5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата15.11.2019
өлшемі1,35 Mb.
#51884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5В060200-Информатика


 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
1. 
Таненбаум  Э.,  Бос  Х.  Современные  операционные  системы.  –  СПб., 
«Питер», 4-е изд. – 2015. 
2. 
Яворский  В.В.,  Смагулова  А.С.,  Амиров  А.Ж.  Операциялық  жүйелер: 
Оқу құралы.– Астана: Фолиант. – 2008. – 160 б.  
3. 
Столлингс  У.  Операционные  системы.  Внутреннее  устройство  и 
принципы проектирования (4 издание). М.: «Вильямс». – 2002. – 848 с. 
4. 
Партыка  Т.Л,  Попов  И.  И.  Операционные  системы,  среды  и  оболочки: 
Учебное пособие. – М.: «ФОРУМ: ИНФРА - М». –2010. 
 
Қосымша: 
1. 
Гордеев А.В. Операционные системы. – 2-е изд. –СПб.: Питер, 2009.  
2. 
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы.  – 2-е изд.– 
СПб.: Издательство «Питер», 2011. 
3. 
Silberschatz, A., Galvin, P.B. and Gagne, G. Operating System Concepts with 
Java. –Addison Wesley Publishing Co., New York. EighthEdition. – 2010. 
4. 
Silberschatz, P. Galvin and G. Gagne. Operating System Concepts. – 9th ed. – 
John Wiley & Sons. – 2012. 
5. 
W. Stallings. Operating Systems – Internals and Design Principles, 7th ed.  – 
Pearson Education Ltd. – 2012. 
6. 
Карпов  В.Е.,  КоньковК.А.  Основыоперационныхсистем,  Курс  лекций. 
Серия:  Основы  информационных  технологий.  –  Издательство: 
Интернет-Ун-т информ. технологий, БИНОМ. – 2011. 
7. 
Коньков,  К.  А.  Устройство  и  функционирование  ОС  Windows. 
Практикум  к  курсу  "Операционные  системы":  учебное  пособие  Серия: 
Основы  информационных  технологий.  –  Издательство:  Интернет-Ун-т 
информ. технологий, БИНОМ. – 2010. 
 

43 
 
KZH 3207 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 
 
көлемі 2 кредит 
 
Авторлар: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Пыркова А.Ю. 
информатика кафедрасының аға оқытушысы Черикбаева Л.Ш. 
 
Пікір жазғандар: 
PhD доктор, доцент, ҚБТУ-дың ақпараттық технологиялар 
факультетінің деканы Акжалова А.Ж.
техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ақпараттық жүйелер 
кафедрасының профессоры Жомартова Ш.А. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Пәннің  тағайындалуы:  берілген  пән  студенттердің  ауқымды  және 
жергілікті  желілерді  эксплуатациялау,  қауіпсіздік  мәселелері,  компьютерлік 
желілелерді  қолдау  мен  жобалаудың  қолданыстағы  әдістері  туралы  жүйелік 
білімдерін қалыптастыруға арналған. 
Берілген пәнді игеру нәтижесінде студент: 
- желі теориясының негізгі түсініктері мен анықтамаларын; 
- LAN және WAN желілерін құрудың негізін
- бағыттау протоколдарының сипаттамаларын; 
- бағыттауыштар мен коммутаторлардың негізгі күйлерін  
білуі керек; 
- желі конфигурациясын жасай; 
- желіге арналған қажетті құрылғыларды таңдай  
алу керек; 
- желіні құру әдістері туралы; 
- қолданыстағы протоколдар және олардың ерекшеліктері туралы; 
- желіні тиімділеу әдістері туралы 
түсінік бере алу керек; 
- компьютерлік желілерде жобалай алуда; 
- желідегі қателіктерді диагностикалау және тексеруді жүргізе алуда; 
- қажетті қауіпсіздік саясатын таңдауда  
білікті болуы керек. 
Пәннің мәні мен ролі: берілген пән бакалавр пәні болып табылады және 
желі мен жүйелерді ұйымдастыруға арналған пән тақырыбын дамытады. 
Берілген 
пәнді 
игеру 
үшін 
алдыңғы 
пән: 
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар. 
Оқытылатын пәнді игеру үшін қажетті дағдылар мен икемділіктен, 
білімнен тұратын пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
 

44 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар 
6. 
 Желі арқылы байланыс. 
7. 
 OSI 
моделі 
қосымшаларының 
деңгейлік 
протоколдары 
мен 
функционалдығы. 
8. 
 OSI моделінің транспорттық деңгейі. 
9. 
 OSI моделінің желілік деңгейі. 
10. 
 Бағыттауыштың динамикалық протоколы. 
11. 
 RIP динамикалық протоколы, 1 түрі. 
12. 
 VLSM және CIDR. 
13. 
 RIP динамикалық протоколы, 2 түрі. 
14. 
 Бағыттаудың OSPF динамикалық протоколы. 
15. 
 Ауқымды желілердің технологиялары (I). 
16. 
 Ауқымды желілердің технологиялары (II).  
17. 
 Қашықтан қатынасу (I). 
18. 
 Қашықтан қатынасу (II). 
19. 
 Желілік қауіпсіздік (I). 
20. 
 Желілік қауіпсіздік (II).  
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәнді оқыту мақсаты: 
Желідегі  қауіпсізідік  мәселелерін  шешудің  принциптерін  игеру,  желіні 
құру және жобалау негіздерін уйрену.  
Пәнді оқыту есептері:  

компьютерлік желі архитектурасы туралы түсінік беру; 

желіні  қолдану  аймағы  мен  жобалаудың  негізгі  тәсілдеріне  түсінік 
беру;  

желінің  болашақта  қажетті  моделдерін  дамытудың  негізгі 
тенденцияларын игеру; 

желі ішінде ақпараттарды басқару әдістерін қолдана алуды уйрету. 
Берілген  пәнді  игерудің  объектісі  IP-адрестеу,  деңгейлік  моделдер, 
бағыттауыш  протоколдары,  желі  типтері,  ауқымды  желілер  технологиясы 
болып табылады.  
Берілген  пәнді  игерудің  әдістері:  аналитикалық,  практикалық, 
диалектикалық, ғылыми-зерттеу және тағы басқа.  
Берілген  пәннің  ғылымдағы  орны  мен  ролі:  берілген  пән  ғылым 
ретінде  компьютерлік  желіні  жобалауды  оқытады.  Берілген  пән 
компьютерлік 
ғылым 
болып 
табылады, 
компьютерлік 
желінің 
функционалдығын тексереді және жобалау процестерін анықтайды. Осы пән 
шеңберінде  алынған  білім  маманға  ауқымды  және  жергілікті  желілерді 
құруға және конфигурациялауға мүмкіндік береді.  

45 
 
НЕГІЗІГІ БӨЛІМ 
 
Желі арқылы байланыс 
Байланыс  негіздері.  Байланыс  элементтері.  Хабарлама  байланыстары. 
Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, қызметтер. Жергілікті желі ауданы 
– LAN. Ауқымды желі ауданы – WAN. Деңгейлік моделдерді қолдану.  
 
OSI  моделі  қосымшаларының  деңгейлік  протоколдары  мен 
функционалдығы  
Ұсыныс  деңгейі.  Сессия  деңгейі.  Қосымша  деңгейінің  программалық 
жабдықтамасы.  Қосымша  деңгейінің  қызметтері.  Клиент-серверлік  моделі. 
Серверлер.  Peer-to-Peer  желісі.  E-mail  қызметтері  және  SMTP/POP 
протоколдары. 
 
OSI моделінің транспорттық деңгейі 
Транспорттық  деңгейдің  негізгі  мақсаты.  Байланыстарды  бөлу. 
Сегменттеу.  Ақпараттар  алмасуды  бақылау.  Сенімді  байланыс.  Берілісті 
қадағалау  протоколы  –  TCP  және  қолданушы  датаграммалық  протоколы  – 
UDP. 
 
OSI моделінің желілік деңгейі 
Желілік деңгейдің негізгі төрт процесі. Желілік деңгейдің протоколдары. 
IPv4  протоколы.  IPv4  пакеті.  IPv4  пакетінің  басы.  Ағымдағы  IP  пакет. 
Желілер – түйіндерді топтарға бөлу. Иерархиялық адрестеу.  
 
Бағыттаудың динамикалық протоколдары 
Бағыттаудың 
динамикалық 
протоколдарының 
негізгі 
мақсаты. 
Бағыттаудың  динамикалық  протоколдарының  жұмысы.  Статикалық 
бағыттаудың  артықшылығы  мен  кемшілігі.  Динамикалық  бағыттаудың 
артықшылығы мен кемшілігі. 
 
RIP динамикалық протоколы, 1 түрі 
RIPv1 сипаттамасы және хабарлама форматы. RIP жұмысы. Шекаралық 
бағыттауыштар және автоматты түрде қосындылау. RIP жаңартуларды өңдеу. 
RIP жаңартуларды жіберу.  
 
VLSM және CIDR 
Интернеттегі  түйіндердің  экспоненциалды  түрде  өсуі.  Класты  IP 
адрестеу.  Класты  бағыттауыштарды  жаңарту.  Классыз  IP  адрестеу.  CIDR 
және бағыттарды қосындылау. Классыз бағыттар протоколдары.  
 
RIP динамикалық протоколы, 2 түрі 
RIPv1 протоколының шектелуі. 

46 
 
Верификацилау  және  тесттілеу.  RIPv2  байланыссыз  желісі.  Автоматты 
түрде қосындылау. Бағытауыш кестенін зерттеу. RIPv2 конфигурациясы. 
 
Бағыттаудың OSPF динамикалық протоколы 
OSPF хаттамасы. OSPF пакетінің түрлері. OSPF хаттамасының форматы. 
Аутентификация.  OSPF  негізгі  конфигурациясы.  OSPF  және  желінің 
қолжетімділігі. DR және BDR таңдау процесі. 
Ауқымды желілердің технологиялары (I) 
Базалық түсініктер. Frame Relay технологиясы. 
 
Ауқымды желілер технологиясы(II) 
ATM технологиясы. Виртуальды жеке желілер. IP ауқымды желілерде. 
 
Қашықтан қатынасу (I)  
Қашықтан  қатынасу  схемалары.  Аналогты  байланыс.  ISDN  желісі 
арқылы қосылу.  
 
Қашықтан қатынасу (II) 
ADSL  технологиясы.  CATV  желісі  арқылы  байланысу.  Сымсыз 
байланыс.   
 
Желілік қауіпсіздік (I) 
Ақпараттық  қауіпсіздіктің  негізгі  түсінігі.  Түрлері  және  мысалдары. 
Ақпараттық қауіпсіздікті қамту әдістері. Шифрлау. Аутентификация, рұқсат 
беру, аудит. 
 
Желілік қауіпсіздік (II) 
Антивирустық  қорғау.  Желілік  экран.  Прокси-серверлері.  Қорғалған 
каналдар мәселелері. IPsec. Шифрлеу негізіндегі VPN желілері. 
 
СЕМИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА 
ҰСЫНЫЛАТЫН  ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
 
1. 
Желілік  құрылғылардың  негізгі  параметрлерін  баптау:  IP  адрестерді, 
желі маскаларын, көмейлер, DNS серверлері. 
2. 
Ақырғы құрылғыларға деректерді жеткізу. Желі аралық кеңістік арқылы 
деректерді жеткізу. Дұрыс қосымшаларға деректерді жеткізу. 
3. 
IP адрестерді тиімді түрде желішелер арасында тарату (subnetting). 
4. 
DNS қызметтері және протокол. 
5. 
WWW қызметтер және HTTP. 
6. 
Клиент-серверлік моделдерді баптау және Peer-to-peer желілері. 
7. 
P2P қызметтері. 
8. 
Gnutella протоколы. 
9. 
Қызметтер және Telnet протоколы. 

47 
 
10.  E-mail процестерін конфигурациялау. 
11.  TCP және UDP сегментациялау. 
12.  Желідегі статикалық бағыттарды анықтау. 
13.  Деректерді тасымалдаудың арналық деңгейі (Data-link layer). 
14.  TCP және UDP деректерді тасымалдауды баптау. 
15.  Деректерді  тасымалдаудың  арналық  деңгейі,  физикалық  деңгейі 
(Physical layer). 
 
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР 
ҮЛГІСІ 
 
1. 
Бірнеше желішелер арасында нақты желілерге бөлу. Желінің IP адресін 
анықтау,  желіше  маскасын,  интерфейстер  мен  түйіндерде,  сонымен 
қатар бродкаст(broadcast) адрестердің IP адрестерін анықтау.  
2. 
DHCP түйінінің динамикалық конфигурациясын жасау. 
3. 
Нақты  топологияларға  арналған  статикалық  бағыттарын,  қашықтағы 
түйіндердің арасында хабарлама алмасуды қамтамасыз ету мақсатында, 
бағыттауыш кестесіне қосу. 
4. 
Түйіндер  мен  кейбір  желілер  арасында  байланыс  жасауға  рұқсат  беру 
немесе  тосқауыл  қою  үшін  сәйкес  бағыттауыштарда  рұқсат  ету 
тізімдерін құру. 
5. 
Бағыттауыш кестесін талдау. 
6. 
RIPv1 бағыттауыш протоколын тексеру және конфигурациялау. 
7. 
RIPv2  бағыттауыш  протоколын  тексеру  және  конфигурациялау. 
Автоматты түрде қосындылауды сөндіру.  
8. 
OSPF бағыттауыш протоколын тексеру және конфигурациялау. 
9. 
ISDN ауқымды желілерін конфигурациялау. 
10.  IPsec протоколын баптау. 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
 
Дүйсебекова К.С. Жомартова Ш.А. Есептеу желілерінің негіздері. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 124 б. 
 
Пыркова  А.Ю.,  Черикбаева  Л.Ш.  Компьютерлік  желілер.  –  Алматы  : 
Қазақ университеті, 2016. – 110 б. 
 
Wendell  Odom.  CCNA  640-802  Exam  Certification  Library,  Simulator 
Edition . Cisco Press; 1 Pap/Cdr/ edition (January 9, 2010) 
 
Todd  Lammle.  CCNA  Portable  Command  Guide  (2nd  Edition) .  Sybex;  6 
edition (February 3, 2009) 
 
Stephen McQuerry. CCNA Preparation Library (7th Edition) . Cisco Press; 7 
edition (March 28, 2008) 
 
Douglas  Comer.  Internetworking  with  TCP/IP  Vol.1:  Principles,  Protocols, 
and Architecture (4th Edition). 

48 
 
 
Douglas E. Comer, Ralph E. Droms. Computer Networks and Internets, with 
Internet Applications (3rd Edition). 
 
Олифер  В.,  Олифер  Н.  Компьютерные  сети.  Принципы,  технологии, 
протоколы: Учебник для вузов, 4-е изд. – СПб.: Питер, 2010. – 944 с. 
 
Храмов П.С. Компьютерные сети. М.: Бином, 2005. – 375 с. 
 
Бодов С. Протоколы маршрутизации. СПб.: Питер, 2007. – 505 с. 
 
Перов А.А. Основы проектирования сетей. М., 2005. – 202с. 
 
Қосымша: 
1. 
Таненбаум Э. Компьютерные сети, 4-е изд. – СПб.: Питер, 2002. – 542 с. 
2. 
Абрамов Е.С. Оптимизация сетей. СПб.: Питер, 2005. – 378с. 
3. 
Гончаров А.В. Алгоритмы маршрутизации. М., 2008. – 486с. 
 
 

49 
 
DКТ 3208 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ ТЕОРИЯСЫ 
 
көлемі 3 кредит  
 
Авторлар: 
техника ғылымдарының докторы, профессор Шмыгалева Т.А., 
аға оқытушы Абдиахметова З.М. 
 
Пікір жазғандар: 
техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық 
технологиялар университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Ускенбаева 
Р.К. 
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, дифференциалдық 
теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының меңгерушісі 
Мухамбетжанов С.Т. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Пәннің 
тағайындалуы: 
берілген 
пән 
жобалау 
және 
озық 
технологияларды  пайдалана  отырып,  электрондық  мәліметтер  қорын 
жобалап,  іске  асыру  үшін  қажет  болатын  білім  мен  дағдыларға  ұмтылатын 
бакалавриат студенттеріне арналған. 
Берілген пәнді игеру нәтижесінде студент: 
-  деректер  қорын  заманауи  ұйымдастыру  мен  деректер  қорын  басқару 
жүйелерінің принциптерін;  
- деректер қорының модельдері мен түсініктерін;  
- деректер қорын ұсынудың реляционды моделін;  
- деректер қорын жобалау әдістерін;  
- мәліметтерді өңдеудің заманауи технологияларын  
білуі керек; 
- пән аумағының моделін құрып, соған сәйкес деректер қорын құру;  
- деректер қорында ақпаратты өңдеуді ұйымдастыра; 
- деректер қорының бүтіндігін қамтамасыз ете  
алуы керек.  
- деректер қорының негізгі түсініктері туралы;  
- деректер қорын жобалау әдістері мен оларды жүзеге асыру туралы
- деректер қорын жүзеге асырудың заманауи технологиялары туралы;  
- концептуалды модельдер мен ДҚБЖ-дегі мәліметтер моделін құру әдістері 
туралы  
хабардар болуы керек;  
- белгілі бір ДҚБЖ-де жұмысты жүргізе алуда;  
- деректер қорының негізгі объектілерін құру, жою, өзгерте алуда;  
- қойылған тапсырманы шешуде негізгі функцияларды қолдана алуда; 
- деректер қорымен жұмыс жасауға арналған қолданба құруда  

50 
 
білікті болуы керек. 
Пәннің мәні мен ролі: аталмыш пән бакалавриат пәні болып табылады 
және  деректер  қорын  басқару  және  ұйымдастыруға  арналған  пәндер 
тақырыптарын дамытады.  
Берілген пәнді игеру үшін алдыңғы пән: 
Алгоритмдер  және  мәліметтер  құрылымы.  Тілдер  және  бағдарламалау 
технологиялары. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
Оқытылатын пәнді игеру үшін қажетті дағдылар мен икемділіктен, 
білімнен  тұратын  пән:  Алгоритмдер  және  мәліметтер  құрылымы.  Тілдер 
мен бағдарламалау технологиялары. 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар 
14.   Деректер қорының мақсаты мен негізгі компоненттері.  
15.   Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ). ДҚБЖ 
классификациялары. Негізгі функциялары. 
16.   Көп қолданушыға арналған ДҚБЖ жүзеге асырған кезде 
қолданылатын архитектуралық шешімдер.  
17.   Пішімдер  мен  мәліметтер  түрі.  Иерархиялық,  желілік,  реляциялық 
пішімдер.  
18.   Деректердің реляциондық пішімі. Қатынастар схемаларын 
оңтайландыру. 
19.   Реляциондық алгебра. 
20.   Деректер қорындағы мәліметтерді әр түрлі ұсыну. Деректер қорын 
жобалаудың негізгі қадамдары.  
21.   Концептуалды пішімдеу. ER-диаграмма. 
22.   SQL құрылымдық сұраныстар тілі: деректер қорының құрылымын 
құру және онымен жұмыс жасау.  
23.   SQL тілі: мәліметтермен жұмыс жасау. Сұраныстарды құру. 
24.   SQL тілі: деректер қорының қосымша объектілерін құру. Сақтаулы 
процедуралар. Триггерлер.  
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәнді оқыту мақсаты: деректер қорын жобалау әдістемесі негіздерін 
оқыту  болып  табылады:  иерархиялық,  желілік  және  реляциялық  деректер 
қоры негізінде концептуалды, логикалық және физикалық жобалау. Сипаттау 
тілдерін,  деректер  қорларын  басқару  және  сұраныстар  құру  тілдерінің 
негіздерін  сипаттау.  Практикалық  қолдану  үшін  деректерді  ұйымдастыру 
және  басқару  саласындағы  теориясы  мен  практикасы  принциптеріне  шолу. 
Реляциялық деректер қорына ерекше назар аударылады. Студенттерге нақты 
технологиялық  шешімдерді  қолдану  дағдыларын  ұсыну  курстың  мақсаты 

51 
 
емес, сондықтан зертханалық және семинар сабақтарда қандай программалық 
өнім  пайдаланғандығына,  қарастырылатын  әдістер  тәуелсіз.  Мақсат  нақты 
технологиялық 
шешімдер 
мен 
тәсілдерді 
қолдануға 
студенттерді 
дағдыландыру  емес,  сондықтан  зертханалық  (семинар)  сабақтарда 
қолданатын бағдарламалық қолданбаларға тәуелсіз әдістер ұсынылады.  
Пәнді оқыту міндеттері:  

деректер қорының негізгі түсініктерімен таныстыру; 

деректер  қорын  жобалау  және  құрудың  негізгі  әдістері  туралы 
мәлімет беру; 

заманауи деректер қорын құру туралы хабардар ету;  

ДҚБЖ  модельдері 
мен  концептуалды 
модельдерді 
құру 
дағдыларымен таныстыру;  
Берілген  пәнді  игерудің  объектісі  мәліметтерді  ұсынудың  негізгі 
түсініктері(деректер қорын қоса алғанда), деректер қорын басқару жүйелері, 
деректер қорын жобалау және құру кезеңдері болып табылады.  
Берілген  пәнді  игерудің  әдістері:  аналитикалық;  диалектикалық, 
ғылыми-зерттеу және басқа. 
Берілген пәннің ғылымдағы орны мен рөлі: деректер базасын жобалау, 
соның  ішінде  ұйымдастыру  және  деректерді  басқару  үлгісін,  зерделеу 
мәселелерін қарастырады. Бұл пән, компьютерлік ғылым ретінде, деректерді 
ұсыну, оларды сақтау және басқару үрдістерін түсіндіреді. Осы пән бойынша 
алған  білім,  деректер  қорын  жобалау  және  іске  асыру  үшін  кәсіби  көзқарас 
қалыптастыру үшін алғашқы қадам болып табылады. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Деректер қорының мақсаты мен негізгі компоненттері 
Компьютерде  шешілетін  тапсырмалар  түрінің  өзгеру  тарихы,  соның 
нәтижесінде дерек қоры түсінігінің пайда болуы. Ақпараттық жүйе, деректер 
банкі,  дерек  қоры,  деректер  қорын  басқару  жүйесі  (ДҚБЖ),  қолданба, 
администратор, компьютерлік жүйе, көмекші персонал түсініктерін анықтау. 
 
Деректер 
қорын 
басқару 
жүйелері 
(ДҚБЖ). 
ДҚБЖ 
классификациялары. Негізгі функциялары 
Дерек  қоры  анықтамасында  көрсетілген  деректер  қоймасы  мен 
функционалды 
қамтамасыз 
етудегі 
қолданушылар 
арасындағы 
бағдарламалық  интерфейстің  (ДҚБЖ)  рөлі.  ДҚБЖ  классификациясы: 
толыққанды,  дерек  қорлардың  серверлері,  дерек  қорлардың  клиенттері, 
деректер  қорымен  жұмыс  жасау  үшін  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді 
әзірлеу  құралдары.  Жеке  және  көп  пайдаланушыға  арналған  ДҚБЖ.  ДҚБЖ 
функциялары:  сақтау,  өзгерту  (енгізу,  өзгерту  және  жою)  және  ақпаратты 
өңдеу,  сақтау,  түрлендіру  (толықтыру,  өңдеу  және  жою)  ақпаратты  өңдеу, 
сондай-ақ  түрлі  шығыс  құжаттарын  әзірлеу  және  өндіру.  ДҚБЖ 
функцияларын  жүзеге  асырудың  ерекшеліктері.  Тілдер:  деректер  сипаттау 

52 
 
тілі,  деректерді  басқару  тілі.  Деректерді  логикалық  және  физикалық  түрде 
ұсыну.  Деректерді  логикалық  және  физикалық  тұтастығын  қамтамасыз  ету 
тетіктері (транзакция, транзакция журналы, блоктау). 
 
Көп  қолданушыға  арналған  ДҚБЖ  жүзеге  асырған  кезде 
қолданылатын архитектуралық шешімдер 
Көп 
қолданушыға 
арналған 
ДҚБЖ-ын 
анықтау. 
Келесі 
архитектураларды  және  олардың  жұмысын  анықтау:  орталықтандырылған 
архитектура, файлдық сервері бар желі (файл-сервер архитектурасы), клиент-
сервер, үш деңгейлі архитектура (бизнес-логика серверін администрациялау). 
ДҚБЖ 
архитектурасының 
дамуы 
мен 
есептеуіш 
техника 
және 
технологиясының дамуы арасындағы байланыс. 
 
Пішімдер мен мәліметтер түрі. Иерархиялық, желілік, реляциялық 
пішімдер 
Мәліметтерді  ұсынудың  негізгі  модельдеріне  шолу,  оның  ішінде  көп 
өлшемді,  желілік,  иерархиялық,  объектіге  бағытталған,  реляционды  және 
постреляционды.  Олардың  айырмашылығы  туралы  жалпы  түсінік.  Бұл 
пішімдердің кемшіліктері мен артықшылықтары.  
 
Деректердің  реляциондық  пішімі.  Қатынастар  схемаларын 
оңтайландыру 
Реляциялық деректер моделінің негізгі элементтерін сипаттау. Қарым-
қатынас,  мәндер,  атрибут,  домен  түсініктері.  Қатынастар  схемасы.  Мүмкін 
болатын  қатынастар  кілті.  Бастапқы  кілт.  Қарапайым  және  күрделі  кілт. 
Алғашқы  кілтке  қойылатын  талаптар.  Сыртқы  кілт  түсінігі.  Кестелерді 
байланыстыру.  Кестелер  арасындағы  байланыстар  түрлері.  Қатынастар 
(нормализация)  схемасын  оңтайландыру  үрдісін  анықтау.  Жобалау 
мәселелері.  Деректер  мен  аномалияларды  артығымен  қайталау.  Бастапқы 
қарым-қатынасты  қалыптастыру.  Нормалды  формалар  әдісі.  Атрибуттар 
арасындағы  байланыстар.  Атрибуттар  арасындағы  байланыстардың  түрлері. 
Атрибуттар  арасындағы  қатынастарды  анықтау.  Бірінші  нормалды  форма. 
Екінші  нормалды  форма.  Үшінші  нормалды  форма.  Күшейтілген  үшінші 
нормалды форма. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет