№59 мектеп-гимназиясы



Дата14.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#153049
Байланысты:
Тіл туралы

Сынып сағатының тақырыбы:

Қазақстан халықтарының Тілдер күні


Мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз анна тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті анна тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
«Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл –қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы.Сондықтан да тіл-қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс». «Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі».

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді.

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.


«Қазақ тілі»
Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген Сол тілменен бірінші білгізілген: «Ана» деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім.
Авторы: С.Торайғыров
  • Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
  • Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
  • Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
  • Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
  • Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
  • Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  • Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
  • Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
  • Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

  • 10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ...(шешен бо
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес)
1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
2-топқа:
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов).
«Ана тілі-бәріміздің анамыз,өйткені ол-ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» демекші,анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Тілімізді қастерлеп,биік тұғырынан түсірмейік ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет