанбас толымды, әлеуметтік образын жасаған. Назар аударайық, әз-Жәнібектің баласы – Бердібек: «Адамға қарағанда жасыл тартқан дөңгелек көзіміз бақпай қадала қалады» (Он томдық шығ. жинағы. 9-том.); ал зымиян Төре би мансапқұмар, баққұмар Бердібекке әкесі мінер күннің жақындығына емесвкіткенде, оның «дөп-дөңгелек көгілдір мысық көздері тасырая қалады». (Он томдық шығ. жинағы. 9-том.) Осы портреттік екі детальда Бердібектің әлеуметтік физиологиясы, азаматтық-адамдық болмысы соқырға таяқ ұстатқандай. Басқаға «міз бақпай қадала қалатын жасыл тартқан дөңгелек көзі» тақтан үміткер 12 немере-інілерін бауыздап өлтіруден шімірікпеген қанышерден шошытса, туған әкесінің өлімін тілеп «тасырая қалатын» мысық көздері тілеулі, қара ниетті жаннан келетін тек қауіп пен қатар өртінен сақтандырып, жирентеді.
Поэтикалық тіл – ол да деталь. Поэтикалық тіл болмаса, шығарма жасалынбайды, жасалынса да көкжасық. Қанды қоздырып, көзді шарадай жандырып, жүректі лүпілдетіп, тасып-толқытпаса оны көркем шығарма санау – артық. «Қан мен теріде»: «Теңіз жайында әңгіме шерткен қандай рахат, құй өзің сөйле, құй өзгені сөйлетіп қойып, тым-тырыс жиын арасында ұйып тыңда мейілің. Өзің сөйлегенде бір құлағыңды басқа кісінің әңгімесінде тігіп қойып көппен бірге ілесе тыңдап отырасың» («Жазушы», 1976), - деген жолдары шоқтай маздап оқитыны кәміл. Осындағы «әңгіме шерту», «қандай ләззат», «өзің сөйлеу», «өзгені сөйлету», «тым-тырыс ұйып тыңдау», «бір құлағына бір кісінің әңгімесін тігіп қою» тәрізді поэтикалық детальдардың уытынсыз әлгі үздіге сыбырлаған тебіреністі күй жаныңынзы толтырар ма еді?!. Оқығанда тіліңді үйіріп, ойыңды матайтын тілдік детальдар қазақ романистердің кезкелгенінде қанша қаласаң, сонша табылады. Мысалдар: «Еркектің соры сөзінде, әйелдің соры көзінде», «жүйкеңді тікен болып шағар, кірпігіңе тікен болып қадалар бөгде дыбыс жоқ» («Аңыздың ақыры»); «халыққа деген темір торың, құр ғана шалаңаш қылыш әскерің емес, ол ақылдың, айлаң», «ашынған жолбарыс, ажалдан шошынбайды», «қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі». («Қаһар»); «даналық қатігез болмақ емес» («Ұстаздың оралуы»); «ал билік деген ол бір асау тұлпар, ауыздықтап дұрыс міне алмасаң, бой бермей, алып қашып тасқа сені ұрып кетуі де оп-оңай», «тентекті тентек десең бөркі қара қазандай болады» («Алтын Орда»)... Әр тіркесте терең мағыналы, тұспалды, образды ой жатыр. Соның бәрі ірі оқиға, шиырлы, шығарлаңды әрекеттердің негізінде түйінделген сіріңді пікірлер.
Деталь фабулалардың арқауын ширатып, сюжеттік желілерді байланыстырады. «Қан мен тер» трилогиясы тілі ащы, жүрген жері қып-қызыл өрт Қарақатының: «Масқара-ай! Бетім-ай!» деген қарақұсына қадалатын одағай сөздерінен бастау алып, арнасын кеңге салған... Тәңірберген романының алғашқы беттерінен-ақ адамшылыққа жатпайтын, абұйыр бермес әркетпен қан тілеген соқпақ салып, сол соқпаған үш кітаптың өне бойын көктей өтеді. Сол соқпақпен сапар шеккен жас мырза ақыры сол абыұйырсыз жолы тұйыққа тіреп, сан-салалы оқиғалардың арқауы күрмеп байланады. Анығын айтқанда, романдағы үш үзден астам ірілі-уақ оқиғалар бүкіл бір ұлы денені жайлап жатқан ұсақ қан тамырларындай негізгі күретамырда тоғысады. С.Сматаевтың «Елім-ай» диологиясында «күретамыр» - «Елім-ай» әні. Қазақ халқын құрып кетуден, трагедиядан құтқарып қалған – отаншылдық, портриоттық сезім. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» ұстап тұрған табан тірер негізі –Мұнара- «Мұнара» - шығарманың жүрегі, рухы. І.Есенберлиннің «Алтын рда», «Көшпенділер» трилогиялары да сондай қуатты детальдардан алып емендей жайқалып өскен.
Детальдар қаһарманның сапалық жаңаруын ғана негіздеп қоймай, қоғамның әлеуметтік-саяси катаклизмдерін, моральдық ауа-райын, адамның рухани жағынан жетіліп, байып кемелденуін, не азып-тозуына себепші жайларды объективті дамытуға қомақты үлес қосады. Мұнан шығатын қорытынды, қаламгерлеріміз салмақты тарихи полотноларында кейіпкерлерін қуыршаққа айналдырмай, өмір сахнасында құмары қанғанша әрекет жасауға ерік береді, келсін-келмесін ақыл қосып, бағыт сілтеуден сырт қалады. Соның нәтижесі болар, өмірлік шындықтан құнар тартқан характерлер кесек те, қуатты, биікке қол созған.
Бақылау сұрақтары:
1.Деталь туралы түсінік.
2.Сюжетті дамытуда детальдың қызметі.
3.Характерді ашуға детальдың қызметі.
4.Деталь-параллелизмдер.
5.Детальдың кейіпкерлердің типтік бейнесін қалыптастырудағы орны.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 25-26. Тарихи роман және диолог.
Дәріс мазмұны:
1.Диолог пен полилог жайлы түсінік.
2.Диолог – характер жасаудың құралы.
3.Диолог адам жанын ашатын кілт.
4.Диологтың полилогқа ұласуы.
5.Диологтың қоғамды, адамды, табиғатты жете тануға ықпалы.
Диалог – харатер жасаудың, адам қоғамын жете түсініп, біліп, танудың көркемдік құралы. Ол жағдайға бірден бойлап, кейіпкер жан-дүниесіне әр қырынан үңілдіреді. Қазақ тарихи романдарындағы диологтар өткір, жанды, тапқыр, нақылдарға толы, эстетикалық нысанасы айқын, сезім мен ойға бай. Әлеуметтік бояуы қалың да шұғылалы, дифференциалды. Психологиялық талдаудың ұтымды компаненттеріне, айналатын тұстардыда жиі.
Диалог – адам мінезі сараланып көрінетін барометр. Кейде өзара қызу сұхбаттатсып отырған екі кейіпкер әлдекімді мақтай отырып, үшінші бір қаһарманның бойындағы асыл қасиеттердің кімнен дарып, бойына сіңгенін астарлап жеткізіп жатады. Оқырман сонда әңгіме кімге қатысты екенін іштей сезініп, көңіліне түйіп отырмақ. «Жат қолында» романында екі ауылнай Кенжеғара болыс жөнінде маслихат құрып, «шыққан тегін» қазады «Жат қолында». «Жазушы», 1984. Диологтен елді електен өткізіп отырған «мықтылардың» да әуселесі қазақы қалжың үстінде өз сөздерінен әшкереленіп қалады.
Диалогтерде уақыттың әлеуметтік-саяси атмасферасын шамалауға болатын детальдар мол ұшырасып отырады. Бірінші дүниежүзілік соғыс өрті басылар түрі жоқ. Россия империясы экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан шегіне жете шерленісіп, күйреудің аз-ақ алдында. Соғыс жұрттың титығына жеткен. Сол шақта Шалқардан оралған алып сатар Ебейсінді Тәңірбергеннің үйінде ошарланған жұрт ортаға алып, сұрақтың астына қалдырады. («Қан мен тер», «Жазушы», 1976). Осы диалогте Ебейсіннің арғы жағы ашылып қалады. Оған соғыстың біткені зиянды. Неғұрлым соғыс созыла берсе, алыпсатардың пышағы май үстінде. Халықтың қасіреті мен көз жасынан шелденбек. Пиғылы қараға «кәпірлердің қырылғаны» не, жаппай жұрттың қырылғаны не, бәрі бір. Салмақты арқасы жауыр көтереді, соқасы әукесі тесілген тартады. Қырыс, жыртқыш, жемқор, тоңмойын Ебейсінге өзі «залал мен зиянға» отырмаса бопты. Басқаның қасітеріне – меңіреу, өтінішіне – бітеу.
Ебейсін қарағым, әңгімені айта отыр. Қалаңда қандай жаңалық бар?
-Тыныштық.
-Базарда не арзан, н.е қымбат?
-Оны қайтесің, ақсақал?
-Патша... қала екен?
-Патша аман. Ауылға барсаң мені сұраған жанға сәлем айт деп жатқан. («Қан мен тер», «Жазушы», 1976). Диолог полилогқа ұштасып кеткен. Қазақ тарихи романында диологтермен қоса полилогтар да жиі ұшырасып отырады. Онда халық тағдыры сынға түскен кезеңдік оқиғаларға байланысты жұрттың ұжымдық пікірі айтылып, көңіл-ауаны, хал-аһуалы көрінеді. Бір ғажабы, қазақ жазушыларының полилогтарында қаншама кейіпкерлер қатысса да әрқайсысының сөзі, мінез-құлқы, әрекеті, адамдық бет-бейнесі, әлеуметтік сана деңгейі, көзқарасы шамаланып, дараланып тұрады. Келтірілген полилогта адамына қарай жауабын өлшеп-пішіп, аузынан шығаратын қырыс, қыңыр мінезді Ебейсінді, қала жаңалығына құмар саңылаулы кісіні, базардың арзан мен қымбатын білуге құштр шаруа адамын, саяси оқиғаларға құлағы түрік, патшаның ісі кері кеткенінен хабардар парасат-пайымы бар жанның бейнелері көз алдыңа келеді. Полилогтардың қызметі барынша қомақты, көп қырлы. Ол көбінесе халық назарын тарихи оқиғаларға аударып, оның мазмұнын-мәнін саралап, жұртқа тиімді-тиімсіздігін тілге тиек етпек. Көп қорқытады, терең батырады демекші, көп және жеке адамның іс-әрекеті жағымды-жағымсыздығың, әділетті-әділетсіздігін бірімен бірі пікір, ой таластыра отырып ашып бермек. Коллективтік портрет, коллективтік тұжырым-полифониялық кең тынысты шығармалар бойына шақ.
Кейіпкердің сөйлеу мақамына оның мінезі танылып жатады. «Қан мен тер» трилогиясындағы Торшолақ бала жайшылықта көңілі өсіңкі, көкірегі жоғары, мықты көрінгенімен, заты қорқақ адам. Тәңірберген ауылына ұры саймен келе жатқан Кәленді ол Ақтоқалмен ұрланып оңаша жүздесіп тұрған сәтте байқап қалып, көзі атыздай болады... («Қан мен тер». «Жазушы», 1976). Диолегте екі адамның жан-құбылысы, мінезі, моральдық бейнесі, адамшылық сықпыты тайға таңба басқандай. Мекер әйелдің сайқал күлкісі, таңданысынан Кәленнің де асқақ тұлғасы мұнарланып төбе көрсетеді.
Диалогтан зілсіз ирония, сарказмның ащы ирониясы, трагедиялық ирония, интеллектуальдық ирония т.б. тәрізді небір халықтық доминантын ұшыратамыз. Соынң арқасында көркем шығарма өмірдің өзіндей шынайы, ыстық.
Диалог – адамды, қоғамды, табиғатты кейіпкерлер тағдырынан сыр қозғау арқылы танытудың бірден-бір қуатты құралы. Атан жілік, ақылды жігіттерді ажарымен есін алған әйелдер, қиын, қатал, қатегез заманның ызғарына төтеп бергендігімен, сол ызғар, қорлық, талайсыздықтан жүрекке түскен жазылмас жараларын қалай емдерлерін білмей, іштегі шемен-шерін сүйектері сырқырай сыртқа шығарады. Ол кедейге тиген байдың қызы ма, төрт құбыласы сай шонжарға тоқтық пен киімі көктікті патриархальдық-феодальдық қоғамда аяққа салынған тұсау, жымға құрылған тор болған. «Қан мен тер» романындағы бұрын бірін-бірі көрмеген, бейтаныс Ақбала мен Кенжекейдің құдық басындағы диалогі соған меңзейді («Қан мен тер». «Жазушы», 1976).
Диалог неғұрлым «қызыл тілге қысқа, кенен ойға ұзын» болса, соғұрлым, қуатты да өткір. Ондай диалоегтер Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, ара-тұар Ә.Кекілбаев романдарында да мол кезігеді. Бірнеше кейіпкерлерінің ешқандай ремаркасыз берілген диалогтерінен сөйлеп тұрған қай қаһарман екенін сөз саптауынан танып, бет-әлпетін көріп отырғандай әсерге бөленеміз. Қазақ тарихи романдарында диалогта контуры сызылған ұжымдық портреттер жиі ұшырасады.
Диалогтің адамды мінездейтін мүмкіндігі мол. «Ботагөзде» Итбай болыстың «алып кел, шауып келі», «шабар қылышы, атар мылтығы», көрсетер «қырғи-қабағы» - Бүркітбайдың күндердің бір күні «иес» қара басына қастандық жасағанына көзі анық жетіп, қанына қараятыны бар. Ол «қараюы» әмірі зор болысты халық қаһары қалтыратқан шаққа дөп келеді. Көтерілген жұрт Итбайды өлтірмей тынбауға бет алғанда, халық қаһарынан зәре-құты қалмайй, қайда тығыларын білмей сасқан болыс, басыбайлы құлы Бүркітбайды кездестіріп:
-Бүркітбай! – деді ол жлап жіберіп, - бауырым, тық мені, сақта!..
-Кір менің к... әкеңнің аузын! – деді Бүркітбай жағасынан шап беріп алып (С.Мұқанов Таңд. Шығ. он алты том. «Жазушы», 1972). Диалогте адамның басына түскен зобалаң, мүсәпір күйі, жалынышты қалпы кескінделген. Дүние – кезек. Кеше аспанға түкіріп жүрген Итбай енді есігіңдегі құлына кітіптар. Кіріптар күйінде адамның бар қалпы айқын, боямасыз көрінеді.
Сонымен, диалог, полилог поэтикасы өте күрделі. Ол екі не одан да көп адамның қарапйым сұхбаты деуге келмейтін, уақыттың, заманның тылсым сырына, қоғамның әлеуметтік-саяси ахуалыны бойлататын, кейіпкерлердің сан қырлы қасиетьін ашып, мінездеуге, психологиясын тануға септігін тигізетін, ұлттық характердің өзіндік ерекшеліктерін байқауға т.б. мүмкіндік беретін қуатты көркемдік компоненттер. Қаламгерлеріміз күрделі қоғамдық-саяси оқиғаларға кейіпкерлерін араластырып, заманға талдау жасағанда диалогті полилогқа ұластырып жібереді.
Бақылау сұрақтары:
1.Диолог пен полилог жайлы түсінік.
2.Диолог – характер жасаудың құралы.
3.Диолог адам жанын ашатын кілт.
4.Диологтың полилогқа ұласуы.
5.Диологтың қоғамды, адамды, табиғатты жете тануға ықпалы.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 27-28. Тарихи роман және монолог.
Дәріс мазмұны:
1.Монолог туралы түсінік.
2.Қазақ тарихи романындағы монолог.
3.«Қан мен тер» романындағы монолог формалары.
4.«Аңыздың ақырындағы» монолог.
5.Монологты формалары.
«Адамның ішкі сырын ойлап білу», жүрегін, жанын сөйлету, жан диолектикасын меңгеру-психологиялық талдаудың қызметіне жатады. Сол психологиялық талдаудың ең басты компонеттерінің бірі – монолок кемелерінен келген әдебиеттің иығына шақ. Псхоанализ-көркем әдебиеттің зерттеу әдістемесі. Адам жанын иірімдері, тылсым тұңғыйығы, нәзік тебіреністері, томаға тұйық сырлары адамның ішкі әлеміне бүгулі, бүркеулі жатады. Сол басқаның көзінен қалтарыстағы сана мен сезім ағысын тек қуатты қалам иесі ғана көрмек, кестелемек. О.Бальзак ол тарапында: «Талант проявляетця в описании прицин, порождающих факты, в тайнах движениях человеческого серца, которыми критики пренбрегают» (Собр.соч.,т 15. М.,1955)-деп сонау алагеуімде-ақ жұрт мойындамағанды ол мойындаған. Демек, адам жүрегінің адам соғысын қапы жібермей, ондағы құпия ағыстарды аңдатататын фактілерден суыртпақтап, себебіне табан тіремей, қоймайтын өнерді меңгеру оңый болсынба?... Көркем шығарманың мақсаты-қоғамды, әлеуметтік ортаны дүрліктірген оқиғалардың пронологиялық тізбегін жалаң баяндап беру емес, сол оқиғалар адам жанына қалай «сіңіп», әрекетке бастағанын көрсетеді. Тарихтың психологиялых, әлеуметтік, адамгершілік шындығын ашу. Ол – судың бетін сүзумен шектелмей, терең иірімдер нәрін сүзетін азапты тіршілік.
Моннолок-психологиялық, философиялық романдарға тән көркемдік әдіс. Адам қоғамында қайрымдылық пен зұлымдық, әдемілік пен сұмпайылық, мәңгілік пен сәттік, өліммен-өмір праблемаларын жаңа, философиялық қырынан көрінбек. Психологиялық – философиялық романдарда философиялық талас арнасына симай ыңыранып жатады... Сондықтан олардан көп дауысты, полифониялық үн естіліп тұруы заңды құбылыс.
Ә.Нүрпейісов адамзат қоғамында төңкеріс жасаған өтпелі дәуірдің шындығын философиялық – эпекиялық баяндау жүйесімен өрістете отырып әлеуметтану, этика, философия мәселелерінен табан тіреген. Сол арқылы адамдар сезімінің тұңғыйығына, жан тереңіне, ой-арманына үңіледі. Кейіпкерлері содан болар, шетінен ойлы, сезімтал, арманшыл, қиялшыл, әрекетке ақыл таразысын тартып барып араласуы басымырақ жатады. Оларға жасалған әлеуметтік талдаудың қуаттылығы сондай, мінез – құлықтарының психологияқ дәлелдемесі талас тудырмайды. Кейіпкерлер тағдырын, іс-әрекеті, ақыл-ойын бағып, зейін қойған адам.
Ал, Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақырында» әскери диктаттың феодалдық мемлекеттің түбіне жеткен зауалы түстеп таңбаланған. Жазушы дәуірдің жүрегіне құлағын төсеп, мәнді проблемаларын жіктеп жіліктеп берген. Ә.Нүрпейісов пен Ә.Кекілбаев психологиялық-философиялық шығарма жазу табиғатын, стилін меңгеріп, өзіндік суреткерлік соқпағын салуда Батыс Еуропо, орыс жазушыларының көп нәрсені үйреніп, меңгерген. Атап айтқанда, ұлы инкивизатор Ф.Достоевскидің аналитикалық мектебі мен сұлулықты, шындықты, философияның, моральды синтездеуде Л.Толстой мектебіне арқа сүйеген. Кереғар философиялық ұғымдар қырық пышақ болып шарпысып, ақыры кемпірқосақ бояуындай жігі білінбей жымдасып, тұтасып кететін, Л.Леоновтың кейіпкер дүние танымын саралап, эвалюциясын ашатын, философиялық жинақтауға дейін алқындай көтерілетін қуаты тәнті етпей қоймаған. Солардың «мектебін» меңгерген Нүрпейісов пен Кекілбаев өмірді өзге қырынан бақылап, философиясын жіті бағып, шынайы тағдыр, шынайы мінездерді іздеген. Сондықтан олар күрмеуі көп өмірдің күрделі де қатпарлы деолектикасына дендеп барады. Соның нәтижесінде әркім-ақ айналдырып сілікпесі шыққан (жаттанды идеология қайзалап тастағандай) көрінген тақырып бұрын қалам тимегендей құлпырып шыға келген.
Қазақ тарихи романдарында кейіпкерлердің ішкі монологтарын беру типтері әралуан. Соның бірі – қаһарманның күйзеліске түскен шағындағы жан толқынын беру. Мәселен, «Қан мен терде» Тәңірберген мырза балықшылардың бас көтерері Еламанның қитығына тиіп, намыс отына өртеу үшін тападай-тал түсте оның үйіне көп түсіп, бұрынғы көңілдесі Ақбаланы тағы да емексітіп, сұлу келіншектің күйеуін жер ғып кетеді. Өрт тілеп тұрған қауға шала тастап, «қуса жетіп, қасша құтылатын» атына мініп, жайына бет түзейді... Сол сәттегі Еламанның жан дүниесіндегі құбылысын баяндау формасында берілетін монологта кейіпкер лексикасы сақталып, синтаксисі мен интонациясы автордікі болып қалады. Осы монолог болашақьа әділетті көксеп, күрес жолына түсетін Еламанға Абырайлы әулеті неге өмір түбінен өштесіп келе жатқанына оқырман назарын тереңірек аударуға қажет болған. Мал-жаны көп Абыралы ауылы кедей ауылға ауыз су бермей, оларды қамшымен сабап, найзамен түйреп, жуандығын көрсетіп, қиянатын асырады. Қиянатқа төзбеген Еламанның әкесі Науан қанына қарайып, Абыралымен жекпе-жекке шыққанда, астындағы атының осалдығынан көк сүңгіні денесіне дарытып, арманда кетеді. Сол найзагер Абыралының үлкен баласы Құдайменде жылқышысы Еламанды қасқыр жарып кеткен атына бола жәбіреуілдің амалына кіріскен шақта, жігерлі жігіт дүниеқоңыз, тоңмойын баймен ат кекілін кесіседі. Енді міне, соның інісі Тәңірберген некелі әйеліне көз сұғып қадап, қақ түрінде көсіле жатып, шаңырағын «шайқалтып» кетіп отыр. Бұлардың ешкімге қылдай қиянаты жоқ болғанымен, Абыралы әулеті үнемі жуандығын жасап, намысын таптап, қорғансыздарды қорлаудан айылып жиыр емес...
Монодог – адамның ішкі драматизімін зерттеудің ең тиімді көркемдік тәсілі. Ол арқылы біз кейіпкер характерінің қалыптасуы, өсу процесін сезінеміз. Еламанның монологінен біз оның ар-ожданы кіршіксіз, түйсігі өткір, санасы сезімтал, жаны жомарттылығына тәнті болыа, рухы мықты, өз арының алдында тазалығына шұбаланбаймыз. Ол - өзіне қатал, өзгеге кең, кешірімді. Драматизм оның ішкі әлемінде буырқпып, үнемі ізін өкшелеп жүреді. Бірде жығылады, бірде тұрады, адасады, қайта жол табады, неше «өліп» неше «тіріледі», қысқасы, өз характерлерін өздері сомдаған. О баста асау, тәкәппар, өркөкірек, қиялы көк құшқан Ақбала, тағдыры тосқан шиыр-шатқалдардан өте келе, өмір сүру алгебрасынан дәріс алады, сүйімен сүйікті болудың ұғымын,а бойлап, кіммен бақыты жанатынына қып-қызыл шоқты баса жүріп, табаны күйген соң ғана сезінеді.
Қазақ тарихи романында ішкі монологтың пайда болу, туу процесі әр түрлі формада көрініс береді. Соның бірі – толқымалы сезімдердің аяқ астынан пайда болуы. Кейіпкер бір істі лаяқ астынан жасап алып, кейін өкінеді. Мәселен, «Қан мен терде» Еламан Мюлгаузенмен достасып алып, оның халықтың мақсат –мүддесіне қайшылау келетін іс-әрекеттермен айналысып жүргеніне көзі жеткен соң, ойланбай оның қосып жеккеніне өкінеді. Ознобин мен Селивановтың ыңғайына көшеді. Шалқар қаласына Ақбаламен кездесіп қалып, біраз төңіректеп, емексітеді де оған кейін өзі қапаланатыны бар. Мұндай толқымалы сезімдерді Мөңке, Әлиза, Кенжекей, Тәңірберген, Ақбала, «Аңыздың ақыры» романының кейіпкеріне де тағдыры маңдайына жазған.
Екінші формасы – кейіпкер белгілі бір іс-әрекетке кірісер алдында өзімен-өзі оңаша сырласып, өткен буының бастарынан кешкені мен өзі тап болған жағдайды салыстырып барып, бір күйінге келеді. Айталық, І.Есенберлиннің «Алмас қылышындағы» Әбілқайыр хан, «Қаһардағы» Кенесары, Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаңындағы» Әбілқайыр, сондай әрекет тән. Оңайда ой кешіп, өздерін қинаған шетін мәселелерді қалай, қайтіп, тіпті болмаса кім арқылы шешіп, тиянақтап, түйіндеуді іштей пісіріп алып, амал-әрекеткен көшеді.
Үшінші формасы – қаламгерлер тарихи шындықтың түбегейлі, мәселесі туралы қаһармандардың толғанысына анализ жасайды. Мәселен, «Қан мен терде» отаршылдыққа қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жеңіліп, оның жетекшісі Кәлен көтеріліске қолға түскен отбасы мүшелерін азат етпек болып, Тәңірберген болыстың үйіне өз аясымен келіп қолға түседі.
Бақылау сұрақтары:
1.Монолог туралы түсінік.
2.Қазақ тарихи романындағы монолог.
3.«Қан мен тер» романындағы монолог формалары.
4.«Аңыздың ақырындағы» монолог.
5.Монологты формалары.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Дәріс 29-30. Тарихи роман синтаксисі.
Дәріс мазмұны:
1.Тарихи роман синтаксисі
2.Жай сөйлем синтаксисі және тарихи роман.
3.Құрмалас сөйлем және тарихи роман.
4.Аралас құрмалас сөйлем және тарихи роман.
Тарихи тақырыпқа қалам тербеген жазушылармыз көтерген тақырыптары бір-біріне ұқсастау көрінгенімен, бірін-бірі қайталамайды. Өздерінің індете қазған өзекті мәселелері, оның игерудегі стильдері бар. Жазушының өзіндік стилі орнығуы үшін оның өмірге деген өзіндік көзқарасы болуы шарт. Онсыз оны суреткер санау ертерек. Академик – жазушы Ғ.Мүсірепов: «... көркем шығармада желі бар, қазықтар бар, түйіндер бар, төбе бар, ойпат бар, т.т. Желінің қазықтары: желі өн бойына тұп-тура болмай жоғары-төмен, оңға-солға бұрылып отырады. Қазықтар жерге қағылады, яғни желі керекті бір түйінге соға қайтады. Шығарма ауырту керек, емдеу керек, қуанту керек, ренжіту керек, шығарманың бояулары ақ пен қара ғана емес, қызылы да, көгі де, сарысы да бар... (Ғ.Мүсіреповтің қойын дәптерінен. Ә.Нарымбетовтың мақаласынан алынады. «Қазақ әдебиеті», 9 шілде. 1993), - деуінде терең мән жатыр. Сөз зергері қалам ұстағандардың неге өзіне тән жазушылық стилі болатынын қарапайым тілмен жеткізіп айтып берген.
Тарихи роман материалын игеру барысында жазу техникасы да жетіле, күрделене түседі. Оқиғаны тақ-тұқ жай сөйлемдермен беріп, көкейіндегі қордалы ойды шолақ қайырып, мақал-мәтелдер стилінен аспай, көсілуге тарлық ететіндей үрдіс келе-келе іштей байып, түлей бастады. Атадан қалған асыл сөз өнерлі қолда қалай қалыпты құйып, қаласа да ырыққа жүріп, көз жауын алатын әсем де берік, сырлы, көркем ғимарат тұрғызуға мүмкіндігі молдығын танытты. Ол - әдебиетіміздің көркемдік шеңбері кеңігендігінің нышаны. Қай әдебиеттің де болбыр, балаң шағы табанына тік тұрған кезі, кемеліне келген тал түсі болмақ. Айталық, орыстың мәдениеті прозасынан бастауында тұрған Пушкиннің тілі қысқа, қарадүрсінділеу, одан кейін аренаға шыққан И.Тургенов прозасының тілі жұп-жұмыр, жұтынып тұрады. Л.Толстой көркем проза тіліне реформаттар болып «килікті». Оның тілі ауыр, шұбалаңқы болып келеді. Неге олай деген заңды сұрақ туады ғой. Оған Н.Толстойдың шығармашылық өнерін зерттеушілерінің соңғы буынының өкілі Л.Д.Опульская; «... осложненный синтаксических строй прозы Толстого является нужным ему инструментом социалного и психологического анализа, что это существенная составная часть стиля именно романа-эпопеи («Роман-эпопея Л.Н.Толстого «Война и мир». М., «Просвещение» 1987. стр 145.), - деп түсіндіреді.
Тіл – стилдің поэтикалық регуляторы. Шығарма тілінің күрделенуі, стильдің өзгеруі көркем туындының материалына қатысты. Егер ол халық тарихын шыңырау, қырық қабатымен қопара, тергеп-тексере жазып, миллиондардың тағдырын шырқау шыңына жеткізе бейнелеуді мақсат тұтатын роман-эпопея болса, қара жердің қабырғасы қайыстырар ауыр жүкті арқасына тартқан талант оны көтеріп, арманды биігіне жеткізгенше қанша әдіс, амал-айласын тауып, қажырын сақпақ. Стиль – сол арқасына артқан ауыр жүкті межелі жеріне қылшығын қисайтып жеткізудегі амал-айла, әрекеттердің, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Кереметті жасаудағы жазушының материалы да, құралы да – тіл. Л.Толстой қоғамға «әлеуметтік-психологиялық таладу жасайтын» ұлы шығармасын жазу барысында өзіне дейінгі бар өнерді қалт жібермей, жоғаны «реформа» жасамасқа шарасы болмаған. Абзалы, бастан кешкен жайды тақ-тұқ баяндап отыратын жай сөйлемдер синтаксисі оны қанағаттандырмай, ойды біріне-бірін тізіп, кең арнада тулата, қанатын жайып көсіле сілттетіретін құрмалас сөйлемдер синтаксисін қалаған. Онда да көп компонентті құрмалас сөйлемдер синтаксисі «қолына жаққан». Текіректеп отыратын келте сөйлемдерге қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің де құлқы соға қоймаған. Жазушы Николай Анов оның «келте сөйлемдерге қарсы болу» себебін сұрағанда, ол: «Сізге Анатоль Франс ұнаса, маған Бальзак ұнайды. Сөйлем қомақты, қосалқы болуы керек. Сөйткенде автордың стилі мәнерлі, әсерлі шығады. Мен өзім әр уақыт солай жазуға талпынамын». («Біздің Мұхтар». «Жазушы», 1976), - деп ол өз жазу мәнері, стилін құптаған.
Енді екнші романнан үзінді келтірейік. «Қақ төбедегі мәр-мәр шатырлар да, қос қапталдағы безерген мылқау қабығалар да, тас бағандардың тасасына тығылған ұры көлеңкелер де, аяғының астындағы мысаты кілемнің жапырыла құлап жатқан майса түктері де, тіпті қолындағы шырағдан да - әр адымын. Көз жазбай бағатындай; сарай ішіндегі әлдебір қалтарыстардың енді қайтер деп тағаттары таусылып, аңдып тұрған мыңдаған тіміскі көздер мен қазір қаймығып, дымдары ішінде боп, жұмулы тұрған талай-талай жымысқы еріндер, ол қазір Кіші Ханым жатқан бөлменің таблдырығынан аттауы мұң, бәрі бірдей жабыла, табала жөнелгендей тұрғандай» (Ә.Кекілбаев. Таңд. Шығ. 2 томд. ІІ т. «Жазушы», 1989). Үзінді қысқалы-ұзынды, тиянақты-тиянақсыз9 сөйлемнен тұрады. Жұрттың көзі мен сөзінен қорқатын: бірақ жарты әлемді аузыан қаратқан, «құлыпсыз түрмеде» отырған Алмас ханға ендігі жерде «жас иіс қызықтырып, жас құшып алдартқанын жастан кеткендіктен», «еркектің темір тегеурінін аңсаған» Кіші Ханышаның «есігін ашып, әйелінің төсегіне жатудан» асқан бейнет, қорқыныш, қасірет жоқ. Тақ, тәж, атақ, даңқ, дәулет бәрі біткен құдіретті адам, екінші жағынан, өзімдікі дегені өзгенікі, сорлы, шарасыз.
Дегенмен, күрделі компонентті құрмалас сөйлемдер кейде таланттың қажыр-қайратын, шеберлігін сынға салатыны бар. Үлкен құрылыс, күрделі архитектура математикалық дәлдікті, берік материалды, асқан іскерлікті талап ететіні тәрізді, құрмалас сөйлемде сөздің уызындай нәрлісін, келісімдісін, ойдың құшағы кең тереңдігін, қысқасы «қырғимен қаз ілдіретін» зергерлікті қалайды. Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, Д.Досжанов,Б.Алдамжаровтың тарихи романдарында күрделі концтрукциялы сөйлемдер жиі ұшырасатыны сүйсінгенімізбен, кейде жазғандарын айтып кеткен ойын қызықтай, сәтті текстерін қайыра тықпалап, қайталап, салып кеткен суреттерін қайта баттастыра бояп отыратын мін-мүлтіктерден де таза еместігін ескерткеніміз орынды. Сондықтан болар, кейде ұзын сөйлемнің ұзын сыңарын сылып тастасаң, контекске еш залалы сезілмейді, қайта ой жеңілдей түседі. Заты, «кенен ойға ұзын боп, қызыл тілге болғанға» не жетсін...Ешбір жаңалық мін-мүлтіксіз өмірге келмейді. Жонылып, жуылып, толықтырылып, өнделіп барып мінсіз дүниеге айналмақ. «Ботагөз», «абай жолы», «Қан мен тер» романдары бастан кешкен, қайта «қорытылу» процесі тағлымы соған меңзейді.
Қорыта келе айтарымыз, қазақ тарихи романдарының авторлары халқымыздың көп ғасырлық тарихының бимәлім қатпарларына бойында ана тілінің барша табиғаты тұнып тұрған әсем де әсерлі, қуатты көркемдік құралдарыныңболат түренін салып, игергені көңіл көшіртеді. Әзірге қол жеткізгеніміз де мол, жеткізбей жүргеніміз қаншама... Алатын асуларымызда алыстап бара жатыр. Үміт көп, ниет бекем. Өйткені, биікке қыран, байтаққа дария құштар. Қашаннан қыранға тұғыр, дарияға арна бола білген қазақ сахарасы көне тарихының сауырын әлі сипаттай, ішке бүгіп жатыр. Қазір туған даламыз, егемен еліміз қайта туу, даму, қайта өрлеу заманын бастан кешуде. Халқының көне тарихы, кешегісі мен бүгінгісі қызықтырған дарынның аяғынан өре, тұсау алынды, жолына кедергі жоқ. Қалыптасқан дәстүр, өнеге сепкен мектеп бар. Тарихи тақырып еш ортаға түспейтін, жаңа құнармен үстемеленіп жататын телегей-теңіз. Қазынасы – қастерлі, тағлымы – тегеурінді
Бақылау сұрақтары:
1.Тарихи роман синтаксисі
2.Жай сөйлем синтаксисі және тарихи роман.
3.Құрмалас сөйлем және тарихи роман.
4.Аралас құрмалас сөйлем және тарихи роман.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жанр сипаты. «Ғылым». Алматы, 2000. 125-129 б.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
3. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
4. Историка-литературный процесс (Проблемы и методы изучения). «Наука». Л., 2004. 111-115 б.
5. Исенов А.Х. Мастерство психологического анализа. Алма-Ата, 2005. 214 б.
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
Достарыңызбен бөлісу: |