5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет69/75
Дата25.08.2017
өлшемі11,95 Mb.
#27482
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: КТ 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Тайман С. -т.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Студенттерге Қазақстан тарихының ежелгi дәуiрден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихымен таныстыра отырып, игерген бiлiмi негiзiнде ертедегi және қазiргi таңдағы күрделi де, қарама-қайшылыққа толы тарихи процесстердiң мәнiн, мазмұнын, адамзат қоғамының қалыптасу процесiн шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету.

Студенттерге қоғамдағы жалпы адамзаттық және ұлттық қатынастардың даму ерекшелiктерiн айқындай отырып, оларды патриоттық және интернационалдық сезiмдерге баулу, Қазақстан Республикасының дүние жүзiлiк деңгейде алатын орнын айқындау.

Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмдi, бiлiктi маманды қазiргi заманға сәйкес даярлау.

Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Қазақстан тарихы” пәнінің курсы

Курстың/пәннің мазмұны: Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан. Қазақстан тас және қола дәуiрiнде. Ертедегi тайпалық одақтар мен ерте феодалдық мемлекеттер. Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуiрiнде. Қазақстан монғол дәуiрiнде. ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан. Қазақ хандығының дәуiрi. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы. Ресей империясы құрамындағы Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуы: кiру, жаулау, отарлау. ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХІХғ ортасындағы қазақ халқының Ресей империясының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресi. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ қазақ хандығы. Қазақстанның Ресейге қосылуы: кiру, жаулау, отарлауы. ХУІІІ ғ. мен ХІХ ғ. І-шi жартысындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуы. Қазақстанның ХІХ ғ ІІ жартысындағы мәдениетi. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи маңызы. Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында. Қазақстанның қазiргi кездегi дамуы.

Ұсынылатын әдебиет:

1.ҚР тәуелсiздiгi туралы декларация, 1990ж.

2.ҚР Конституциясы А., 1995ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж, 11 қазан.

4. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы 10 жыл, А., 2002ж.

5. Назарбаев Н.Ә.Инновациялар мен оқу –бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi студенттерiне арналған лекциясы (26 мамыр, 2006ж.).

6.Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы. 2010ж. 4-5 том.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогика

Пәннің коды: Ped 2201

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Бекмурзаева Р.А. -оқытушы

Курстың мақсаты: адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Гуманитарлық, әлеуметтік-эконмикалық пәндер: философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, экономика, мәдениеттану

Фундаменталды педагогикалық пәндер: педагогика мамандығына кіріспе



Курстың/пәннің мазмұны: Педагогика ғылымының дамуы. Педагогика пәні және оның негізгі ұғымдары. Педагогика ғылымының жүйесі, оның басқа ғылымдар жүйесімен байланысы.Педагогиканың зерттеу әдістері. Педагогика ғылымының негізін салушы – Я.А.Коменский. Кеңестік педагогиканың қалыптасып, дамуы. Тәрбиенің адамгершілік, гуманистік негізін алушы шығыс ойшылдары. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ойлары. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы даму мен тәрбиенің сабақтастығы. Баланың жас және дара ерекшелігін оқу – тәрбие процесінде есепке алу. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұғалім іс - әрекетінің объектісі Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары. Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Дүниетанымның мәні және оның құрылымдық компоненттері. Дүниетанымның философиялық негіздері.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы мен өзара байланысы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы. «Нұрлы әлем», 2003.

2. Ж.Б.Қоянбаев, Г.М.Қоянбаев Педагогика. – Алматы, 2000ж.

3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Этнопедагогика

Пәннің коды: Etn 2203

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пәндер

Оқу жылы: 1-ші оқ

у жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Сейлхан Г.И.-п.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерді халықтық педагогиканың негізгі идеялары және тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен қолдана алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

Деректемелері/Пререквизиттері: Педагогика, Мәдениеттану, Қазақстан тарихы, Педагогика тарихы, Тәрбие теориясы мен технологиясы.

Курстың/пәннің мазмұны: Этнопедагогиканың қалыптасуы мен даму тарихын толық тоқталу, отандық және шетелдік этнопедагогиканың теориялық негіздерін білу; этнопедагогиканың негізгі зерттеу әдістері, этнопедагогиканың аса танымал әдістемелерінің моделі мен парадигмаларын білу, әртүрлі халықтардың ұлттық салт-дәстүрінің ерекшеліктері туралы түсінігі, этнопедагогикалық білімнің қазіргі жағдайының ерекшеліктеріне тоқталу , алынған білімді іс жүзінде қолдана білу, этнопедагогикалық білімнің дамуының қазіргі заманғы ағымдарын бағдарға алу.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-

методологические проблемы: Автореф. дис. … канд. пед. наук. – М., 1988.

2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.

3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Гылым, 1998.

4. Этническая педагогика /Под ред. В.А. Пятина и др. – Астрахань, 1995.

5. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. – Алматы, 1999.

6. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы, 1994.



Сабақ беру әдістері: Лекциялық, практикалық сабақтарда педагогикалық жағдаяттарды талдау, шешу жолдарын, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, қарым-қатынасты анықтайтын жаттығулар және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (топтық жұмыс, өзара оқыту сабағы, джик-со, концептуалды таблица), ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, мәселелік оқыту әдістері пайдаланылады. СӨОЖБ, лабораториялық сабақтарда глоссарийлер құрастыру, психологиялық тренингтер, педагогиалық жағдаяттарды талдау, шешу долдары, мақалаларға аннотация жасау, Венн диаграммасы, ассоциация әдістері қолданылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, электронды оқулықтар
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өзін-өзі тану

Пәннің коды - ООТ2205

Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

Оқу жылы – 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Успанова З.У., академ.доцент.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.

Деректемелер/пререквизиттері: Қазақстан тарихы, философия, этика, мәдениеттану, педагогика, психология, дінтану.

Курстың/пәннің мазмұны - Студенттік өмір-қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгіннен басталады. Адам тарих ағымында. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік және достык. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Махаббат-ер жүректің үрдісі. Мен және Сен. Рухани келісім. Қазақстан-біздің ортақ мекеніміз. Біз-Жер шарының ұрпағымыз. Әлемді қайырымдылықпен сақтайық. Байлық пен кедейлік туралы диалог. Қазіргі бұқаралық мәдениет және жеке тұлған. Замандастарымыз-мақтанышымыз. Еркін болу құқығы. Табиғат әлемі. Өнердің таңғажайып күші. Айналаңа көз салсаң. Шығармашылық қуанышы.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ: Өлеңдер. – Алматы: Жалын. 1990. – 128бет.

  2. Абай. Қара сөздер. Поэмалар. – Алматы: Ел.1993.

  3. Ақиқатты тани біл... Ғибрат толғамдары/құраст.А.Сейтақов. – Алматы, 2004. – 320бет.

  4. Алтаев Ж.т.б. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001.272бет.

  5. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.Әдеп: инабаттық дәстүрлері. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1998 – 272 132-140б.

  6. Ауыл кешені көңілді – Алматы: Қайнар, 1993.

  7. Әлісбаев Ш. Данышпандық субстанциясы. Алматы: Жалын., 19902.

  8. Әуезов М. Абай жолы.

  9. Әрін Ә. Маздақ. Өлеңдер поэмалар. – Алматы: Курсив, 2007 200бет.

  10. Бағаев Е.Ұ. Саумал дала. Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 312бет.

  11. Әдебиет танытқышы. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1989, 294бет.

  12. Бақтияр Тайжан/»Егемен Қазақстан» 01.05.07.

  13. Бұлқышев Баубек. Заман біздікі: Проза мен поэзия.-Алматы: Атамұра, 2003.-192бет.

  14. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография). Алматы: Әл-Фараби баспасы, 1995-461бет.

  15. Даналардан шыққан сөз: нақыл жинағы. /Жинап, құраст., ауд.Ұ.Асылов.-Алматы: Мектеп, 1987. – 383бет.

  16. Екімыңжылдық дала жыры. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000. – 752 бет.

  17. Есенқарақызы Х. Ай туады бозарып: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2004. – 192бет.

  18. Есімбекұлы Т. «Алматы ақшамы» 09.08.07.

  19. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе. Хрестоматия. Алматы: 2005.-192бет.

  20. Жұбанов А. Құрманғазы. Алматы: Өлке, 2006. – 416бет.

  21. Күмісжан Байжан./ «Егемен Қазақстан» 24.01.07.

  22. Қадырбаев Н. «Егемен Қазақстан» 28.07.06

  23. Қазақ мақал-мәтелдері /Құраст.М.Аққозин. – Алматы: Қазақстан, 1990. 288бет.

  24. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2004. – 696бет.

  25. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том/Ред алқасы. –Алматы, Рауан, 1994.-320бет.

  26. Мақатаев М. Өлеңдер, поэмалар – Алматы: Жазушы, 1982. Т.1.

  27. Мырзабеков К. Менің мұңым – махаббат. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2003. – 192бет.

  28. Нұртөре Ж. «Егемен Қазақстан»

  29. Ниязбеков М. Біз қалай туамыз? Алматы: Өнер, 1992, 48бет.

  30. Оңғарсынова Ф. Дауа. Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 288бет.

  31. Өлеңім-өмірім. Алматы: Білім, 2004. – 376бет.

  32. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Қазақтың психологиялық ой-пікірлері. 10-том/жетекшісі-акад.Ә.Нысанбаев. Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2006.

  33. Сейдімбек А. Аққыз. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 288бет.

  34. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Алматы. «Алматыкітап» ЖШС, 2005. – 368бет.

  35. Тәтімов М. Әлиев Ж. Дербестігіміз – демографияда: - Алматы: Жеті жарғы, 1999.-264бет.

  36. Шаханұлы М. Таңдамалы жырлар. Алматы. – 1992.

  37. Шаханов М. Эверестке шығу. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. Алматы: Атамұра, 2003ж.

  38. Энциклопедия для детей. Том 18. Человек. Ч.З.Духовный мир человека /под ред. Е.Ананьева, Т.Каширина. – М.: Аванта, 2004.

  39. Успанова З.У. Өзін-өзі бағалау және « Мен» тұжырымдамасы. Қызылорда: Тұмар, 2009.

  40. Махабат әуендері ( «Өзін-өзі тану» пәнінің өлеңдер жинағы). Алматы, 2004.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - Интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, электронды оқулықтар, тренингтік оқу дәрісханасы («Өзін-өзі тану» кабинеті).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы

Пәннің коды - ZhFMG2206

Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

Оқу жылы – 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 2 семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Берденкулова А.Ж., б.ғ.к., аға оқытушы.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәні оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін және педагогтардың мектертегі оқушылардың жасына сәйкес физиологиялық ерекшеліктерін терең түсіну үшін қажет. Себебі, оқу-тәрбие және дене шынықтыру сабақтары тек оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерсе ғана табысты бола алады. Бұл жағдайда мектептегі оқу оқушылардың үйлесімді дамуымен денсаулығының жақсарта түсуіне көмектеседі.

Деректемелер/пререквизиттері: анатомия, экология.

Курстың/пәннің мазмұны – Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жас ерекшеліктері физиологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Өсу және даму процесіндегі тұқым қуалаудың ролі. Тірек-қимыл аппараты. Тірек-қимыл аппаратының функциялары мен құрылысының ерекшеліктері. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы. Нейронның құрылысы, функциялары. Рефлестерді жіктеу. Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы. Үлкен ми сыңарларының функционалдық ерекшеліктері. Анализаторлар. Көру және есту мүшелерінің гигиенасы. Дәм, иіс сезу және тері анализаторлары. Ішкі секреция бездері. Ішкі секреция бездерінің өтпелі жастағы гигиенасы. Тыныс алу органдарының жасқа байланысты ерекшеліктері. Балаларды тыныс жолдарының жұқпалы ауруларынан сақтандыру. Қан және қанайналымы. Қан айналымының жасқа байланысты ерекшеліктері. Ас қорытудың маңызы. Ас қорытудың жасқа байланысты ерекшеліктері. Зат және энергия алмасудың жасқа байланысты. Несеп органдарының гигиенасы. Бөліп шығару процестерінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Балалар терісінің ерекшеліктері. Тері ауруларының алдын алу.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:


  1. Дүйсембин Қ. Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003 ж.

  2. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы Алматы, 1196 ж.

  3. Матюшонок М.Т., Турик г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы Мектеп. 1986ж.

  4. Петришина О.Л., Попова Е.Т. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Алматы, 1984ж.

  5. Хрипкова А.Т., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология. Москва. 1999ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. З.М Алиакбарова «Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиолоиясы және гигиенасының негіздер». Алматы, 1993ж.

2. ДДемеуов, Б.Я.Байназарова, З.М.Алиакбарова «Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы» А. 1995ж.

3. А.Г.Хрипкова «Возрастная физиология» М.1978ж.

4. М.Т. Матюшонок, Г.Г. Турик «Балалар мен жас өспірімдер физиологиясы» А.1986ж.

5. Қ.Дүйсембин, З.Алиакбарова «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» А. 2003ж.



Сабақ беру әдістері – дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, презентация, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Пәннің коды: KK(O)T 3207

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Үсенов С.С. – п.ғ.д., профессор

Курстың мақсаты: қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормаларын үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Қазақ тілі” және “Орыс тілі” пәндерінің курстары.

Курстың/пәннің мазмұны: Кәсіби қазақ (орыс) тілінде мамандықтың пәндік негіздеріне кіріспе. Кәсіби қазақ (орыс) тілі -адам іс-әрекетінің белгілі аясын (мамандықтың ерекшелігін есепке алып) қамтамасыз ететін пәндік феномен. Пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Оның кәсіби қазақ (орыс) тілінде айтылатын базалық категориялық-түсінік аппараты. Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология.

Арнайы кәсіби бағыттағы материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Қазақ (орыс) тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама.

Кәсіби құзыреттілік: қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б.

Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы. Кәсіби қазақ (орыс) тілін трансформациялау және дифференцациялау.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык. Практический курс (учебное пособие) –Алматы, «Санат», 1995 г

  2. Метса А.А., Алликметс К.П., Судавичене Л.В. Русский язык. Аудиовизуальный курс: М. Высшая школа, 1991г.

  3. Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс.М.Высшая школа, 1991 г.

  4. Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка, Алматы, 1992г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіби бағытталған шетел тілі

Пәннің коды: KBShT 3208

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Үсенов С.С. – п.ғ.д., профессор

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Кәсіби бағытталған шетел тілінде мамандықтың пәндік негіздеріне кіріспе. Кәсіби бағытталған шетел тілі - адам іс-әрекетінің белгілі аясын

( мамандықтың ерекшелігін есепке алып) қамтамасыз ететін пәндік феномен.

Пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Оның кәсіби бағытталған шетел тілінде айтылатын базалық категориялық-түсінік аппараты. Кәсіби бағытталған шетел тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағыттағы материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Кәсіби бағытталған шетел тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама.

Кәсіби құзыреттілік: кәсіби бағытталған шетел тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б. Кәсіби бағытталған шетел тілінің мамандық пәндерімен байланысы. Кәсіби бағытталған шетел тілін трансформациялау және дифференцациялау.



Ұсынылатын әдебиет:

1. К. Жанабаева «Basic English»

2. Дудкина А.П. «Английский для делового общения»

3. Е.И. Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991.

4. Т.Н. Игнатова. Английский язык. Москва, 1992.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Каталог: docs -> wepsait -> oku
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет