Басқару теориясын рәсімдеуде Ф.Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» еңбегінің маңызы зор.
Тейлор ғылыми басқарудың негізін қалаушы.
Басқару психологиясының ғылым ретінде пайда болуына үлкен бизнестің (нарықтың) қалыптасуы әсер етті.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің феноменологиясы
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиынтығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қоймай, олардың жүру барысын да реттейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феноменологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі құбылыстар кіреді.
Басқару шешімі феноменологиясының негізгі құбылыстары
Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын, нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар;
Басқару шешімдерін қабылдау процетерінде олардың топтық сипатына байланысты туындайтын құбылыстар;
Басқару шешімдерінің өзіндік құбылыстары;
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы әлеуметтік-психологиялық құбылыстары.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде тұлғааралық өзара іс-әрекет нәтижесінде дайындалған коллегиялық ретінде сипатталатын құбылыстар әлдеқайда айқын болады.
Жеке таңдау процестерінде адамның тұлғалық ерекшеліктері саласымен байланыстағы күрделі әрі кешенді психологиялық құбылыстары байқалады. Оларға төмендегілер жатады:
1
«Реактивтік кедергі» әсері (Дж. Брем)
2
«Кері ойлау» әсері (Фишхофф құбылысы)- «Мен осылай болатынын білгенмін»
3
Жеке шартталғандар қатарына жоғарыда сипатталған Ф. Ирван құбылысы, М. Старрдың «ерікті және мәжбүрленген таңдау асимметриясы» құбылысы кіреді.
Басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы
Коммуникативтік процестер басқару іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады.Өйткені оның «субъект-субъектілік сипаты» жетекші мен қол астындағылар арасындағы тұрақты байланыстардың болуын білдіреді.
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы бірнеше негізгі топқа бөлінеді:
Параллель коммуникациялар
Әңгімелесулер мен келісімдер;
Іскерлік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі;
Коммуникацияның вербальды емес формалары.
Іскерлік кеңес өткізу принциптері
Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды , сонан кейін вербалььды тұрғыда тұжырымдалуға тиіс хабардың ақпараттық қашықтығы.
Іскерлік кеңестердің 5 негізгі принципі әр кезең үшін сай келеді.
Қатысушылардың зейінін проблемаға аудару;
Талқыланатын проблемаға қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту;
Бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақты себептерін ашуға тырысу;
Түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушылардың қызығулары мен мүдделерін ескеру.
Басқарудағы мінез мәселесіне байланысты психологиялық сұрақ
Бір күні сіз өндірістің бірнеше жетекшілерінің арасында қызметкермен қандай қарым-қатынаста болу керек деген пікір-таластың арасына тап келесіз. Көзқарастардың біреуі сізге өте ұнады. Қайсысы?
А. Біріншісі – «жұмыста жұмыс істеу үшін оның жеке қасиеттерін ескере отырып, арнайы көңіл бөлу керек».
В. Екіншісі – «оның бәрі – майда тірлік. Адамдардағы басты құндылық – олардың іскерлік сапасы, жауапкершілігі. Әркім өзіне тиісті жұмысты істеуі керек».
С. Үшіншісі – менің ойымша, жетекшіліктің сәттілігіне қол жеткізу үшін, қол астындағылар өз жетекшісіне сенгенде ғана сыйлайды.
Д. Төртінші – «ол дұрыс, бірақ сонда да жұмыстың ынталандырғышы ретінде нақты бұйрық, жақсы ойлылық болып табылады».
Шешім қабылдау
Басқару шешімінің белгісі болып оның толықтығы орын алады. Шешім қабылдауда маңызды талап оның жаңашылдығында болып табылады.
Шешім қабылдау процесінің сатылары:
Шешімнің мақсатын қою.
Шешімнің белгілерін тағайындау.
Белгілердің жіктелуі.
Баламаны өңдеу.
Баламаны салыстыру.
Тәуекелді анықтау.
Тәуекелді бағалау.
Шешім қабылдау.
Қорытынды
Басқару – уақыттың тапшылығы, шамадан тыс ақпарат, тұрақсыз жұмыс күні, билік пен бағыныштылардың тұрақты қысымымен сипатталатын жұмыстың ерекше күрделі формасы болып табылады.
Басқару психологиясы мәселелерді өмірлік жайттармен байланыстыру мақсатында, яғни теориялық негіздерін практикамен ұштастыру көрсетілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. 2017
Басқару негіздері: оқу құралы / Бердалиев К.Б. [т.б.]. – Алматы: Экономика, 1997. – 189 б.
Ахтаева Н.С. Басқару психологиясы: оқу құралы / Н.С. Ахтаева, А.И. Абдигапбарова, З.Н. Бекбаева. – Алматы: Бастау, 2009.