«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Сопылықтың түркілік тармағындағы философиялық мәселелер



Pdf көрінісі
бет48/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Сопылықтың түркілік тармағындағы философиялық мәселелер
Сопылық философияның негізгі принциптері мен идеялары. Қожа 
Ахмет Йасауидің философиялық дәстүрі, оның қалыптасуындағы сопылық 
мәдениеттің орны және сопылық танымның теориялық негізі. «Диуани 
хикмет». «Хәл» ілімінің болмысы және негізгі тұжырымдары. Йасауидің 
гносеологиясы. «Болмыстың бірлігі» ілімі. Йасауи философиясындағы адам, 
әлем және Алла. Адамгершілік, рухани еркіндік және адам бостандығы 
туралы ілімі. Йасауи ілімінің түркі және қазақ дүниетанымдағы орны. 
Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегінің философиялық мазмұны. 
Шығармадағы 
этикалық-дидактикалық 
құндылықтар. 
Сүлеймен 
Бақырғанидың сопылық ойтанымы.
Алтын Орда дәуіріндегі философиялық ойтолғаулар
Алтын Орда мемлекетінің қалыптасуының тарихи-философиялық және 
саяси негіздері. Алтын Орда дәуіріндегі рухани-дүниетанымдық бағдарлар 
және олардың қазақ философиясындағы маңызы. 
«Кодекс Куманикустегі» философиялық түсініктер мен ұғымдар. Оның 
лингвофилософиялық қырлары. Сайф Сарайидың этикалық және 
философиялық ой-толғамдары. Насреддин Рабғузи қиссаларындағы даналық 


53 
тағылымдар. Хорезмидің «Махаббатнамасындағы» эстетикалық бейнелер. 
Құтып 
шығармашылығының 
танымдық 
мәні. 
Хұсам 
Кәтиб 
шығармаларындағы дүниетанымдық пайымдаулар. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық бірегейленудің философиялық 
негіздері 
Дала заңдарының Қазақ хандығының қалыптасуына тигізген әсері. 
Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы 
әлеуметтік-философиялық сарындар. Қазақтың әлеуметтік болмысы және 
ұлттық мәдениеті

Қазақ философиясына тән өзіндік этнофилософиялық 
белгілердің дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени ахуал және 
ұлттық философиялық пайымдау типі. Асан Қайғы пайымдауларының 
халықты ұлттық топтастырудағы құндылықтық мәні. Хандық дәуіріндегі 
қазақ қоғамындағы философиялық дәстүрдің маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет