Тақырып 8. Түйсік туралы түсінік.
Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады.Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіну әлем жөніндегі білімнің – заттардың сезім мүшелеріне әсер етуімен тікелей байланысты болып келетін кезде шындықтың сезімдік бейнелеу сатысы. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды. Көру түйсіктері. Есту түйсіктері. Діріл түйсіктері. Иіс түйсіктері. Дәм түйсіктері. Тері түйсіктері. Статикалық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер. Түйсіктің қасиеттері. Адаптация. Контраст. Синестезия. Сенсибилизация.
|