24
ЕОК 1203 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Көлемі - 3 кредит
Авторлары:
Кәрібаев Б.Б. – тарих ғылымының докторы, Қазақстан тарихы
кафедрасының профессоры
Ноянов Е.Н. – тарих ғылымының кандитаты, Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті
Пікір жазғандар:
Қожакеева Л.Т. – тарих ғылымының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің профессоры
Қалыш А.Б. – тарих ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«
Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан» курсы - 5В020800
Археология және этнология мамандығының
бакалавриат студенттеріне
арнайы базалық пән болып саналады. Қазақстан даласы ертеден Дала
өркениетінің тарихи негізін құрайды. Курстың басты идеясы еуразияшылдық
тұжырымның қазіргі уақытта жаңа ой мен жаңа мән-мағынаға ие болғандығы,
оның әлеуметтік бағытта өзектілігін әрі өміршеңдігін айқындалып
отырғандығы туралы түсінік болып табылады.
Еуразиялық идея сантарапты,
ежелден Қазақстан аумағында қалыптасқан мәдени
және этностардың өзара
байланыстағы дамуы мен түрлі тарихи өзгерістердің ұғымын құрайды. Қазақ
этносы мен қазақ мемлекеттілігі, өз тамырын ежелден алып қазақ халқының
бірігуіне ықпал еткен этникалық территориясының тұтастығын құраған, қазақ
халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуынан тұратын ұзақ
тарихи дамудың қорытындысы болып табылады.
Бұл курс Қазақстанның ежелгі және
орта ғасырлық тарихының
этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерін зерттеуге
бағытталған. Аталмыш пән қызықты және дәлелді ақпараттарды
жүйелендіреді, сондай-ақ, өзіне тән
тарихи ғылыми негізге құрылып, тарихи
танымның деңгейін айқындайды.
Мұндай ұстаным әлемдік деңгейдегі білімі
бар және отандық тарих ғылымының зерттелуі мен дамуынындағы
міндеттерді ойдағыдай шеше білетін қазіргі
талаптарға сай мамандарды
дайындауға жауап береді.
Пәннің пререквизиттері адамзаттың ең ежелгі дамуы және әлемдік
өркениеттердің тарихы болып табылады.
Пәнді меңгеру барысында дүниежүзі тарихы, теориялық этнология
пәндерін оқу барысында алынатын білім қажет.
Типтік бағдарламаның әр бөлімі Қазақстанның ежелгі және
ортағасырлар тарихындағы ғылыми жетістіктерінің дамуын қамтиды, сонымен
25
қатар қазақстандық тарихи-шығыстанушылық
мектептің қалыптасу
мәселелерін көрсетеді.
Курсты меңгеру барысында студенттер:
-
тарихи эволюцияның заңдылықтарын, Қазақстан территориясындағы
ежелгі және ортағасырлардағы тарихи үдерістердің оқиғаларын,
негізгі
кезеңдерін білуі тиіс;
-
тарихи ұстанымға негізделген тарихқа баға беруді, тарихи білімнің
тұжырымдық және қолданбалық тұстарын ажырата біліп,
кәсіби деңгейде
қолдануды жасай алуы тиіс;
-
тарихи деректерді талдай білуі және тарихи картаны толық меңгеру,
баяндама жасау және ауызша материалдарды дұрыс айту дағдысы болуы тиіс;
-
семинар сабақтарына дайындалу барысында ғылыми әдебиеттерге
өзіндік және сыни көзқарасын білдіре алу дағдысы болуы тиіс;
-
ғылыми зерттеу үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды
қолдану, қазіргі кездегі археология және этнология ғылымының дамуындағы
заңдылықтар мен тенденцияларды білу құзіреті болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: