5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,74 Mb.
#1037
1   2   3   4   5

ӘҢГІМЕ. Талдамалы жанрлар құрамына кіретін әңгіме, баспасөз конференциясы және пікірталас диалогтық характерге ие бола отырып, өздерінің сұхбаттық шежірелерінен ажырамайды.

Әдебиетте «әңгіме» терминінің сан алуан түсіндірмелері бар. Біз, бұл жерде хабарға қатысушы бірнеше адамның, бір оқиға немесе мәселе жайлы кезектесіп, өзара пікір алысу, бір – бірлерін толықтыруларын айтып отырмыз. Ал әңгімеге қатысушы журналист ол сұхбат алушы емес, хабарды жүргізуші әлде модератор (айтылып жатқан пікірге аудиторияның қатысушылығын оятатын, пікір сайысына қатысушыларды бір тақырып аясынан шықпай ой – толғауға мәжбүр етуші) деп те аталады. Ол әңгімеге қатысушы әрі оның ұйымдастырушысы: оның рөлі студиядағы қонақтардың әрбірінің өз пікірлерін айтуларына жағдай туғызу.

Солай етіп, әңгіме – талдамалы публицистиканың хабарламаны диалогтық формада жеткізетін спецификалық телевизия жанры. Әңгіме теледидардың кез келген бағдарламаларында кездесіп жатады. Ол қоғамда қызығушылық тудыратын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік – этикалық, ғылыми және өзге де тақырыптарға арналады. Кейде ол пікірталасқа дейін ұласады. «Ақиқат ауылы» хабарында Бейбіт Құсанбек өткір мәселені – саяси партияларды қалай құру керек деген әңгімені қозғады. Ол «Алаш» партиясының бұрынғы жетекшісі, профессор Сәбетқазы Ақатаевты шақырып, осы жөнінде ашық әңгімелесті. Осы бір партияның жағдайынан еліміздегі басқа партиялардың хал – ахуалы да айқын көрінгендей. Иә, бірқатар партиялардың өзінше еркін қимылдауға қаржысы жетпейді, оларды шын мәнінде қолдайтын адамдар да аз. «Партияларыңыздың құрылтайын неге Көкшетау қаласында өткіздіңіздер?»- деген сұраққа Ақатаев:«Қаржының ыңғайы сол жерден табылды» деп жауап берді. Демек, партия қаржыға қарап қимылдайтын болғаны ғой. Қазір парламентке дайындалып жатқан партиялар туралы заңға ұластырып, бұл хабарды жалпы партиялар туралы ашық әңгімеге жалғастыру керек сияқты. Бәрінен бұрын әр партия өзінің нақты бағдарламасын айқындап, нақты жолын белгілеуі жөн секілді. Өздері қайда барарын, жұртты қайда бастарын білмей отырған партияның соңына кім еруі мүмкін.

Әңгіме кезінде қақтығыс, түрлі көзқарастар тоғысы, ойдың дамуы алдын – ала сценарийде жоспарланғанымен, ол қорытындысында қақтығыс пен пікірталастағы проблематиканың мәнділігіне байланысты дәлелді аргументтер арқылы ортақ оймен аяқталып жатады.

Автор – публицист жұмысы хабардағы тақырыпты айқындау, қатысушыларды іріктеу, хабардың композициялық шешімін іздестірумен басталады. Сценарлық жоспарда болашақ хабардың бар болғаны негізгі кезеңдері ғана белгіленеді. Аса дәлдікпен жасалынған сценарий кейде қайшылыққа ұшырап жатады, не болмаса ол өзінің табиғилығынан, мәнерлігінен, ойдың өз – өзінен дамуынан ажырап қалады. Сценарлық жоспар – құрылымды айқындап, әңгіменің негізгі желісін ғана көз алдымызға келтіреді.

Сырттай статикалық ерекшелігі болғанымен, әңгіменің ішкі динамикасы өте күрделі. Әңгіме кезінде телеэкранда ауызекі сөзге қосымша көрік беретін кадрлар, фотография, схема, документ және өзге де құралдарды пайдалануға болады.



«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ. Осы жанр диалогтық топқа кіреді. Бұл ақпарат жинау емес, пікірлер алмасу. Егер сұхбат пен баспасөз конференциясында тұлғаға журналистер сұрақ қойып, оған біржақты директивті, позитивтік әлде эмоционалдық жауап алынса, ал «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде сұрақ, біріншіден бір емес, бірден бірнеше адамдарға арналады. Екіншіден, жауап біржақты болмай, әңгімеге қатысушылардың әрбірі проблема төңірегінде өз пікірлерін білдіріп жатады. Мақсат – проблеманы бірнеше маманның көзімен қарап, оған деген біржақтылық пен тар ұғымнан арылу болып табылады.

Әңгіме кезінде журналистің рөлі аса көп байқала қоймайды. Ол әңгімеге қатыспай не пікірлер ағымын бақылап, оны қажетті бағытқа бағыттап, тақырыптан ауытқуға жол бермей, әңгіме тұйыққа тірелген жағдайда оған жан беретін «церемонимейстер» рөлін ғана атқарып та отырады. Владимир Познер өткізетін «Егер», «Біз», «Уақытта» «дөңгелек үстел» аса көлемді студияда ұйымдастырылып, онда көрермендер амфитеатрда отырғандай орналастырылады. Ортаға – заңгерлер, социологтар, жауапты адамдар жайғасады.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме табиғатынан телевизияға жақындау болғанымен, ол газет қойнауынан өсіп шыққан. Диалогтық жағынан телевизияға жақын болса да, тақырыпты байыпты шешуі, дерексіздік, қиындықты салыстыра қабылдауы жағынан газет жанрына келіңкірейді. Мысалы, баламалы рубрикалар «Іскер кездесулер клубы», «Пікірталас клубы», «Семинар» т. б. осы жанрға жатады. «Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені ақпараттық және сөзбен қағысу – пікірталас түріне бөлуге болады.

«Дөңгелек үстел» - үш жақты қызығушылықтың пікірлер тоғысы. Журналистер үшін мамандар пікірін, ал мамандар үшін теледидар, радио, газет көмегімен нақтылы шешімге жету әрі өз идеясын жүзеге асыру қажеттілік болып табылады. Көрермен, тыңдаушы, оқырман үшін пікірталас түріндегі ақпарат айтыстың бағытын, ойдың өрбуін әрі өзінің де оған қатысушылығын байқап көру мүмкіндігін туындатып жатады.



ШОЛУ. Теледидардағы журналистік профессиялар қатарында кезінде репортер, комментатордан бөлек шолушы (обозреватель) да болатын. Өткен ғасырдың 70-80-нші жылдары Зорин жүргізген «9-студия» өзінің актуальділігі әрі танымдылығы, көтерген мәселесінің құндылығымен күні бүгінге дейін сол кездегі көрермендердің есінде. Ал орталық телеарнаның 70-80-нші жылдардағы шолушысы Зориннің уақыт кезеңіне сай проблеманы көтеруі мен алымдылығы, әрі шешімділігі көпшілікті сүйсіндіріп отыратын. Осындай жайлардан болар бүгінде телевизиялық тәжірибеде осы спецификалық жанр тұрақты орнығып қалды. Бүгінде «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Мезгіл» не «Хабар» арнасындағы «Жеті күн» бағдарламасының өн бойынан біз бір мезгілде сараптау мен талдауды да, шолу мен түсініктемені де қатар кездестіреміз. «Жалпы, әр жанр «таза қалыпта» кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, творчестволық ой – ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады»,- дейді, профессор – ғалым Темірбек Қожакеев. Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу – шартты нәрсе.

Шолу – талдамалы публицистикадағы орнықты әрі өзіндік дәстүрі бар жанрлардың бірінен саналады. Шолуды өзге жанрлардан ерекшелеп тұратын қасиеттері мыналар: біріншіден, ол аса қатаң фактологиялы, мұнда факті автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы фактіні олардың байланысына қарай айқындап, аралықтарындағы байланысты ашады, әрі оларды байланыстырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке факті ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, материал көпшілігінде хронологиялық рамкамен шектеліп жатады (Жаһан жаңалықтары).

Солай етіп, жанрлардың тақырыбы – қоғамдық оқиға, ал мақсаты – көрерменге ұсынылған оқиғаның себеп – салдары мен оның ары қарай дамуының мәні мен тенденциясын түсіндіру.

Телеэкрандағы шолушы хабар кезінде: 1) мәліметтерді хабарлау кезінде фактілердің өзара байланысына зер салуға; 2) оқиға, фактілердің тұтастығына көңіл қоюға; 3) бір тектес фактілерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет.

Айқындаушы құралдар көмегімен экранда аса күрделі, сан алуан мәселелер шешімін тауып жатады. Шолуды эфирге беру кезінде тек процесс ағынымен ғана кете бермей, кейде оперативті материалдармен қатар, автордың логикалық ойына қабыса келетін архивтік бейнематериалдар да бірге беріліп отырылады. Осы жанрдағы хабарлаудың тақырыптық көпқырлылығына сай шолу да өзіндік ерекшелігімен бір – бірінен айрықшыланып отырады. Уақыттың белгілі бір бөлігіндегі оқиғаны көрсетуге арналған «Жеті күн», «Мезгіл» ақпараттық – сараптау бағдарламалары не белгілі бір проблеманы ғана көтерумен, тақырыптық шолумен – экономика, ғылым, өнер, спортпен шектелетін – «Спорт жаршысы», «Хабар - жер», «Салық төлеушінің күнделігі», «Даму дөңгелегі», «Ақша», «Үнем табиғаты».

Сонымен қатар монологтық шолумен бірге эфирде шолу – диалогта, шолушы өмір ағымындағы басты мәселелердің біріне өзінің жауапты қонағымен бірлікте шолу жасап, кейде оны әңгімеге де айналдырып жібереді. Мұнда телеэкранның көріністік мүмкіндіктері: документальді кадрлар мен фотодокументтер және т. б. бірлікте пайдаланады. Олар экраннан сөйленетін ауызекі сөзге қабыса келіп, материалға иллюстрациялық көрікпен қатар жандылық та береді.

Экрандағы музыкалық шолу, театрлық шолу және өзге де осыған ұқсас бағдарламалар жанрлық ерекшелігі жағынан халықаралық не спорт шолуларынан ешқандай да айрықшаланбайды. Тек хабар тақырыбы, маманданған шолушы ғана өзгеше болады да, ал жанр характері сол күйінде өзгеріссіз қалады.

ТҮСІНІКТЕМЕ (КОММЕНТАРИЙ). Түсініктеме латынның түсіндіру, түсінік беру деген сөзінен шыққан. Актуальді қоғамдық – саяси оқиғадағы, документтегі ойды айқындайтын, талдау материалдарының оперативті бір түрі. Телевизиялық түсініктеме – кадрда сөйлеудің жиі кездесетін түрлерінің бірі. Көпшілігінде бейнекадрдан арнайы жинақталған иллюстрацияға кадрдан тыс түсініктеме де беріледі.

Түсініктеме талдамалы публицистика жанрына жатады, себебі онда комментатор ең алдымен оқиғадағы себеп – салдарды айқындауға ұмтылыс танытып, өтіп жатқан көріністің мүмкін болатын салдарын көрерменге хабарлайды. Түсініктеме жанрының негізін авторлық баға беру мен талдау құрайды.

Өзге де жанрлар секілді, түсініктеме басқа жанрлық түрлердің негізгі құрамдарының бірі болуы да мүмкін. Мысалы, көпшілігінде баспасөз конференциясында мынадай сұрақтар қойылады: «Өткен оқиғаға сіз қандай түсініктеме берер едіңіз?». Саяси, қоғамдық қайраткерлер, сол саланың белгілі мамандарымен сұхбат кезінде сұрақтың осылай қойылуы заңдылық. Осыған қайтарылған әрбір жауаптың өзегінде шағын да болса түсініктеме жатады, ал кейде сөйленген сөзге толықтай түсініктеме де беріледі. Табыс мұнда терең талдауға, кең түрде қорытындылауға, қоғамдық маңызды оқиғаға, фактіге шыншыл тұрғыдан баға беруге байланысты болып келеді.

ПІКІРТАЛАС. Пікірталас жанрының әйгілігі мен экраннан көрсетілімінің күн санап өсуі оның демократиялық әрі құқықтық қоғам құру кезінде шындықты іздеген көпшілік әсіресе журналистер үшін өте – мөте керектігінде.

Пікірталас жанры латынның зерттеу, талқылау деген сөзінен шыққан. Мұнда көрермендердің көз алдына жанды ой процесінің тууы, дамуы, өрбуі тікелей өтіп жатады. Түрлі пікірлер қақтығысындағы процестен телеаудитория да тыс қала алмайды. Олар студиядағы зерттеу, салыстыру кезіндегі босаңдық пен әлсіздікті жойып, пікірталасқа қатысушылармен бірлікте шындыққа жетуге ұмтылады. Мысалы, Қазақстан ұлттық арнасындағы Иманбай Жұбай жүргізетін «Бар мен жоқ» пікірталас хабарына студиядағы көрермендер де тікелей қатысады. Ел арнадан өтетін «Болашақтың қаласы» телесайысқа қатысушылар да өз пікірлерін ашық түрде білдіріп жатады. Студиядағы әділқазылар алқасы екі жақтың да пікірін тыңдай отырып, әділ шешімді көпшіліктің көз алдында шығарып отырады. Осыдан келіп жанрдың танымдық қасиеті де жоғарылайды.

Пікірталас хабарын даярлау кезінде автор не жүргізушіге әдеби қиындық көп кездесе қоймайды. Хабар жүргізушісі тақырыпқа орай «иә» не «жоқ» дейтіндерге ортақ сұрақ қоя отырып, өзі бір мезгілде оның бақылаушысы әрі әңгіме тақырыптан ауып бара жатқанда оны қажетті бағытқа бұрушы қызметін де қоса атқарады. Дегенмен, қиындығы сонда кейде пікірталас аудитория күткен биіктен әлдеқайда төмен жатады. Бұл автор не жүргізушінің актуальді тақырыппен бірге, олардың хабарға даярлықсыз келгендерінен деуге де болады. Сондықтан тақырып таласты болу үшін оның бірнеше вариантын жасаған жөн, әрі ол көрерменге түсінікті болып, аудитория қазылық рөлінде де қатысқаны орынды. Осы орайда «Евразия» арнасынан берілген «SuperStar.kz» музыкалық жобасындағы әншілерге бағаны көрермендер беріп отырды. Пікірталас предметі көпшіліктің ортақ қызығушылығын туындататын әлеуметтік мәнділікке ие болғаны қажеттілік. Сонда ғана ол өзінің алдына қойған мақсатына жете алады.

«Бар мен жоқ» пікірталас хабарына қатысушылар студияда екі жаққа бөліне отырып, студия қонағының пікіріне өз пікірлерін де қоса білдіріп отырады. Ең бастысы жүргізушінің қызғылықты, қажетті сәттерді мезгілінде дәл пайдалана отырып, айтылған пікірлерді саралай – салмақтай келіп, оған студиядағы көрермендер ойын да орайластыра қосып отыруы. Ал студиядағы қонақтар мен көрермендер де экраннан сыртта отырған миллиондаған көпшілік алдында әдептіліктен аттап кетпей, сабырлы, салқынқанды, әрі адамгершілік кәсіби этиканы аттап өтпегендері орынды. Мәскеудің «КТК» арнасынан берілетін «Терезе» ток – шоу хабарында әдепсіздік пен ар – ұяттан жұрдай болған не сан миллиондаған көрермен алдында жұдырық ала жүгіріп не бір – бірлерінің көздеріне шөп салып жатқан ерлі – зайыптылармен жарыса сөйлеп, өкіреңдеп отырғандарды көргенде адамгершілік қасиеттен айрылған пенделерді көріп, тәубеңе түсесің. Қайтесің, бұл да өмірдің өз заңдылықтарының бірі.

Эфирден өтіп жатқан хабардың құндылығы жүргізушінің шешендігі мен байыптылығына, әрі әсерлі әңгімені одан әрі мәнерлі етуге қатысушылығында. Екі адамның арасындағы қызғылықты пікірталас, кейде орнықты, сабырлы қалыпта өтіп жатады. Студияда орнатылған телефон арқылы көрермен қонақтарға тақырып төңірегінде толғандырып жүрген мәселеге қатысты пікір – ойларын хабарлап, не олармен пікір таластырады. Мұның өзі пікірталас жанрының шығармашылық мүмкіндігін одан әрі ұлғайта түседі.

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. Баспасөз конференциясы жанр ма? Ол сұхбатқа жақындау болғанымен, жауап бір ғана адамға емес, түрлі ақпарат көздерінен келген журналистер тобына арналады. Сұрақ жауабы баспасөз конференциясын ұйымдастырушы арнаулы адамның мәлімдемесінен алдын – ала байқалады. Онда қозғалатын актуальді мәселеге байланысты таңдалынып, тексерілген көзқарас қана хабарланады. Баспасөз конференциясы – сұхбаттан бұрыннан бар, бірақ БАҚ тәжірибесінде көп қолданылмаған түрі. Бұл көбіне белгілі адамдармен, басшы қызметкерлермен өткізілетін әңгіме. Баспасөз конференциясы ел көлеміндегі не әлемдік маңызға ие бір мәселеге арналады немесе қалыптасып отырған жағдайды көрермендерге түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады. Бұрынғы экс – премьер Қажыгелдин кезінде баспасөз конференциясы жиі ұйымдастырылатын. Оған себеп, ел көлеміндегі экономикалық жағдайдың ауырлығынан қалыптасқан әлеуметтік мәселелердің шешімін табу жолындағы үкімет ұстанған саясат туралы болатын. Шындығында, бұл кейде өз жемісін беріп те жатты.

Кезінде Өскемен студиясы «Баспасөз конференциясы» деген атаумен тұрақты хабар өткізіп тұрды. Баспасөз тобында қазақ және орыс тілінде шығатын облыстық, республикалық газеттер мен Қазақ телевизиясы мен облыстық телерадионың, аудандық газеттердің редакторлары болды. Хабар теледидар студиясының павильонынан жүргізілді. Дөңгелек үстел басына облыс басшылары мен журналистер орналасады. Әрбірінің алдына аты – жөні мен қай ұйымнан екендігі жазылып қойылады. Әңгіме арасында экраннан шағын бейнесюжет те көрсетіліп отырылады. Бейнетүсірілім, студия, журналистер алдындағы жазылым – осының бәрі де баспасөз конференциясы кезінде телевизияны қолданатын спецификалық құралдары болып табылады.

Кез келген баспасөз конференциясының тақырыбы көпшілікке ортақ қызығушылық тудырған жағдайда ол телевизиялық хабар бола алады. Кейде телевизия қызметкерлерінің өздері талдамалы публицистиканың телевизиялық жанрына ұқсас баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Ондай жағдайда студияға көрнекті саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар шақырылып, әрі теледидар тарапынан сұрақ қоюшыларға шек қойылмайды. Алайда, сұрақ қою мүмкіндігі осы тақырып төңірегінде әйгіленіп жүрген танымал БАҚ – тың журналистеріне көбірек жасалынады. Мұндай телевизиялық баспасөз конференциясы кейде телеаудитория үшін қызғылықты, аса шиеленісті пікірталасқа ұласып, оның драматургиялық шешімі ұжымды ізденіске салып қояды. Көпшілігінде телевизиялық баспасөз конференциясы режиссер монтажынсыз тікелей де жүріп жатады. Дегенмен, баспасөз конференциясының өзінің қалыптасқан дәстүрі, орныққан қағидасын хабарға қатысушы әрбір адам біліп, оны сақтауы орынды.

Баспасөз конференциясын жүргізуші қонақтардың әрбірін таныстырып, олардың қысқаша мәлімдеме жасауына мүмкіндік береді. Кейде тақырып бәріне белгілі болған жағдайда сұрақ қою бірден басталады. Сұрақты баспасөз конференциясына төрағалық етушінің рұқсатымен ғана қойған жөн. Егер залға радиоқабылдағыш қойылған жағдайда микрофонды күткен орынды. Алдымен өзіңізді таныстырып және қызмет істейтін БАҚ туралы хабарлайсыз. Содан соң, мүмкіндігінше бір ғана қысқа, ықшам, айқын сұрақ қойылуы керек. Сұраққа жауап қайтарушымен пікір таластыру журналистің кәсіби этикасына жат нәрсе.

Баспасөз конференциясы актуальды мәселеге арналып, ол көпшілік аудиториясының қызығушылығын тудырады. Осы жанр аса маңызды экономикалық, саяси әлде ғылыми проблемаларды тереңнен көрсетудің біржақты мүмкіндігіне ие.

БРИФИНГ. Бағдарламадағы қандай да бір маңызды (арнайы) мәселе не оқиға туралы журналистерге қысқаша берілетін нұсқау брифинг деп аталады. Брифинг – БАҚ өкілдерімен нақты бір мәселе бойынша өткізілетін қысқаша ақпараттық кеңес деп те аталынады. Брифинг – баспасөз конференциясының бір түрі болып саналады. Брифингті ұйымдастырушылар үстел жанына сенімді журналистерді жинап, оларға кейде ресми емес ақпараттарды да хабарлап отырады. Ал журналистер оны, қандай да бір ақпарат көздеріне сілтеме жасамастан, өз аттарынан хабарлап жатады.

Кейде брифинг ұғымына «эксклюзивті» де қосып атау кездесіп қалады. Ондай жағдайда бұл эксклюзивті баспасөз конференциясы болып шығады. Брифингтің – бұл баспасөз конференциясы журналистер сенім характерін туындатып жатады. Брифингтің бұл үлгісі алаңда, бақта не кеме мен самолет ішінде де шай үстінде әңгіме түрінде де өткізіледі. Қазіргі БАҚ – та ол көпшілікті алаңдатып отырған мәселе бойынша ресми тұлғаның (Президент, Премьер – министрдің баспасөз хатшылары, көмекшілері, кеңесшілерінің т.б.) журналистер алдына шығып, қысқаша хабарлама жасауы, журналистердің сұрақтарына жауап беруі түрінде кездесіп жүр.



КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ. Талдамалы публицистика жанрына жататын корреспонденцияның теледидарға газет пен радиодан келгендігі жайлы зерттеушілер көп айтып жүр. Шын мәнінде, корреспонденция жанры заметка («сюжетке») жақындау. Мұнда талданған, қорытындыланған, нақтыланған факті ғана көрерменге хабарланады. Алайда өз методы бойынша корреспонденция репортажға жақындау болғандықтан әрі жанрдың осы түрінде талдау элементі кездесетіндіктен оны шатыстырушылық жиі кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Черепахов М.С., Горелик Б.Е., Бекасов В.Г. т. б. БАҚ – ғы корреспонденцияларды хабарлау және оперативті, сын және жағымды, т.т. деп бөліп жүр. Осы айтылғандар мен бүгінгі күн тәжірибесіне сүйенсек, корреспонденциялардың мазмұн – мәнерінде ақпараттық және талдамалы сипат бар екені айқындала түседі. «Ақпараттық сипаттағы корреспонденцияда – бір тектес фактілер хабарланса, репортажда бір ғана оқиға көрсетіліп, корреспонденцияда нақты мерзім ішіндегі тақырыпқа қатысты фактілер мен оқиғалар қамтылады»,- дейді, ғалым С.Байменше. Солай етіп, корреспонденция дегеніміз – салыстырмалы түрде аса ауқымды емес нақты материал негізінде өзекті тақырыпқа талдау жасалатын жанр болып шығады. Корреспонденция тақырыбы аса ауқымды: ауыл шаруашылығы, өнер, бизнес, халықаралық оқиғалар және т.б. бүгінгі күннің өзекті мәселелері де қамтылады.

Телевизиялық публицистикада, персонификациялық хабарламаға тұрақты ұмтылушылық корреспонденция жанрын бүгінде көпшілік алдында ой – толғау, өткір проблемаға телевизиялық зерттеу жүргізу бағытына қарай ыңғайлауда. Телевизиялық корреспонденцияның мәнділігі – газет – журнал корреспонденциясы әлде проблемалық мақаланың экрандық баламасы болып табылатындығы.

Телевизиялық корреспонденцияда автор – корреспондент кадр сыртында қалған кезеңде де өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды, алайда корреспонденциядағы мәтінді автордың өзі оқиды. Маңыздылығы, телеэкранда корреспонденцияның екі бірдей тең құқықты авторлары бар: олар – әдебиетші және оператор (ол екеуін де әділ түрде тележурналистер деп те атайды). Экранда корреспонденцияның өн бойындағы көріністік әрі сөздік қатар бірдей мәнге ие. Алайда, осы қағида көпшілігінде сақтала бермейді, себебі бізге шетелден түсетін корреспонденцияларда сөздік жағы басымдық танытып, біз экраннан корреспондент сөйлеп тұрған көшенің түрлі пландарын ғана көріп отырамыз.

Корреспонденцияда кейде сұхбаттың жанрлары да кездесіп жатады. Ақпарат алудың бұл әдісі жанрға зиянын тигізбестен, алайда оған бір мезгілде синтетикалық көріктілік те беріп жатады. Телевизиялық корреспонденцияда журналистің таланттылығы хабар материалына ажар мен көрік беріп, проблематикалық хабарламаның мәнділігін көтеруге өз үлесін қосып отырады. Дегенмен, жанрдың негізгі параметрлері телевизиялық коммуникацияның табиғи белгілеріне көпшілігінде сай келе бермейді.

Қорыта келгенде, телеэкрандағы корреспонденция мүмкіндігі болашағының мол екендігін мойындауға тиіспіз.

Публицистиканың жанрлар жүйесі туралы айта отырып, біз оның телематериалдың композициялық құрылымын бекітетін, нақты көрініс кезіндегі үш негізгі принциптеріне қарап, оларды бір – бірлерінен ажыратамыз.

Біріншіден, жанрлар тобы, нақтылықтың қарапайым фиксациясына ұмтылу көрінісі. Автор мұнда нақтылы оқиға мен құбылыстың артынан жүріп отырады. Материалдың композициясын өтіп жатқан оқиғаның өзі түзеді. Бұл ақпараттық публицистика жанрына қатысты.

Екіншіден, хабарлама түрі, мұнда автор өзінің шығармашылық қызметіне сәйкес, құбылыстағы нақты фактіге талдау жасайды. Сондықтан да хабарлама композициясы оқиғаның фабуласына емес, автордың ойына қатысты болады. Бұл аналитикалық публицистика жанрына қатысты.

Үшіншіден, хабарлама, композиция автор ұсынған образдар жүйесіне қатысты. Автор материалдағы документальдықты сақтауы үшін, актер ойнына дейінгі көркемдік мәнер құралдарын пайдаланады. Мұндай хабарлама көркемдік публицистика жанрына жатады. Осы жерде образ айқындаушы болып, ал фактіні талдау мен хабарлама екінші кезекке ысырылады. Очерк, эссе, суреттеме материал фактілігінің көркемдік қорытындысы, олай болса аналитикалық жанрлар (комментарий, шолу, корреспонденция) образдылыққа иек артпастан, тек факті, оқиға, құбылысқа талдаумен ғана шектеледі.

Көркем публицистиканың функциясы – типтілікті, жалпылықты дербес, жекелік арқылы ашу. Толықтай қорытындыға жету, характерді айқындау, көркем публицистиканы шындықтың образды бейнесін құруға пайдалану, әрі образды ойдан шығарылған дүниеден емес, өмірдегі бар материалдан жасау.

Жоғарыда айтылғандарға қосатын тағы бір маңызды нәрсе бар. Жалпы алғанда теледидардың бейнелілігі хабарламада, оның түріне қарамастан көркемдікке белгілі бір дәрежеде себепші болып, алайда әрбір кадр, диктор, репортер не хабарға қатысушы кейіпкердің көрінісі, пейзаж, нысан әлде оның интерьері, ағаш не жан – жануар композицияда, жарықта, ракурста, ең соңында кадр, экран рамасында эстетикалық астасуға келіп ұласады. Осы жағдай теледидардың барлық жүйесінің көркемдігі жайлы айтуға толық мүмкіндік береді.

Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Аткинсон Д. Все о продажах.–М: Фаир – пресс,272бет

2. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974

3. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967

4. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991

5. Веснин В.Р. Основы менеджмента –М,1996


Семинар сұрақтары:

1. ХХІ ғасыр технологиясы

2. БАҚ-тың қоғамдағы орны
14-Дәріс. Заман және дәстүр мен жаңашылдық

Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір-біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатадыы Шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лабаратория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. міне, содан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. мұның өзі, әрине заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. сондықтан «журналистің творчестволық лабараториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттілігі ретінде өзінен-өзі қалыптасып келеді.

Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ, көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да еледердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырай еңбектеріндегі публицистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге елген «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ журналдарының» атқараған рөлі қалай айтуға да тұрарлық.

Бүгінде құрғақ ақпараттың заманы өткен. Ендігі мәселе, журналист материал жазғанда терең аналитикалық талдауларға барып, өзіндік ой түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді. Журналистикадағы замана тынысы, тиімді әдіс-тәсілдер, адамзат күткен рухани мәселелер шеберлік пен тәжірибені, тер төккен маңызды еңбекті қажет етеді. сонымен бірге, халықаралық журналистиканың да осы заманғы даму деңгейіне көтерілу-журналистік творчествоның өзекті міндеті болып саналады.

Творяество жолы –қиын жол. мұны әркім де түсінеді. жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай творчество тәсілдерін үйренуі тиіс. бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенімен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезеді. мысалға, ой қалай туындайды, тақырып қайдан алынады. мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процесін орындап шығу жауапкершілігі қандай? бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма? Ал композиция мен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең ойлап қарағанда, талай сырдың астарын аңғартпақ.

Журналистің өмірді тануы, оны көріп-біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзінің ой-түйсігіңді, ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді байтады.

Журналист өз заманының шежіресі. Заман ағымын түсіну, өткенге көз жіберу, болашақты болжау. Дәстүр жалғастығы. Өткеннен үйрене отырып, жаңаша іздену. Қалыптасқан дәстүрді жаңарту. Тың тәсілдер мен әдістерді қарастыру. Жаңаша ойлау, жаңаша жазу. Тынымсыз ізденіс және еңбек. Творчествоның ұдайы даму үстінде болатындығы. Заман талабы мен халық күткен мақсаттарға сай еңбек ету міндетті. Таным, көзқарас, автор позициясы.

Материалды жазу процесінде журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалады. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай, бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары, біреуде орташа болуы да мүмкін. Бірақ бұл да нағыз мәселе шешетін нәрсе десек, біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені, дамытпаған дарынды өшіруге болады, ал орташа дарынды өсіруге болады. Мұны өмір көрсетіп жүр. Демек, білік – білімдіарттырмаса қандай талат иесі болса да жоғары шеберлікке жете алмай, орта жолда қалуы мүмкін. Сондықтан қыр – сыры көп творчестволық ізденіс тоқырамай, үнемі диалектикалық даму үстінде болуға тиіс. Ғалымдардың айтуынша шамамен талант 20-30 процент болса еңбек 70-80 процентті құрайтын көрінеді.

Әрине, жас журналистерге бұл орайда тынбай іздену міндеттері қойылатыны белгілі. Олардан жоғары шеберлік талап етілмесе де бірте –бірте творчестволық өсу эволюциясын бастан өткеру керектігі бұлжымайтын талап.

Жазу өнерін толық меңгеру үшін творчестволық заңдылықтарды, әсіресе публицистикалық жанрларды жан – жақты білудің, оның ерекшеліктерін сезінудің маңызы зор. Бұл жайлар студенттерге аудиторияларда барынша түсіндіріледі. Бірақ сол теориялық мәселенің практикалық жүзеге асырылуы қалай болмақ? Бұл жағы оқытушы ғана емес, студент -журналистің өзнің қабілет қарымына да байланысты екені сөзсіз.

Зерттеуші В.М. Горохов «Закономерности публицистического творчества» деген еңбегінде журналист туралы : «...ол неғұрлым сенімді түрде әдеби публицистикалық еңбекті игерген сайын, соғұрлым оның алдынан объект толық ашыла түседі», - дейді. Шындығында автордың потенциалы кең болған сайын, оның қарымы да ұлғая түспек.

Журналист өз заманының жаршысы. Оның ескіше жазуға, ескіше ойлауға, ескіше қолтанба қалыптастыруына хақы жоқ. Кешегі творчестволық табыс бүгінге өлшем емес. Ендеше журналист әркез жаңа қарынға таңылырп отыруы тиіс. Ол заманнан артта қала алмайда. Ол - әркез алғы шепте тұлға.

Кольцовтің мына бір пікіріне назар аударып көрейікші: “Журналист болу тек сапар шегу, көру, материал алу , жазу ғана емес - бұл ерекше өмір сүру деген сөз ”. Иә, бұған алып - қосар пікірдің қажеті шамалы. Үлкен журналистің түиінді ойы ғой. Журналист еңбегі қалай орындалды, ол үйде немесе редакцияда, жазу үстелінде қалай творчестволық процесті басынан кешірді – мұнда оқырманның ісі жоқ, оқырманға керегі журналистің газет бетіне шыққан материялы, шығармасы ғана. Мұны творчество иесі ұмытпауы керек, үнемі есте тұтуы қажет. Оқырман журналистің үйдегі ажзу үстіндегі қиналысын көріп – білмейді. Ендеше ол автодың творчествосын жариялаған дүниесіне қарап қана бағалайды.

Журналистің творчестволық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай белгілі бір жүйе де қалыптасқан. Ғылыми еңбектердегі солардың кейбірі былай жіктелген:



  • ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, телевидение;

  • жергілікті орнына байланысты: орталық, облыстық, аудандық, аймақтық, халықаралық;

  • функциясы бойынша: арнаулы немесе жалпы саяси, жалпы ұлттық...;

  • қай әлеуметтік топқа арналғаны: балаларға, жастарға, әйелдерге, т.б.

  • мерзім бойынша: күнделікті, апталық, айлық, кешкі;

  • салалар бойынша мамандау: саясат, мәдениет, ауыл шаруашылығы, экономикалық;

  • жарлық мамандану; очеркші, репортер, фельетоншы.

Қазіргі кезде журналистиканың негізгі міндеті – информатциялық қызметпен бірге, қоғамның саяси - әлуметтік мәселелеріне бұрынғыдан да батыл араласу болып отыр. Оның жиі айтылып жүргендей “төртінші өкімет” рөлі қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіздік жағдайында онан сайын бел ала түсуі – заман алға қойып отырған талаптан туындайды. Соныдықтвн беріліп жатқан әрбір хабар маен әрбір сөздің саяси өткір, творчестволық көркем, әлеуметтік актуальді әрі проблемалы болу кезек күттірмейтін мендеттер. Журналистің ойы, сөзі мірдің оғынадй көдеген жеріне дөп тиіп жатуы жөн. Оның әсер – ықпалы өлшеусіз жігер - қайратқа құрылса дұрыс. Мұның өзі оперативтікке, жедел де, жылдамдыққа ұласып жатса журналист еңбегінің жанағаны деп ұғу керек. Журналистің өз инициативасы, белсенді әрекеті де көп нәрсені шеше алады. Ол қоғам дамуына қызу атсалысып, жұртшылықтың қоғамдық пікіріне зор әсер етеді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет