Тақырып 6. Топ және ұжым.
Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Шағын және бастапқы топтар. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Формалды және формалды емес топтар. Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады. Дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай – ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да, формалды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысады. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам – қатынаста болып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады.
|