тақырыптарда өтеудеге мәнісін атап кету; жаңа материалды
меңгеруге барлық оқушылардың қатысуы;
6. Сабақтағы жаңа материалды меңгеру: мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді
қолданады, материалдың мазмұнына және оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай болуы; тақтаны орнымен қолданды ма;
оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудегі тәсілдері /
көрнекілігі, мұғалім сөйлеуіндегі ерекшеліктері, балалар тәжірибесін
қолдануы, мәселелерді жасауы/: оқушылардың өз бетінше
жұмысының ролі мен орны, оқулықты қолдануы.
7. Жаңа білімді бекіту: бекітуге қандай материалдар тыңдалды; бекіту
қандай әдістермен орындалды; материалды саналы меңгерудегі
жайында қорытында жасауға болады ме;
8. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын түсіндіруге қанша уақыт жіберілді; тапсыма
сабақтың қай кезеңінде берілді / сабақтың барыстында, сұраудан соң,
бекітуден соң, қоңырауда, тіптен берілмеді/; тапсырманың мазмұны
қандай / мұғалімнің сұрағына жауап беру, мұғалімнің түсіндіру
толықтыру, әнді жаттау, және т.б. /; оқушылар үй тапсырмасын
оқушыларды қаншалықты түсінді.
9. Жалпы қорытындылау және ұсыныстар беру / сабақты
қорытындылау / - сабақтың идеологиялық бағытын қамтамасыз ету;
- оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерін
орындау / оқушылардың танымдылық іс-әрекеттері қандай
тәсілдермен жасалынды, білімге деген қызығушылықтарын дамыту,
музыка тыңдау, қадағалау қабілеттерін тәрбиелеу, ән айтудағы
мәдениетін қалыптастыру, музыкалық қабілетерін дамыту,
музыкалық ой-өрістерін жетілдіру және т.б./; мұғалімнің
оқушылармен тіл табысуы; оқушылардың жеке тұлғасын белсендіру.
Достарыңызбен бөлісу: