«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Қазақтың халық философиясы



Pdf көрінісі
бет50/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Қазақтың халық философиясы 
Халықтық дүниетанымның құндылығы, өмірлік мәні, тарихи маңызы. 
Халықтық шығармашылықтың дүниетанымдық мазмұны және дәстүрі. 
Халықтық философия – дәстүр мен сана сабақтастығы. «Ауызша – жазбаша 
тарих – шежіре» – қазақтың ұлттық дүниетанымы мен философиясының түп-
тамыры. 
Көшпелілік және отырықшылық: бірегейлігі және айырмашылықтары. 
Көшпелі өмір салтының философиялық дүниетанымдық мәселелері. Көшпелі 
өмір салты – қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасу 
алғышарты. «Араласу», «кісілік», «намыс», «парыз», «қанағат», «өмір», 
«өлім» философиялық категориялары.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің философиясы. Қазақ ырым-
тыйымдарының рухани мән-мағынасы.
Қазақ ертегілерінің дүниетанымдық маңызы. Мақал-мәтелдердегі 
философиялық ой және оның тәрбиелік мәні. Нақыл сөздер философиясы. 
Қара өлең – қазақ халқының әдеби-философиялық мұрасы. Айтыста қазақ 
халқының дүниетанымының, оның рухани-эстетикалық, әлеуметтік-
философиялық көзқарастарының бейнеленуі.
Қазақ батырлығының дүниетанымдық негіздері. Қазақтың батырлар 
жырларындағы философиялық ой-толғамдар: эпикалық сана, кемел ер 
болмысы.
Қазақтың қол өнері және оның философиялық-мәдени негіздері. 
Дәстүрлi дүниетаным және хaлық мeдицинaсының философиялық нeгiздeрi. 
Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының шипагерлік философиясы.
Қазақ даласындағы еркіндік феноменінің этникалық дүниетаным 
іргетасына айналуы 
Көшпелі қазақ қоғамының тарихи санасы және оның дүниетанымдық 
мәселелері. Номадтардың дүниеге көзқарасы. Қазақ дүниетанымындағы 
еркіндік идеясы. Махамбет Өтемісұлының философиялық, этикалық және 
саяси идеялары. Оның шығармашылығындағы жалғыздық мәселесі. 
«Зар-заман» ақындары туындыларының философиялық мазмұны. 
Дулат Бабатайұлының туындыларындағы философиялық-өнегелік және діни 
мәселелер. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығының философиялық 
мазмұны. Мұрат Мөңкеұлының жырларындағы ұлттық идея. «Зар-заман» 
ақындары дүниетанымындағы философиялық, саяси-құқықтық идеялар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет