«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Арғықазақтардың мифологиясы және алғыфилософиясы



Pdf көрінісі
бет47/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Арғықазақтардың мифологиясы және алғыфилософиясы 
Қазақ халқы ойлау мәдениетінің мифологиялық бастаулары. Дүниенің 
жаратылуы 
туралы 
ежелгі 
түсініктер. 
Ежелгі 
қазақ 
халқының 
дүниетанымдық бағдарлары мен бастапқы категориялары және олардың 
арақатынасы. Сақтардың, үйсіндердің, ғұндардың, қаңлылардың, наным-
сенімдері мен мифологиясы.
Ежелгі түркі дүниетанымы және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркі 
жазба ескерткіштері. Орхон мәтіндеріндегі дүниетанымдық бағдарлар. 


52 
Дәстүрлі түркі дүниетанымының негізгі категориялары. Түркілік дәстүрлі 
дүниетанымдағы этикалық, онтологиялық және антропологиялық мәселелер.
Қорқыттың 
рухани 
мұрасындағы 
діни, 
мифологиялық, 
натурфилософиялық және дүниетанымдық ойтолғамдар. Адам болмысының 
мәні мен мағынасы. Өмір және өлім мәселелері. Өліммен күресу әрекетінің 
философиялық мәні. Мәңгілік өмір жолында күресу, әуен арқылы ажалды 
жеңу философиясы. Қорқыттың қазақ философиялық ойының дамуына 
тигізген әсері және адамзаттың ақыл-ой қазынасымен байланысы. 
Әл-Фарабидің ізгілік философиясы 
Әл-Фараби дүниетанымының рухани және теориялық бастаулары. Әл-
Фарабидің энциклопедизмі. Адам мен қоғам болмысы, жаратылыстану 
мәселелері. Әл-Фараби онтологиясының негізгі принциптері. Ақыл туралы 
ілім. Әл-Фарабидің логикалық-гносеологиялық зерттеулерінің мақсаты, 
сипаты мен мазмұны. Ізгілік қаласы және бақыт ілімі. Оның музыка туралы 
ілімінің эстетикалық қырлары. Әл-Фараби философиясының тағылымдары 
мен тарихи маңызы. 
Махмұт Қашқари және Жүсіп Баласағұн дүниетанымының мәні 
мен ерекшеліктері 
Түркі өркениетіндегі сөздік жасау дәстүрі. Махмұт Қашқаридың түрік 
сөздігінің құрылымы және ондағы мәдени-әлеуметтік тарихи тәжірибе 
үлгілері (мысалдар, мақал-мәтелдер, жырлар, аңыздар). Сөз этимологиясы 
және тарихи сана. Түрік сөздігінің қазақ философиясындағы орны.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі философиялық-
дүниетанымдық мәселелер. Оның шығармашылығындағы рационалистік 
дәстүрлер, космологиялық, онтологиялық, гносеологиялық және әлеуметтік-
этикалық мәселелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет