5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған



бет3/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,74 Mb.
#1037
1   2   3   4   5

Журналистік туындыға қойылатын талаптар: маңызды проблема, тілдік, стильдік нормалар, құрылым, дизайн. Ой анықтығы, мазмұн дәлдігі. Дерек және публицистика. Демократиялық таңдау бірнешепринциптерден құралады. Өзінің ұстанған нормалары кен көлемдегі қоғамдық қызығушылықтардың бағалы және жасаушы механизмін тудырады.


Мәтінді лексикалық жағынан өңдеу. Терминдер мен кәсіби сөздерді, ауыз екі сөйлеуге тән ұғымдарды, фразеологиялық тіркестерді дұрыс қолдану қағидалары.Шетелдік сөздерді, диалектілерді, сәтсіз, неолегизмдерді оңды –солды пайдаланудың тілімізге зияны. Сонымен бірге көп сөзділікке, жалпақ шешейлікке жол беретін тілдік қолданысқа шеек қоюдың қажеттілігі.
Бақылау сұрақтары:

1. Публицистикалық болжам

2. Тілдік коммуникация
Ұсынылатын әдебиеттер:

Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974

2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967

3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991

4. Т. Қожакеев. Дәуір және сатира. Алматы, 1976.

5. Тәжірибе және талап. Алматы, 1972.

6. Журналист және өмір. «құрастырған Т. Амандосов). Алматы, 1967.

8-Дәріс. Журналист мәтініндегі бейне


«Бейне құралдары арқылы зерттеу» /газеттік ақпараттың метафорлығы /. Журнатистика тарихы мен қазіргі бұқаралық ақпарат құратдарындағы метафораның орны мен рөлі .

Образ полемикада фактіні дәлелдеу құралы ретінде .

Образды оқырман санасына жеткізу мүмкіндігі . Образ-ассоциация және образ-псевдоним . Нақты факті мен ассоциация – тақырыбының қатар дамуы . Образдық монтаж , оның ерекшеліктері. ,, Факті арқылы тұлғаны тану ,,. Психологиялық образдың шеберлігі. Халықаралық ақпараттардағы конфликт және полемика

Өмірлік үрдістерді «түзетдің» орнына шиеленістерді көрсету,оның негізгі кезеңдері: шиеленістердің маңыздылығы мен сипатын растау, оның дереккөзін іздеу, байланысты жандандыру т.б. дау туғызған мәселе төңірегіндегі байланысты кеңейту, шиеленіс арқылы болған оқиғаға жаңа көқараста авторлық пікірге жол табу.

Шығармашылық дарындылықтың белгісі ретінде өзіндік ойлау қабілеті; қолда бар байланысты ғана пайдаланып қоймай, сонымен қоса,бір шиеленістен басқасына ауыса білу.

Өткірлік журналист мітінінің ықпал етудегі шарт ретінде. Ақпарат алу мен журналистің оны жазумен байланысты даулы жағдай. Даулы оқиға төңірегіндегі ақпараттардың берілу түрлері. Шиеленімті ерекше көрсету үшін драматизмді, хабарлауды пайдалану әдістері. Дау-жанжалға авторлық сараптама жасауда кездесетін қисындық дағдарыстар.

Дау-жанжалды күшейту үшін автор қолданған түсініксіз серіктес немесе «қарсылас» рөлі. Авторлық сараптау қисынына бағынатын фактілер мен кейіпкерлердің үйлесімсіздігі. Дау-жанжал шиеленістің объективті бейнесі және шеберлік санаты ретінде.

Публицистикалық диалог пен полемика өнері; дауысқа салғанда дискуссиялық, екі ұшты ақпарат. Аудториядағы полнмика (қалыптасқан пікірмен). Диалогтың түрлері. Полнмикалық шегіністердің тікелей және жанама түрлері. Қарсыластың пікірін жоққа шығару және осы кезде жіберілетін қателіктер. Полемиканы жүргізудің жалпы принциптері. «Қарама-қарсы пікірді» дәлелдеу әдісі және оның полнмиканың әр түрлі варианттарында көрініс табуы.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Д.Баялиева Қазіргі қазақ баспасөзінің тілі мен стилі. Қарағанды, 2000



Семинар сұрақтары:

1. Қазіргі ақпарат құралдарындағы метафораның орны мен рөлі

2. Электронды БАҚ-ның тілдік ерекшеліктері
9-Дәріс. Журналистика мен публицистиканың өзгешеліктері

Әр түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен, әдебиет теориясында – «образ», экономикалық теорияда – «тауар», психологияда – «жан», зоологияда – «жануар», ботаникада – «өсімдік», астрономияда – «жұлдыз», т. б. негізгі ұғымдардың алатын орны орасан зор. Журналистика теориясындағы сондай негізгі ұғым «бұқаралық ақпарат ұғымы». «Informatio» - латын сөзі, қазақша мағынасы – «мағлұмат беру; мазмұндау, хабарлау» болып келеді.

Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы ретіндегі мәні бұқаралық ақпаратты жинақтауымен, өңдеуімен, дайындауымен және таратуымен айқындалады. Журналистиканың негізгі күші – оның ақпаратты иемденетіндігінде. Ақпарат журналистика мен аудитория арасындағы дәнекерлік рөлді де атқарады. Сондай-ақ журналистика жүйесінің алдындағы сан-салалы міндеттер шешуге қолданылатын қуатты құрал да – осы ақпарат. Ал, оның қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы өз алдына бөлек әңгіме. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың «БАҚ» деп аталуының себебі де содан шығады. БА журналистер мен оқырманды, көрерменді, тыңдаушыны байланыстыратын алтын көпір іспеттес.

Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бірге жасасып келеді. Қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әртүрлі болады. Алаңға кемесі биік мінбеге шығып, халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, қазақ ішіндегі «ұзынқұлақ», т.б. бәрі-бәрі ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді. Көне түркілерден қалған, «Қашық жердің хабарын керуен келтірер» деген мәтелдің өзегінде де ақпарат таратудың қарабайыр түрі көрініс береді.

Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат таратудың жаңа түрлері дүние есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі техникалық жетістіктер жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық тәсілдеріне қол жеткізді. Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибесіне енген жаңалықтар ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ сахарасына жетті.

Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы шыққан алғашқы нөмірінде: «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» /1, - деп ашына жазыпты. Сондағы Ахаң айиқан ой – ақпаратты иемденген жұртшылық қана білімді, парасатты, көзі ашық, білікті бола алмақ.

Кезінде қоғамдық қызметі теріс бағаланған, елі үшін еркіндікті аңсаған, ұлтжанды ойшыл қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың бұқараға қажеттігін былайша түсіндіреді: «Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің басынан аяғына оқылып, тыңдалып қалады. Пайдалы істі ынтымақпен істей қойысады. Залалды істің зардабын күн ілгері біліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүліншілік болып, жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғыны, шаттықты бірге көрмеген соң бізде ынтымақ жоқ, ынтымақ болмаған соң күш-қуат жоқ.» Мұның өзі қазақ зиялыларының халық ішіне ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына мән бергендігінің өзінде публицистикаға деген зор қажеттілік көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы Заңындағы» «Жалпы ережелер деп аталатын 1-тарауда біз сөз етіп отырған мәселе жайлы мынадай түсінік бар: «Бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусіз аумағына арналған баспа, аудиовизуальды және басқадай хабарламалар мен материалдар». /3. Яғни, «БА» ұғымын журналистік қызметтің негізгі жемісі деп қарауға болады.

«Бұқаралық ақпарат» ұғымының мағынасын былайша таратып айтқанымыз жөн:

1.Ақпарат бұқараға бағытталады. (яғни қоғамға, халыққа, аймаққа, кәсіп иелеріне, т.б.)

2.Ақпарат қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы көпшілікке қажетті олардың ойларындағы көкейкесті мәселелерге сәйкес келетін ақпарат болуы керек.

3.Жалпыадамзаттық биік мұраттарға ұмтылдыратын мәселелер бойынша жұртшылықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру қажет.

4.Бұқаралық ақпаратқа қол жеткізуіне тиімді жағдай жасалуы (яғни тегін немесе аз ғана төлемақыға ақпарат тарату, жаңалықтарды жеткізудің қарапайым түрлерін пайдалану).

5.Аудиторияның бір мезгілде ақпарат алуын қамтамасыз ету мүмкіндігі. Яғни ақпаратты үздіксіз, тұрақты және мерзімді түрде жеткізу. Теледидар мен радиода тұрақты уақытта хабарлар беріп отыру, ал газетте айдарлар мен циклдардың, беттердің реттілігін қадағалау.

6.Бұқаралық ақпарат құралдарына барлық қатысқысы келген азаматтарға ашық мүмкіндік беру.

Журналистік ақпарат – адамзат қалыптастырған жалпы ақпараттың құрамдас бір бөлігі болып саналады. Журналистикадағы ақпарат ұғымының басты екі мағынасы бар. Ақпараттың кең мағынасы – журналистика аудиторияға жеткізетін барлық мәліметтердің жиынтығы. Яғни көпшіліктің дүниетаным шеңберін ұлғайтатын хабарлар мен жарияланымдардың бәрі де журналистік ақпарат болып табылады. Мақалалар мен очерктер, телефильмдер мен сазды хабарлар, радиоспектакльдер мен бейнеклиптер, жарнамалар мен телекөпірлер, баспасөз конференциялары мен боифингтер, сөз жұмбақтар мен хабарландырулар т.б. БАҚ жүйесінде қолданылатын материалдардың кең спектрі түгел қамтылады.

Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді:

а) бұл – ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы;

ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;

б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.

Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

Олар:


а) оқиғалы ақпарат

ә) көркем ақпарат

б) публицистикалық ақпарат

в) анықтамалық ақпарат

г) жарнамалық ақпарат

ғ) көңіл көтеретін ақпарат

д) түсініктемелі ақпарат

е) түсініктемесіз ақпарат

Журналистиканың ақпараттық қызметі «Журналист – Текст – Аудитория» тізбегімен айқындалады. Журналист өмірдегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып, материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория – тыңдаушы, көрермен, оқырман. Бұл қарапайым формула (Ж-Т-А) ақпарат теориясындағы тіке байланыс және кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез келген газет, радио, теледидар тәжірибесінен мысалға келтіріп көрсетуге болады.

1948 жылы Шеннон Ақпараттық материалдық теориясын жасады. Оны Виннер басқару теориясымен ұштастырған. Кейбір теоретиктердің айтуынша: «Ақпарат дегеніміз хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады». Шындығында да текстің өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде ғана оның ақпараттық сипаты айқындалады. Журналистикадағы бұқаралық-ақпараттық процесс негізгі үш сатыдан тұрады:

1. Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі оқиға, құбылыстың кескінделуі.

2. Шығарма тексінің жазылуы.

3. Аудиторияның тексті меңгеруі.

Осыдан келіп шығатын журналистік текстің үш қырын сипаттауға болады:

1.Текстің семантикасы «семантика – грек сөзі semantiros – «маңызды», «көрсететін» деген мағынаны білдіреді.) Бұл оның болмыспен қарым-қатынасының сипатын білдіреді.

2.Текстің синтактикасы. (синтактика – грек сөзі «sintartiros» - «құрылған» деген ұғымды білдіреді.)Бұл текстің ішкі құрылымының сипаты.

3.Текстің прагматикасы. (прагматика – грек сөзі «pragma» - «пайда, іс» деген ұғымды білдіреді.) Бұл текстің аудиториямен қатынасының сипаты. Әрбір журналист тексті дайындағанда мынадай шарттарды ескергені абзал:

а) Ақпаратта хабарланатын жайттар тың да, тосын болуы қажет.

ә) Хабардың аудиторияға түсініктілігі, көпшілікке жетімді болуы.

б) Ақпараттың құндылығы, маңыздылығы ескерілуі керек.

Бұқаралық ақпарат құралдары болмысты неғұрлым тұтас күйінде көрсетуге және дәл, әр қырынан бейнелеуге тырысады. Сондықтан да журналист шығармаларындағы ақпарат та мән-маңызына, қамтылған тақырыбына қарай төрт топқа бөлінеді.

Бірінші – дескрипті (descriptio – латын сөзі «баяндау, бейнелеу») баяндаушы ақпарат. Мұнда негізінен нақты деректерге сүйене отырып баяндау тәсілі қолданылады.

Екінші – прескриптивті ( preskriptio – латын сөзі «алдын-ала көре білу») көзқарастық ақпарат. Мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы қоса беріледі.

Үшінші – валюативті (лат. Valeo. Итальян. Valuta – «баға, құн») бағалаушы ақпарат. Мұнда тексте журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы байқалады немесе деректерді беру әдісінен-ақ бағалаушылық білдіріледі.

Төртінші – нормативті (лат. Norma) іскерлік ақпарат. Яғни тексте «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беріледі.

Жалған ақпарат таратушылық та кейбір газет-журнал беттерінде, радио, телехабарларда кездеседі. Оны «дезинформация» деп те атап жүр. Дезинформация – информация жоқ деген сөз емес, дезинформация, жалған ақпар тарату-ақпараттың ерекше бір түрі болып табылады. Мұндай жалған ақпар тарату-аудиторияны шатастыруды, өмірде болмаған жайттарды, бурмаланған мақсаттар мен құндылықтарды көрсетуге бастайды.

Қазақстан Республикасының «БАҚ Заңның» 26-бабында көрсетілгендей мәліметтерді таратқаны (дезинформация) үшін еліміздің заң актілерінен жауапқа тартылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

Газет материалдары бойынша



Семинар сұрақтары:

1. Журналист мәтініндегі бейне

2. Журналист өз заманының жаршысы
10-Дәріс. Ақпаратқа тақырап қоюдағы шеберлік

Тақырыпты дұрыс таңдау – журналистің тиімді еңбегі. Алғашқы және екінші ақпарат көздері. Журналистің тақырыпты жан-жақты меңгеруі. Тақырыптың өзектілігі. Тақырып таңдау-ақпарат жинау-деректерді тексеру-талдау-жазу-өңдеу-көркемдеу. Проблема және оның шешілу жолдары. Журналистің қоғамдық ролі. Қысқалық, өткірлік. Мақала қоғамдық – әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп – талдаудаң, жинақтаудаң нәтижесінде жазылады. Сондықтан да мақаланың негізгі жемісі – идея. Белгілі бір идеяның, әлеуметтік ой – пікірдің негізінде жазылған мақала сол идея мен ой – пікірді насихаттайды, немесе соны іске асыруға үндейді. Баспасөздің күнделікті ісінде атқарған ролі ерекше және бұл жанр оқырман алдына күрделі міндеттер қояды.

Журналист қажетті мәліметті қалай жинайды? Объектіні таба білу. Байқаулар. Актуальды тақырып дегеніміз не? Материал жинаудағы кейбір қиындықтар. Редакцияға, халыққа керекті құбылыстарды, проблемаларды іздеу. Қойын дәптер және басқа да журналистке керекті техникалық құралдар пайдасы. Материалды жазу процесі. Дайындық. Фактілер мен ойды жүйелеу. Редакция немесе үйдегі жазу үстіндегі еңбек. Ойды жинақтау, талдау, қорыту арқылы қағазға түсіру. Материалды өңдеу мен жөдеудің шарттары мен түрлері.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Барманкулов М.К Журналистика для всех. Алматы,1979

2.Барманкулов М.К Телевидение: деньги или власть. Алматы,1997

3.Воршилов В. Право и этика СМИ. Москва,1985

4.Горохов В. Основы журналистского мастерства. Москва,1993

Семинар сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі басылымдардағы тақырыптардың негізгі типтері

2. Мәтін түрлері
11-Дәріс. Ақпараттардағы публицистикалық «мен»

Бүгінгі күнде халықтың өзі де белсенді өмір кешуде. Неге десеңіз заман, қоғамның жылжуы осындай кезеңге әкеліп отыр. Ендеше журналистің де жайбырақат күй кешуіне, жайбасарлыққа салынуына құқы жоқ. Күнделікті өмірде адамдар телевизор көріп, радио тыңдап, газет – журналдар оқып, қарбалас – қаракеті мол сәттерді бастан өткеруде. Осы себептен БАҚ – ның қай түрі болсын өз жұмысында әдеттегіден үнемді де сапалы іс танытуына тура келеді. Ал оның жұмысы ойдағыдай аьқарылуы үшін жекелеген журналистердің тынымсыз еңбегі қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Журналист еңбегі - өзіндік жеке еңбектен тұрумен бірге, керегінше ұжымдық ортақ еңбекке айналып жатса абырой да жоғырылай түспек. Мұны айтқанда әрбір істі ғылыми түрде ұйымдастырып, оның методикалық әдістерін дұрыс таба білу де үлкен өнер. Сонда ғана журналист еңбегінің, творчествосының маңызы артатыны мәлім. Материал жазуда, хабар ұйымдастыруда журналистің кәсіби тәсілдерінің орны бөлек. Содан келіп шеберлікке деген жол басталмақ. Жірналистің творчестволық табиғатының өзі осыны меңзейді. Маманның өзі жде творчестволық тұлға ретінде эволюциялық өрлеу сатыларынан өтуі лазым. Бұл жол оның еңбегінің сапасын көтеруде, биік деңгейге жетуіне, табысты да, жемісті болуына көмектеседі.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Весь мир у вас в квартире. Алматы,1972.

2. Молдабеков А. Хабардың бес белгісі. Алматы, 2000.

3. Турсынов К. Көгілдір экран құпиясы. Алматы,1999.



Қосымша.

4. Барманкулов М. Телевидение; деньги или власть. Алматы,

5. Козыбаев С. Аудитория – весь Казахстан. Алматы, 1984 .

6. Омашев Н. Толқындағы тотияйын. Алматы, 1986.

7. Куштуев А.Телевидение по проводом. //Наука и жизнь.1989.

8. Казахстан – страницы радиолетописи. Алматы, 1981.

9. Қозыбаев С. Рамазанова А. Аллаберген Қ. Әлем баспасөзінің тарихынан. Алматы,1999.

10. Вачнадзе Г. Всемирное телевидение. Тбилиси. 1989 .


Семинар сұрақтары:

1. Авторлық пікір білдірудің нысандары

2. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
12-Дәріс. Журналистік шеберлік пен тәжірибе

БАҚ – тың түрлеріне орай творчество да өзінше қалыптасып отырады. Журналист газет, радио, телевидениеге қай жағынан алғанда да материалды бірдей етіп дайындай алмайды, олай етудің қажеті де жоқ. Бұл ретте оның әрқайсының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеру бұлжымас шарт. Мысалы бір ғана очерк жанрын алайық. Осы очеркті газетке жазғанда басқаша, радиода басқаша, телевидениеде басқаша қалыпта беруге тура келеді. Өйткені мұның әрқайсысының өзінің табиғатын, сипатын аңғару қажет. Газет очеркінде әбеби – көркем сөз нормаларын сақтаудың әдіс – тәсілі бөлек болса, радио, телевидениеде бұл жай техникалық құралдарды пайдалануға байланысты басқаша қырынан келуі мүмкін. Баспасөзде оқиға, факті сөзбен суреттеліп, оқырманның оқуына негізделсе, радиода тыңдаушы мүмкіндігі ескеріледі. Себебі, радионың материалын газеттегідей әркім өзі қолына ұстап оқымайтыны түсінікті. Радио хабары көру, оқу арқылы емес, тыңдау арқылы қабылданады. Оның материалдары диктофонға жазылып, не диктордың оқуымен ғана беріледі. Онда кейіпкердің өз сөзі, дауысы жанды түрде жазылып алынса, газетте кейіпкер сөзін автор диалог, монолог арқылы прозаға түсіреді. Ал телевидениенің бұл екеуінен де айырмашылығы бары белгілі. Теле хабарлар адамның көру қабілетіне негізделеді. Экрандағы бейнекөріністердің берілуінің өзіндік әсері бар. Мұндай көріністерді газет баяндау, бейнелеу арқылы сөзбен жеткізсе, телевидение ондай сөздерді баяндап жатпай – ақ киносуреттерді көрсетудің өзі жетіп тұр. Жас журналистер мұны үнемі ескере жүрулері керек. Бүгінде журналистика ел шеңберінде қала алмайтындығы. Оның аясы кеңейіп, халықаралық дәрежеде жұмыс істейтіні туралы. Тәуелсіз Қазақстан енді жер жүзілік өркениетке қосылу үшін шетелдер мен журналистика салаларында да жан – жақты байланыстар орнатып жатқандығы. Осы ретте журналистік творчествода дамыған елдер журналистикасымен тәжірибе алмасу қажет екендігі. Европа, Америка, Шығыс елдері журналисьтикасымен қарым – қатынас жасап, әлемдік ізденістерге қосылу керектігі. Әлемнің ірі ақпарат құралдары қазірдің өзінде Қазақстан хабарларын және өздері де бізге хабар беріп жатқандығы жөнінде. Мұның пайдасы мен тврчестволық әсерлері туралы. Бірақ олардың кемшілік жақтарын қабылдамауымыз шарт екендігі. Жер жүзілік құндылықтардан шет қалмауды қазірден ойластыру қажеттігі. Бұл орайда ұлттық БАҚ – н дамыта отырып, творчестволық ізденістер жасаудың артықшылығы.

Бүгінгі күнде тағы бір үлкен проблема – халықаралық журналистика тәжірибесіне назар аудару болып отыр. Шындығында журналистика шекараны білмйтін сала. Әрбір ұлттың, халықтың өз мәдениетін дамытып, өз журналистикасын өркендетуі үлкен болыш болуымен бірег, өз шеңберінде, өз аясында қалып қоюына да болмайды. Онсыз өсу- өркедеу, алға басу болмақ емес. Томаға – тұйықтық жараспайды. Басқа да дамыған елдердің жақсы жағын үйреніп, нашар жағынан жиреніп отырудың артықтығы жоқ. Осындайда айта кетер нәрсе – журналистикадағы халықаралық байланыстардың арасында творчествоны байытуға мол мүмкіндік ашылады. Қазіргідей барыс – келіс, алыс –беріс орнап жатқан заманда мұның өзі керек жағдай. Бұдан былай да қарым –қатынастар жиілемесе, азаймайтыны рас.

Қорыта келгенде, журналистің шеберлік лабораториясы жайлы көп айтуға болады. Күнделікті өзімізбен қатар өмір сүріп, редакцияларда еңбек етіп жүрген есімдері елге белгілі журналистердің творчестоволық лабораториясына ден қойып, олардың қалай жазып, ұқалай еңбек ететінін білу – болашақ жас журналистерге үлкен сабақ боларын сөз басында айттық. Әрине, творчество теңіздей терең, таудай шың – құздары бар мол қатпарлы, көп сырлы болғандықтан барлық мән – маңызын ашып тастау да мүмкін емес. Шеберлік үнемі даму, өзгеру, жаңару үстінде болғандықтан да оған біржолата «нүкте» қойып қорытындылау да келісімсіз болары ақиқат . Бір сөзбен айтқанда – творчество шексіз!... Сондықтан біздің мақсатымыз – оның кейбір қырларын ғана студенттерге бағыт – бағдар ретінде ұсыну еді.

Шеберлік туралы ұғым. Ол қалай пайда болатын жайлы. Шеберлік жолындағы ізденістер. Тәжірибе жинау шарттары. Көрнекті журналистер еңбектерінен мысалдар келтіру. Қаламгерлік машықтың өсу сатылары. Журналистің кәсіби тұрғыдан толысуы. Білім мен білік. Жақсы шығарма қалай жазылады? Тартымдылық, әсерлік, қызықтылық. Құнды матеиал дегеніміз не? Творчестолық шеберлік мәні.

Әдебиет:

1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974

2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967

3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991



Семинар сұрақтары:

1. Журналист және компьютерлік технология


13-Дәріс. Жанрлардың түрлері, оның жаңа формалары

Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Журналистиканың теориясында публицистикалық жанрды түрге бөлу былайша: біріншіден, заттың (нысанның) танымдығы, көріністегі өзіндік ерекшелігі (заметка, корреспонденцияға – факті мен оқиғаның тікелей қатыстылығы, ал сұхбат пен рецензияға – бейнелеп көрсетудің тән екендігі); екіншіден, танымдық – тәрбиелік мақсаттары; үшіншіден, әрекетті көрсетудегі кең ауқымдылық немесе түйін мен қорытындының ауқымдылығы; төртіншіден, өзіндік айқындаушы – мәнерлеуші құралдары (әдеби тілі, стилі, бейнелігі) қарастырылады.

Шын мәнінде, телевизиялық шығарма жанрын айқындау – осы айтылған жайлардағы қандай да бір жекелілік белгілер емес, олардың бәрінің жиынтығы нәтижесінде болатын құбылыс. Басқаша айтқанда, жанрлық бірлікте болу барлық төрт белгіге қатысты. Осыдан мынадай шығатын қорытынды, публицистика жанры (ақпараттық, талдамалы және көркем), тек мынадай жағдайда ғана – материалдың документальдығы, ойдан шығарылмағандығы, дәлділігімен бөлек кезеңде, үнемі бір – бірімен байланыста болады. Жанр типін айқындау кезінде, оны көріністің негізінде жататын құбылыс пен объективтік процестерге байланысты қарап, айқындаған жөн.

Хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басқалармен салыстырады, жағдай мен құбылысқа баға береді, проблеманы шешу жолдарын ұсынады. Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды беруде кеңдігімен, ойлауда ауқымдылығымен, өмірлік, маңызды құбылыстарды зерттеумен айрықшыланады. Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, дәл белгілеу, танымдық – тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби – стилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы – көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді.

Жанрдың осы тобына жататындардың ішінде негізгілердің бірі корреспонденция жанры, онда нақтылы материалда тар ауқымдылығымен салыстырғанда, аналитикалық планда тақырыптың актуальділігі айқындалып, қандай да бір проблема шешіледі. Корреспонденция хабарлама түрінде де болып: онда, шетелдегі тілшілердің хабарламасы, жаңа бір құбылыстар, ғылыми жаңалықтар өндірістік тәжірибелер әңгіме арқауына айналуы мүмкін. Ол толық заметканы көз алдымызға елестетіп әрі белгілі бір тақырыптағы материалды кең қамтуыменен де ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденция суреттелген құбылыстың себебін ашады, мысалы ситуация қақтығыс. Материалдағы фактіні талдау негізіне көпшілігіне жаңа бір тосын проблемалар әрі саяси өмірдегі және әлеуметтік – экономикалық саладағы өткір сұрақтар қойылып жатады. Мұндай корреспонденциялар телепублицистикада қойылымдық деп аталынады. Ал кейде журналист көрермендермен бірлікте кейбір фактілерді бағалап, салыстырып, талдап жатады, осының негізінде корреспонденция – толғау өмірге келеді.

Талдамалы жанрлар құрылымының күрделілігі сонда, мұнда журналист ірі көлемдегі фактілермен жұмыс істейді. Ол фактілерді әу бастан түрлі негіздеріне, олардың арасындағы байланыстарына орай жүйелеу, топтау және классификациялау қажеттілігі келіп туындайды. Шығармашылық процестің осы кезеңінде фактіні сценарий құрылымындағы сан алуан факторлармен байланыстыру мәселесі келіп шығады. Ал сценарийдегі тұтастық белгілі бір концепция, идея және ойлардың негізінде жүзеге асуы мүмкін. Журналиске бәрінен бұрын фактіні талдау, негізгі проблемадағы қажетті кезеңдерді айқындау, әрі фактологиялық мәліметтерді таңдау методы қажеттілік болады. Содан кейін ғана жанрлардағы түрлі бөлімдердің арасын пропорциялы түрде бөлу кезеңі келіп туындайды.

Маңыздысы көрерменге тек қана фактіні ұсынып қою емес, оны журналистің қоғамдағы өткір проблемалармен байланыстыра қарастыруында. Осы орайда, «31 канал» телеарнасында 2001 жылдың қазан айында өмірге келген «Саясат» бағдарламасын атауға болады. Оның авторы және жүргізушісі Иманбай Жұбайдың айтуына қарағанда, «Саясат» бағдарламасы қазақ тіліндегі ақпараттық – сараптамалық рынокқа өзгеше тыныс ала келген екен». «Басқа телеарнадағы ақпараттық – сараптамалық бағдарламалар апта бойғы оқиғаны кеңейтіп, бес – алты минут көлемінде созып береді. Мен аптадағы маңызды деген бір оқиғаны алып, соны жан – жақты талдауға тырысамын. Осыған байланысты проблемаларды көтеруге ден қоямын. Студияда сарапшылар болады. Сөйтіп, бір мәселені бақайшығына дейін шағуды қолға алдым»,- дейді бағдарлама жетекшісі Иманбай Жұбай. Сондықтан да талдамалы жанрлар құрылымында басты рөл мына кезеңдерге беріледі: а) дәлел үшін негізгі тезисті ұсыну; б) ұсынылған тезисті ашу үшін дәлел құрылымын жүйелеу; в) дәлел жүйесінен қорытынды шығару. Сондықтан «Саясат» бағдарламасын бір жақты не ақпараттық, не талдамалы жанрларға тели салу да қателік болар еді. Мұнда жанр түрлерінің сан алуан элементтері тоқайласқан.

Сөйлеу кезіндегі проблематиканың құндылығы, онда жағдайдың актуальділігі, мәнділігі мен жаңашылдығы болып табылады. Проблеманың қойылымындағы негізгі өзек қоғамның сұранысы мен оның өмірде шешімін табуы. Теориялық әдебиеттерде проблема «білім білместік туралы» мәнді аңғартады, немесе, «білім әрекеттің өзіндік және мәнділік жағының белгісіздігі, алайда ойлау тұрғысынан қоғамдық тәжірибе мен қоғамдық көңіл – күйге әлеуметтік дамудағы қажеттіліктің үстемдік еткендігі». Логикалық түрдегі проблемалық сұрақ, шешімді талап етуден келіп туындайды. Сұрақтың танымдық рөлі сонда, ол «таным мен таным еместің арасын жалғастырушы, немесе ескі білімді ол бағыттағы әлі де қалыптасып үлгермеген жаңамен ұштастыру». Сұрақтың танымдық не коммуникативтік функциясының артықшылығына орай, олар зерттеушілік және коммуникативтік болып бөлінеді. Журналист алғашында әлі шешімін таппаған әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де сұрақтарға жауап беруге тырысса, ал екіншіден, түрлі көздерден пайдаланылған және өзге де мәліметтерді беруге не хабарлауға тырысады. Сұрақтар мәнділігіне ой тоқтатқан журналист өз ойына ғана қозғау салмайды, әрі одан арғы пікірдің логикалық түзілімін образды түрде құрады. Осы мақсатқа орай, дәлелдегі айғақты талап «тезис» пен «антитезис» келіп шығады.

Тезис – айғақты басты элементтердің бірі, әрі ол айғаққа шыншыл түрде бірлікте жайғасады. Тезис екі жағдайда толыққанды болып шығады: а) ол дәл және айқын берілуі тиіс, онда екіұштылық не айқын еместік болмауға тиіс; б) тезис айғақтың бүкіл өн бойында онымен бірлікте болуға тиіс. Ал «антитезис» термині, айғаққа қарсы пікір, әрі ол айғаққа қарсы логикалық қорытындыны бірлікте туындатады. Осыдан үштік триада формасы шығады: тезис – антитезис – синтез. Автордың қарама – қарсы пікір көзқарастарының соқтығысынан, оқиғаның дамуы динамикалық сипат алып, ол жан – жақты ашылып, ең соңында оның ішкі қайшылықтары жарыққа шығады.

Талдамалы жанрлардың құрылымындағы басты орындардың бірін дәлелдеме иемденеді. Дәлелдеменің өн бойынан автордың логикалық пікірін байқауға мүмкіндік мол. Дәлелдеме арқылы қандай да бір пікірдегі логикалық түйінді не тезистегі жалғандық пен шындықтың дәлелін, әлде айғақты логикалық процестің жиынтығын және психологиялық процестегі көз жеткізуді байқап, түйсінуге болады. Солай етіп, дәлелдер, бір жағынан авторлық пікірдің сыртқы түрін қайталайды, ал, екінші жағынан – аса маңызды психологиялық функцияны, көрерменнің шындыққа көзін жеткізу мен авторлық бекітілімнің дұрыстығын дәлелдеуге бірлікте қатысады. Құрылымдағы дәлелдеме жүйелі болу үшін, мүмкіндігінше риторикалық қағида негізіне сүйенген орынды. Оны біздің жыл санауымыздың I-ші ғасыр Рим риториктері жасап кеткен. Олар жасаған жүйе бір – бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: «1) табу – дәлелді іздеу және таңдау; 2) тұрған орын – дәлелдің жүйелілігі, әрі оның мәтінде орналасуы; 3) айтылу – дәлелді сөйлеу, сөзді таңдау және риторикалық фигуралар; 4) есте сақтау; 5) айту.

Риториктер дәлелдерді мынадай логикалық жүйемен келтіруді ұсынған: 1) кіріспе; 2) баяндау (проблеманың қойылымы); 3) дәлелдеу; 4) мәлімдеу; 5) дербес тақырыптың мазмұны; 6) қорытынды».

Эфирден сөйлеу кезіндегі риторикалық композицияның артықшылығы неде? Сөйлеу кезінде жүргізуші тек аудиторияның көңіл – күйін ғана өзіне аударып қоймайды, ол бір мезгілде көтеріліп отырылған проблемаға көпшіліктің көңілін қоса аударады. Жүргізуші өзі келтірген дәлелдері мен өз пікірі арқылы проблеманы ашуы не қарама – қайшы дәлелдерді де туындатуы әбден мүмкін. Ал, қорытындысында автор өзі жасаған талдаудан қандай да бір пікір түйеді.

Риторикадағы композициялық жүйеден логикалықтың арықшалығы, ол материалдың маңыздылығына ешқандай да әсер етпейді, керісінше талқылау кезінде оған логикалық пайымдаулары да бірлікте қосады. Солай етіп, айғақтың негізгі компоненттері мыналар: констатация (фактіні анықтау) – талдау – баға – қорытынды.

Талдамалы жанрға – корреспонденция, әңгіме, пікірталас, түсініктеме, шолу, баспасөз конференциясы жатады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет