Тақырып 9. Қабылдау.
Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау қабылдайтын объектіге байланысты түр-түрге бөлінеді. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.
|