Тақырып 10. Ес туралы жалпы түсінік.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Аралас не іргелес ассоциациялар. Ұқсастық ассоциациялар. Қарама- қарсылық ассоциациялар. Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Қимыл- қозғалыс есі. Эмоциялық ес. Бейнелі- көрнекілік ес. Сөздік- мағыналық (логикалық) ес. Ерікті және еріксіз естер. Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес.
|