3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.
3.3 Пәнді оқытудың міндеттері:
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері;
Әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері;
Әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері;
Әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары;
Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.
3.4 Курс аяқталған соң студент:
Студенттерге жан-жақты, тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі;
Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;
Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі;
Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді;
Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді;
Әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді;
Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;
Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;
Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді;
3.5 Курстың пререквизиттері
1.7.1 Әдебиеттануға кіріспе;
1.7.2 Халық ауыз әдебиеті;
1.7.3 Ежелгі дәуір әдебиеті;
1.7.4 Қазақ әдебиетінің тарихы.
3.6 Курстың постреквизиті:
1.8.1 Әдебиет теориясы;
1.8.2 Қазақ әдебиеті сынының тарихы;
1 Кесте – Оқу жоспарынан көшірме
Достарыңызбен бөлісу: |