Тақырып 4. Іс-әрекет психологиясы.
Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді.
Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.
Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады.Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді.Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.
Іс - әрекеттің құрылымы:мақсат, себеп, түрткі,әрекет. Психалогияда әрекеттің 2 түрі болады: Нақты немесе заттық. Ақыл – ой әрекеті немесе ішкі.
|