5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


 Оқу – танысу іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата11.05.2022
өлшемі197,95 Kb.
#142074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по спец. МБ
107507
4. Оқу – танысу іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар
Жеке жоспар
. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын
барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар музыка пән мұғалімінің қатысуымен
бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және
тақырыпты болуы тиіс.
Күнделік
. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.
Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы
қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте
алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан
кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.
2.2 Өндірістік (педагогикалық) практика туралы қысқаша сипаттама
Өндірістік(педагогикалық) практика ұйымдастыру конференциядан


басталады. Конференцияда практиканың мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Студенттерді практика өтетін мектеппен таныстырады. Мектеп директорымен
және музыка пәнінің мұғалімдерімен таныстырады. Мектептегі сыныптардың
оқушылар туралы және сабақ жүргізудің ерекшеліктері жайлы мұғалімдермен
және мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Студенттерге музыка пәнін үйретеді
және сыныптағы сабақ кестесімен таныстырады.
Мектеп базасымен танысу. Музыка кабинетімен таныстырады. Сабаққа
қажетті көрнекілік материаладар базасын анықтайды. Музыка сабақтарына
қажетті аспаптарды анықтайды. Мұғалімдермен кездесу кезінде мектептегі сабақ
жүргізу әдістемелік кешендерінің ерекшеліктерімен таныстырады. Сыныптағы
оқушылардың тәртібі мен үлгерімі туралы мағлұматтар беріледі.
Жылдық жоспарға сай практика басталған кездегі өтілетін тақырыптармен
танысу. Мектептегі және сыныптағы көпшілік және қоғамдық жұмыстар
жоспарларымен танысады. Студент жалпы практика жоспарын түзеді.
Оқушылардың өз бетімен өтетін және музыкалық кештердің, музыкалық
үйірмелердегі сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.
Өндірістік (педагогикалық)
практика қоғамдағы жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті
елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының кәзіргі кездегі
тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және музыкалық педагогика
ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі музыка мұғалім
мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді. Болашақ музыка
мұғалімінің кәсіби деңгейін жетілдіру жалпы білім беретін және кәсіби
мектептердің реформасының құрамының бір бөлігі болып табылады. 
Болашақ музыка пәнінің мұғалімін дайындауда педагогикалық іс-тәжірибе
үлкен орын алады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен
бөлінбейтін бөлігі болып, музыка мұғалімді дайындаудың теориялық және
практикалық бірлігін қамтамасыз етеді. 
Бұл бағдарлама «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық
білім беру тұжырымдамасына» сәйкес құрастырылған. 
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибенің процесінде болашақ мұғалім
күнделікті мектеп өміріндегі болып жатқан фактілермен жанасып, мұғалімнің
еңбегіне деген саналы, жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастырады.
Осындай мақсатты бағытталған іс-тәжірибе ұйымдастырудың мынандай
принциптерін алға қояды: іс-тәжірибенің өмірмен байланысы, мектеп,
мұғалімге қойылатын оның мазмұнының және ұйымдастырудың талаптарының
сай болуы: қоғамдық-саясат, арнайы және психология, педагогика пәндерінен
алған білімдеріне негізделіп, тәжірибенің мектептегі оқу-тәрбие жұмысының
түрлерінің әдістерімен байланысы, тәжірибенің комплекстік сипаты:
студенттердің жекеше ерекшеліктерін ескерту. 
Жоғары оқу орындарындағы өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе кәсіби
дайындықтың бір түрі ретінде саналып, оның кәсіби принциптері мен
заңдылықтарын білуге бағыттайды. Іс-тәжірибе барысында қоғами-саясат,
психологиялы –педагогикалық және арнайы білімдері іс жүзінде қолдануға
жағдайлар жасайды. Бұл алған білімдері өмірлік қажеттілігін тауып,


тәжірибелік мағыналы болады. Тәжірибелік әрекет болашақ мұғалімнің
оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы әрдайым пайда болатын оқу-тәрбие
жұмысындағы әдістері мен оның түрлерінің, олардың мазмұнының,
міндеттерінің сұрақтарына жауаптар іздеуді талап етеді. 
Студенттердің іс-тәжірибе барысындағы әрекеттері мұғалімнің кәсіби іс-
әрекетіне, педагогикалық іс-әрекетінің құрылысы мен мазмұнына сәйкес келеді.
Олардың іс-әрекеттері мұғалімнің іс-әрекетіндегідей көптеген қарым-
қатынастарымен сипатталады. Сол себептен бұл әрекет кәсіби білімге, белгілі
теориялық фундаментке сүйенуі тиіс. 
Іс-тәжірибенің процесінде студенттердің өздері әдіскердің жетекшілігімен
оқушылар ұжымымен жұмыс жасауды үйренеді. Сондай-ақ мектептің
педагогикалық ұжымымен, сынып жетекшілерінің, мұғалімдерінің
тәжірибелерімен танысып, олардың оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлауды
үйреніп, оларды өткізудің жолдарын іздестіруге консультациялар алады. 
Өндірістік(педагогикалық іс-тәжірибенің жақсы деңгейде өтуіне ең әуелі
студенттің өзінің жақсы мұғалім-тәрбиеші болғысы келетін ұмтылысына
байланысты болады. 
Өндірістік(педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы
білім беретін және инновациялық мектеп типтері (мектеп-гимназиялар, мектеп-
лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет