5В010500 – «Дефектология» (Сурдопедагогика) 3-курс; 2-топ (қазақ бөлімі) Орындаған: Асамадин Салтанат Еркінқызы Алматы, 2020



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі225,96 Kb.
#83457
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Асамадин Салтанат 3-курс Сурдо 2-топ 3-дәріс пысықтау сұрақтары

Ауызша санау кезеңі – қозғалмалы кезең . Ол сабақтың басында , ортасында, аяғында берілуі мүмкін.
Ауызша санау түрлері:

Ескеру керек: Мысалы 5 санына келген болсақ , онда балаларды тек 5-ке дейін ретпен , кері санатамыз . 5-тен жоғары 6-ға немесе 7-ге дейін саната алмаймыз!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (1-2минут) . Жалпы үй тапсырмасы балаға жаңа тақырыпты бала қаншалықты меңгерді соны анықтау үшін беріледі. Мұғалім үй тапсырмасын балаға бермес бұрын өзі сыныпта әбден түсіндіріп беру керек. Үй тапсырмасын мұғалім дәптер жинап алу арқылы немесе ауызшы тексеруіне болады. Егер үй тапсырмасында барлық балалар қате жасаған жағдайда , жаңа сабақты өтпей қайталау сабағы болады.
Ұйымдастыру кезеңі мен үй тапсырмасын тексеру максимум 5 минут болуы керек.
ІІІ.Жаңа сабақ (15 минут)
Жаңа сабақта мұғалім дайын білімді бермей , оқушылардың жаңа білімді өздері табу жағдайларын ұйымдастыруы керек. Жаңа сабақ 15 минуттан асып кетсе бала ары қарай қабылдай алмайды .
Жаңа сабақта берілетін амал есептердіңде өз шегі болады . Есту қабілеті бұзылған балаларда 8 амал есепке дейін беріледі. Яғни балалар бір сабақта 8 амал есепке дейін шағарады . Бірақ баланың қабылдауына қарай максимальды 10 амал есепке дейін бере аламыз.
Сабақ барысында балаларды геометриялық фигуралармен таныстыратын жұмыс жүргізілуі немесе логикалық тапсырмалар керек.
VI.Үй тапсырмасын беру кезеңі .
Үй тапырмасын берген кезде сыныпта балаларға анықтап түсіндіріп беру керек.
Ескеру керек: Үй тапсырмасына мәтін есептер берілмейді!
V. Рефлексия
Сабақ соңында балалардың сабақты қаншалықты меңгергендігі , қаншалықты дәрежеде үйренгендігін біле аламыз.
Мысалы : «Алма ағашы» әдісін алуға болады. Мұнда балалар осы сабақтан не үйренгендерін алма пішіндес стикерлерге жазып , тақтада тұрған алма ағашына жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет