экономикалық
және саяси тарихы, феодалдық экономикалық жүйе, қала сауда
орталығы ретінде, саяси институттар, мемлекеттіліктің түрлері, материалдық
және рухани мәдениет, ортағасырлық адамның діни өмірі мен дүниетанымы.
Пән
бағдарламасының
концепциясының
негізін
өркениеттік,
антропологиялық, аксиологиялық ұстанымдар құрайды. Өркениеттік ұстаным
негізінде ортағасырлық тарих өзіне тән сипатымен, материалдық және рухани
өмірінің
ерекшеліктерімен, әлеуметтік қатынастарымен жеке өркениеттер
тарихы ретінде сипатталады. Бұл ұстаным шеңберінде қоғам жүйелерінің басты
ықпалдастығы негізге алынып, жалпы, мәдени-тарихи кеңістіктегі ортақ бірлігі
ескеріледі.
Антропологиялық ұстаным, ортағасырлық қоғам тарихының қазіргі
кезеңнен сипаттық ерекшелігін, өзге уақыттық-кеңістік бірлікті, дәуір, өркениет,
формацияны қарастырады. Адамның уақытына сай өзіндік дүниетанымының
ерекшелігін қарастырады, микро-макро топтардағы қарым-қатынастар,
күнделікті өзін-өзі ортада ұстауы зерттеледі. Бұл жағдайда зерттеу орталығында
адам – индивид – ортағасырлық қоғам өкілі ретінде өзіне тән дүниетанымы мен
менталитетімен қарастырылады.
Аксиологиялық таным – ортағасырлық адамдардың материалдық және
рухани құндылықтарын зерттеуге бағытталған. Ортағасырлық адамдарды, өзге
өмірлік құндылықтары мен мүдделері бар өзге
дәуірдің өкілдері ретінде
қарастыру. Аталған ұстанымдардың бірлігі ортағасырлық тарихты зерттеуге
бағытталады. Ең алдымен ортағасырлық адамдардың ішкі дүниесі, өзге
адамдармен қарым-қатынасы, ортағасырлық тарихтың ерекшелігі, және бұл
ерекшеліктер индустриалды және постиндустриалды қоғамның әлеуметтік
жүйесіне сия бермейді.
Орта ғасырлар тарихы пәнінің өзге ғылым мен пәндерден ерекшелігі. «Орта
ғасырлар тарихы» пәнінің өзге тарих пәндерінен ерекшелігі генезис тарихымен
байланысты, феодализмнің гүлденуі мен құлдырауы,
Батыс Еуропа елдеріндегі
капиталистік қатынастардың бастапқы кезеңі, Орталық Еуропа мен Византия
империясының елдері, орта ғасырлар тарихының кезеңдері, Батыс Еуропалық
мемлекеттіліктің эволюциялық формалары, халықаралық қатынастардың
сипаты, өркениеттік
дамуының ерекшеліктері, конфессиялық және мәдени
дәстүрлер.
Ғылым дамуының қысқаша тарихи жолы, оның негізгі сатылары.
Ортағасырлар дәуірінің ағартушылары. Романдық-германдық мәселе, оның
тағдыры. Романтиктердің ортағасырлар тарихы мен мәдениетін асыра бағалауы.
Эволюцияшылдық және орта ғасырлар тарихын зерттеу. Марксизм және
медиевистиканың
эволюциясына
ықпалы.
Циклдық
теориялар,
медиевистикадағы томаға-тұйық өркениеттер. Л. Ранке, О. Шпенглер, А.
Тойнби. Медиевистика терминінің пайда болуы мен эволюциясы.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы медиевистика. «Құлдар революциясы» теориясы.
Медиевистиканың қазіргі жағдайы,
ұстанымдары, зерттеу сатылары, өзектілігі.
Аз зерттелген мәселелері, өндірістік күштердің өсуі, ортағасырлық мәдениеттің
сипаты, феодализмнің көпварианттығы, феодалдық қоғамның алғышарттары мен
қалыптасу себептері, феодализмді комплексті және жүйелі зерттеу қажеттілігі.
Қазіргі таңдағы медиевистика саласының алдында тұрған міндеттер мен
мәселелер.
Достарыңызбен бөлісу: