Практикалық мақсаты күнделікті және академиялық қарым-
қатынастың нақты жағдайларында, сондай-ақ кәсіби қатынастарға тән
жағдайларда ағылшын тілін пайдалана алу болып табылады.
Бағдарламаның оқу-танымдық мақсатына студенттердің танымдық
қызуғышылықтарын ынталандыру, олардың когнитивті қабілеттілігін дамыту,
танымдық қызметінің стратегиясы мен тәсілдерін оқу жұмысының ағылшын
тіліндегі икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру жатады.
Бағдарламаның білім беру мақсатына берілген мамандық бакалаврының
жалпы мәдениеті мен ой-өрісін кеңейту жатады.