5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет170/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

 
Телевизиялық сценарий 
Тележоба  әзірлеудің  ең  басында  тұратын  процесс  телесценарий  жазу 
болып  табылады.  Телесценарий  –  кез-келген  хабардың,  кез-келген жобаның 
«қаңқасы»,  яғни  эфирге  шығатын  телетуындының    қағазға  түсірілген 
нұсқасы.  Ол  әдеби,  яғни,  журналистік  және  режиссерлік  сценарий  болып 
екіге  бөлінеді.  Режиссерлік    сценарий  жұмыс  сценарийі  деп  те  аталады. 
Өйткені,  журналистік  сценарийде  экрандық  туындының  монолог,  диалог 
сипатындағы  тілдік  баяндау  процесі  қамтылса,  режиссерлік  сценарийде 
бейнелік  көрініс  ретіндегі  іс-әрекет  процесі  ұсынылады.  Тікелей  эфирде 
өтетін  телебағдарламаларға  толыққанды  сценарий  жазылмайды.  Сондықтан 
да  ол  сценарлық  жоба  деп  аталады.  Аталмыш  тақырып  аясында 
«Тележурналистикадағы  жазу  өнерінің  кәсіби  принциптері»,  «Авторлық 
сценарий», «Режиссерлік сценарий»,  «Авторлық мәтінді экрандық туындыға 
айналдыру қисындары» қарастырылады. Телесценарийді экрандық  туындыға 
айналдыру процесі. Телесюжет және оның құрылымы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет