115
MB 3302–
МАРКЕТИНГТІ БАСҚАРУ
Көлемі 2 кредит
Авторлар:
Ахметова З.Б. – экономика
ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы
Турлыбекова Н.М. – аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық
университеті
Пікір жазғандар:
Ташенова С.Д. – экономика
ғылымдарының докторы, Алматы
менеджмент университетінің профессоры
Бейжанова А.Т.– экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Бәсекелі нарық жағдайындағы және жаһандану үрдісіндегі қазіргі ҚР
экономикасының дамуы нарыққа негізделген оқу бағдарламасымен
дайындалған мамандарды қажет етеді. Рынокты басқарудың әдістерін,
принциптері мен механизмдерін терең білуді, экономика конъюнтурасын,
фирманың бәсекелік позициясына нәтижелі әсер ететін ұйымдастыру -
басқару принциптерінің жиынтығын маркетингті басқару курсы береді.
Мұнымен қазіргі нарық жағдайындағы басқару жұмысының әдістері мен
тәсілдерін меңгерген маркетинг мамандарын дайындау қажеттігі мен
маңыздылығы анықталады.
“Маркетингті басқару” пәнін оқудың нәтижесінде студенттер
білуі
тиіс:
-
маркетингпен басқарудың негізгі мазмұнын және принциптерін,
кәсіпорындағы маркетингтік басқару әрекеті қызметінің маңызы,
маркетингпен басқару циклының жалпылама құрылымы;
-
маркетингтік басқару процессін ұйымдастыру негізіндегі пайда
табу мен рынок талабын орындау барысындағы кәсіпорын ресурстары мен
мүмкіндіктерін тиімді қолдану;
-
маркетинг кешеніндегі негізгі факторлар: тауар, баға, бөлу және
жылжытуды басқарудың стратегиясы мен тактикасы;
-
маркетинг қызметін ұйымдастырудың жетістіктері мен
кемшіліктері: қызметтік, тауарлық (өнімдік), аймақтық және сегменттік
(нарықтық) бағыттардағы;
-
маркетингтік жоспарлау мен бақылаудың өзіндік және негіздік
өзара байланысын, сонымен бірге оны фирма қызметінде тәжірибе жүзінде
іске асыру мен ұйымдастыра білу.
Пәнді
үйрену
барысында
студенттер
ұйымдастыру-басқару
116
жұмысының тәсілдерін меңгеру
құзіреті болуы керек және білуі тиіс:
-
фирма қызметіндегі жедел және стратегиялық маркетингтік
жоспарды жасап және экономикалық негіздеуді;
-
фирмада маркетинг қызметін оның барлық құрылымдарын
оңтайландыру мен бағыттауды қамтамасыз ететін бөлім ретінде
ұйымдастыруды;
-
тауарлық, бағалық, бөлу мен коммуникация саясатындағы
келісілген, салмақталған шешім қабылдай білуді;
-
фирманың маркетингтік қызметін бақылау мен нәтижесін
бағалай білуді;
-
нарықтағы жаңа өткізу сегменттерін игеру үшін маркетингтік
құралдарды қолдана білу;
-
тапсырыс
портфелін
тиімді
қалыптастыру,
халықтың
сұранысын сапалық және сервистік тұрғыдан өсіру.
Пререквизиттері: «Маркетинг», «Менеджмент», «Маркетингтік
зерттеулер», «Баға құру».
Бұл курсты оқытуда ҚР МЖББС типтік оқу жоспары бойынша аралас
пәндерге: “Халықаралық маркетинг”, “Маркетингтік коммуникация” және
т.б. жатады. Аталған курстарды қатар оқытудың қажеттілігі, маркетингтік
басқару шешімдері рынокты кешенді зерттеу негізінде қабылданады, ал
оны жүзеге асыру рынокпен коммуникациялық байланыс жасау жолымен
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: