4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. 1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.) оның мазмұы-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.
|
2
|
1,5,10,11,13
|
5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Сөз өнері туындаларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы. Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі табиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі.
|
2
|
1,2,3,4,5,11
|
6. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері.
1) Шығармашылық оқу әдісі
2) Эвристикалық оқу әдісі
3) Зерттеп оқу әдісі
4) Репродукитвтік оқу әдісі
Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.
|
2
|
1,5,10,11,13
|
7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебитінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары.
|
2
|
1,5,8,9,12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |