«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Философияның тарихи даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет9/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

Философияның тарихи даму кезеңдері
Руханилықтың шығыстық дәстүрі – ежелгі Шығыс философиясының 
ерекше белгісі.
 
Веда 
мәдениетінің 
аясында 
ежелгі 
Үнді 
философиясының 
қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы 
алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар – 
Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың 
элементтері.
Қытай философиясының прагматикалық сипаты. Қытай жазуының 
ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» – Қытай философиясының 
бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік – ежелгі Қытай 
философиялық ойының басты философиялық принципі.



Антика философиясының Милет мектебінің алғашқы философиялық 
ілімдері, олардың натурфилософиялық сипаты. Фалес, Анаксимен
Анаксимандр. Элея мектебі. Парменид, Ксенофан, Зенон. Эфестік 
Гераклиттің диалектикасы. Пифагор: сандар туралы ілім. Софистер – 
даналыққа, асыл қасиеттерге және шешендікке үйретушілер. Протагор: адам 
– барлық заттардың өлшемі.
Сократтың этикасы. Дұрыс білімді анықтаудың Сократ ұсынған 
әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. Этиканың гедоникалық және 
киникалық мектептері. Диоген: адамды іздеу. Сократтың логикасы. 
 
Платон: мінсіз мемлекет туралы ілім; идеялар теориясы; еске түсіру 
теориясы; үңгір бейнесі.
Аристотель 
философиясының 
энциклопедизмі 
және 
оның
категориялар, материя және форма туралы ілімі. Аристотель логиканың 
танымдағы әдістемелік маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім – 
Аристотель этикасының негізі. Адам – саяси мақұлық. 
Эллинизм дәуірінің философиясы: грек демократиясының дағдарысы; 
Сенека, Эпиктет және Марк Аврелийдің стоицизмі. Эпикуреизм және 
неоплатонизм. Дінге ұмтылудың күшеюі және грек философиясының 
ақыры. 
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуының 
алғышарттары. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. 
«Таза ағайындардың» философиясы.
Әл-Ғазалидің алғашқы себепті рационалды түсінуді сынауы. Қожа 
Ахмет Ясауидің сопылық философиясы.
Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, 
пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып-білудің 
жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің 
энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, 
натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің ізгілік 
қаласы ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар классификациясы. 
Ибн Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. Жүсіп 
Баласағұнның адам және қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұд 
Қашғаридің 
түркі 
энциклопедиясы. 
Ортағасырлық 
араб-мұсылман 
философиясының Еуропаның ғылыми ойына айқындаушы әсері.
Ортағасырлық христиандық философияның сипаттық ерекшеліктері: 
схоластика, теоцентризм, формализм, бейтұлғалық, сенім мен ақылдың 
арақатынасы 
туралы 
пікірталас. 
Рим-католик 
шіркеуінің 
орталықтандырылған, экономикалық, идеологиялық және саяси қуатты 
ұйымға айналуы. Апологетика – христиандық көзқарасты философиялық 
құралдар арқылы негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, Татиан, 
Тертуллианның ілімдері – христиандықты философияға қарсы қою. 
Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері. 
Августин Аврелийдің құдай туралы ілімі. Теология ретіндегі 
философия. Универсалийлер туралы пікірталас.



Пьер Абеляр: ақыл-ойға жүгіну. Фома Аквинский: құдайдың өмір 
сүретіндігі туралы дәлелдерді негіздеу.
Қайта Өркендеу дәуірінің антропоцентизмі мен гуманизмі: Данте 
Алигьери, Франческо Петрарка, Колюччо Солютати, Лоренцо Валла
Марсилио Фичино, Пико делла Мирандола және Мишель Монтень. 
Философияның көркемдік-эстетикалық сипаты: Леонардо да Винчи.
Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары: Никколо 
Макиавелли, Томас Мор, Томмазо Кампанелла.
Ренессанс кезеңіндегі натурфилософия. Николос Кузанский, Николай 
Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей және Иоганн Кеплердің 
ілімдерінің ортағасырлық схоластикадан арылудағы рөлі. Дүниенің 
гелиоцентристік бейнесінің қалыптасуы.
Жаңа Дәуір философиясы. Фрэнсис Бэкон – эмпиризмнің негізін 
қалаушы. Танымның индуктивті әдісі; ғылыми қызметті логикалық тұрғыда 
жүйелеудің қалыптасуы. Идолдар туралы ілім.
Ренэ Декарт – «жаңа философия» мен жаңа ғылымның негізін 
қалаушы. Философияның пәні және ғылымның картезиандық концепциясы. 
Әдіс туралы ілім – философияның реформасы. 
Джон Локк – сыни-эмпирикалық дәстүрдің бастауы. Локктың таным 
теориясы. Д.Беркли: өмір сүру дегеніміз – қабылдану.
Д.Юм және «адам туралы жаңа ғылымды» құрастыру жобасы. Юмнің 
таным теориясы: «туа біткен» идеяларды және схолстикалық философиялық 
дәстүрдің негізгі ұғымдарын талдау.
Ағартушылықтың 
қалыптасу 
алғышарттары. 
Ағартушылықтың 
әмбебаптық сипаты. Ағартушылық қызметтің формалары мен түрлері. 
Француз 
Ағартушылығы 
«философиялық 
төңкеріс» 
ретінде. 
«Энциклопедистердің» ағартушылық идеяларды насихаттудағы рөлі.
Қазақ Ағартушылығының қоғамдық-саяси қалыптасу шарттары, оның 
еуропалық және орыс Ағартушылықтарынан ерекшелігі. 
Ағартушылық 
ойдың 
классикалық 
неміс 
философиясының 
қалыптасуына ықпалы. Иммануил Канттың трансценденталды философиясы 
– таным теориясы. Канттың субъектінің танымдық қабілеттерін сынауы. 
Адамның ақыл-ой заңдары мен ақыл-ой шекараларын анықтау. 
Антиномиялар туралы ілім. Канттың бұлжымайтын императиві – адамның
практикалық ақыл-ойының көрінісі. Канттың құқық философиясы.
И.Фихте: 
«Меннің» 
автономдығы». 
Адамның 
ойлауының 
шығармашылық табиғатын ашу.
Шеллинг: 
объективтілік 
пен 
субъективтіліктің 
барабарлығы 
философиясы – тіршілік атаулының бастапқы негізі. Өнер дегеніміз – ашылу. 
Вильгельм Гегельдің диалектика туралы ілімі. Гегель ғылыми 
категориялардың объективтілігі туралы. Абсолютті идея – біртұтас әлемдік 
ақыл-ой. Болмыс пен ақыл-ойдың тең келуі. Гегель логикасының ерекшелігі.
Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі. Махаббат діні 
теориясы. Карл Маркс:тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.



ХІХ ғасырдың классикалық емес философиясының қалыптасу 
алғышарттары 
(С.Кьеркегор, 
А.Шопенгауэр, 
Ф.Ницше, 
В.Дильтей,
Л.Фейербах, неокантиандық – Г.Риккерт, В.Виндельбанд, Э.Кассирер).
Феноменологиялық философия – әлеуметтік және ғылыми танымның 
теориясы мен практикасы. Постфеноменологиялық жобалар: философиялық 
герменевтика, философиялық антропология, экзистенциализм прагматикалық 
философия, аналитикалық философия, постпозитивизм, структурализм, 
постмодернизм, постмарксизм.
Орыс 
философиясының 
ерекшеліктері 
және 
дәстүрлері. 
Славянофилдық, батысшылдық және ресейлік марксизм. Л.Н.Толстойдың 
өмірдің мәні, адамгершіліктік өзін-өзі жетілдіру және зорлық көрсетпеу ілімі. 
В.Соловьевтің «жалпыбірлік» метафизикасы және «орыстық идеясы». 
Н.Бердяевтің персоналистік философиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет