Жұмыс бағдарламасы Қолдану саласы
2. Нормативті сілтемелер
3. Жалпы ережелер
4. Әдебиет және қорлар
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
8. Курс форматы
9. Курс саясаты
10. Баға қою саясаты
11. Студенттер білімін бақылау
12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі
Қолдану саласы
«Этнолингвистика» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В050200» – «Фразеологизмдердің лингво - мәдени ерекшеліктері» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.
Нормативтік сілтемелер
Осы «Этнолингвистика» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:
«5В050200» – «Этнолингвистика» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 , ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы «3» 08 №__ бұйрығымен бекітілген.
Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».
Жалпы ережелер
Оқытушының тегі, аты, жөні – Сейітова Шынар Ботайқызы, филология ғылымдарының докторы, доцент.