$$$003-008-000$3.3.8Практикалық сабақ №8
Тақырыбы: Өсiмдiк атауларынан төрт түлiкке қатысты жасалған тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
1. Өсiмдiк атауларынан төрт түлiкке байланысты қалыптасқан тұрақты тiркестердiң табиғатына этностың өз көзiмен, өз болмысы тұрғысынан баға беру.
2. Жылқы малына қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаттамасы
3. Қой малына қатысты ТТ-ң этнолингвистиклық сипаттамасы
&&&
$$$003-008-001$3.3.8.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақтың мақсаты: Көшпелі халықтың дала философиясының жемісі төрт түлікке байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасына тоқталу, жылқы малына қатысты жекелеген мысалдарды келтіру арқылы студенттерге ғылыми этнолинвистикалық талдау дағдысын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқау:Жұмысты орындау барысында тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді оқып қарулану керек
$$$003-008-002$3.3.8.2 №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Сөздік қорымыздағы төрт түлікке қатысты ФТ-терді жинастырып, олардың мағынасын экстралингвистикалық факторлар арқылы ашу.
2. Қазақ тілі тілдік деректеріндегі төрт түлікке қатысты ФТ-тердің танымдық мәні, жасалу жолдары. Конспект жасау.
3. Жылқыға қатысты ФТ-терді тақырыптық-мағыналық топтарға жіктеу мәселесі
&&&
$$$003-009-000$3.3.9Практикалық сабақ №9
Тақырыбы:Өсiмдiк атауларынан төрт түлiкке қатысты жасалған тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
Халық санасында төрт түлiкке байланысты қалыптасқан ұғым-түсініктердің тұрақтылығы
Түйе малына қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан ТТ-ң этнолингвисткалық сипаттамасы Сиыр малына қатысты ТТ-ң этнолингвистикалық сипаттамасы
Сиыр малына қатысты Тт-ң этнолингвистикалық сипаттамасы
&&&
$$$003-009-001$3.3.9.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
Сабақтың мақсаты:Көшпелі халықтың дала философиясының жемісі төрт түлікке байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасына тоқталу, түйе жануарына қатысты жекелеген мысалдарды келтіру арқылы студенттерге ғылыми этнолинвистикалық талдау дағдысын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқау:Қазақ халқы үшiн төрт түлiк малдың алатын орны.
Жас төлдiң өркенiне қатысты тіркестердің тілдік табиғаты.
&&&
$$$003-009-002$3.3.9.2 №9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Қой малына қатысты ТТ-ң этнолингвистиклық сипаттамасы
Мал бағу кәсібі - халықтық философияның қайнар көзі
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі. Конспект жасау.
Төрт түлікке малына қатысты тұрақты тіркестерге қатысты материалдар жинақтау.
&&&
$$$003-010-000$3.3.10Практикалық сабақ №10
Тақырыбы:Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
Сабақтың жоспары:
Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы
Этноаталымға қатысты топонимдерді тарихи-мәдени және этнографиялық аспектіде қарастыру
Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты
&&&
$$$003-010-001$3.3.10.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
Сабақтың мақсаты:Қазақ топонимикасы мен ономастикасының қазіргі жағдайын зерделеп, халықтық таным мен білімнің негізгі қайнар көзі болып табылатын жер-су аттарының этнолингвистикалық табиғатын ашып көрсету
Әдістемелік нұсқау:Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар жөнінде ғалымдардың еңбектеріне шолу.
&&&
$$$003-010-002$3.3.10.2 №10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Шығыс Қазақстан аймағындағы ру, тайпаға белгілі, танымал адамдар есімдерінен қалыптасқан этнотопонимдік атауларды қарастыру.
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар туралы ғалымдардың зерттеулері. Конспект жасау.
Этнотопоним, этногидроним, этнооронимдер сөздерінің мағынасын түсіндіріп жазу.
&&&
$$$003-011-000$3.3.11Практикалық сабақ №11
Тақырыбы:Шығыс Қазақстан аймағындағы шешендік сөзге қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер
Сабақтың жоспары:
От ауызды, орақ тілді билердің шешендік үлгідегі сөздері – ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ғасырдан ғасырға мирас болған рухани мұра
Жер дауына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер
Мал дауына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер
Құн дауына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер
&&&
$$$003-011-001$3.3.11.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11
Сабақтың мақсаты:Қазақ болмысына, қазақ менталитетіне тән негізгі қасиет - шешендік өнердің ерекшелігіне тоқталу, шешендік сөздерге байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау
Әдістемелік нұсқау:Жұмысты жүйелі орындау үшін көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді оқып қарулану керек.
&&&
$$$003-011-002$3.3.11.2 №11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды кезеңге бөліп қарастыру
Қазіргі қазақ шешендерінің сөз үлгілеріне мысал келтіріңіз
«Шешендік сөздер» тақырыбына қатысты тұрақты тіркестер бойынша библиографиялық карточка жасау.
Шешендік сөздің түрлерін мазмұнын, қолданыс ерекшеліктерін таныту
Шығыс Қазақстан аймағындағы шешендік сөзге қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің мазмұнын, қолданыс ерекшеліктері. Конспект жасау.
&&&
$$$003-012-000$3.3.12Практикалық сабақ №12
Тақырыбы: Бата, тілекке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты (шығыс қазақстан аймағы материалдары бойынша)
Сабақтың жоспары:
Қазақ халқының бата-тілек сөздері туралы қысқаша шолу
Бата-тілек сөздердің мағыналық мәні, сөздік жүйесі
«Бата» алу, «бата» беру дәстүрінің тілдегі көрінісі
&&&
$$$003-012-001$3.3.12.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12
Сабақтың мақсаты:Халықтық наным-сенімінің айқын көрінісі бата-тілек сөздердің жиналып, зерттелуі туралы мәлімет беру, бата-тілек сөздердің этнос мінезін түсініп, айқындаудағы қызметіне тоқталу
Әдістемелік нұсқау:Бата сөздердің жиналып жариялануы.Бата-тілек сөздердің теориялық, тәжірибелік мәні, сонымен бірге олардың ақын-жазушылар шығармаларындағы стильдік қызметтері.
&&&
$$$003-012-002$3.3.12.2 №12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Ру-тайпа, оның табы, танымал адамдары есімдеріне қатысты қалыптасқан тұрақты бата-тілек үлгілерін талдау
&&&
$$$003-013-000$3.3.13Практикалық сабақ №13
Тақырыбы:Ана сынына қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер
Сабақтың жоспары:Өз баласына сын көзімен қарап, даналықпен байымдау жасаған аналардың үлгі сөздері
Айпара ананың балаларына арнаған сөз үлгілері
Бес таңбалы қыпшақтың аналары айтқан сөз үлгілері
&&&
$$$003-013-001$3.3.13.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақтың мақсаты:Қазақ танымындағы «ана сыны», «әке сыны» ұғымдарының мәнін ашу, сынның маңызы және қазақ аналарының сын үлгілерін талдау
Әдістемелік нұсқаулық:Ел ішінде ауыздан-ауызға беріліп, таралып кеткен «ана сынының» қаншалықты шынайы болғандығы туралы қалыптасқан мағыналық бірліктер.
&&&
$$$003-013-002$3.3.13.2 №13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Даналықпен байымдау жасаған аналардың үлгі сөздерін конспектілеу.
Сын айту, болжам жасау үлгілерін көркем әдебиеттен қарастыру.
Сынға қатысты өз көзқарастарың жазу.
&&&
$$$003-014-000$3.3.14Практикалық сабақ №14
Тақырыбы:Барымтаға қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер (Шығыс Қазақстан аймағы материалдары негізінде)
Сабақтың жоспары:
«Барымта» сөзінің мағынасын бірнеше аспектіде қарастыру
«Барымта» сөзінің этимологиясы
&&&
$$$003-014-001$3.3.14.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының сал-дәстүрлерінен хабар беу, «барымта» ұғымымның ру, тайпа арасындағы қызметі жөнінде тоқталу және барымтаға байланысты қалыптасқан ТТ-ді этнолингвистикалық талдау, осы арқылы студентте жүйелі, ғылыми ойлау дағдысын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулық:Барымта сөзінің мағынасына берген ғалымдардың пікірлері.
&&&
$$$003-014-002$3.3.14.2 №13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Барымта сөзінің мағынасын сөздіктерге сүйене отырып, жан-жақты қарастырып түсіндіру.
Барымтыға қатысты аңыз әңгімелер жинақтау.
Барымтаға байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау.
&&&
$$$003-014-000$3.3.15Практикалық сабақ №15
Тақырыбы:Шығыс Қазақстан аймағындағы кәсіпке қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
Кәсіпке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тiркестердiң ішкі мазмұнына үңілу
Кәсіпке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқа ТТ-р сол халықтың стереотипі
&&&
$$$003-015-001$3.3.15.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақтың мақсаты:Қазақы дүниетанымды бойына сiңiрген бейнелi сөз өрнектерiнiң ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен‚ халықтық пайымдауымен үндесіп жататынын түсіндіру, кәсіпке байланысты қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаттарын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулық:Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің ішінде кәсіптен туындаған тұрақты тіркестерге шолу.Киіз үйдің жабдықтарын жасаудың шеберлері болғаны туралы тұрақты тіркестер.
&&&
$$$003-015-002$3.3.15.2 №13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдары мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б. сан алуан сыры тақырыбында конспект жасау.
Киіз үйдің жабдықтарын жасаудың шеберлері туралы тұрақты тіркестер мысалдармен көрсету.
Осы тақырып бойынша дайындалып, пікірлеріңді ортаға салаыңыздар.
&&&
$$$004-000-000$3.4 Зертханалық практикум
&&&
$$$006-000-000$3.6 Курс жұмысы
&&&
$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі
&&&
$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма
Әдістемелік нұсқаулық: Жұмысты орындағында белгіленген әдебиеттерден жалпы этнолингвистика мәселесі қалай шешілген, оны зерттеудегі , оқып-үйренудегі қиындық неде, қандай проблемалары бар деген сауалдарға жауап іздей оқу керек-ті.
1- модульдің коллоквиум сұрақтары:
1 Қазақтар дүниетанымы, қазақ болмысы туралы шет елдік ғалымдардың, орыс зерттеушілерінің пікірі
Орындалу түрі: конспект
Жұмыстың барысы: Әлемдік ғаламтордан, баспа беттерінен, т.б. көздерден шет елдік азаматардың қазақ халқына қатысты айтылған ой-пікірлерін тауып жазыңыз.
2 Ру, тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер
Орындалу түрі: конспект, талдау
Жұмыстың барысы: Ру, тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер өз бойында, құрамы мен құрылымында сол өңірге тән экстралингвистикалық деректерді, ерекшеліктерді сақтап қалғанын дәйектеп көріңіз. Берілген тайпа, ру атауларына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер қысқаша сөздігін оқып, этнолингвистикалық тұрғыдан талдаңыз. Өз нәсіліңізге қатысты мағыналық бірліктерге де талдау жасап көріңіз. Ру-тайпа, тап, тармақ атауларынан, аталмыш атаулар негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестердің шығу тарихын, шежіре материалдарына сүйене отырып анықтап және оларды этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырып көріңіз. Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған қазақ ескіліктерін құрайтын рухани құндылықтардың бірі – ата-баба шежіресі, аңыз-әпсаналардан аршып алынған мағыналық бірліктер, ел ішіндегі көзі қарақты, көкірегі ояу саналы адамдардың аузынан, мұражайлардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған, жинастырылған тілдік материал жаңа сапада зерттеу нысанына айнала бастағанына мысал келтіріңіз.)
Үлгі:__Ақжолдаса_арғын_қалмайды,_екеуі_бірігіп_Сарманайлап_түйілсе,_басқалардың_тамтығы_да_қалмайды'>Үлгі:
Ақжолдаса арғын қалмайды, екеуі бірігіп Сарманайлап түйілсе, басқалардың тамтығы да қалмайды (арғын). Мейрамсопы (Ақжолмен) Ақсопының бір ата, бір анадан – Сарманай мен Күнкеден туғанын көреміз. Ауыс: тілегі бір, ниеті бір ағайынның бірлесе атқарған ісінің нәтижесі қай кезде де оң болатынын меңзейді.
Он екі арыс арғын (арғын). Арғынның кіші әйелінің аты – Момынбике екен. Момын анамыздан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Тәнсопы, Нәдерсопы деген бес ұл туады. Ақсопыдан: Қанжығалы, Тобықты; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл; Сарысопыдан: Атығай; Тәнсопыдан: Сарыжетім, Шақшақ тарайды. Сөйтіп, Арғынның бес мейрам, жеті момын – он екі арыс арғын аталуы осындай жайттардан келіп туған.
Мен шормын, шормын, құдайдан да зормын (арғын – қамбар). Қамбар руы Шор елінен Сәтбек деген батыр шығып, Тобықтының жылқысына дүркін-дүркін тиіп, әбден мазасын алады. Олар жылқыға тигенде «Мен шормын, шормын, құдайдан да зормын» деп ұрандап шабады екен. Шордың әлегі лаңға айналып, бұдан қалай құтылуды ойлаған Кеңгірбай айласын асырып, түнде қаперсіз жатқан ұрылардың атын айдатып тастап, өздерін қолға түсіреді. Тек атын жібермей қасында ұстаған Сәтбек қана құтылады. Осы Шорды қуған қоңыр адыр «Шор қашқан» аталады. Қолға түскен көп жаяу ұрыны түгелдей шешіндіріп, табандарын тілдіріп, Көксеңгірдегі «Ащы қақ» дейтін көлден өткізеді. Ұрылар жаяу жалдап өткен көл суына аяқтан аққан қан араласып қып-қызыл болады. Бұл көл бұдан былай «Қанды қақ» деп аталады. Ауыс: әр асқанға бір тосқан деген мағынада.
3 Табиғат құбылыстары туралы
(Ә.Т.Қайдардың «Халық даналығы» кітабынан алынған мақал-мәтелдерді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз. Сонымен қатар Ө.Тұрманжановтың «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы: «Ана тілі», 1993) еңбегінен алынған тұрақты тіркестерге этнолигвистикалық тұрғыдан сипаттама жасаңыз. )
Үлгі:
Жазғытұры жел жардай атанды да жығады – бұл құбылыстың астарында тек малшы қауымы ғана білетін екі түрлі сыр бар: 1) жазғытұрым қандай атан да етінен айрылып, сүйегі жұқарып, әбден әлсізденіп, қаңбақ секілді жеңіл болып қалуы; 2) жаз желінің өтімді де қатты соғатын әдетіне байланысты екендігін аңғартып тұр (297)
Жаз сайға, қыс қырға қонба! – жазда сай арасы жел соқпайтын ыстық болады, қапырық, тымырсық болады, қыста қырға қонған ауыл аяз бетінде, суық желдің өтінде қалады (279)
Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла – 1) арбаны жазда, шашаны қыста даярлау 2) әр істің нәтижелі болуы үшін оған алдын-ала қам қажет (426)
Қысың тұманды болсын, ауруың тұмаулы болсын! – ізгі тілек ретінде айтылатын бұл мақалдың мағынасы: тқман басқан қыс күндері жайлы, жылы болады, ал тқмау адамның ең жеңіл ауруларының бірі (427)
Қыс: «тоны жоққа салем де, етігі жоққа өзім барам» депті –
Қыстың қары – жердің нәрі
Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер құнтиып – сүмбіле көтеріліп, көкке шыққан мезгіл – шопандар өміріндегі бір жақсы кезең. Күн ұзарып, өсімдік сарғайып, шөп піседі, мал семіреді. ((Халық даналығы. Ә.Қайдар. Мақал-мәтелдердің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2004. – 559 б.)
&&&
$$$007-001-001$3.7.22-модуль бойынша тапсырма
Әдістемелік нұсқау: Жұмысты орындау барысында тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді оқып қарулану керек.
Ә.Қайдардың еңбектері, этнолингвистикаға және линвомәдениеттануға қатысты пікірлері
Этнолингвистикалық этюдтер. Қ.Жұмаділов шығармалары бойынша.
5.19 Этнолингвистикалық этюдтер М.Әуезов «Абай жолы» романы бойынша
5.20 Этнолингвистикалық этюдтер. О.Бөкей шығармалары бойынша
5.21 Этнолингвистикалық этюдтер. Баспа беттерінен.
5.22 Этнолингвистикалық этюдтер. Қазіргі жазушылар шығармаларынан
&&&
$$$007-001-002$3.7.33-модуль бойынша тапсырма
Әдістемелік нұсқаулық: Бұл жұмыс реферат түрінде орындалуға тиіс. Ол үшін берілген әдебиеттермен танысып, жоспар құру қажет. Жоспарға сәйкес қажетті материалдарды әдебиеттерден ала отырып, күнделікті өмірде, қоғамдық өмірде кездесетін, жаңа пайда болған сөздер сөздігін жасап, олардың жасалу жолдарына қарай топтастырып беру керек. Тіліміздегі терминдер сөздігі , терминком бекіткен терминдердің сапасы қандай, келіспейтін тұстары, күмәнді жері болса көрсету әбден дұрыс болады. Жұмыста жинақтау, салыстырыу, ішінара зерттеу тәсілдері қолданылады.
Қазақы таным негізіндегі өсімдіктің рөлі
Салт-дәстүрге, ырым-тыйымға қатысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы
Өсiмдiктердiң бойына тән қасиеттерiн ұлттық таным үдесінен қарастыру
Қазақ емшiлерiнiң, балгерлерінің дәріханасы
Өсiмдiк дүниесiнiң адамзат баласына тигiзiп отырған әсерiн тұрақты тіркестер арқылы жеткізу
«Күшала» өсімдігіне қатысты халықтық таным, тұрақты тіркестер
Улы өсімдіктерге қатысты ТТ-дегі халық даналығы, танымы мен болмысының көрінісі
Табиғатты аялауға байланысты этнографизмдер: тт, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер
&&&
$$$007-001-003$3.7.44-модуль бойынша тапсырма
Әдістемелік нұсқаулық: Жұмысты орындағында белгіленген әдебиеттерден жалпы фразеологизм мәселесі қалай шешілген, оны зерттеудегі , оқып-үйренудегі қиындық неде, қандай проблемалары бар деген сауалдарға жауап іздей оқу керек-ті.
4- модульдің коллоквиум сұрақтары:
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдардың зерттелу жайы
Ә. Абдрахмановтың «Қазақ этнотопонимикасы» еңбегі
Ру атауларына қатысты этнотопоним, этногидроним, этнооронимдер
Жоңғар шапқыншылығынан кейін қойылған атаулар
Жер дауына байланысты шыққан географиялық топонимдер
Халықтың басынан өткен белгілі бір тарихи оқиғалардан пайда болған топонимдік этнонимдер
Ру-тайпа, оларға қарасты таптарынан шыққан атақты адамдар есімінен қалыптасқан топонимдер
Қазақтың шешендік – тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғалымдар
М.Әуезовтің шешендік сөздерді зерттеу, оның ауыз әдебиетінде алатын орнын, халықтық сипатын анықтаудағы еңбегі.
Дана абыздардың ісін жалғастырушы кемеңгерлердің бірі – Байғараұлы Ақтайлақ би.
Достарыңызбен бөлісу: |