«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет83/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Пререквизиттер
Философия тарихы, Этика және эстетика, Қазақ 
философиясы; 
Постреквизиттер:
Әлеуметтік философия. 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
Кіріспе 

Философиялық антропологияның пәні 

Ежелгі дүние философиясындағы антропологиялық идеялар 

Орта ғасыр философиясындағы адам мәселесі 

Өркендеу және Жаңа Дәуір философиясындағы адам мәселесі 

XVIII ғасырдың соңы–XIX ғасырдың басындағы батысевропалық
философиядағы адам мәселесі 

Қазақ және орыс философиясындағы антропологиялық мәселе 

Экзистенциализм философиясындағы адам мәселесі 

Адамның психоаналитикалық концепциясы 

Философиялық-діни антропология 
10 
Адам – әлеуметтік пен биологиялықтың бірлігі
 
11 
Табиғат дүниесіндегі адам 
12 
Тарих дүниесіндегі адам 
13 
Мәдениет әлеміндегі адам
14 
Адамның кеңістіктік-уақыттық өлшемі 
15 
Жаһандану және адамның әлеуметтік-мәдени идентификациясы 
 
 
 
 
 


91 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Философиялық антропология» пәнін оқып-игеру «Философия» 
мамандығы бойынша бакалаврлар дайындаудың маңызды кезеңі болып 
табылады.
Ол адам туралы барлық ізденістердің көзқарастық тұғырнамасы және 
өзегі болып табылады. Оған адам және оның табиғат пен қоғамдағы болмысы
туралы ілімдердің бүкіл жүйесі кіреді. Ол алдымен – адам туралы кешенді 
философиялық білім және оның жаратылыстану және гуманитарлық 
ғылымдардан, «антропология», «физикалық антропология», «медициналық 
антропология», «мәдени антропология», «Анналдар» мектебінің «тарихи 
антропологиясы», «саяси антропология» деген атауларға ие пәндерден 
ерекшелігі осы. Бұл философияның өзінің пайда болған сәтінен бастап 
адамның космос пен қоғамдағы орны, адам тағдыры мен бақыты, өмір 
сүрудің мәні, таным мен бағалаудың субъектісі туралы өзекті сұрақтар 
қоятындығымен байланысты. 
Пәнді оқытудың
мақсаты
– студенттің бойында философиялық 
антропология адам туралы тұтас ғылым екендігі туралы түсінік 
қалыптастыру. 
Пәннің міндеттері:
- адам ұғымының мәндік ашықтығын, көпмәнділігін зерттеу;
 

адамды қазіргі заманғы жаһандық өркениеттің көптүрлі 
дүниетанымдық бейнесінде қарастыру;
 
- философиялық-антропологиялық білімнің әдістерін сараптау;
 
- адам туралы философиялық білімдер жүйесін айқындау; 
- философиялық антропология тілімен таныстыру; 
Оқу пәнінің 
объектісі
– адамның табиғаты, мәні, мақсаты, оның 
өмірінің мәні мен құндылығы. Бұл объектінің құрамына қазіргі заманғы 
биология, психология, мәдениеттану, этнография және тағы басқа 
ғылымдардың жетістіктерінің философиялық рефлексиясын біріктіру кіреді. 
Пәнді зерттеу
әдістері. 
«Философиялық антропология» курсын оқыту 
және студенттердің оны игеруі барысында мына негізгі философиялық 
принциптер қолданылады: 
-
тарихилық пен логикалықтың бірлігі; 
-
абстрактылықтан нақтылыққа өту; 
-
жүйелілік; 
-
даму. 
Пәннің статусы мен құрылымы, басқа пәндердің арасында алатын 
рөлі мен орны.
Философиялық антропология адамның мәні мәселесін кешенді 
зерттеуді таным теориясын, логика, этика, эстетика және басқаларды қолдана 
отырып жүргізеді. Философиялық антропологияның статусы мен құрылымы 
оның адам туралы нақты ғылымдардың барлық жетістіктерін біртұтас 
философиялық бейнеге жинақтауы арқылы анықталады. 


92 
Философиялық антропологияның басқа пәндер арасындағы орны 
оның 
пәні мен қызметтеріне байланысты. Философиялық антропология адам 
туралы жаратылыстану (ең әуелі биология және медицина) және 
гуманитарлық пәндер (дін, этика, онтология және тағы басқа философиялық 
пәндер) кешенімен тығыз байланысты. Ол, бір жағынан бұл пәндердің 
көзқарастық 
және 
әдістемелік 
жағынан 
маңызды 
нәтижелерін 
қорытындылайды, басқа жағынан алғанда, оларға көзқарастық және 
әдістемелік негіздемелер жасай отырып, арнайы ғылыми білімнің осы 
салаларына олар ұсынған өзекті міндеттерді рационалды түрде түсінуге 
және бұл міндеттерді шешудің негізгі стратегиялары мен шешу әдістерін 
анықтауға көмектеседі. 
Пәннің негізгі кезеңдерін қамтитын қысқаша тарихи даму очеркі. 
Адамның табиғаты мен мәні философтарды ылғи да қызықтырды, сондықтан 
«қазіргі заманғы антропология» терминін кез-келген тарихи-философиялық 
ілімге қатысты қолдануға болады. Мысалы, философия тарихында 
«антропологиялық бетбұрыс» жағдайлары көп кездеседі. Бұл кезеңдерде 
натурфилософияны немесе спекулятивті метафизиканы адамды барлық 
жүйелер мен доктриналардың бастауы ретінде қарастыратын ілімдер 
алмастырды. Ерте софистер мен Сократ алғашқыбастау туралы бұрынғы 
ілімдерді антропологиялық тұрғыдан (Протагор үшін «адам барлық 
заттардың 
өлшемі») 
сынады; 
Қайта 
Өркендеу 
дәуірі 
көбіне 
«теоцентризмнен» «антропоцентризмге» өту ретінде сипатталады; Канттың 
«Коперник революциясынаның» және негізгі философиялық мәселелерді 
«Адам дегеніміз не?» сұрағының төңірегін жинақтауының соңынан 19-
ғасырдың олар үшін адам философияға лайықты жалғыз тақырыпқа айналған 
ілімдері (Фейербах, Штирнер, Къеркегор) ілесті. ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында М.Шелер, Г.Плеснер, А.Гелен, Э.Ротхакер, В.Зомбарт және 
тағы басқа неміс ойшылдарының ілімдері кең тарады. Осы кезеңде Ницше
Бергсон, Дильтейдің «өмір философиясы», Гуссерльдің феноменологиясы, 
экзистенциализм, постмодернизм, прагматизм, персонализм және тағы 
басқалары пайда болды. Философиялық антропологияның бұлардан 
ерекшелігі – тек ол ғана жаратылыстану және медицина ғылымдарының, 
әлеуметтану мен психологияның, этнография мен тарихтың, биология мен 
экологияның адам туралы қазіргі заманғы мәліметтерін біртұтас жүйеге 
жинақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет