5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет11/13
Дата19.10.2019
өлшемі335,97 Kb.
#50266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
66a8ce0d-35a6-11e3-9d7d-f6d299da70eeПроблемы методики- метод. материалы№1


3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары және қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері туралы білімдерін жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілі-ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл /конспект/.

  2. Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдері типологиялық белгілеріне шолу.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына шолу /конспект/.

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы, ауыл молдаларының мектепке қосқан үлесі, қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы алған мағлұматтарын толықтыру.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесі. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау мәселесінің көтерілуі. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары

  2. Қазақ даласындағы алғаш ашылған мектеп

  3. Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты

  4. Алғаш құрылған мектеп-интернаттары

  5. 1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте білім беру ісі

  6. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде қай ғалымдардың оқулықтарын пайдаланды?

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.
3 Тәжірибелік сабақ: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері мен еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін анықтау. Әдістемелік еңбектерімен танысып, талдау жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қоюы. Кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын көрсетуі. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі, Ы.Алтынсарин ашқан мектептер, «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Ы. Алтынсарин - кемеңгер әдіскер

  2. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

  3. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жүргізу

Әдебиеттер:

1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

2. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

3. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

5. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

6. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

7. Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

8. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.
4 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту бойынша ұсынған әдістеместеріне талдау жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. «Әріптерді тани білуді» мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар . Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. А.Байтұрсынұлы жазған «Оқу құралы» еңбегі

  2. «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектерінің маңызы

  3. «Баулу мектебі », «Жалқылау», «Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалары.

  4. А. Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектерінің қазіргі кезеңдегі көрінісі

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 35 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
5 Тәжірибелік сабақ: Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері

Мақсаты: Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында атқарған ғылыми қызметімен танысу. Ақынның «Педагогика» (1922), «Ана тілі» (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» (1925), «Сауатты бол» (1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы» (1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалаларымен танысу.

Әдістемелік нұсқаулық: М.Жұмабаевтің «Педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны. М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің маңызы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. М.Жұмабаевтің «Педагогика» (1922) еңбегінің маңызы

  2. М.Жұмабаевтің «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» (1925) еңбегіне талдау жүргізу

  3. «Сауатты бол» (1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы» (1926) еңбектерінің маңызы

Әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

  2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.


6 Тәжірибелік сабақ: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы білімдерін толықтыру. Автордың «Тәрбиеге жетекші», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» т.б. еңбектерімен танысып, талдау жұмыстарын жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты жазған ғылыми мақалалары. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғалым буын әдісін қолдауы. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігі туралы пікірлері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Ана тілін қалай оқыту керек?» атты көлемді мақаласы әдістемелік құндылығы.

  2. Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» еңбегімен танысып талдау

  3. «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» еңбегінің маңызы

Әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

  2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.


7 Тәжірибелік сабақ: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері 

Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер



Мақсаты: Сейіл Жиенбаев – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері туралы білім жетілдіру. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерімен танысу

Әдістемелік нұсқаулық: С.Жиенбаев еңбектерінің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны. Қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, «мұғалім сабақты беруді » көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба» , - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталуы.

Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» еңбегі. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы. Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы», Қ.Оспанұлымен бірге «Екпінді күш 1–класс үшін әліппе кітабы», А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін / » атты оқу құралдары.


Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері

  2. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» еңбегі

  3. Ш.Сарыбаевтың «Жаздырып үйретудің әдістері», «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары» еңбектерінің маңызы

  4. С.Жиенбаевтің «Грамматика талдауыш», «Қазақ тілі әдістемесі», « Грамматикалық таблицалар» еңбектері

Әдебиеттер:

1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы

3.Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999


8 Тәжірибелік сабақ: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері. Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі

Мақсаты: Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалаларымен танысу.

И.Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі және И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегімен танысу



Әдістемелік нұсқаулық: Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың мәселелерінің көтерілуі, ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестері. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы.

И.Ұйықбаевтің еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылуы.


Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Ғ.Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы»,

«Қазақ тілінің грамматикасы»,

«Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерімен танысып, талдау жүргізу



  1. И.Ұйықбаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері»,

«Қазақ тілі методикасының очерктері»,

«Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» еңбектерімен танысу.



Әдебиеттер:

  1. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

  2. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

  3. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

  4. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

  5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

  6. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

  7. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

  8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

9 Тәжірибелік сабақ: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.


Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы



Мақсаты: Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат алу.

Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы білімдерін жетілдіру



Әдістемелік нұсқаулық: Х.Арғыновтың оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетуі. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән берілуі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге, тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігі туралы.

Қажым Басымов қазақ тілі тәрізді бүтін бір ғылымның теориялық та, әдістемелік те жақтан дамуына орасан зор үлес қосты.

Қ.Басымов «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оның өту әдісін баяндауы. Гаммматиканы оқыту үстінде оқушының сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Х.Арғыновтың «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы»,

«Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» еңбектерімен танысып, талдау жүргізу

  1. Қ.Басымовтың «Емлемізді түзеу туралы»,

«Емле сөздігіне негізді тиянақ керек»,

«Қазақ әрпін өзгерту туралы»,

«Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік»,

«Грамматиканы оқыту жөнінде»,

«Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері»,

«Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» сияқты еңбектерімен танысып, талдау жүргізу



Әдебиеттер:

  1. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж

  3. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.

  4. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.

  5. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 1994. – 173 б.

  6. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 1992. – 88 б.

  7. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 1993. - №5. – 21-24 б.

10 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны



Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов ғалымдар еңбектерінің алатын орны мен маңызын ашып көрсету

Әдістемелік нұсқаулық:

Рақыш Сәтұлы қазақ тіл білімінің күрделі салаларының бірі – сөйлеу тілі синтаксисінің ерекшеліктерін зерттейді. Р.Әмірдің Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша жазған еңбектері. Солардың арасынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін түсіне білуге үйрету, бастауыш сыныптардағы бағдарламалар мен оқулықтар, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ғылыми-методикалық тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, орыс мектептерінің 2-7 сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша атап өту

Ы.Маманов еңбектеріндегі әдістеменің өзге пәндермен байланысы, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері туралы көзқарастары. Оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән берілуі.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, профессор.

  2. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері

  3. Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым.

4. Ы.Мамановтың «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері

Әдебиеттер:

1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995.

6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет

9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет
№11 Тәжірибелік сабақ: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым



Мақсаты: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері мен танысу.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Айтбай Айғабылұлының еңбектерімен танысу



Әдістемелік нұсқаулық: Д.Әлімжановтың филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығаруы. Бұл оқулық қазіргі күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек екендігі.

Айтбай Айғабылұлының қазақ тілі әдістемесінің дамуына қосқан үлесі, Айтбай Айғабылұлының еңбектерінің алатын орны. Әдіскер ғалымның «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласының маңызы


Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Д.Әлімжановтың «Қазақ тілін оқыту методикасы» А., 1965 (авт.бірі);

«Қазақ тілін оқыту методикасының программасы» А., 1961;

«Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы» А., 1964,1968,1969.

«Қазақ тілі методикасының мәселелері». А., 1969 (авт.бірі);

«Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері» А., 1972. еңбектерімен танысу, талдау жүргізу



  1. А.Айғабыловтың «Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау)» Алматы, 1989.35 б

«Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары» Алматы, 1982.232 б

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ)» Алматы, Мектеп, 1982. 206 б

«Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру» Алматы, 1984.185 б

«Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7

«Лексиканы оқыту принциптері» // Қазақстан мұғалімі 1981 №52

еңбектерімен танысып, талдау жүргізу



Әдебиеттер:

  1. Д.Әлімжановтың «Қазақ тілін оқыту методикасы» А., 1965 (авт.бірі);

«Қазақ тілін оқыту методикасының программасы» А., 1961;

«Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы» А., 1964,1968,1969.

«Қазақ тілі методикасының мәселелері». А., 1969 (авт.бірі);

«Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері» А., 1972. еңбектерімен танысу, талдау жүргізу



  1. А.Айғабыловтың «Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау)» Алматы, 1989.35 б

«Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары» Алматы, 1982.232 б

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ)» Алматы, Мектеп, 1982. 206 б

«Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру» Алматы, 1984.185 б

«Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7


12 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау, ол туралы мәліметтер жинау. Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектерге талдау жұмысын жүргізу

Әдістемелік нұсқаулық: Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы. 
1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы Кешенді оқулықтың мақсаты – «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету»  
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың «Қазақ тілі» оқулығы. Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы». Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» оқулығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет