5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата15.11.2019
өлшемі1,35 Mb.
#51884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5В060200-Информатика


 
Реляциондық алгебра 
Реляциондық  деректер  моделі  (реляциондық  алгебра  операциялары) 
шеңберінде  деректерді  басқару  операциялары.  Келесі  операцияларды 
анықтау және оларға мысал: біріктіру, айырма, декарттық көбейту, проекция, 
қиылысу, θ-байланыс және табиғи бірігу.  
 
Деректер қорындағы мәліметтерді әр түрлі ұсыну. Деректер қорын 
жобалаудың негізгі қадамдары 
Терминдерді  анықтау:  тұжырымдамалық  талаптар,  тұжырымдамалық 

53 
 
модел,  ДҚБЖ  моделі,  үш  деңгейлі  архитектура,  деректер  қорын  жобалау. 
Дерек  қорындағы  деректер  туралы  түсінік  және  үш  деңгейлі  архитектурада 
олардың  көрініс  табуы.  Осы  түсініктер  негізінде  дерек  қорын  жобалаудың 
негізгі кезеңдері. 
 
Концептуалды пішімдеу. ER-диаграмма 
Мән-байланыс  әдісі.  Мән,  атрибут,  мәннің  кілті,  субъектілер 
арасындағы  байланыс,  байланыс  дәрежесі,  мән  экземплярларының  қатысы 
және  мән  экземплярлары,  ER-диаграмма,  бүтіндікті  шектеу  түсініктерін 
анықтау.  ER-диаграммалар  құру  сатылары  мен  қадамдарын,  дерек  қорын 
қолданатын  болашақ  қолданушыларды  және  тұжырымдамалық  моделдің 
тұтастығының шектеулерін сипаттау. Қарым-қатынас қалыптастыру ережесі. 
1:1  байланыс  үшін  қарым-қатынастарды  қалыптастыру.  1:М  байланысын 
қалыптастыру. М:М байланысын қалыптастыру. 
 
SQL 
құрылымдық 
сұраныстар 
тілі: 
деректер 
қорының 
құрылымын құру және онымен жұмыс жасау 
SQL  тілінің  қысқаша  сипаттамасы.  Деректер  қорын  құру,  құрылымын 
өзгерту, кестелерді қордан жою, түрлі деректер типі, алдын ала резервтелген 
командалар.  
 
SQL тілі: мәліметтермен жұмыс жасау. Сұраныстарды құру 
Кестедегі  мәліметтер  мәнін  шығару,  қосу,  өзгерту  және  жою 
сұрауларын  құру.  Шарт  бойынша  таңдау.  Қайталанатын  мәндерді  жою. 
Есептелетін өрістер. Салыстыру операторлары және логикалық операторлар. 
Арнайы  салыстыру  операторлары.  Агрегаттық  функциялар.  Жазбаларды 
реттеу. Бірнеше сұраулар, кестелерді біріктіру, ішкі сұраныстар. 
 
SQL  тілі:  деректер  қорының  қосымша  объектілерін  құру. 
Сақтаулы процедуралар. Триггерлер 
Түсініктерді  анықтау:  сақтаулы  процедура  және  триггер.  Желілік 
траффикті азайтудағы  және  мәліметтердің  логикалық  бүтіндігін қамтамасыз 
етудегі олардың ролі. Сақтаулы процедуралар мен триггерлерді қолданудағы 
әр  түрлі  мүмкіндіктерді  ұсыну.  Сақтаулы  процедураларды  қолдану. 
Процедуралар синтаксисі. Параметрлерді қолдану. Параметрлерді жариялау. 
Үнсіз  келісім  бойынша  қолданылатын  мәндерді  ұсыну.  Шығыс  параметрін 
қолдану.  
 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР 
ҮЛГІСІ 
 
1. 
Бойс-Кодд  нормалды  формасына  дейін  қатынастар  схемасын 
оңтайландыру мысалын ұсыну. 
2. 
«Мән – байланыс» әдісі арқылы деректер қорын жобалау. Деректер қоры 
құрылымын құру.  

54 
 
3. 
Түрлі пакеттерді қолданып ER-диаграммаларын құру.  
4. 
Реляционды алгебра есептерін шығару.  
5. 
Дерек қорын құру үшін бағдарламалық қамтаманы орнату және өңдеу. 
6. 
Құрылған 
ER-диаграммалары 
және 
қатынастар 
схемаларын 
оңтайландыру негізінде деректер қорын бағдарламалау. 
7. 
Бірнеше  кестені  байланыстыратын,  ішкі  сұраныстарды,  параметрлі 
сұраныстарды жүзеге асыратын сұраныстар құру.  
8. 
Студенттердің түрлі триггерлер мен сақтаулы процедураларды құруы.  
 
ҰСЫНЫЛАТЫН СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ 
 
1. 
Ақпараттық жүйе архитектурасы. Деректер қорын басқару жүйелері.  
2. 
Деректер қорымен жұмыс кезінде мәліметтермен алмасу схемасы. 
3. 
Постреляционды, көп өлшемді пішімдер.  
4. 
Деректер қорының объектіге бағытталған пішімі. Мәліметтер типі. 
5. 
Байланыстар бүтіндігін басқару. 
6. 
Реляциондық есептеу. 
7. 
QBE үлгісі бойынша сұраныстар тілі. 
8. 
MS SQL Server ортасындағы мәліметтер типі.  
9. 
Бүтіндікті қамтамасыз етуді қолдау. 
10.  4-ші, 5-ші нормалды формалар. 
11.   Құрылымдарды өңдеу бойынша ұсыныстар. Бүтіндікті қамтамасыз ету.  
12.  Деректер қорының физикалық ұйымдастырылуы. 
13.  Хештеу, индекстелген файлдар. 
14.  Деректер 
ағымының  диаграммасы.  Функционалды  пішімдеудің 
әдістемесі. 
15.  Құрылымдық типті жүйелер. 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
 
Негізгі: 
1. 
Андасова  Б.З. Деректер  базасының  теориясы /  Оқулық.  Астана.  - 
Еуразия ұлттық университеті, 2010. – 436 б. 
2. 
Андасова  Б.З.  Реляциялық  деректер  базасын  жобалау/Оқу  құралы.  -
Астана.- КазАТУ, 2010. – 148 б. 
3. 
Шмыгалева Т.А., Черикбаева Л. «Клиент-серверлік қосымша». А: Қазақ 
Университеті, 2011. – 130 бет.  
4. 
Бидайбеков  Е.Ы.,  Елубаев  К.,  Шекербекова  Ш.Т.  «Мәліметтер  қоры 
және ақпараттық жүйелер». Алматы, 2010. – 100 б.  
5. 
Швецов  В.И.,  Визгунов  А.Н.,  Мееров  И.Б.  «Базы  данных.  Учебное 
пособие» - Н.Новгород: ННГУ, 2004. – 217 стр.  
6. 
А. В. Кузин, С. В. Левонисова «Базы данных». Академия, 2012. 630 стр.  

55 
 
7. 
Ицик  Бен-Ган,  Диджан  Сарка,  Рон  Талмейдж  «Microsoft  SQL  Server 
2012. Создание запросов». Учебный курс Microsoft (+ CD-ROM) Русская 
редакция. 2014. – 720 стр. 
8. 
Кирстен  В.,  Ирингер  М.,  Кюн  М.,  Рериг  Б.  Постреляционная  СУБД 
Cache 5. Объектно-ориентированная разработка приложений. М.: Бином-
Пресс, 2008. – 384 стр.  
9. 
Paul  Weinberg,  James  Groff,  Andrew  Oppel  «SQL  The  Complete 
Reference». The McGraw-Hill Companies. 2010. – 930 p.  
10.  Itzik  Ben-Gan  «T-SQL  Fundamentals  for  Microsoft  SQL  Server  2012  and 
SQL Azure» Microsoft Press: 2012. – 1200 p.  
11.  Линн Бейли. Изучаем SQL. Издательство: Питер. 2012. – 592 стр.  
12.  Алан  Бьюли.  Изучаем  SQL.  Издательство:  Символ-Плюс.  2007.  –  310 
стр. 
 
Қосымша: 
1. 
Борри  Х.  Firebird:  Руководство  разработчика баз данных. 2-е  изд.  СПб. 
БХВ-Петербург, 2007. – 1104 стр.  
2. 
Билл Карвин «Программирование баз данных SQL. Типичные ошибки и 
их устранение» Ридд групп. 2012. – 336 стр.  
3. 
Paul  Atkinson,  Robert  Vieira «Beginning  Microsoft  SQL  Server  2012 
Programming» Wrox. 2012. – 864 p. 
 
 

56 
 
AKOА 3301 АДАМНЫҢ КОМПЬЮТЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ  
 
көлемі 3 кредит 
Авторлар: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Урмашев Б.А. 
аға оқытушы Айдаров К.А. 
 
Пікір жазғандар: 
PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, информатика кафедрасының 
аға оқытушысы Иманкулов Т.С. 
PhD докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, инженерлік 
факультеті, жаратылыстану пәндері және ақпараттық технологиялар 
кафедрасының аға оқытушысы Кожамкулова Ж.Ж. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Берілген  пән  адам  және  компьютердің  өзара  әрекеттестігінің, 
қолданушының графикалық интерфейстеріндегі, теориясы мен практикасына 
кіріспе  болып  табылады.  Курс  адамның  қабылдауы,  қолданушы 
интерфейстерінің  жобалау  және  прототиптеу  принциптерін,  оларды 
бағалаудың  техникалары  мен  методологияларын,  адам  мен  компьютердің 
өзара  қатынасына  баса  назар  аудара  отырып,  үрдістерін  қарастырады. 
Сонымен  қатар  қолданушының  графикалық  интерфейстерінің  іске 
асырылуын  саралайды.  Курстың  практикалық  бөлігі,  алынған  теориялық 
білімдер  бойынша,  тапсырмаларды  орындаудан  және  кейбір  графикалық 
интерфейстерді  іске  асыратын  қысқа  бағдарламаларды  жазудан  тұрады. 
Кейін  оларды  адамның  компьютермен  өзара  әрекеттестігі  тұрғысынан 
талдайды.  
Берілген пәнді игеру нәтижесінде студент: 
– 
адамның  компьютермен  өзара  әрекеттестігінің  кілттік  принциптері 
мен 
парадигмаларының 
сипаттамасын; 
қолданушы 
интерфейстерін 
жобалауға  түрлі  көзқарастарды  сипаттауды;  қолданушы  интерфейстерінің 
дизайнын бағалаудың және талдаудың түрлі әдістерін; белгілер, логотиптер, 
символдар,  батырмалар,  сілтемелер,  скроллинг  объектілері,  басқарудың 
медиа  элементтері  және  таңбалар  сияқты  интерфейс  компоненттерін  қалай 
қолданатынын білу керек; 
– 
когнитивті 
қабылдау 
қағидаларына 
сүйеніп 
қолданушы 
интерфейсінің  келісімдерін  сипаттау;  қолданушы  интерфейсін  және  экран 
дизайнын  сыни  тұрғыдан  бағалау;  интерфейстер  мен  экрандарды  жобалау 
қағидаларына  сүйеніп,  интерфейсті  жобалаудағы  қабылданған  шешімдерді 
негіздеу;  берілген  курста  алынған  компетенцияларды  күрделілігі  әртүрлі 
қолданбалы  интерфейстерді  құрастыру  үшін  қолдану;  қолданбалы 
интерфейстің  дизайны  үрдісін  басқару,  оның  ішінде:  диаграммаларды  сызу, 
нақты 
аудиторияны 
талдау 
және 
веб-мультимедиа 
жобалардың 

57 
 
интерфейстерін таңдаудағы мазмұнды ұйымдастыру қолынан келу керек
– 
негізгі  теориялар  мен  ұғымдардан  тұратын  жобалау  элементтерін 
қолданып интерфейс компоненттерін жобалауды, мұндай ұғымдарға жатады: 
визуальды коммуникация, дизайнның әмбебап элементтері, түстер теориясы, 
типография,  юзабилити,  тәжірибе,  веб,  қолданбалы,  сымсыз,  мобильді 
қолданбалардағы  навигация  сызбасы;  каркастар,  кадрлеулер  және  стиль 
нұсқаулықтарын  құрастыруды;  түрлі  веб  және  мультимедиалық  жобалар 
үшін  навигация  әдістерін  және  экран  үйлестірулеріне  тиімді  әдістерді 
құрастыруды;  веб  және  мультимедиалық  жобалардың  интерфейстерін 
таңдаудағы  блок-сызбалар,  нысан  аудитория  мен  мазмұнды  ұйымдастыру 
талдауын қамтитын қолданушы интерфейсінің дизайны үрдісін іске асыруды; 
жобалардың  жоспарлары  үшін  ұсыныстар  мен  ақпанарларды  құрастыруды 
иемденуі керек. 
Пәннің  рөлі  мен  маңызы.  Берілген  пәнді  оқу  заманауи  және 
интеллектуалды  бағдарламалық  өнімдерді  құрастыруға  байланысты  алдағы 
материалды  тиімді  игеру  үшін  қажетті.  Сонымен  қатар  ақпараттық 
технологиялар  саласындағы  болашақ  сәтті  мансапты  құру  үшін,  қажетті 
білімдерді алуға мүмкіндік береді. 
Аталған пәнді оқытудың алдында оқытылатын пәндер: ақпараттық 
технологиялар; Бағдарламалау тілдері және технологиялары. 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар атаулары 

Адам мен компьютердің өзара әрекеттесу парадигмалары. 

Өзара әрекеттесуді жобалау үрдісі мен қадамдары. 

Қолданушының 
интерфейсі 
ұғымы. 
Интерфейс 
түрлері. 
Қолданушының интерфейсін құрастыру әдістері мен құралдары. 

Қолданушының  интерфейсін  жобалауға  негізделген  халықаралық 
және отандық стандарттар. 

Өзара  әрекеттесуді  жобалау  негіздері:  қолданушының  сценарийлері 
және навигация. 

Қолданушының интерфейсін жобалау принциптері. 

Қолданушының интерфейсінің келбетін және ұстанымын жобалау. 

Қолданушының 
интерфейсін 
прототиптеу 
модельдері 
және 
әдіснамалары. 

Өзара әрекеттесуді жобалау модельдері. 
10  Юзабилити тестілеу: атрибуттар, шектеулер және компоненттер. 
11  Интерфейс компоненттері және оларды стандарттау. 
12  Заманауи  интерфейстердегі  графикалық  белгілерді  қолданудың 
техникалық және психологиялық аспектілері. 
13  Дауыс  пен  естуге  қатысты  техникалық  және  психологиялық 
аспектілер. 
14  Заманауи  интерфейстердегі  мәтінге  қатысты  техникалық  және 

58 
 
психологиялық аспектілер. 
15  Қолданушының  интерфейстеріне  қатысты  өзара  әрекеттесудің 
кинетикалық формалары. 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
 
Пәнді оқытудың мақсаты. Берілген пән адамның компьютермен өзара 
әрекеттестігіне  қатысты  тиімді  жобалау  принциптері  мен  әдістеріне 
мультидисциплинарлы көзқарасты ұсынады, оның ішінде: 
– 
заманауи қолданушының интерфейстерін жобалауға негізгі көзқарастар 
жайлы түсінік қалыптастыру; 
– 
заманауи 
қолданушының 
интерфейстері 
жобаланатын 
негізгі 
принциптерді идентификациялау; 
– 
құрылғылардың 
кең 
ауқымы 
үшін 
заманауи 
қолданушының 
интерфейстерін жылдам прототиптеу құралдарын қолдануды үйрену. 
Пәнді  оқытудың  міндеттері.  адамның  компьютермен  өзара 
әрекеттестігін  қолданушы  интерфейстерін  құрастырудың  методологиясы 
арқылы оқыту; 
– 
қолданушы  интерфейстерінің  дизайнын  бағалау  әдістері  мен 
көзқарастары жайлы және оларды когнитивті талдау жайлы түсінік беру; 
– 
адамның  компьютермен  өзара  әрекеттестігінің  маңызды  келісімдерін 
когнитивті қабылдау принциптерін қолдана отырып сипаттау; 
– 
қолда  бар  қолданушы  интерфейсін  және  экран  дизайнын  критикалық 
тұрғыдан сынауды үйрету; 
– 
интерфейс компоненттерін жобалау әдістерін үйрету; 
– 
құрылғылардың кең ауқымы үшін заманауи қолданбалы интерфейстерді 
жылдам 
жобалаудың 
озық 
құралдарын 
қолдану 
дағдыларын 
қалыптастыру; 
– 
навигацияның  және  экран  элементтерін  орналастырудың  тиімді 
әдістерін әртүрлі платформалар үшін құрастыруды үйрету. 
Пәннің  нысандарына  бағдарламалық  қолданушы  интерфейстері, 
прототиптеу  модельдері  мен  әдіснамалары,  блок-сұлбалар,  бағдарламалар, 
ақпараттық  құрылымдар  мен  саясаттар  жатады.  Берілген  курс  заманауи 
бағдарламалық  қолданбалы  интерфейстер  және  адам  мен  машиналар 
арасындағы  өзара  әрекеттестік  бойынша  түбегейлі  кіріспе  курс  болып 
табылады.  Пәннің  әдістеріне  жүйені  талдау,  синтез,  абстрактілеу, 
салыстыру,  индукция,  дедукция  және  т.б.  әдістер  жатады.  Пәннің 
категориалдық  аппаратына  әдіс,  әдіснама,  алгоритм,  блок-схема, 
программа, ақпараттық құрылым, стратегия жатады. 
 
 
 

59 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Адам мен компьютердің өзара әрекеттесу парадигмалары 
Адамның  компьютермен  өзара  әрекеттестігі  пәніне  кіріспе.  Адам  мен 
машина арасындағы өзара әрекеттесудің даму тарихы мен беделді тұлғалар. 
Есептеу  орталары:  физикалық,  әлеуметтік,  когнитивті.  Өзара  әрекеттесу 
парадигмаларына  талдау.  Ірі  ауқымды  есептеулер.  Персоналды  есептеулер. 
Мобильді  есептеулер.  Желілік  өзара  әрекеттесу.  Коллаборативті  орта. 
Виртуалды шынайылық. Толықтырылған шынайылық. 
 
Өзара әрекеттесуді жобалау үрдісі мен қадамдары 
Итеративті  жобалау.  Қолданушыға  бағытталған  жобалау.  Мақсатқа 
бағытталған  жобалау.  Талаптарды  жасау  кезеңдері:  алдын-ала  тексеру, 
талаптарды  жинау  және  интерпретация,  құжаттау,  сценарийді  жобалау, 
талаптарды ұсыну.  
 
Қолданушының 
интерфейсі 
ұғымы. 
Интерфейс 
түрлері. 
Қолданушының интерфейсін құрастыру әдістері мен құралдары  
Қолданушының  интерфейсі  ұғымы.  Интерфейс  түрлері.  Командалық 
интерфейс. Графикалық интерфейстер. Дауыстық технология. Биометриялық 
технология. Адам мен машина арасындағы өзара әрекеттесудің кинетикалық 
түрлері.  Семантикалық  және  әлеуметтік  интерфейстер.  Интерфейстердің 
процедуралық  және  объектіге  бағытталған  іске  асырылуы.  Қолданушының 
интерфейстерін құрастыру әдістеріне және құралдарына шолу. 
 
Қолданушының  интерфейсін  жобалауға  негізделген  халықаралық 
және отандық стандарттар 
Қолданушының интерфейстерін жобалаудың стандартталған құралдары. 
«ISO/TC  159/SC  4  –  Ergonomics  of  human-system  interaction»  халықаралық 
стандарты.  «ГОСТ  Р  ИСО  9241-210–2012  –  Эргономика  взаимодействия 
человек-система» ресейлік стандарты. «ҚР МемСт 19.101-77 – Бағдарламалар 
және бағдарламалық өнімдер түрлері» Қазақстандық стандарты. 
 
Өзара әрекеттесуді жобалау негіздері: қолданушының сценарийлері 
және навигация 
Қолданушыларды 
сандық 
және 
сапалық 
тұрғыдан 
зерттеу. 
Этнографиялық  интервью.  Қолданушылардың  модельдері:  кейіпкерлер  мен 
мақсаттар.  Кейіпкерлер  мен  сценарийлерді  қолданып  талаптарды  жасау. 
Қолданушының  интерфейсінің  жалпы  құрылымы.  Форма  мен  ұстанымның 
егжей-тегжейленуі. 
 
Қолданушының интерфейсін жобалау принциптері 
Адам  мен  компьютер  арасындағы  өзара  әрекеттесуді  жобалау 
принциптері. 
Қабылдағыштық. 
Үйренгіштік. 
Тиімділік/пайдалылық. 

60 
 
Өнімділік/юзабилити. 
Топтастыру. 
Белсенділікті 
ынталандыру. 
Пропорционалдылық.  Экранның  күрделілігі.  Рұқсат/тұйықтық.  Юзабилити 
мақсаттары. 
 
Қолданушының интерфейсінің келбетін және ұстанымын жобалау 
Жобалау 
құндылықтары. 
Жобалау 
шаблондары. 
Техникалық 
платформаның  және  интерфейс  типінің  іске  асырылуын  анықтау  және 
жобалау. Дұрыс ұстанымды жобалау. Интерфейстерді визуалды жобалау. 
 
Қолданушының  интерфейсін  прототиптеу  модельдері  және 
әдіснамалары 
Прототипті  құрастыру:  әдіснамалар  және  прототиптеу  түрлері.  Қағаз 
бетіндегі прототиптер. Прототипті бағалау. Протоколды талдау және Норман 
моделі.  Байланысқа  бейімділікті  бағалау.  Қолданушының  қатысуы:  жылдам 
этнография  және  тәжірибелік  прототиптеу.  Прототиптеу  құралдары.  Веб-
қолданбаларды прототиптеу. 
 
Өзара әрекеттесуді жобалау модельдері 
Адам-өңдеуші моделі (MHP). Пернетақта деңгейі моделі (KLM). GOMS 
моделі.  Модульдеу  құрылымы.  Модульдеу  динамикасы.  Физикалық 
модельдер. 
 
Юзабилити тестілеу: атрибуттар, шектеулер және компоненттер 
Қолданушыны  қатыстырмай  интерфейс  дизайнын  бағалау.  Когнитивті 
өтімдер.  Әрекеттік  талдау.  Эвристикалық  талдау.  Қолданушылармен  бірге 
тестілеу.  Қолданушылардың  таңдауы.  Тестілеу  аттрибуттарын  таңдау. 
Тестілеу кезіндегі шектеулерді енгізу. Тестіленетін жүйенің компоненттерін 
таңдау. Дауыстап ойлау әдісі. Төменгі шекараның юзабилити параметрлерін 
өлшеу.  
 
Интерфейс компоненттері және оларды стандарттау  
WIMP  интерфейсі:  терезелер,  белгілер/тамғалар,  мәзір,  нұсқағыштар. 
Басқа компоненттер: тізімдер, басқару элементтері, бейнелеу компоненттері, 
мәтінді енгізу компоненттері, саймандар контейнерлері. 
 
Заманауи  интерфейстердегі  графикалық  белгілерді  қолданудың 
техникалық және психологиялық аспектілері 
Графикалық  белгілеулерге  қатысты  когнитивті  мәселелер.  Өзара 
әрекеттесуді  жобалау  кезіндегі  графикалық  белгілеулерді  қолдану. 
Графикалық белгілеулерге қатысты техникалық мәселелер. 
 
Дауыс  пен  естуге  қатысты  техникалық  және  психологиялық 
аспектілер 
Адамның  қабылдау  жүйесі.  Есту.  Дауыс.  Дауыссыз  дыбыс.  Дыбысты 
өзара әрекеттесуді жобалау барысында қолдану. Дауыс арқылы әрекеттесудің 
кемшіліктері мен артықшылықтары. Дауыссыз дыбыс арқылы әрекеттесудің 

61 
 
кемшіліктері  мен  артықшылықтары.  Дыбысқа  байланысты  техникалық 
мәселелер.  Дыбыстық  толқындар.  Машиналық  генерацияланатын  дыбыс. 
Сөйлеуді тану. 
 
Заманауи  интерфейстердегі  мәтінге  қатысты  техникалық  және 
психологиялық аспектілер 
Мәтінге қатысты когнитивті мәселелер. Оқу үрдісі. Оқу мақсаты. Қағаз 
экранға  қарсы.  Өзара  әрекеттесуді  жобалау  кезіндегі  мәтінді  қолдану. 
Түсініктер  мен  инструменталды  құралдар.  Түсініктілік.  Танымдылық. 
Физикалық  факторлар.  Мәтінге  қатысты  техникалық  мәселелер.  Сандық 
мәтіннің компоненттері. Веб-мәтін. Глобализация және локализация. Мәтінді 
динамикалық бейнелеу. 
 
Қолданушының  интерфейстеріне  қатысты  өзара  әрекеттесудің 
кинетикалық формалары  
Адамның  қабылдау  жүйесі.  Қабылдаудың  психологиялық  аспектілері. 
Қабылдаудың  физиологикалық  аспектілері.  Интерфейстерді  жобалауда 
қолданылатын  психологиялық  гаптикалар.  Телеоперациялар.  Медициналық 
қолданыс.  Шектеулері  бар  қолданушылар.  Гаптикаға  қатысты  техникалық 
мәселелер.  Тактильді  экрандар.  Кері  әсері  бар  экрандар.  Үстел  үстіндегі 
құрылғылар.  Тактильді  жүйелердің  кемшіліктері.  Ымдарды,  қолдардың, 
саусақтардың  қалпын,  алақанның  ашықтығын  тану  ерекшеліктері  және 
перцептуалды қолданбаларды құрастырудың техникалық мүмкіндіктері. 
 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР  
ҮЛГІСІ 
1. 
Мақсатқа бағытталған жобалау. 
2. 
Іске асыру модельдері және ментальды модельдер. 
3. 
Қолданушыларды сандық және сапалық зерттеу. Әртүрлі даярлығы бар 
қолданушылар үшін жобалау. 
4. 
Қолданушы модельдері: кейіпкерлер және мақсаттар. 
5. 
Жобалау негіздері: сценарийлер және талаптар. 
6. 
Талаптардан  қолданушы  интерфейсіне  көшу:  жалпы  ішкі  құрылымы 
және іске асырылуы. 
7. 
Сапалы интерфейсті құрастыру: қағидалар мен үлгілер. 
8. 
Техникалық платформа және интерфейс типі. 
9. 
Жақсы ұстанымды жобалау. Өнегелі және зияткер өнімдерді жобалау. 
10.  Интерфейстердің  визуалды  дизайны.  Құрылыс  блоктары,  қағидалар, 
бірегейлік және стандарттар. 
11.  Ақпаратты  сақтау  және  шығару  жүйелері.  Атрибуттар  бойынша 
шығаруға арналған кемел интерфейс. 

62 
 
12.  Болдырмау  функцияларын  жобалау.  Болдырмаудың  түрлері  мен 
нұсқалары.  Болдырмауға  ұқсас  механизмдер  үшін  басқа  механизмдер. 
Қайтымсыз әрекеттер. 
13.  Файлдар  және  сақтау  операциясы.  Іске  асыру  моделі  ментальды 
модельге қарсы. Унификацияланған файлдық модельмен жобалау. 
14.  Мәліметтер  бүтіндігі  және  ақпараттық  иммунитет.  Аудит  және 
редакциялау. 
15.  Нұсқау,  белгілеу,  тікелей  басқару.  Нұсқау  және  курсор.  Белгілеу. 
Шұбалту. Объектілерді байланыстыру. 
16.  Терезелердің ұстанымы. PARC және Alto. Көпэкранды және көппанельді 
қолданбалар. 
17.  Басқару  элементтері:  командалық,  таңдау  арқылы  басқару,  енгізу  және 
көрсету. 
18.  Мәзірлер. Заманауи мәзірлер. Міндетті емес мәзірлер. 
19.  Саймандар панелі және олардың басқару элементтері. 
20.  Диалогтік терезелер. Диалогтық терезелерді басқару негіздері. Модальді 
және  модальді  емес  диалогтік  терезелер.  Диалогтік  терезелердің 
мазмұнын басқару. 
21.  Қателер, хабарландырулар, растаулар диалогтері. 
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН 
ТАҚЫРЫПТАР  ҮЛГІСІ 
 
1. 
Интерфейсті  жобалау  есебінің  талдауын  жасау  және  ондағы 
қолданушылардың рөлін анықтау. 
2. 
Терминалды және WIMP қолданбаларды салыстыру. 
3. 
Өзара әрекеттесу стильдерін категорияға орналастыру. 
4. 
Дизайнды бағалау және эвристикаларды қолданып сыни тұрғыдан қарау. 
5. 
Экран  дизайнын  және  қолданушының  интерфейсін  сыни  тұрғыдан 
бағалау. 
6. 
Қолданушы интерфейсінің компоненттерін анықтау. 
7. 
Қолданушы интерфейсін прототиптеудің құралдарына шолу. 
8. 
Қолданушы интерфейстеріндегі қолдану жағдайларын талдау. 
9. 
Көмек және құжаттамаларды даярлаудағы практикалық сабақ. 
10.  Мәзір үшін жақында ашылған құжаттар тізімін көрсетуді іске асыру. 
11.  Контейнер  терезесінің өлшемдерін  өзгерту  кезіндегі  кескінді  автоматты 
масштабтауды іске асыру. 
12.  Когнитивті 
қабылдау 
қағидаларына 
негізделген 
қолданушы 
интерфейстерін құрастыру. 
13.  Сандық 
тасымалдаушы  үшін  навигация  әдістері  мен  экран 
композицияларын құрастыру. 
14.  Жобалау 
кезіндегі  қабылданған  шешімдер  мен  құрастырылған 
интерфейстердің сипаттамасы. 
15.  Нақты уақыттағы интерфейстерге шолу және зерттеу. 

63 
 
16.  Модельді қолданба үшін когнитивті өту әдісімен талдау жасау. 
17.  Қолданбалы  интерфейстегі  қолданушының  талаптарын  тізу  үшін 
белсенділіктер талдауын жасау. 
18.  Интерфейсті бағалау үшін Нильсен–Молич эвристикасы әдісімен талдау 
жасау. 
19.  Интерфейспен  жұмыс  кезіндегі  қолданушылардың  ұстанымын  тіркеу 
үшін «дауыстап ойлау» әдісін қолдану. 
 
СӨЖ-ге  ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР  ҮЛГІСІ 
1. 
Мобильді құрылғы үшін PhoneGap фреймворкінде қолданбаны жасау. 
2. 
Ionic  қолданбасын  PhoneGap  серверінде  мобильді  құрылғы  үшін 
орналастыру. 
3. 
CSS  тегтер  арқылы  сұлбаланған  HTML  элементтерден  тұратын 
қолданбаның интерфейсін құрастыру. 
4. 
JavaScript фреймворкі арқылы, динамикалық элементтерді қосу арқылы 
HTML қолданбаны кеңейту. 
5. 
Жоғары  интерактивті  қолданбаларды 
құрастырудағы 
мобильді 
бағытталған HTML, CSS және Javascript кітапханасын қолдану. 
6. 
RESTful  мәліметтерімен  әрекеттесу  үшін  қашықтағы  қызметтерді 
пайдалану. 
7. 
Мобильді  құрылғы  үшін  тізім  бойынша  іздеу  қолданбасының 
интерфейсін  және  жұмыс  істеу  логикасын  құрастыру.  Өнімнің 
юзабилити параметрлерін бағалау. 
8. 
Сенсорлы экраны бар терминалды құрылғының қолданушы интерфейсін 
жобалау. 
9. 
Сенсорлы 
экраны 
бар 
терминалды 
құрылғының 
қолданушы 
интерфейсінің  базалық  функционалын  іске  асыру.  Өнімнің  юзабилити 
параметрлерін бағалау. 
10.  Smart-сағат  құрылғысының  интерфейсін  уақыт,  физикалық  және 
физиологикалық параметрлердің өлшемдерін алу үшін жобалау. 
11.  Smart-сағат  құрылғысының  уақыт,  физикалық  және  физиологикалық 
параметрлердің  өлшемдерін  алу  үшін  интерфейсінің  базалық 
функционалын іске асыру. Өнімнің юзабилити параметрлерін бағалау. 
12.  «Дойбы ойыны» қолданбасының интерфейсін жобалау. 
13.  «Дойбы  ойыны»  қолданбасының  интерфейсінің  базалық  логикасын 
жобалау.  
14.  «Дойбы 
ойыны» 
қолданбасының 
интерфейсінің 
юзабилити 
параметрлерін бағалау. 
15.  «Дойбы  ойыны»  қолданбасының  интерфейсінің  базалық  логикасын 
тестілеу және верификация. 
 
 
 

64 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
1. 
Купер  А.  Об  интерфейсе:  основы  проектирования  взаимодействия.  – 
СПб.: «Символ», 2009. – 688с. 
2. 
Круг С. Веб-дизайн или «не заставляйте меня думать». – СПб.: «Символ-
Плюс». 2008. – 224 с. 
3. 
Тидвелл  Д.  Разработка  пользовательских  интерфейсов.  2-е  изд.  –  М.: 
«Питер», 2011 – 480 с. 
4. 
Нильсен Я. Веб-дизайн. СПб.: «Символ-Плюс», 2006. – 512 с. 
5. 
Heim  S.  The  Resonant  Interface.  HCI  Foundations  for  Interaction  Design. 
FirstEdition. – Addison-Wesley, 2008. – 688 p. 
 
Қосымша: 
1. 
Уильямс Р. Не-дизайнерская книга о дизайне.  – СПб.: «ВЕСЬ», 2004.  – 
128 с. 
2. 
Kovalenko A. PhoneGap by example. – Packt Publishing, 2015. – 368 p. 
3. 
Lidwell  W.,  Holden  K.,  Butler  J.,  Elam  K.,  Universal  principles  of  design: 
125  ways  to  enhance  usability,  influence  perception,  increase  appeal,  make 
better design decisions, and teach through design. – Beverly, USA: «Rockport 
Publishers». 2010. – 272 p. 
4. 
Dennis A., Wixom B.H. Systems Analysis and Design. 5
th
 ed. – «John Wiley 
& Sons» Inc., 2006. – 544 p. 
5. 
Stone D. et.al. User interface design and evaluation. Elsevier Inc., 2005. 
6. 
Lewis C., Rieman J. Task-Centered User Interface Design. – Colorado, 1994. 
– 174 p. 
7. 
http://appcamp.io/

8. 
http://phonegap.com/book/

9. 
http://creator,ionic.io/

 
 

65 
 
РЕZA 3302 ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ 
АРХИТЕКТУРАСЫ 
 
көлемі 2 кредит  
 
Авторлары: 
PhD докторы Мәткерім Б.
информатика кафедрасының аға оқытушысы Дарибаев Б.С. 
 
Пікір жазғандар: 
PhD доктор, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің математикалық 
және компьютерлік пішіндеу кафедрасының меңгерушісі Жакебаев Д.Б. 
PhD доктор, доцент, ҚБТУ-дің ақпараттық технологиялар факультетінің 
деканы Акжалова А.Ж. 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Пәннің  тағайындалуы:  берілген  пән  студенттердің  жоғары  өнімді 
есептеу  жүйелер  және  оны  талдау  аймағында  жүйелік  білімдерін 
қалыптастыруға арналған. 
Берілген пәнді игеру нәтижесінде студент: 
-  параллельді  есептеу  теорияларының  негізгі  түсініктері  мен 
анықтамаларын;  
-  жоғары  өнімді  есептеу  жүйелерінің  негізгі  компоненттері  мен 
архитектураларын; 
- маршрутизация протоколдарын сипаттамасын білу керек; 
- параллельді программаларды жаза; 
- кластерлерде жоғары өнімде есептелерді жүзеге асыра алу керек; 
- мультипроцессорлы есептеу жүйелерінің классификациясы жайлы; 
-  кластерлі  есептеу  жүйелерін  ұйымдастыру  жайлы  түсінік  болу 
керек; 
- жоғары өнімді есептеу жүйелерінің архитектурасын талдауға; 
- мультипроцессорлы есептеу жүйелерінің өнімділігін бағалауға білікті 
болуы керек. 
Пәннің мәні мен ролі: берілген пән жоғары өнімді есептеу жүйелеріне 
арналған  моделдерге  және  программалау  жабдықтарына  бағытталған 
пәндердің тақырыптарын дамытады. 
Берілген 
пәнді 
игеру 
үшін 
алдыңғы 
пән: 
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар. Алгоритмдер және деректер қоры. Тілдер 
және программалау технологиясы. 
Оқытылатын пәнді игеру үшін қажетті дағдылар мен икемділіктен, 
білімнен  тұратын  пән:  Параллельді  алгоритмдерді  жобалау  және  талдау. 
Параллельді программалау. 
 

66 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар 
1. 
 Параллельді есептеу жүйелерінің классификациясы. 
2. 
 Мультипроцессорлар үшін өзара байланыс желілері. 
3. 
 Өзара байланыс желілерінің талдауы мен өнімділік метрикалары. 
4. 
 Мультипроцессорлы жүйелердің есептеу моделдері. 
5. 
 Ортақ жадылы мультипроцессорлы жүйелердің классификациясы. 
6. 
 Кэш когеренттілігінің негізгі әдістері. 
7. 
 Анықтаманы пайдаланатын когеренттілік. 
8. 
 Параллельді бағдарламалау: Жалпы шолу. 
9. 
 Параллельді бағдарламалау: Өнімділік. 
10. 
 Workload-Driven архитектурасын бағалау. 
11. 
 Snoop негізінде мультипроцессорлы жүйелерді жобалау. 
12. 
 Мультипроцессорлы жүйелердің масштабталатын тармақталған 
жадылары. 
13. 
 Түрлі өндірушілердің кластерлері мен массивті-параллельді жүйелері. 
14. 
 Өзара байланысқан желілерді жобалау. 
15. 
 Толеранттіліктің бөгелуі. 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәнді  оқыту  мақсаты:  мультипроцессорлы  есептеу  жүйелерінің 
архитектураларына,  қолдану  аясына  және  өнімділігін  бағалау  әдістеріне 
фундаменталды білім беру.  
Пәнді оқыту есептері: 

 
параллель программалардың тиімділігін бағалауды үйрету; 

 
мультипроцессорлы  есептеу  жүйелерінің  жұмыс  істеу  қағидалары 
жайлы түсінік беру; 

 
параллельді  алгоритмді  талдауды,  есептеудің  шектік  жағдайын 
анықтауды және код өнімділігін оптимизациялауды үйрету; 

 
параллель есептеу жүйелерінің, соның ішінде мультипроцессорлық және 
көп ядролы жүйелердің жұмысын ұйымдастыруды үйрету; 

 
кластерлік есептеу жүйелерін баптауды үйрету. 
Берілген  пәнді  игерудің  объектісі  жоғары  өнімді  жүйелердің 
архитектурасы,  параллель  программалау,  параллель  программалардың 
тиімділігін  бағалау,  мультипроцессорлы  есептеу  жүйелерінің  өнімділігін 
бағалау. 
Берілген  пәнді  игерудің  әдістері:  аналитикалық,  практикалық, 
диалектикалық, ғылыми-зерттеу және тағы басқа. 
Берілген  пәннің  ғылымдағы  орны  мен  ролі:  берілген  пән  ғылым 
ретінде  параллель  есептеу  жүйелерінің  архитектурасын  оқытады.  Берілген 
пән  компьютерлік  ғылым  ретінде,  жоғары  өнімді  есептеу  жүйелерінде 

67 
 
параллель  программаларды  құрастырудың  моделдері  мен  әдістерін 
анықтайды.  Осы  пән  шеңберінде  алынған  білім  жоғары  өнімді  есептеу 
жүйелерінің  архитектурасын  талдауға  және  мультипроцессорлы  есептеу 
жүйелерінің өнімділігін бағалауға, білікті болуға мүмкіндік береді.  
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Параллельді есептеу жүйелерінің классификациясы 
Флинн  таксономиясы.  Параллель  есептеу  жүйелерінің  архитектурасы. 
Бір ағынды команда, көп ағынды деректер (SIMD). Көп ағынды команда, көп 
ағынды деректер (MIMD). 
 
Мультипроцессорлар үшін өзара байланыс желілері 
Мультипроцессорлы  жүйелерге  арналған  жүйелік  конфигурациялар. 
Қосылудың  динамикалық  және  статикалық  схемалары.  Динамикалық 
байланыстар.  
 
Өзара байланыс желілерінің талдауы мен өнімділік метрикалары 
Өнімділік. Үдеу, тиімділік шаралар және межелер. 
 
Мультипроцессорлы жүйелердің есептеу моделдері 
Жоғары  өнімді  процессорлар.  Векторлық  процессорлар.  Кэштеу.  VLIW 
процессорлары. 
 
Ортақ жадылы мультипроцессорлы жүйелердің классификациясы 
Ортақ жады, хабарламаларды жіберу жүйесі және олардың байланысқан 
желілері.  
 
Кэш когеренттілігінің негізгі әдістері 
Кэш  когеренттілігінің  мәселелері.  Snoopy  Bus  протоколдары.  Ортақ 
жадыдағы кэш когеренттілігі.  
 
Анықтаманы пайдаланатын когеренттілік 
NUMA архитектурасы. Аппараттық синхрондаудың механизмдері. 
 
Параллельді бағдарламалау: Жалпы шолу 
Параллельді  программалаудың  мазмұны.  MPI  және  OpenMP 
жүйелерінде параллельді программалау.  
 
Параллельді бағдарламалау: Өнімділік 
Параллельді 
программалар 
синтезінің 
алгоритмдері. 
Жүктеуді 
теңестірудің ортақталған алгоритмдері. Амдал заңы. Густафсон-Барсис заңы. 
 
Workload-Driven архитектурасын бағалау 

68 
 
Бірпроцессорлы жүйелерде бағалау. Workload-Driven архитектурасының 
өнімділігін бағалау. 
 
Snoop негізінде мультипроцессорлы жүйелерді жобалау 
Snoop-сұраныс  хабар  таратуы.  Snoop  негізіндегі  протоколдардың 
когеренттілігі. 
 
Ортақ жадылары бар масштабталатын жоғары өнімді жүйелер 
Көпядролы  процессорлар  және  параллель  өңдеудің  мәселелері. 
Симметриялық мультипроцессорлығы. Заманауи параллель компьютерлердің 
негізгі кластары. Көпядролылық және бір уақыттағы көпағындылық. 
 
Түрлі  өндірушілердің  кластерлері  мен  массивті-параллельді 
жүйелері 
Мультикомпьютерлердің  дәуірлері.  Кластерлер  және  массивті-
параллельді 
жүйелердің 
архитектурасы. 
Хабарламаларды 
жіберу 
механизмдері.  
 
Өзара байланысқан желілерді жобалау 
Ұйымдастыру құрылымы. Желі топологиясындағы дизайн компромисін 
бағалау. Маршрутизация. Ағындарды басқару. 
 
Толеранттіліктің бөгелуі 
Толеранттіліктің  бөгелуіне  кіріспе.  Хабарламалардың  айқын  жіберілуі. 
Ортақ адрестік кеңістігі. Ортақ адрестік кеңістігіндегі көпағындылық. 
 
СЕМИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА 
ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ҮЛГІСІ 
1. 
Жоғары өнімді есептеу үшін көп процессорлы есептеу жүйелері. 
2. 
Жоғары өнімді есептеу жүйелерінің архитектурасы. 
3. 
SMP және MPP-архитектуралары.  
4. 
Микропроцессор  түсінігі.  ЭЕМ  элементтік  базасын  дамыту  мен 
интегралды  технология  мүмкіндіктері.  Жоғары  өнімді  параллельді 
есептеу  жүйелері  мен  (микро)  ЭЕМ  үшін  микропроцессорлардың 
архитектуралық ерекшеліктері. 
5. 
Микропроцессордың 
өңдеуші 
бөлігі. 
Типтік 
құрылымы 
мен 
микропроцессордың қызмет атқаруы. Микропроцессор командаларының 
форматы  жайлы.  Арифметика-логикалық  құрылғы  мен  жалпы 
тағайындалған регистрлер.  
6. 
Микропроцессорлардың 
шиналық 
ұйымдастырылуы. 
Микропроцессорлардың 
үштік, 
екілік 
және 
бір 
шиналық 
ұйымдастырылуы.  

69 
 
7. 
Микропроцессорлардағы 
ақпарат 
өңдеу 
процесін 
басқаруды 
ұйымдастыру. Қатаң басқару. Микробағдарламалық басқару.  
8. 
Микропроцессорлардағы  ақпараттардың  арифметикалық  өңделуі. 
Деректердің  берілуі.  Микропроцессорда  жасалатын  іс-әрекеттер. 
Микропроцессордың арифметикалық командалары. 
9. 
Микро  ЭЕМ-нің  жады  құрылымы.  Есте  сақтау  құрылғыларының 
классификациясы. 
10.   Микро  ЭЕМ-дегі  жады  адрестелуінің  түрлері.  Жады  парақшасы  мен 
бағдарламалық  есептеуіш  жөнінде  түсінік.  Тікелей  адрестелу. 
Кеңейтілген  адрестелу.  Қатысты  адрестелу  (индексті  регистрді 
пайдалану арқылы). Жанама адрестелу.  
11.   Микропроцессордың  магазинді  жадысы.  Стектің  мақсаты,  құрылымы 
мен қызмет көрсетуі.  
12.   Микропроцессордың 
жалпыланған 
функционалды 
құрылымы. 
Микропроцессордың қызмет көрсетуі.  
13.   Микропроцессорлар архитектураларын дамыту перспективалары. 
14.   Заманауи SIMD классы компьютерлеріне мысал келтіріңіз. 
15.  Кластерлік  есептеу  жүйелері  (Cluster  Computing  Systems).  Есептеу 
кластер түсінігі.  
 
СӨЖ-ге ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ҮЛГІСІ  
1. 
Кластерлік  есептеу  жүйелерін  құру  үшін  техникалық  құралдар. 
Кластерлік  есептеу  жүйелерінің  бағдарламалық  қамтамалары  мен 
қолдану аясы. 
2. 
Тармақталған  есептеу  жүйелері.  Жүйе  анықтамасы,  архитектуралық 
қағидалары  мен  классификациясы.  Тармақталған  есептеу  жүйелерінің 
жүзеге асу мысалдары. 
3. 
Векторлы процессорлы параллельді архитектура. 
4. 
Кластерлік  жүйедегі  процессорлардың  байланыс  желісінің  орындалу 
мәселелері. 
5. 
Масштабталатын когерентті SCI интерфейсі негізінде коммуникациялық 
орта құру мысалдары. 
6. 
MYRINET коммуникациялық ортасы. 
7. 
Жоғары өнімді процессорларды ұйымдастыру әдістері.  
8. 
Мультипроцессорлы есептеу жүйелеріне арналған коммутаторлар.  
9. 
МВС-тің сенімділігі мен серпімділігі. 
10.  IBM кластерлік шешімінің мысалдары. 
 
 
 

70 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
1. 
Дүйсембиев Е. Параллель есептеулер. - Алматы: Дәуір, 2011. – 272 б.  
2. 
Ақжалова Ә.Ж. Параллельдiк есептеу. Parallel Computing. – 2004. 
3. 
Кудин  А.В.,  Линёв  А.В.,  Архитектура  и  операционные  системы 
параллельных вычислительных систем. Нижний Новогород, 2007. 73с. 
4. 
El-Rewini H. Abd-El-Barr M. Advanced Computer Architecture and Parallel 
Proccesing. Wiley-Interscience, 2005.  
5. 
Dubois M., Annavaram M., Stenstrom P. Parallel Computer Organization and 
Design, Cambridge University Press, UK, 2010.  
6. 
Xingfu Wu, Performance Evaluation, Prediction and Visualization of Parallel 
Systems, Springer Science & Business Media, 2012. – 319 c. 
7. 
Сергеев  С.Л.,  Архитектура  вычислительных  систем:  учебник,  БХВ-
Петербург, 2010. – 240 с.  
8. 
Bhuyan,  L.  N.  (ed.)  Interconnection  networks  for  parallel  and  distributed 
processing. Computer (Special issue), 20 (6), 9 – 75 (1987). 
9. 
Varma  A.  Raghavendra  C.S.  Interconnection  networks  for  multiprocessors 
and multicomputers. IEEE Computer society press, 1994. – 571c.  
10.  H.  Wolfgang  Design  and  performance  analysis  of  multiprocessor  streaming 
applications. Shaker Verlag GmbH, 2011. – 163 p. 
11.  Hennesey  J.L.,  Patterson  D.A.,  Computer  Architecture  –  A  Quantitative 
Approach, 5th ed., Morgan Kauffman-Elsevier, USA, 2012.  
12.  Buyya R. High performance cluster computing, Prentice Hall, 1999. -664p. 
13.  Rauber  T.,  Runger  G.  Parallel  programming  for  Multicore  and  Cluster 
Systems. – Second edition. –Springer, 2013. – 516 p. 
14.  Галимьянова  Н.Н,  Присыпкин  М.А.,  Сигал  И.Х.  Параллельные 
алгоритмы в задачах дискретной оптимизации: вычислительные модели, 
библиотека, результаты экспериментов. М.: Вычислительный центр им. 
А.А. Дородницына РАН, 2006. 
15.  Keckler,  S.W.,  Kundle  O.,  Hofstir  H.P.,  (Eds.)  Multicore  Processors  and 
Systems, Springer, USA, 2009. 
16.  Stallings,  W.,  Computer  Organization  and  Architecture:  Desighning  for 
performance, 7th ed., Prentice-Hall of India, New Delphi, 2006. 
17.  Rajaraman  V.,  Siva  Ram  Murthy  C.,  Parallel  Computers  and  Programming, 
Prentice-Hall of India, New Delhi, 2006.  
18.  Rajaraman  V.,  Radhakrishanan  T.,  Computer  Organization  Architecure,  PHI 
Learning Pvt. Ltd., 2011. 
19.  Королев  Л.Н.,  Архитектура  электронных  вычислительных  машин. 
Научный мир, 2005. – 272 с. 
 
 

71 
 
Қосымша: 
1. 
Максимов  Н.В.,  Партыка  Т.Л.,  Попов  И.И.,  Архитектура  ЭВМ  и 
вычислительных систем. Гриф МО РФ. 2013. – 512 с. 
2. 
Бройдо  В.Л.,  Ильина  О.П.  Архитектура  ЭВМ  и  систем.  Учебник  для 
вузов. – СПБ.: Питер, 2006. – 718 с. 
3. 
Цилькер  Б.  Я.,  Орлов  С.А.  Организация  ЭВМ  и  систем.  СПб.:  Питер, 
2006. – 668 с. 
4. 
Антошина  И.В.,  Котов  Ю.Т.  Микропроцессоры  и  микропроцессорные 
системы (аналитический обзор): Учебное пособие. - М.: МГУЛ, 2005. – 
432 с. 
5. 
Информационно-аналитические 
материалы 
по 
параллельным 
вычислениям 
(http://www.parallel.ru, 
http://www.ccas.ru, 
www.mcs.anl.gov). 
6. 
Top 500 Supercomputer Sites (http://www.top500.org). 
7. 
The Green 500 List, http://green500.org 
8. 
Суперкомпьютеры Top 50 (http://supercomputers.ru). 
9. 
Intel64 and IA-32 Architectures Software Developer's Manual, 2007. 
10.  PowerPC User Instruction Set Architecture, 2005. 
11.  IBM PowerPC 970FX RISC Microprocessor User's Manual, 2005. 
 
 

72 
 
PRYA 2201 ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ РУССКИЙ ЯЗЫК 
объем 2 кредит  
Авторы:  
кандидат физико-математических наук Макашев Е.П., 
доктор PhD Иманкулов Т.С.  
 
2 РЕЦЕНЗЕНТЫ 
Кандидат  физико-математических  наук,  доцент,  доцент  кафедры 
информационных систем КазНУ имени аль-Фараби Дуйсебекова К.С.  
Доктор  PhD,  доцент,  декан  факультета  информационных  технологий 
КБТУ Акжалова А.Ж.  
ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА 
 
Назначение  дисциплины:  данная  дисциплина  предназначена  для 
формирования  у  студентов  коммуникативных  компетенций,  которые  в 
дальнейшем  позволят  пользоваться  русским  языком  в  различных  областях 
профессиональной деятельности, научной и практической работе, в общении 
с зарубежными партнерами, для самообразовательных и других целей. 
В результате изучения данной дисциплины студент должен 
иметь навыки: 
-  выражения  своих  мыслей  и  мнения  в  межличностном,  деловом  и 
профессиональном общении на русском языке; 
- речевой деятельности, чтения, письма, аудирования на русском языке; 
знать: 

русский  язык 
в  объеме,  необходимом  для 
получения 
профессиональной  информации  из  научных  источников  и  общения  на 
профессиональном уровне; 
-  деловую  и  профессиональную  лексику  русского  языка  в  объеме, 
необходимом для общения, чтения и перевода русскоязычных текстов общей 
и профессиональной направленности; 
-  основные  грамматические  структуры  литературного  и  разговорного 
языка; 
уметь: 
-  использовать  русский  язык  в  межличностном  общении  и 
профессиональной деятельности; 
-  свободно  и  адекватно  выражать  свои  мысли  при  беседе  и  понимать 
речь собеседника на русском языке; 
-  вести  письменное  общение  на  русском  языке,  составлять  деловые 
письма; 
-  применять  методы  и  средства  познания  для  интеллектуального 
развития, 
повышения 
культурного 
уровня, 
профессиональной 
компетентности. 
Роль  и  значение  дисциплины:  данная  дисциплина  является 
дисциплиной  бакалавриата  и  развивает  тематику  дисциплин,  посвященных 

73 
 
гуманитарному развитию студентов. 
Дисциплины,  предшествующие  изучению  данной  дисциплины: 
Информационно-коммуникационные технологии. Русский язык. 
Дисциплины, содержащие знания, умения и навыки, необходимые 
для 
освоения 
изучаемой 
дисциплины: 
Информационно-
коммуникационные технологии. Русский язык. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет