«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет17/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
Тобылғы. Сабағының өте мықты болуына байланысты одан малшылар қамшының сабын, әсемдік қолөнер бұйымдарын жасайды. Мысалы, тобылғының қабығы қызыл, одан қамшы сап, құсқа тор жасалынады, май алынады. Қабағын сыдырып жебе де жасайды. Бұл бір қасиетті ағаш, мұны алыс жерге барғанда базарлық ретінде сыйға тартады.
Тобылғының қасиетін жақсы білген оған жынқумас, құсқонбас, шайтанкелмес деген бірнеше ат қойған халқымыз барынша тырысып бағу, жоқтығын, қолынан іс келетін-келмейтіндігін сыртқа білдірмеу мағынасын беретін тобылғы ұялғанынан қызыл болыпты және сапасына байланысты тобылғыны қатты деп, қамшыға сап қылады, көреген жігітті әккі деп, қосынға бас қылады деген тұрақты тіркесиер қалыптасқан. Бірінші тіркеске оның түсі, екінші тіркеске оның қасиеті негіз болған.
Сондықтан үйге жын-сайтан ұяламайды деген сеніммен төрге, бүктей іліп қоятын қамшыға сап ретінде алынуы тегін емес.
QamIancu (7. МК. ІІІ, 242) деген қала атауында «қам шаман» сөзі сақталған. QamIancu – топонимі шаман өнерін көрсететін жер [9]. Бақсы, жыршы, күйшілердің атасы саналатын, қобызды және қобызда ойналатын күйлер шығарған Қорқыттың жақын аталарының бірінің аты Қам болса керек. Қам, шаман мақсатына қарай өнерін көрсетіп, жаны басқа әлеммен астасқан кезде ұршыққа иіріліп, қолына шыбыртқы алып ойнайтын болған [10].
Орта ғасыр түркі тілдерінде, сондай-ақ қазіргі туыстас тілдің кейбірінде (тува, тофалар, алтай, сары ұйғыр, хакас, т.б.) «қам», «бақсы» дегенді білдіреді. Мысалы, КамҒа қан сыдабас (царю не совладать с шаманом); чын олорду кам албас, торо олорqу nai албас (истинно умирающего шаман не спасет) [11]. Қарайым тілінде де қамшы сөзі «шаман» мағынасында жұмсалады. Бұл сөздің түбірі қам, ал –шы егінші тәрізді сөздерде кездесетін сөз тудырушы жұрнақ. Қам+шы/қамшы [12]. Ал бақсы өзі бара алмаймын жерге қамшысын беріп жіберетін кездері де болған. Сөйтіп, «қамшы» сөзі бірте, бірте әрі «бақсы», әрі «шыбыртқы» мағынасында қолданыла бастаған деп көрсетеді Н.Уәлиев [13]. Шаманның негізгі мақсаты адам бойындағы үйелеген, мекен еткен жерін жайлаған жын-шайтанды (өзге әлем кейіпкерлерін) қуалау. Бұл үдерісте қамшының атқаратын қызметі – сол жын-шайтандарды ұрып-соғып аластау. Сондықтан тобылғы-шайтанкелместің сап ретінде алынуының түп тамыры тереңде, халық сенімінде жатыр.
Көріп отырғанымыздай, сөздік мақаласында басы артық сөз жоқ, фактілер ғана осылай берілгені жөн.
Еңсоңғы айтылар сөз: этнолингвистика — болашағы зор ғылым саласы. «Мың өліп, мың тіріліп» келе жатқан қазақ халқы бүгінгі егемендігі мен тәуелсіздігінің арқасында XXI ғасырда өркениетті ел болуы үшін ең алдымен жер бетінде ешқашан да қайталанбайтын феномен — этнос ретінде өзін танып-білуі қажет. Ал ол үшін өз тілі арқылы этнос болмысын, ұлт бейнесін түбегейлі танытатын күрделі этнолингвистикалық зерттеулер керек. Бүгінгі қазақ этнолингвистикасы саласындағы ізденістер мен зерттеулер, міне, сол бір үлкен мұраның іргетасын қалауға байланысты әрекеттер.

&&&
$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



    1. «Этнолингвистикалық этюд» дегеніміз не?

    2. Этнолингвистикалық этюдтерді жазу, жасау не үшін қажет?

    3. Этнолингвистиканың мазмұндық, тұрпаттық қасиеттері қандай болу керек?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет