5В010300 «Педагогика және психология»


Тақырып 2. Психологияның методологиялық принциптері



бет3/26
Дата12.10.2020
өлшемі243,5 Kb.
#65408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Тақырып 2. Психологияның методологиялық принциптері.

Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білу мен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мсн Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Б.з.д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық - діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Ежелгі грек жұртының ғұламалары — Гераклит (б. з. д. VI ғ.), Демокрит (б. з. д. V ғ.) жан-табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді колдады. Алайда VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.




1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет