Тақырып 5. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамнық әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Адамдармен қарым-қатынас бұл – ғылым және өнер. Түр аралық және түр ішіндегі қатынасты қарым-қатынас дейміз. Қарым-қатынас аспектілері. Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым – қатынастың құрылымы: Коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жақтары. Қарым – қатынастың 2 түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым-қатынастың сөз арқылы болуы вербальды деп аталады (грек тіл аудр. сөздік). Вербальды емес қарым – қатынастың құралы информация беру болып табылады. Вербальды емес белгілермен (поза, жест, мимика, интонация, көзқарас, т.б.). Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады Қарым-қатыңас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
|
1
|