Сабақтарынан «Түлга психологиясы», «Қарым-қатынас»



бет1/7
Дата01.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137560
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психологиялық кеңес туралы


Осы тэрізді тағы бір психологиялык тэсіл - хат жазу. Хаттың бірнеше түрлерін пайдалануға болады: «Сен ешқашан алмайтын хат», «Менің бүган дейін айтпай келгендерім», «Қарсылық хаты», «Өзімнің «Менімнен» хат». Аталған психотехникалық тэсілдерді психология сабақтарынан «Түлга психологиясы», «Қарым-қатынас», «Эмоциялар мен сезім», «Қабылдау» тақырыптарын қарастырғанда пайдалану мүмкіндіктері бар. Бүгінгі жастарда күнделіктің тағы бір түрі кең тараған. Біз өз зерттеуімізде мұндай күнделікті де назардан тыс қалдырған жоқпыз. Бұл күнделіктің ерекшелігі оған студентпен жақын араласатын, не курстас, топтас қүрбы-қүрдастары туралы мэліметтер жинақталады. Мэліметтердің ішінде олардың эрқайсысының туған күндерінен бастап, нені жақсы көретіндігі, ұнататындығы, керісінше, үнатпайтындығы туралы пікірлер, күнделік иесіне арналған тілектер сияқты қарым-қатынас үшін аса маңызды көптеген мэселелерді табуга болады. Осындай жүмыстарды психология сабақтарында жүйелі үйымдастыру студенттердің психологиядан танымдық іскерліктерін арттыратыны сурет 1- де көрсетілген



Сондай-ақ, психологиялык кеңес беруді оқытуда қолдану мэселесін шешудің бір жолы ретінде педагогикалық мамандықтар үшін «Жеке адам жэне түлгалық осу» атты арнайы курс ұйымдастырылды. Арнайы курстың мақсаты -болашақ педагогтардың өмірі мен мамандыгы үшін аса қажетті өзін-өзі тану, өзінің даму деңгейін орынды бағалау, жеке түлғалық потенциалдарын пайдалана алу, түлға психологиясы туралы теориялық біліммен қаруландыру жэне оны қолдану іскерлігіне баулу (кесте-2). Бүл максатқа жетуде келесі міндеттер шешімін тапты:

студенттердің психология пэні көлемінде алған білімдерін жетілдіру, түлға психологиясы туралы білімін кеңейту;

студенттердің өзін-өзі тануы мен түсінуін, өзін орынды бағалауын қамтамасыз ету;

басқа адамдарды танып білуге деген қажеттіліктері мен икемділіктерін қалыптастыру жэне дамыту;

- өмірлік жоспарларын қалыптастырып, құндылық бағыттарын түзету;

- болашақ маманға қажетті кэсіби маңызды сапалар мен икемділіктерді (рефлексия, сезімталдық, жауапкершілік, эмпатия) қалыптастыру.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі гылыми болжамына сай психологиялыц кеңес беру тәсілдері студенттердің психологиялык білімді меңгеру сапасын көтерумен бірге, кэсіби даярлығын арттыратындығы жэне тұлғалық даму деңгейін көтеріп, алған білімдерін өмір тэжірибесінде қолдана білу қабілеттерін жетілдіретіндігі эксперименттік жүмыстардың мазмүны мен жүйесін анықтауга негіз болды.

Сонымен, эксперименттік жүмыстарды жүргізудің төмендегідей міндеттерін белгіледік:

1) студенттердің психология пэніне қатынасы мен пікірлерін білу;

2) жоғары мектептегі оқу эрекеттерін меңгеру мен дүрыс үйымдастыра білу
қабілеттерін тексеріп көру;

3) студент жастардың өзін-өзі қалай бағалайтынын анықтау;

4) жоғары мектеп жағдайындағы психологиялык білім беруде студенттердің
болашақ кэсібіне дайындалу деңгейлері мен көзқарастарын нақтылау;

5) студенттердің жеке түлғалық дамуы мен өсуіне қаншалықты мэн
беретіндіктері мен түлғалық потециалын пайдалана алатындықтарын зерттеу.
Осы міндеттерді шешу мақсатында психологиялыц кецес беру тәжірибесгнде
бүған дейін сыннан өткізіліп, сенімділігі дэлелденген зерттеу әдістерін таңдап
алдық. Психологиялык кеңес беру тэсілдерін психология пэні сабақтарының
көлемінде қолданудың тиімділігін дэлелдеу үшін аталған эдістер зерттеу
кезеңінің басында жэне аяғында жүргізіліп, алынған нэтижелер таразыланып
отырды. Салыстырмалы көрсеткіштердегі айырмашылыцтар эксперименттік
топта психологиялык кеңес беру тэсілдерінің колданылуы нэтижесінде
көрінетін төмендегі көрсеткіштермен сипатталды:

1) студенттердің психология пэніне қызығушылықтары мен
психологиялык білімдерін арттыруға деген қүлшыныстарының оянуы;

2) жоғары білім алудың мэні мен мазмүнын түсіне отырып, оку эрекеттерін
тиімді үйымдастыру қабілеттерінің артуы;




3) жас ерекшеліктері мен болашақ кэсібіне сай өзін-өзі орынды бағалауға

қол жеткізуі;

4) кэсіби мотивациясының жоғары деңгейін қалыптастыру, ол үшін студенттің алып жатқан мамандығының психологиялық қыр-сырына түсінуі;

5) студент жастардың түлғалық белсенділігінің көтерілуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі.

Алдымен біз студенттердің психология пэніне қатынасын анықтайтын сауалнама үйымдастырдық. Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Рюлон формуласы мен Спирмен-Браун формуласы негізге алынды. Зерттеуге I - III курстарда оқитын 286 студент (заң, экономика жэне құқық негіздері, қазақ тілі мен эдебиеті, шет тілі, аударма ісі, математика, физика, бастауыш мектеп педагогикасы мен эдістемесі, жаратылыстану мамандықтары) қатысты. Студенттердің жауаптарын саралай отырып, психологиялық білімнің болашақ маман үшін маңыздылығы мен психология пэнін тиімді үйымдастырудың (психологиялық кеңес берумен байланыстыру) қажеттілігі қазіргі заманғы көкейкесті мэселе екендігіне көз жеткіздік.

Зерттеу міндеттеріне сай психологияны оқытуда оқытушыдан тэжірибелік қолдау күту бағытындагы пікірлерге екі топтағы студенттер де қарсы еместігін, нақтырақ айтқанда «эрине солай» жауабын көрсетті. Бүл нэтижелер психологияны оқытуда кеңес беру тэсілдерін қолдануды зерттеуді батылырақ бастауға негіз болды.

Студенттердің жоғары оқу жағдайына бейімделуін анықтап, бүл процессті жеңілдету мақсатында студенттердің оку іс-эрекетіне қатысты қандай стильді қолданатынын тексердік. «Түлгаиыц оқу іс-әрекетіне цатысты автономдъщ-тәуелділік сипатын анықтау» эдістемесі Г.С.Прыгиннің «автономды» жэне «тэуелді» оқушыларды анықтауға арналған арнайы тест сауалнамасының көмегімен орындалды. Бүл эдістемені студенттердің оқу іс-эрекетіне қатынасын білу үшін таңдап алғанымыздың бір себебі аталған әдістемені қолданушылардың пікіріне қарағанда валидтілігі өте жоғары, эрі сенімділігі дэлелелденген.

Сауалнаманы жүргізудегі мақсат - студенттердің эрі түлға, эрі іс-эрекет субъектісі ретіндегі маңызды сапаларының (жауапкершілік, дербестік, өзіне¬өзінің сенімділігі, т.б.) қалыптасу деңгейлерін анықтап, психологиялық кеңес беру тэсілдерін ұйымдастыруда осы нэтижелердің оң өзгерістеріне мэн беру. Алғашқы тексеруде барлық көрсеткіштер бойынша екі топта да айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. Екеуінде де тэуелді стильдің басым болуы бізді алғашында таңырқатқанымен, себебін тез түсіндік:

- психология пэні көптеген мамандықтардың оку жоспарына сай I - II семестрлерде жүргізілетіндіктен, студенттердің жаңа оқу жағдайына бейімделу уақытына дэл келеді;

- мектептегі соңғы оку жылында бірыңғай үлттық тестілеуге дайындалу үшін мұғалімдердің айтқанынан шықпау дагдысы қалып қойган.

Келесі жүргізілген эдістеме - К.Замфирдің «Кэсіби іс-эрекет мотивациясы» (модификациялаған А.Реан). Мотивацияның бағыты түрткілердің арақатынасына байланысты анықталады: IT (ішкі түрткілер) > СОТ (сырткы оң түрткілер) > СТТ (сыртқы теріс түрткілер). Мұндағы ең нашар нэтиже беретін тип : СТТ > СОТ > IT.

Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей эксперименттік топта жүйелі ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру тэсілдері студенттердің болашақ кэсіби іс-эрекетке байланысты мотивациясының дүрыс бағытта қалыптасуына ыкпал еткендігі дэлелденді.

Зерттеуге қатысқан студенттердің кэсіби мотивациялары нақты бір кэсіппен айналысып жүрген мамандарга берілетіндей мінездемені қажет етпейді. Біз бүл эдістеме бойынша студенттердің болашақ кэсібіне психологиялык даярлығын камтамасыз ету мақсатында қолдандық. Айта кететін жайт, эсіресе «Бастауыш мектеп педагогикасы мен эдістемесі» мамандығының студенттері өз мамандықтарына көп ықылас байқата бермейтін, ал арнайы жүргізілген жүмыстардың нэтижесінде оларда басқа мамандықтарга Караганда тіпті жогарырақ нэтижелерді аңгардық.

Кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау студенттердің таңдаган кэсіби іс-эрекеттеріне байланысты мотивациясында байқалған негативті түрткілерді түзетуге негіз болды. Психологиялык кеңес беру жаттыгуларынан кейін оң өзгерістердің пайда болуы біз күткен нэтижелерге жетуге мүмкіндік берді: ішкі түрткілердің орнығуымен бірге сыртқы оң түрткілер пайызы арта түсті. Бүл студент жастардың болашақ мамандығына деген оң көзқарасын бекіте түсуге көмектескені сөзсіз.

Сурет-2-де студенттермен зерттеу барысында ұйымдастырылған студенттердің психология пэніне қатынасын анықтау, түлганың оку іс-эрекетіне қатысты автономдық-тэуелділік сипатын анықтау жэне кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау эдістерінің нэтижелеріне қарай алынған өзгерістер бейнеленген.

Бакылау тобына Караганда психологиялык көмекті психологиялык біліммен бірге ала алған эксперименттік топтағы студенттердегі психологияға қызығушылық таныту, оқудағы белсенділіктерінің артуы мен кэсіби бағдарының нығаю көрсеткіштері бір жарым есеге көтерілгендігі байқалды.





Келесі өзін-өзі бағалау эдісінің көмегімен студент жастардың өз-өзіне сенімділігі мен айналасындағылармен қарым-қатынастағы өзіндік орнын нақтылай отырып, психологиялық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін қолдану мақсаты анықталды. Әсіресе 1 курс студенттерінде өзін-өзі бағалаудың төмен болатыны байқалып, арнайы ұйымдастырылған жаттығулар арқылы өзін орынды бағалау деңгейіне көтеру жолдары белгіленді.

Студенттермен үйымдастырылған психологиялық кеңес беруде олардың өзіне-өзінің сенімділігін қалыптастыруға ерекше мэн берілді. Психологиялық мазмүны жағынан түлганың өзіне-өзінің сенімділігінің қалыптасуы өзін орынды бағалау, яғни адамдар арасындағы, өмірдегі өзінің алатын орнын білуіне тікелей тэуелді болады. Біздің тэжірибемізде студенттердің жеткен жетістіктері өзін бағалаудың адекватты сипатының артуымен анықталып отыр.

Студенттердің түлғалық даму белсенділіктерін арттыра отырып өзін-өзі орынды бағалауға жетуі олардың жеке түлгалық бағыттары мен тұлгалық даму тенденцияларында пайда болатын өзгерістерден көрінеді. Сондықтан, біз келесі эдістерді - түлғаның бағыттылығын зерттеу әдісі мен түлғалық даму тенденцияларын анықтау эдістерін таңдап алғандағы мақсатымыз -психологиялық кеңес беруді тиімді ұйымдастыру арқылы студенттердің түлғалық дамуына ықпал ету болатын. Зерттеу түлганың мынадай көрсеткіштерін қарастырды: адамның жеке түлғалық бағыттылығы, іскерлік бағыттылығы жэне ұжымдық (бірлескен іс-эрекетке) бағыттылығы. Түлғалық даму тенденцияларын зерттеу эдісін қолдана отырып психологиялық кеңес беру тэсілдерін қолдану тиімділігінің жоғары нэтижелеріне қол жеткізе алдық. «Мен» жэне «Мен қандай болғым келеді» көрсеткіштері арасындағы қатынастарды анықтау арқылы студент жастардың тұлғалық жэне кэсіби дамуында болған оң өзгерістерді зерттеу эдісінің сенімділігі /?=0,86 тең болғандықтан, дэлелді деп санауға мүмкіндік туды. Бүл өзгерістер өз кезегінде студенттердің түлғалық дамуына, өзін бағалауының адекваттылығына жэне сол арқылы өзіне-өзінің сенімділігінің қалыптасуына ықпал еткенін келесі суреттен байқауға болады
Сондай-ақ, психологиялық кеңес беру тэсілдері студенттердің психология пэнінен оқу үлгерімдерінің артуына да ықпал етті. Үлгерім көрсеткішіне студенттердің модульдық рейтинг бойынша балл мөлшері мен емтихан багалары алынды 
Эксперименттік жүмыстың нәтижелері көрсеткендей бақылау тобы мен эксперименттік топтағы салыстырмалы талдау психологиялық кеңес беру тэсілдері қолданылмаған бақылау топтарына қарағанда эксперименттік топтардағы келесі өзгерістерді көрсетіп, белгіленген болжамдарды дэлелдеп берді: студенттердің психологиялық білімге деген қызығушылығы мен қажеттілігі кеңейді; студенттердің өзіне-өзінің сенімділігі нығайып, түлгалық дамуында сапалы оң өзгерістер пайда болды; болашақ мамандығына қажетті психологиялық білімдері тереңдеп, кәсіби дайындықтары жетіле түсті; психология пэні бойынша білім сапасы артып, студенттердің оку

үлгерімдерінде айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты; психология пэні бойынша ғылыми жұмыстар орындауга тілек білдірушілердің саны көбейіп, психология пэнінің курстары студенттердің таңдауы бойынша қажетті пэнге айналды.

Қорытынды

Психологияны оқытуда психологиялық кеңес берудің эдіс-тэсілдерін пайдалану қажеттігі жоғаргы мектептің қазіргі заманғы талаптарынан туындап отыр. Психология пэні жоғаргы оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының біріне айналды. Коп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Психология пэнін студенттерге меңгертуде жоғарғы мектептің психология пэнінің оқытушысы тек педагог қана емес, психолог маман сапасында да көріне білуі біз мэн беріп отырған қазіргі заманғы маманды даярлауда басты рөл аткарары анық. Сонымен, «Психологиялық кеңес беру тэсілдерін окыту үрдісінде колдану» тақырыбындыгы зерттеу жүмысымызды қорытындылай келе, мүмкін болган нэтижелерді атап отсек:

- оқыту теорияларының психологиялық мэселелерін зерттеу психологияны окытудың міндеттеріне осы ғылымның тэжірибелік мүмкіндіктерін қолдану қажеттігін анықтап берді;

- психологиялық кеңес беру іс-эрекетінің теориясы мен тэжірибесіне жасалған талдаудың нэтижесінде психологияны оқыту процесінде қолдануға келетін тэсілдері анықталып, эдістемелік негіздері құрастырылды;

- эксперименттік зерттеулер психологияны оқыту эдістемесіне психологиялық кеңес беру тэсілдерін енгізудің жолдары мен мүмкіндіктерін анықтап берді;

- болашақ мамандардың түлгалық жэне кэсіби даярлығының сапасын көтеруге бағытталган (психология пэнінен) эдіс-тэсілдер, жаттығулар мен тапсырмалар жэне оқу бағдарламалары қүрастырылды. «Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар» оқу-эдістемелік құралы шыгарылды;

- студенттердің өз қалауы бойынша психологиялық білімін көтеруіне негізделген «Жеке адам жэне түлғалық осу» проблемасы бойынша арнайы курстың жүмыс жоспары мен эдістемелік жүйесі жасалды.

Психологиялық кеңес беру тәсілдерін қолдану туралы ұсыныстар:

1) психология пэні сабақтардында мазмүны мен мақсатына қарай кеңес беруді ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырып отыру қажет;

2) студент жастардың психологиялық сипаттағы проблемаларының шешілуі назардан тыс қалмауы керек, ол үшін оқытушыдан жоғары психологиялық кэсіби тэжірибе талап етіледі;

3) студенттерге психологиялық білімді өмірде қолдануға үйрету психология пэні оқытушысының басты міндетіне айналғаны дұрыс болады;

4) «Жеке адам жэне тұлгалық осу» арнайы курсын барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарына енгізген жөн.

22

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер

1 Психологиялык көмек - төменгі курс студенттерінің жоғары оқу орнында оқуға бейімделуінің қажетті шарты // Университет - образовательный и культурный центр: ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы. - Еуразия университете 1999. - Б. 176-177.


2 Болашақ маманның іскерлік дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың психологиялык ерекшеліктері // Горизонты университетского образования: ІҮ гылыми-эдістемелік конференция материалдары. -Астана, 2000. - Б.81-82.

3 Түлғалық өсуді ұйымдастыру мен басқарудың психологиялык негіздері // Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасын жетілдіру мэселелері: республикалық ғылыми-эдістемелік конференция. - Астана, ЕАГИ, 2000. - Б.70-73.

4 Психологиялык кеңес беру мен психологтың тұлгалық қүрылымында патриотизмнің алатын орны // Патриотизм: тарихы, тэжірибесі, болашагы: республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Астана: ЕАГИ, 2001. - Б.310 - 316.

5 Студенттің тұлғалық дамуы мен кэсіби даярлығын арттыруда психологиялык кеңес берудің атқаратын ролі // Ұлттық университеттің айрықша мэртебесі жэне студент түлғасының қалыптасу, даму, кэсіби орнығу мэселелері: гылыми конференция жинағы. - Алматы: эл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2002.-Б. 106-108.

6 Өзін дамытудың мақсаты мен міндеттерін айқындауда психологиялык кеңес беру тэсілдерін пайдалану // Подготовка учительских и научно-педагогических кадров в условиях негосударственного сектора образования: халыкаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинагы. -Астана, ЕАГИ. - 2003. - Б. 184-186.

7 Жас мамандардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру // Қазақстан мектебі. - 2003. - № 4. - Б.15-17.

8 Психология пэнінің тәрбиелік мэні //Үздіксіз білім беру жүйесіндегі түлғаның дамуы жэне тэрбиелеу: республикалық ғылыми-практикалық конференция жинагы. - Астана: ЕАГИ, 2004. - Б. 129-131.

9 Психология пэні оқытушысының кэсіби мүмкіндіктері // Гылым мен білім беру - «Қазақстан-2030» стратегиясының жетекші факторы: халықаралық гылыми конференция жинагы. - Караганды, 2004. - Б. 17-20.

10 Психологияны оқытудың жоғары оқу жағдайындағы білім беруде алатын

орны мен мүмкіндіктері // Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы. - 2004. -

№2.-Б.201-205.

11 Психологияны оқытуды ұйымдастырудың болашақ кэсіби маманды

дайындау сапасына ықпалы // Еуразия гуманитарлық институты Хабаршысы. -

2004. - №3. - Б. 198-204.

12 Психологиялық тэжірибенің кейбір түрлерін психологияны оқыту

процесіне енгізу // Ұстаздарды дайындаудағы педагогикалық инновациялар:

халықаралық ғылыми-практикалык конференцияның материалдары. - Тараз,

2005. - Б.5-9.

13 Психологиялык көмек - жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.


Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды. Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестік те» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- білім алуға және оны меңғеруге тырысу;
- таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;
- бос уақытын пайдалана білу сипаты;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және оқуға жағымды қатынасы;
Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

  1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

  1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

  1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

  1. Өзін — өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
2. Психолог баланың  психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.
3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады.
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .
Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет