«5В020400 – МӘдениеттану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет60/379
Дата23.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#127811
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   379
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
 
 
 


34 
 
Est 1204 – ЭСТЕТИКА 
 
Көлемі 3 кредит 
 
 
Авторлар: 
Көбекова Б.К.
 – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға 
оқутышысы  
 
 
Пікір жазғандар:
 
Сағикызы А.
 – философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ ҒК 
философия, саясаттану және дінтану институтының доценті  
Әбдіғалиева Г.Қ.
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану 
факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 
профессоры,  
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Эстетика»  пәні  бойынша  Типтік  оқу  бағдарлама  5В020400  – 
Мәдениеттану мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылған. 
Қазіргі  уақыт  өркениеті  жағдайында  ақпараттық  құралдардың  адами 
құндылықтар  мен  мұраттарды  анықтауға  тигізетін  үлкен  әсері  тұсында 
кемелділік  мұраты,  бейнесі,  өнер  философиясы  ретінде  эстетика  түгелдей 
өзгеріске  ұшырап  отыр:  пайда  болу,  өнердің  тарихи  морфологиясы,  өнер 
дифференцияциясының  ұлғаюы  мен  жаңа  түрлерінің  туындауы,  барлық 
көркем  мәдениеттің  көркем,  әлеуметтік,  этнологиялық  және  т.б.  қабаттарға 
бөліну мәселелері. Адамзаттың эстетикалық дамуы барысында сонау Ежелгі 
Греция заманынан бері қаралатын және талқыланатын өнерді жіктеу мәселесі 
өзіне  әрдайым  зерттеушілік  пен  педагогикалық-білім  берушілік  назар 
аударып  отыруды  талап  етеді,  себебі  өнер  жүйесіне,  яғни  әлемді  танудың 
бейнелік  саласына  компьютерлік  өнерді  де  қосқанда  көптеген  жаңа  өнер 
түрлері  еніп  келеді,  олар  уақыт  өткен  сайын  өзіндік  ерекше  көркем-бейнелі 
табиғатын табады. Әрине, өнердің жаңа түрлерінің туындауы компьютерлік 
технология  құралдары  арқылы  үйлесімді  түрде  әлемдік  ақпараттық  желіге 
кіріп отыратын, адамдардың көп бөлігінің сезім, ой және ерігіне әсер етудің 
жаңа  мүмкіндіктерін  ашу  қажеттілігін  туындатады.  Ал  эстетикалық 
құбылыстарды  зерттеу  мен  туындауына  деген  мәдениеттанулық  және 
іскерлік  ыңғайлар  эстетикалық  және  шығармашылық  мәселелер  арқылы 
эстетиканың  шекараларын  кеңейтті,  әсіресе  көркемдік  және  эстетикалық 
қызметтің заңдарын қарастыру мен негіздеу.  


35 
 
Осыған  қарай  кемелділік,  сұлулық  туралы  адамзат  тарихындағы  орын 
алған  көзқарастарды  салыстыра  зерттеу  өте  өзекті  мәселе.  Өйткені 
эстетикалық  қатынастар  мен  байланыстар  континуумы  белгілі  бір  мәдени-
әлеуметтік  кеңістікті  құрайды,  ал  Кант  айтпақшы,  эстетикалық  пайымдау 
қабілеті тек қана мәдени нәтиже емес, оны қозғаушы, дамытушы күштердің 
бірі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   379




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет