5В010300 «Педагогика және психология»



бет1/26
Дата12.10.2020
өлшемі243,5 Kb.
#65408
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ПОӘК 042-18.1.14/01-2013


05.09.2013 жылғы

№ 1 басылым



22 беттің -шісі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.1.14/01-2013


ПОӘК

«Психология және адам дамуы» пәнінің оқытушыға арналған


05.09.2013 жылғы

№ 1 басылым



5В010300 «Педагогика және психология»

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандықтарына арналған
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ

2013


Кіріспе
1ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының оқытушысы, Оспанова К.Ш.

____________ «25» тамыз 2013 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама № 1 «03» 09. 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама № 1 «05» 09. 2013 ж.
Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.

Хаттама №1 «18» 09. 2013ж.


ОӘК төрайымы________________ с.ғ.д. Искакова Г.К.

4  БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН




Мазмұны



1

Қолданыс аясы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Жалпы ережелер

4

4

Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

5

5

СӨЖ тақырыптары

18

6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы

19

7

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

20

8

Әдебиеттер

22


1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

Психология және адам дамуы пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010300 «Педагогика және психология» және 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарына арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы Психология және адам дамуы пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

Нақты білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты;

- 5В010300 «Педагогика және психология» және 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Қазіргі қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік және т.б. өзгерістер ғылым мен техниканың жедел қарқынды дамуы, барлық салаларда кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды, әсіресе педагогикалық мамандар даярлауды түбегейлі жақсартуды және сапалы өзгертуді талап етуде. Осы мәселеде психология ғылымының алар орны ерекше. Әрбір жоғары маман білікті болу үшін психика дамуының механизмінің оның жалпы заңдылықтарынан хабардар болуы керек. Сондықтан қазіргі психологиялық ғылымдар талаптарын есепке алу, тұлға мен қоғамның қазіргі өзгерісі жағдайында оның ролі мен әсерін көрсету қажет.



3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын білу мен қатар, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін дамытудың жолдарын меңгерту. Даму психологиясы психологиялық бөлімінің бір бөлігі ретінде: онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндік береді.



3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

  • Ғылыми психологиялық білімдер негізін қалыптастыру;

  • психологияны жаратылыстану және қоғамдық ғылыми пән ретінде ашып көрсету;

  • даму психологиясының пәні мен міндеттері туралы;

  • студенттердің өздігінен психо- педагогикалық зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беретін, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

3.4 Курстың соңында студент

Білуі керек:

  • Психология ғылымдарының шеңберіндегі теориялық және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін, оның негізгі түсініктерімен категорияларын, механизмдерін және психикалық құбылыстар табиғатын:

  • Психология ғылымдарының даму және қалыптасуы тарихын, анықтамаларын;

  • Психологияны фундаментальды пән ретінде;

  • Даму психологиясы пәні ғылым ретінде;

  • Адамның іс-әрекеті мен тұлғалық құрылымы, даму динамикасын білу керек;

  • Психологиялық білімнің қазіргі жағдайының ерекшеліктерін білу;

  • Психология бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс - әрекет, сонымен қатар кәсіби іс - әрекет практикада өздігінен қолдана білу.

Іскерлігі:

  • Ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті бойынша теориялық білімдер мен практикалық іскерлігі;

  • Білім беру сапасының тиімділігі жақсарту мен арттыру, психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу іскерлігі болуы қажет.

Дағдысы:

  • Адамды іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісі ретінде зерттеу үшін психологиялық білімдерді ғылыми негізде қолдана білу дағдылары болуы керек.

  • Қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеруі керек.

Біліктілігі:

  • Теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;

  • Психологиялық-педагогикалық салада басқаруды және ақпараттық технологияларды жетік білуі керек.

3.5 Курстың пререквизиттері: педагогикалық мамандыққа кіріспе, философия.

3.6 Постреквизиті: педагогикалық психология, этнопсихология.

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
1 Кесте


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет