2.1 Оқу – танысу практикасы туралы қысқаша сипаттама
Музыка оқытушыларын даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі –оқу-
танысу практикасы болып табылады.
1.
Болашақ музыка мұғалімі мамандығын дайындау жүйесінде оқу-іс
тәжірибесі негізгі рол атқарады. Оқу іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу-
тәрбиелеу үрдісінің бір түрі. Оқу іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – музыка
мұғалімінің және сынып жетекшісі көмекшісінің қызметтерін орындауға,
оқушылармен оқу-тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге студенттерді даярлау.
2. Оқу-танысу іс-тәжірибенің мақсаты:
1.Студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру;
2. Қазіргі заман талабына сай болашақ музыка мұғаліміне тиісті
профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;
3.
Музыка мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілік пен құрмет білдіруге
тәрбиелеу;
4.
Студенттерді педагогикалық іс-тәжірибе алуға баулу;
5. Оқу -танысу іс-тәжірибенің міндеті:
- Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен
дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- Студенттер дәрістерінде және практикалық сабақтарда алған алғашқы
білімдерін толықтыру;
- Студенттерді мектеп ұжымымен, музыка кабинетімен және ондағы
музыкалық аспаптармен таныстыру.
6. Есеп беру құжаты:
1. Күнделік;
2. 2-3 сабақтың күнделікті өту жоспарлары;
3. Көрнекіліктері;
4. Соңғы сабақтың жоспары мен хаттамасы;
5. Студенттің іс-тәжірибе бойынша қорытынды есебі.
Достарыңызбен бөлісу: