Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары
Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары және қағидалары.
Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы бағыттары. Бағыттарына
сәйкес
маркетингтік
зерттеулердің
негізгі
түрлері:
нарықты,
тұтынушыларды, бәсекелестерді, нарықтың фирмалық құрылымын,
тауарларды, бағаны, тауар қозғалысын және сатуды, жылжыту жүйесін,
кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу.
Маркетингтік зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі:
нарық жағдайын талдау көрсеткіштері (жалпы экономикалық жағдайды,
сұраныс пен ұсынысты, тұтынушылардың тауар/қызметке талабын және
тұтынушылық талғамдарды); нарық субъектілері саудасының нысаны мен
әдісі көрсеткіштері (жабдықтаушы-фирмалар, бәсекелес-фирмалар, әлеуетті
сатып алушы-фирмалар және т.б.); фирманың шаруашылық қызметі
нәтижесін талдау көрсеткіштері (экономикалық әлеует, шаруашылық
қызметтердің жалпы нәтижелері, шаруашылық субъекті қызметінің
тиімділігі және қаржылық жағдайы); өнімнің бәсеке қабілеттілігі
көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін
талдау көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің бәсекелік мүмкіндіктерін
бағалау көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |