Жүйелілік біліктіліктері: -
кәсіби-бағытталған мәтіндердің ауызша және жазбаша қызметтік
ерекшіліктерін білу;
-
кәсіби және іскерлік байланыс барысында қабылданған құжаттану
негіздерін тәжірибе тұрғысынан меңгеру (бағдарлама шеңберінде);
-
халықаралық кәсіби және ғылыми қарым-қатынас жағдайларында
стратегиялар мен коммуникативті іс-әрекет заңдылықтарын білу керек;
Пәндік біліктіліктер: -
кәсіби тақырып бойынша ауызша тілді ( монолог, диалог) ұға білу;
-
мамандық туралы талқылауларға белсене қатысу;
-
кәсіби тақырыпта ауызша хабарламаларды даярлау, оның ішінде
мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби-іскерлік, ғылыми
қарым-қатынас жағдайында әр түрлі белгілер жүйесінде (мәтін, кесте, график,
диаграмма, аудиовизуальды кадр және т.б.) жасалған ағылшын тіліндегі
дереккөздерден қажетті ақпараттарды ала білу;
-
қажет жағдайда сөздікті қолдана отырып, мамандық бойынша
мәтіннің негізгі мазмұнын аннотациялау, туған тілде және қысқаша баяндау;
-
типтік стандарттағы кәсіби бағдарлы міндеттерді шеше білу.